Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 11:30, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: банктік шоттардағы ақша қаражат-тарының есебі мен аудитінің қазіргі тәртібін қарастыру. Ақша қаражаттар есебiнiң ұйымдастырылу тәртiбiн теориялық тұрғыдан тереңiрек зерттеп оны тәжiрибелiк мәселелермен ұштастыру.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕМЕСI
1.1 Қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты...................5
1.2 Валюталық шот операцияларын есепке алу..................................................9
ІІ КӘСІПОРЫНДА ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖҰМСАЛУЫ
2.1 „Саят“ ЖШС-нің ақша қаражаттарының есебі.............................................12
2.2 Валюталық шот операцияларының есебi......................................................19
2.3 Банктің басқа да шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі...................23
ІІІ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ МАҚСАТЫНА ЖӘНЕ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЛУЫН ТЕКСЕРУ
3.1 Есеп айырысу шотындағы қаражаттардың мақсатына жұмсалуын тексеру....................................................................................................................25
3.2 Банктегi ағымдағы шоттардағы және жол үстiндегi нақты ақша қаражат-тар есебiнiң аудитi.................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕМЕСI
1.1 Қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты...................5
1.2 Валюталық шот
операцияларын есепке алу...........................
ІІ КӘСІПОРЫНДА ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖҰМСАЛУЫ
2.1 „Саят“ ЖШС-нің ақша қаражаттарының
есебі.........................
ІІІ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ МАҚСАТЫНА ЖӘНЕ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЛУЫН ТЕКСЕРУ
3.1 Есеп айырысу шотындағы қаражаттардың
мақсатына жұмсалуын тексеру.......................
3.2 Банктегi ағымдағы шоттардағы және
жол үстiндегi нақты ақша қаражат-тар есебiнiң
аудитi........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КIРIСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен көштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең өзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi билейдi деген сөз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге болады.
Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рөлi зор.
Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген банктің жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын көрiп бiлуге болады.
Шаруашылық ұйымдарының төлем қабілеттілігі, жұмысшы-қызметкерлермен еңбекақы бойынша дер кезінде есеп айырысуы, жабдықтаушы-мердігерлерге және бюджет пен бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлемнің уақытылы жүргізілуі ақша қаражаттары есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты. Сондықтанда қазіргі еліміздің нарықты экономикаға көшуді өзіне ұран етіп ұстаған тұсында қай шаруашылық ұйымында өз жұмысын жүргізуі барысында қаржыға, яғни ақшаға келіп кідіртектеп, ел бюджетіне немесе шетелдердің инвестициясына (қаржы салымына) қол жайып қарап отыруы қай экономистіңде жүрегін жаралап, ойландыратыны сөзсіз. Міне осы тұрғыдан алып қарағанда жоғарыдағы мәселелерді толық шешпегенмен, ол туралы ой қозғайтын, белгілі бір пікір тудыратын «Банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі» тақырыбына жазылған курстық жұмысымның актуальды, күн талабына сай екедігі анық. Міне осы себептенде курстық жұмысыма осы жоғарыда аталған тақырып таңдалынып алынды.
Ақша банк үшін жоспарлау, есеп және бақылау құралы ретінде, яғни олар шаруашылық әрекеттің маңызды элементі болып табылады. Банк олар арқылы сыртқы өмірімен байланысқа түседі, табыс табады және есеп айырысулар жүргізеді. Өйткені банктің негізгі мақсаттарының бірі табыс табу болып табылады, ол үшін ақша қаражаттарының қозғалысын дұрыс жүргізу қажет. Қаржылық жағдайын бақылаудан тыс өндіріс көлемін жылдам өсірудің өзі банкке сұраным жоқ өнім өндіру сияқты жылдам банкротқа ұшырау шегіне әкелуі мүмкін.
Касса және банктік шоттар бойынша операциялар маңызды орын алады, өйткені бірде-бір заңды тұлға касса мен есеп айырысу шотынсыз әрекет ете алмайды. Оларсыз банк әрекетсіз, берекесіз болады.
Кез-келген бухгалтер мен аудитордың міндеті құрылған ұйымның қалыпты қалыптасуын қамтамасыз етуінің негізі болып табылатын ақшалай операциаларды дұрыс және дермезгілде көрсету жолымен банктің әрекет қабілеттілігін қамтамасыздандыру болып табылады. Сондықтан ақша қаражаттары қозғалысын жүргізілуге, олардың сақтығына, ақша қаражаттарын кіріске алу толықтығын тексеруге, еспке айырысу жағдайын және төлемдердің дер мезгілділігін бақылауға, кассалық тәртіптің және тағы басқа сақталуына аса көңіл бөлу қажет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: банктік шоттардағы ақша қаражат-тарының есебін басқаруы туралы Шишкин А.К., Микрюков В.А., Дышкант И.А.., Ван Хорн Дж. К., Кондраков Н.П., Кутер М.И., Тоқсанбай С.Р. тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.
Курстық жұмысты зерттеу кезінде Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдарының еңбектеріне сүйендік. Атап айтқанда Кеулімжаев Қ.К., Тулегенов Э.Т., Байдаулетов М.Б., Кұдайбергенов Н.А., Сәлменова Ә., Рахимбекова Р.М., Тасмағанбетов Т.А., Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А., Рабатов О.Ж., Байболтаева Н.Ә., тағы басқа ғалымдардың еңбектері.
Курстық жұмыстың мақсаты: банктік шоттардағы ақша қаражат-тарының есебі мен аудитінің қазіргі тәртібін қарастыру. Ақша қаражаттар есебiнiң ұйымдастырылу тәртiбiн теориялық тұрғыдан тереңiрек зерттеп оны тәжiрибелiк мәселелермен ұштастыру.
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
І ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕМЕСI
1.1 Қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi жанындағы «Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемесi департаментiнiң» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi бабында: «Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi операциялық және инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражаттарының келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектiнiң қаржы жағдайындағы өзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi» делiнген. Ал осы стандарттың екiншi бабында:« Заңды тұлғалар, субьектiлер (банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi кезеңдегi қаржы нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғни сонымен бiрге) тапсырады» делiнген.
Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде өндiрiлген өнiмдi сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi төлемдердi төлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта өндiрiлген өнiмiн сатып немесе қызмет көрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден сол өнiмдердi өндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.
Осындай кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбiне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:
Ақшалай қаржылармен
есеп айырысу операцияларының
Есеп айырысу шоты операцияларының есебi
Барлық шаруашылық субъектiлер ақша қаражаттарын банктердiң сәйкес мекемелерiндегi шоттарда сақтайды және мiндеттемелер бойынша төлемдердi жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажеттi қолма – қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң нормативтi құжаттарымен бекiтiлген мөлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма – қолсыз түрде жүзеге асу керек. Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде банктiк шоттарды ашады. Банктiк шот депозит қабылдаумен, келiсiм – шартта қарастырылған клиентке банктiк қызмет көрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келiсiм – шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктiк шоттар теңге мен шетел валютасында жургiзiлуi мүмкiн және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттiк шоттар болып бөлiнедi.
Корреспонденттiк шоттар – (банктер мен ұйымдардың) банктiк операциялардың жеке бiр түрлерiн ғана жүзеге асыратын банктiк шоттары.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлiмшелерiне (филиалдар мен – өкiлдiктер) ашылатын банктiк шоттар.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негiзiнде ашылады:
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектiсi оның иесi болып табылады. Ол өзiне берiлген құқықтардың шегiнде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелiк жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, берудi және аударуды банк мынадай құжаттардың негiзiнде орындайды:
Субъектiнiң шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуiне қарай күнтiзбелiк кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. Банк төлеуге қабiлетсiз деп жариялаған мiндеттемелер бойынша төлемдердiң кезектiлiгiн банк мекемесiнiң басшылығы белгiлейдi. Банктер мезгiл- мезгiл немесе күн сайын шоттардың иелерiне жүргiзiлген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негiз болған құжаттарды оған қоса берiп, оларға есеп айырысу шотынан көшiрме жолымен құлақтандыру жасайды. Көшiрмеде банк кодтайтын, қатаң түрде белгiленген көрсеткiштер болады. Бухгалтер банктен алынған көшiрменi тексередi, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептiк тiркелiмдерге жазу үшiн талдау есебi баптарының кодын қояды.
Информация о работе Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру