Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 11:30, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: банктік шоттардағы ақша қаражат-тарының есебі мен аудитінің қазіргі тәртібін қарастыру. Ақша қаражаттар есебiнiң ұйымдастырылу тәртiбiн теориялық тұрғыдан тереңiрек зерттеп оны тәжiрибелiк мәселелермен ұштастыру.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕМЕСI
1.1 Қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты...................5
1.2 Валюталық шот операцияларын есепке алу..................................................9
ІІ КӘСІПОРЫНДА ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖҰМСАЛУЫ
2.1 „Саят“ ЖШС-нің ақша қаражаттарының есебі.............................................12
2.2 Валюталық шот операцияларының есебi......................................................19
2.3 Банктің басқа да шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі...................23
ІІІ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ МАҚСАТЫНА ЖӘНЕ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЛУЫН ТЕКСЕРУ
3.1 Есеп айырысу шотындағы қаражаттардың мақсатына жұмсалуын тексеру....................................................................................................................25
3.2 Банктегi ағымдағы шоттардағы және жол үстiндегi нақты ақша қаражат-тар есебiнiң аудитi.................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31

Работа содержит 1 файл

Қаражаттарды мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру.doc

— 328.50 Кб (Скачать)

 

Есеп айрысу шотында ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша шоттардың типтік корреспонденциясы

Шаруашылық  операциялардың мазмұны

Корреспонденциаланатын  шоттар

Дебет

Кредит

1

2

3

4

1.

Дебиторлық  қарыз шотынан есеп айырысу шотына ақша қаражаттары келіп түсті.

1030

1210,12841230

2.

Вексель бойынша  нагізгі қараыздың сомасына

1030

1284

3.

Есептелген  пайыздар бойынша 

1030

1270

4.

Басқа дебиторлық қарыздың өтелуі бойынша

1030

1251,1284

5.

Пайдаланылмаған аванстар бойынша 

1030

1610

6.

Жолдағы

1030

1021

7.

Аккредитивтің қолданылмаған қалдығы бойынша

1030

1060

8.

Банктердегі арнайы шоттардын

1030

1060

9.

Кассадан 

1030

1010

10.

Жарғылық капиталға  құрылтайшылардың салымдары бойынша

1030

5110

11.

Несие түрінде

1030

3010

12.

Болашақ кезең  табыстарына жататын 

1030

3520

13.

Алынған аванстар бойынша

1030

3510

14.

Өткізілген  өнім, орындалған жұмыс, атқарылған қызмет үшін

1030

6010

15.

Өткізілген  материалдық емес активтер үшін

1030

6210

16.

Өткізілген  негізгі құралдар үшін

1030

6210

17.

Өткізілген құнды қағаздар үшін

1030

6280

18.

Акциялар бойынша  дивиденттер, алынған қағаздар, берілген несиелер бойынша пайыздар түрінде 

1030

6120

19.

Атқарушы органдардың  субсидиялары бойынша

1030

6230

20.

Ағымдағы жал  бойынша жалдық төлм түрінде

1030

6280

21.

Айып-пүл, үстем  ақы, шартты орындамағаны үшін айыптар бойынша

1030

6280

 

Сеп айырысу  шотынан ақша қаражаттарының шығуы

   

1.

Иныестициялар алу

2120-2310, 1150

1030

2.

Келсі кзңдер үшін жал төлемін аудару

1620

1030

3.

Тауарлы материалдық  қорларды жабдықтау, жұмыстар, қызметтерді орындау үшін аванс аудару.

1610

1030

4.

Аккредитивке  аударылған ақша қаражжатры, чектік кітапшаларды беруде депонеттелді

1060

1030

5.

Сеп айрысу шотынан  кассаға ақшалар аударылды.

1010

1030

6.

Банк несиесін өтеу

3010-3020

1030

7.

Дивидеттер төлеу

3030

3030

8.

Заңды және жке  тұлғалардан табыс салығын, ҚҚС, әлеуметтік салықты бюджетке аудару

3110,3130, 3190

1030

9.

Жинақтық зйнетақы қорымен есеп айрысу

3220

1030

10.

 Жабдықтаушылар  алдында қарызды өтеу

3310

1030

11.

Ұзақмерзімді  жал бойынша төлемін өту

3360

1030

12.

Ағымдағы жал  бойынша қарыз өтеу

3397

1030

13.

Айып-пұл, үстемақы, шартты орындалмаған үшін айыптарды  өтеу

7210

1030


Банк субъектілерінің шоттары бойынша дербес шоттар ек данадан көшіру қағазымен ашады. Біріншісі дербес шоттан көшірме болып табылады және шаруашылық суъектіге беріледі, екінші-дербес шот. Көшірмеге қол мен банктің “Көшірме үшін ” мөрінің оттискісімен расталады.

Көшірмедегі әрбір  түзетулер орындаушы, бас бухгалтер  мен оның орынбасарларының қолдарымн  расталып, банк мөрінің оттискісімен бекітілу қажет. Көшірмелерге тіркеелетін құжаттарда штамп қойылуы керек.

Күн сайын немес  кәсіпорынмен келісілген басқа мерзімдерде  банк оған растаушы құжаттармен бірге  сеп айырысу шотының көшірмесі  береді. Банктің көшірмелері тксеріліп, сомалардың қатарына корреспанден-цияланатын шот қойылады.

Көшірмеледі өңдегенен  кейін олардың мәліметтері 1030 “Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валютада ақшалар” шотының кредиті бойынша № 2 журнал –ордерге және ай ішінде келіп түсуі бойынша жинақталатын осы шоттың дебеті бойынша № 2 ведомостке көшіріледі. Әр көшірмеге бір жол арналған. Ай соңында № 2 журанл –ордердегі қорытынды айналымдар Бас кітапқа аударылады.

Төменде 2009 жылдың қазан айына ЖШС “Саят” бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының есебі бойынша шоттар корреспенден-циясы келтірілген (1 кесте).

 

Кесте 1

Шаруашылқ опрациялардың  мазмұны

Сомасы теңге

Корреспонденцияланатын  шоттар

Дебет

Кедет

1

2

3

4

5

1.

Заңды тұлғалардан  табыс сомасы бойынша аванстық төлемдер бюджетке аударылды.

10392

3110

1030

2.

Дебиторлардан есеп айырысу шотына келіп түсті.

10000

1030

1210

3.

Есеп айрысу шотынан кассаға еңбекақы төлеу  үшін ақшалар алынды.

381402

1010

1030

4.

Есеп айрысу шотынан айыппұлдар өтелді

12841

7210

1030

5.

Қоғамдық айырмашылықтан есеп айырысу шотынан табыс кліп түсті.

10240

1030

6250


 

Кәсіпорында ақша қаражатының есебі нормативтік  құжаттар мен нұсқауын актілерге сай, 1030 “Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валютада ақшалар” активті шотында жүргізілді. Есеп айырысу шоты бойынша операцияларды рәсімдеу үшін чек-бұйрық, қолма-қол ақшада салымға хабарлама, жазбаша тапсырма, төлм талабы қолданылады.

Банктегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi

Кәсiпорындар ұйымдар, фирмалар өздерiнiң ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесiнен арнайы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредетивтердегi ақшалай қаржылар, чек кiтапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегi арнайы шоттардағы ақшалар және басқа да ақшалай қаржылыр есептелiнедi.

Аккредитивтермен есеп айырысу. Шаруашылық субъектiлер 1060- «Аккредитивтердегi ақшалай қаржылар» - деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредетивтегi ақша қаражаттарын есептейдi. Негiзiнен есеп айырысудың бұл түрi басқа қаладағы (субъектi орналасқан жерден басқа жерде тұратын) жабдықтаушылармен қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшiн қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрi басқа қолма қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келедi. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзiне қызмет көрсететiн банк мекемесi арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететiн банктен аккредетив ашады. Есеп айырысудың бұл түрi 1931 жылдан қолданылып келедi. Аккредитивтердегi ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнiң дер кезiнде төленуiн қамтамасыз етедi.

Аккредитив-сатып алушыға қызмет ететiн банк мекемесiнiң осы кәсiпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектiсiне қызмет көрсететiн банк мекемесiне тауарларының жiберiлгендiгiн немесе қызметтерiнiң көрсетiлгендiгiн дәлелдейтiн құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек бiр ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтiң мерзiмi жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келiсiм-шартқа сәйкес бекiтiледi. Бұл шартта мыналар көрсетiлуi қажет:

  1. Төлеушiнiң тапсырмасы бойынша аккредитивтi ашқан банктiң  (банк имитенттiң) аталуы
  2. Аккредитивтiң түрi және оның орындалуы мен пайдалануының әдiсi мен тәсiлi
  3. Аккредитив бойынша қаржы (ақша) алу үшiн жабдықтаушының өзiне қызмет ететiн банкке тапсыруға тиiстi құжаттардың толық тiзiмi және нақты сипаттары
  4. Тауарларды, материалдарды тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтердi орындағаннан кейiн құжаттардың банк мекемесiне тапсырылу мерзiмi және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.
  5. Басқа да керектi құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердiң «өтелiнген» (депоненттелген) және «өтелiнбеген» (депоненттелiнбеген) - деп аталатын түрлерi ашылуы мүмкiн. Аккредитив сонымен қатар «керi шақырылатын» және «керi шақырылмайтын» болып екi түрге бөлiнедi.

Тапсырыс берушiнiң өзiнiң шотындағы ақша қаражаты есебiнен немесе оған көрсететiн банкiнiң берген несиесiнiң есебiнен жабдықтаушы кәсiпорынға қызмет көрсететiн банкке келiсiм - шарт бойынша алдын ала аударылған қаржысы - «Өтелiнген аккредетив (депоненттелген)» болып есептеледi.

Ал сатып алушы кәсiпорын мен жабдықтаушы кәсiпорындарға қызмет көрсетушi банк мекемелерi арасында аккредитивте көрсетiлген қаржы сомаларын аударуға тек қана келiсiм-шарт жасалынып келiсiлген, яғни ақша әзiрге аударылмаған болса онда бұл - «Өтелiнбеген аккредитив» түрi қатарына жатқызылады.

Аккредитив ашу жайлы  келiсiм-шартта қарастырылған келiсiмдердi өзгертуге, жоюға тек сатып алушы, яғни қаржы төлеушi шаруашылық субъектiнiң ғана құқы болса, ондай аккредитив - «Керi шақырылатын аккредитив» болып саналады.

Аккредитивтi ашу үшiн  төлем төлеушi кәсiпорын өзiне қызмет көрсететiн банк мекемесiне арыз бередi және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулерi қажет:

  1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектiсiнiң аты.
  2. Аккредитив ашылатын келiсiм-шарттың көшiрмесi.
  3. Аккредитив ашылатын банктiң аты.
  4. Аккредитивтiң орындалатын уақыты және жерi.
  5. Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.
  6. Аккредитивтiң түрi.
  7. Аккредитивтiң қандай тауарға, затқа немесе орындалатын жұмысқа төлем төлеуге арналғандығы және оны төлеу үшiн банк мекемесiне табыс етiлетiн құжаттардың тiзiмi.
  8. Аккредитивтiң сомасы.

Аккредитивтен қаржы алу үшiн жабдықтаушы кәсiпорын тауарды тиеп жiбергеннен кейiн аккредетивтiң шартында қаралған құжаттарды банк мекемесiне табыс етедi. Бұл құжаттар аккредетивте көрсетiлген шарттарды толық қанағаттандыратындай болуы керек. Егер аккредетивте қарастырылған бұл шарттың бiреуi орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейдi. Егер аккредитивте қарастырылған шарт бойынша сатып алушы кәсiпорынның өкiлi шотты акцептеуi керек болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетушi банкке мына құжаттарды көрсетуi қажет:

  1. Төлқұжат немесе оның орнына жүретiн басқадай құжаттар.
  2. Аккредитив ашқан кәсiпорын берген iс-сапарлық куәлiк пен сенiмхат.
  3. Өзiнiң қолтаңбасының үлгiсi.
  4. Жабдықтаушысының банкiсiнде аккредитив мынадай жағдайларда жабылады:
  5. Аккредитивтiң мерзiмi бiткенде.
  6. Аккредитивтi жабу туралы жабдықтаушының берген арызы бойынша.

Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып алушының (төлеушi субъектiнiң) банкiсiндегi тиiстi шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 1060-«Аккредитивтердегi ақшалай қаржылар» шотының дебетiне қай шоттан аударылғанына қарай, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 1030-шотының, валюталық шоттардын аударылса: 1030 шоттың, банктерден алынған несиелердiң есебiнен аударылса: 3010-шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердiң несиелерi есебiнен аударылған болса: 3020 - шоттың кредитiне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен төленген сома бухгалтерияда 3310-«Мердiгерлдер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу» шотының дебетiне 1060-«Аккредитивтегi ақшалай қаржы» - деп аталатын шоттың кредитiне жазылады. Ал аккредитив жабылған уақыттағы пайдаланылмаған немесе жұмсалынбаған сома 1030, 3010 және 3020-шоттардың тиестiлерiнiң дебетiне, 1060-шоттың кредитiне жазылады.

Чектермен есеп айырысу. Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесi (чек берушi) өзiнiң шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белгiлi бiр сомасын аудару жөнiнде өзiне қызмет көрсететiн банкке чек түрiнде жазбаша тапсырма бередi. Чектер алынған өнiмдер, көрсетiлген қызметтер үшiн есеп айырысқанда және «Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу ережесiнде» көзделегн басқа жағдайларда қолданылады. Чектер өтелген және өтелмеген болып бөлiнедi. Бiрiншiсi – депозитпен өтелген, екiншiсi – алдын – ала депозитпен өтелмеген. Сонымен қатар чектер төленуi жөнiнде банк кепiлдемесiне ие болуы мүмкiн, соның iшiнде өтелмеген чектер бойынша да. Чек берушi мен банктiң құқықтары мен мiндеттерi чектi қолдану келiсiм – шарты негiзiнде туындайды. Яғни, чек берушi банкi клиентi – чек берушiнiң (заңды немесе жеке тұлға) чектерiн төлеу мiндеттерiн өзiне алады, ал клиент өзiне банктiң белгiлеген чектi беру және қолдану тәртiптерiн сақтау мiндетiн жүктейдi. Чек ұстаушы құқықтары чек берушiден чектi алу моментiнен бастап туындайды.

  Чек кiтапшасын  алу үшiн банкке өтiнiш берiледi. Лимиттелеген чек кiтапшасы иесiнiң  жеке шотындағы қаражаты депоненттеуге  арналған, субъектiнiң шоты бойынша операциялар жасауға арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдардың қолы қойылған төлем тапсырмасы мөртаңбасы қойылып, оған қоса берiледi. Чек кiтапшасының лимитi чек жазып берiле алатын және банк төлеуге тиiстi шектi соманы бiлдiредi. Ол банк белгiлеген сомадан кем болуы мүмкiн емес, бiрақ тауарлар мен қызметтердi төлеуге арналған қаражаттардың айлық тұтынысынан әдетте көп болуы да мүмкiн. Чектермен есеп айырысу есебi активтiк 1060 «Картшоттардағы ақша қаражаттары» шотында жүргiзiледi.

  1. Лимиттелген чек кiтапшасын онда көрсетiлген лимит сомасында алған кезде Д-т 1060 К-т 1030, 3010.
  2. Банктен алынған чек кiтапшалары бойынша сомалар субъект берген чектердiң төленуiне қарай есептен шығарылады, яғни жеткiзушiлер, өзге де кредиторлар ұсынған чектi банктiң өтеу сомасы Д-т 3310, 3397 К-т 1060
  3. Пошта-телеграф шығындары чекпен төлендi Д-т 7210 К-т 1060
  4. Iссапарға жiберiлген адамдар үшiн жол жүру билеттерi сатып алынады Д-т 1251 К-т 1060
  5. Чек кiтапшасы лимитiнiң пайдаланылмаған қалдығы қаражаттар депоненттелген шотқа есептелдi Д-т 1030, 4314, 3010 К-т 1060 шоттардың кредитi бойынша операциялар банк көшiрмесiнiң негiзiнде №3 журнал-ордерде (кредитiнде) көрсетiледi.

Информация о работе Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру