Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 11:30, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: банктік шоттардағы ақша қаражат-тарының есебі мен аудитінің қазіргі тәртібін қарастыру. Ақша қаражаттар есебiнiң ұйымдастырылу тәртiбiн теориялық тұрғыдан тереңiрек зерттеп оны тәжiрибелiк мәселелермен ұштастыру.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕМЕСI
1.1 Қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты...................5
1.2 Валюталық шот операцияларын есепке алу..................................................9
ІІ КӘСІПОРЫНДА ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖҰМСАЛУЫ
2.1 „Саят“ ЖШС-нің ақша қаражаттарының есебі.............................................12
2.2 Валюталық шот операцияларының есебi......................................................19
2.3 Банктің басқа да шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі...................23
ІІІ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ МАҚСАТЫНА ЖӘНЕ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЛУЫН ТЕКСЕРУ
3.1 Есеп айырысу шотындағы қаражаттардың мақсатына жұмсалуын тексеру....................................................................................................................25
3.2 Банктегi ағымдағы шоттардағы және жол үстiндегi нақты ақша қаражат-тар есебiнiң аудитi.................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31

Работа содержит 1 файл

Қаражаттарды мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру.doc

— 328.50 Кб (Скачать)

Банктiң көшiрмесi есеп айырысу шоты бойынша талдамалы есептiң тiркелiмiн өздiгiнен алмастырады және сонымен бiрге бухгалтерлiк жазулар үшiн негiздеме қызметiн атқарады. Кәсiпорынның банктегi есеп айырысу шоты кредиторлық берешектi көрсететiн пассивтiк шот болып табылады. Көшiрмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуi, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын көрсетедi. Шаруашылық жүргiзушi субьектiнiң бухгалтериясында керiсiнше, есеп айырысу шоты активтiк болып табылады. Ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуi дебет бойынша, ал кемуi (есептен шығару) кредит бойынша көрiнiс табады. Банк көшiрмесiнiң деректерi бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебi 1030 – шотта жүргiзiледi.

1030- шотта көрсетiлген операцияларды есепке алу үшiн №2 журнал ордер мен №2  ведомость қолданылады. Олардағы жазулар есеп айырысу шоты бойынша банк көшiрмесiнiң және соларға қоса берiлетiн құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi. Құжаттар алдымен әрбiр күн үшiн жиынтықтарды сомалау арқылы бiртектес жинақтамалы шоттар бойынша топтастырылады (кiрiстiк және шығыстық құжаттар бөлек-бөлек), содан кейiн №2 журнал-ордерге (1030– шоттың кредитi бойынша) және 1030-шоттың дебетi бойынша №2 ведомоске жиынтық бiр сомамен жазылады.

№2 ведомостьке бiртектес  жинақтамалы шоттар бойынша сомаларды жазудан басқа, ай басындағы сальдо (қалдық) көрсетiледi де, ай iшiнде есептелген дебеттiк және кредиттiк айналымдар ескерiлiп, ай соңындағы қалдық анықталады. №2 ведомость бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында Бас кiтапқа 1030-шот бойынша көшiрiледi.

Есеп айырысу шотын  жабу оның иесiнiң өтiнiшi бойынша:

- есеп айырысу шотын  ашу үшiн тiптi болмағанда бiр ғана бөлiгiнiң болмауына (дербес баланстың бар болуы және т.б.) әкеп соқтырған субъект қызметi сипатының өзгерiсi кезiнде;

-  субъектiнi құрған органның шешiмi бойынша;

-  3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргiзiледi.

Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субьектiнiң атауы өзгерген кезде шоттың иесi чек кiтапшасын пайдаланылмаған чектермен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмiрiн көрсетуге және есеп айырысу шотындағы қаражаттардың қалдығын растауға мiндеттi.

   

 

 

1.2 Валюталық шот операцияларын есепке алу

 

Валюталық операцияларды жүргiзудiң негiзi №115 2001ж. 20 сәуiрде Ұлттық Банк қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» № 54-1 1996ж. 24 желтоқсандағы  Заңы және «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргiзу ережелерi» болып табылады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негiзгi органы Ұлттық Банк болып табылады. Өкiлеттi банктерде заңды тұлғалар – резиденттермен шетел валютасындағы шоттардың ашылуы, жүргiзiлуi және жабылуы №266 2000ж. 2 маусымдағы «Қазақстан Республикасының банк клиенттерiнiң банктiк шоттардың ашылу, жүргiзiлу және жабылу тәртiптерi туралы» Нұсқаулықта көрсетiлген тәртiпте жүзеге асады. Заңды тұлға – резиденттерiнiң тауарлар (жұмыс, қызмет) экспорты үшiн түсетiн валюталық сомасы экспорт күнiнен бастап 120 күн iшiнде мiндеттi түрде банк шоттарына кiрiске алынуы керек. Заңды тұлғалар – резиденттер резидент емес тұлғаға төлем ақы жүргiзген кезде өкiлеттi банкке дұрыс ресiмделген құжаттарды (келiсiм-шарттар, инвойстар, коноссаменттер т.б.) ұсынуы тиiс. Өкiлеттi банктер валюта заңының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асып жатқан валюталық операцияға тиiстi қажеттi қосымша ақпарат пен құжаттарды талап етуге құқылы. Ағымдағы валюталық операциялар өкiлеттi банктер арқылы шектеусiз жүргiзiледi. 2001ж. 31 наурызда №881 Қазақстан Республи-касының Ұлттық Банк Басқармасымен бекiтiлген  1996ж. 24 желтоқсандағы «Валюталық реттеу туралы» Заңға және «Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды тiркеу ережелерiне» сәйкес капиталдың резидент еместен резидентке қозғалысымен байланысты операцияларды  жүргiзу мен есебiн ұйымдастырудың тәртiптерi бекiтiлген.

100 мың АҚШ доллар  эквиваленттен асатын сомада  мүлiктердiң Қазақстан Республикасына  келiп түсетiн, капитал қозғалысымен  байланысты келесi валюталық операциялар  мiндеттi түрде тiркелуге тиiстi:

  1. 120 күннен астам резидент еместерден несие алу;
  2. экспорт-импорт мәмiлелерiн резидент еместермен несиелеу;
  3. Қазақстан Республикасына резидент еместердiң тiкелей және портфельдi инвестициялар түрiнде инвестициялар;
  4. Интеллектуалды меншiк объектiлерiне түгел құқықты иемденуiне  резидент еместердiң ақысын төлеуi;
  5. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығына иемденуiнiң резидент еместердiң ақысын төлеуi;

Аталған операциялардың тiркелiмi сәйкес келiсiм-шартты (кредиттiк  немесе инвестициялық мәмiле, контракт, қатысушылар келiсiм-шарты) және квартал сайынғы қаражаттардың қозғалысы туралы есеп берудi қамтиды.  

Заңды тұлғалар – резидент емес тұлғалармен заңды тұлға  – резиденттермен шетел валютасындағы  есеп айырысулар қолма – қолсыз түрде валюталық шоттағы қаражаттар көлемнiң шегiнде ғана жүзеге асады. Валюталық қаржылар келесi көздерден құрылуы мүмкiн:

  1. экспортты валюталық түсiм;
  2. жарғылық капиталға үлес;
  3. резидент еместердiң қаржылық көмегi (гранттар);
  4. өкiлеттi банктердiң, шетел банктердiң, қаржылық ұйымдардың және басқа да шетел заңды тұлғаларының валюталық несиелерi;
  5. өкiлеттi банктер мен өкiлеттi ұйымдар арқылы iшкi нарықта теңгеге сатып алынған валюта;      
  6. Орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге шетелдiк валюта, яғни шетелдiң ақшасы арқылы есеп айырысу сол операция жасалған күнi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ақша айырбастау курсы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасымен (теңгемен) көрсетiлуi тиiс.

Шаруашылық субьектiлерi ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлi мынадай валюталарда:

-ұлттық;

-еркiн айырбасталатын (шетелдiк басқа валюталарға еркiн және шектеусiз айырбасталатын);

-тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы елдердiң ұлттық валюталары);

-клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен мiндеттемелердi өзара есепке алу негiзiнде қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар келiскен валютада) операциялар жасайды.

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 2 мамырдағы № 206 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Реслубликасында  валюталық операция-ларды жүргiзудiң ережесiне» сәйкес валюталық операцияларды жасау үшiн заңды және жеке тұлғалар өкiлеттi  банктердiң бiрiнде валюталық шот ашады.

Шотты ашу үшiн заңды  тұлғалар төмендегi құжатты тапсырады:

-Валюталық шотты ашу туралы өтiнiш;

-Құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшiрмесi;

-Өкiлеттi тұлғалардың қойған қолдары мен мөртабан белгiсiнiң үлгiлерi;

-Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;

-Салық төлеушi ретiнде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы.

Резидент заңды тұғалардың валюталық шотты, жүргiзуi және жабуы «Клиенттердiң екiншi деңгейдегi банктерде банк шоттарын ашу, жүргiзуi және жабу тәртiбi туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы №61 Нұсқаулықта көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

9- «Шетелдiк валютадағы  операцияларының есебi» БЕС–ына  сәйкес валютадағы операциялар болып табылады. Мұндай кезде субъект:

Мүлiктi (тауарлы –материалдық қорларды, негiзгi құралдарды және т.б. айналым активтерiн) шетелдiк валютаға сатып алады немесе сатады.

Төленуге немесе алынуға  тиiс сомасы шетелдiк валютада белгiленген несиелердi алады немесе бередi.

Өзгедей жолмен активтердi шетелдiк валютаға сатып алады  немесе сатады, шетелдiк валютамен  өзiне мiндеттеме алады немесе сол  мiндеттемелер бойынша валютамен  есептеседi.

Заңды тұлға – резиденттерге валюталық операция бойынша есеп айырысуды қолма-қол нысанда жүзеге асыруға рұқсат берiлмейдi. Валюталармен операциялар жөнiндегi бухгалтерлiк есептегi жазулар бухгалтерлiк есептiң шоттарында операция жасалған күнгi Ұлттық Банктiң бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетiлуге тиiс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдiк валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар сонымен бiрге есеп айырысу  немесе төлем валютасында жүргiзiлуге тиiстi.

Шетелдiк валютамен  есеп айырысу әдетте мынадай нысандарда жүргiзiледi:

  1. Банктiк аударым-бұл бiр банктiң төлем тапсырмасының басқа банкке пошта немесе телеграф бойынша салып жiберуiмен жүргiзiлетiн операциясы;
  2. Құжаттамалық инкассо – бұл импортшыдан (төлеушiден) ақша сомасын немесе тауар құжаттарына қарсы белгiлi бiр мерзiмде төленетiндiгiн растауды алуға экспортшының (кредитордың)
  3. өз банкiне берген тапсырмасы;
  4. Құжаттамалық аккредитив – бұл-импортшы клиентiнiң талсырмасы негiзiнде экспортшының пайдасына берiлген банктiк ақшалай мiндеттеме.

Валюталық шоттар бойынша  операциялар мынадай құжаттармен  ресiмделедi:

  1. қолма-қол валютаның (түсiм, пайдаланыпмаған сома, есеп беретiн сомалар және басқалар) келiп түсуi валюталық кiрiс ордерiмен ресiмделедi;
  2. қолма-қол валютаның берiлуi (шығысы) –валюталық шығыс касса ордерiмен (тапсырмамен);
  3. шетелдiк жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару аударым өтiнiшiмен ресiмделедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ КӘСІПОРЫНДА ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖҰМСАЛУЫ

 

2.1 “Саят“ ЖШС-нің ақша қаражаттарының есебі

 

Шаруашылық  суъектілер уақытында бос ақша қаражаттарын сақтау және қолма-қол есп айырысуларды жүзеге үшін банкте есеп айырысу, ағымдағы және өзінің қызметінің сипаты мен қаржыландыру көздеріне байланысты басқа да шоттар алады.

Банкте есеп айырысу шотын ашу үшін төмендегі  құжаттар беріледі:

  1. шотты алуға өтініш (банкте бекітілген үлгіде);
  2. нотариальды расталған және юстиция органдарында тіркеуден өткен жарғы мен құрылтайшылық келісім-шарттың көшірмеші;
  3. шаруашылық суъектінің мемлекеттік тіркеу жөнінде статистикалық картоска мен куәліктің көшірмеші;
  4. нотариалды расталған қолдардың үлгілері мен мөрдің оттискісі карточкасы 2 данада. Бірінші қолға құқық суъект басшысына, екіншісі бас баухгалтерге берілді.
  5. салық төлеуінің тіркеу номері (СТН)-шот иесінің.

Есеп айырысу  шотына номер беріліп, кәсіпорынға хабарланады және операциялар тіркелетін барлық құжаттарға қойылады. ЖШС “Саят” Қарағанды қаласында Халық Банкінің ФБ-де айырысу шоты бар. Сеп айырысу шотына сомаларды есептеп алу немесе одан есептеп шығару бойынша операцияларды банк шот ниелерінің жазбаша жарлығынң нгізінде (ақшалай гектар, қолма-қол ақшада салымға хабарлама, төлем талабы) немесе олардың келісімімен (соттың, арбитраждың, салық және қаржылық органдардың шешімі бойынша даусыз тәртіпте төлнетін төлмдерден басқа, жабдықтаушылар мен мердігелеудің төлем құжаттарын төлеу) жүргізіледі.

ЖШС “Саят” есеп айырысу шоты бойынша операцияларды рәсімдеуде келсідей құжаттар қолданады.

Шот иесі чек-бұйрықты банкке еңбекақы, іс-сапарлық, шаруашылық- операциялық және басқа да шығындарға көрсетілген саланы қолма-қол ақшадан береді. Кәсіпорын ақшаны алу мақсаты бір дана берілетін чектің артқы жағында көрстіледі. Мұнда түзетулер енгізуге болмайды. бірмезгілде чекпен бір чектік кітапшада сақталатын түйіршік  толтырылады.

Чек атауы және ұсынушы болуы мүмкін. Чектер берілген күнді санамағанда, 10 күнге дейін мерзімге беріледі. 

Қолма-қол ақшада салымға хабарлама-шот иесінің  банкке оның шотына түсімді, депоненттелген еңбекақыны және де басқа да қолма-қол  ақшада енгізілетін сомаларды есепке алу үшін қабылдау бұйрығы. Хабарлама бір данадан сиямнн жазылып береді, банк қабылданған ақшадарға шығыс кассалық ордерге тірклетін квитанция береді.

Банкіге көрстілген соманы алуының шотына аудару төлем  тапсырма бұйрығы төленеді өтеу ақшасы төлеушіден болған жағдайда қолданылады. Тапсырмалар тауарлы-материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айрысу кезінде пайдаланылады (Тапсырмада тауарлы көліктік немесе  тауарды жіберу фактісін растайтын басқа құжаттық номері мен күніне сілтеме жасалу керек) немесе тауарлы емс сипатта төлемдердіжүзеге асыруда, сонымен қатар тауарлар мен қызметтерді алдын-ала өтеу, заңмен нмесе келісім-шартпен қарстырылған жағдайларда аванстық төлемдер кезінде пайдаланылады. Тапсырмалар бір текті жене әр текті болу мүмкін.

Төлем тапсырмалар суъектісінің шотында қаражаттардың бар болуы кезінде, егер банк пен шот иесі арасында басқа келісілмеген жағдайда, орындауға қабылданады. Жабдықтаушылар мен сатыпалушылардың арасында бір қалыпты және тұрақты есеп айырусылар кезінде келісім-шарт негізінде және төлм тапсырмасын қолданумен төлемдер тәртібінде есеп айырысуылар жүзеге  асырылады.

Байланыс кәсіпорындары  арқылы ақшаларда аудару сомасы шектеусіз  төлем тапсырмасымен жүзеге асырады.

Егер төлем  телеграф бойынша жүргізілсе. Онда тапсырма банкпен толық теңгеде қабылданады. Төлеуші банкіг төлем тапсырманы оны жазыпберген күннен бастап 10 күннен кешіктірмей беру қажет.

Есеп айырысу  чегі, ереже бойынша, сатып алушы  чек брумен чек ұстаушыға төлем  үшін чек ұстаушыға қызмет көрсететін банк мекемесіне оны көрсту үшін береді.

Төлем талабы тапсырма – тауарлар, жұмыс қызметтердісатып алушы немесе төлеушінің шотынан  төмен сомасын банке өндіріп  алуға бұйрық. Төлем талап-тапсырма төлеушінің эквиваленті керек.

Бұл үшін банкте арнайы бөім қарастырылған. Төлушінің банкісі акцлептілінеген талап-тапсырмаларды картотекаға салып, оларды қабылдауға құқыға бар. Банкке талапы комплектіде береді: бір қалада сеп айырысса, және жабдықталушы және төлеушіге банктің бір мекемесі қызмет көрсетсе – үш данада; банктің әр мекмелерінде қызмт көрсетілсе 4 данада, басқа қаларада есеп айыпһрысса – үш данада.

ЖШС “ Саят ” есеп айрысу шотынан қаражаттарды келесідей орындаушы құжаттардың негізінде есептеп шығарады: шаруашалық істер бойынша қызметтесінің бұйрығы, сотпен берілген үкімдік қағаздар, шотараласуын спке алынған орындаушы қолдар. Есеп айрысу шоты бойынша операциялардың синтетикалық есбі 1030 “Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валютада ақшалар” активті шотта жүргізіледі.

Бұл шоттың дебеті бойынша есеп беру кезеңінің басы мен соңына ақаша қаражаттарының қалдығы және олардың келіп түсуі, ал кридиті бойынша есеп айырысу шотынан есептеп шығарылған ақша қаражаттары көрстіледі. Есеп айрысу шотында ақаша қаражаттары есебін жүргізетін бухгалтер 445 “Есеп айырысу шотындағы ақшалар” шот банк үшін міндеттеме шот болып табылатындығын білу қажет, өйткені банк ақшаларды сақтай отырып, кәсіпорын алдында өзін қарызгер деп санайды. Төменде есеп айрысу шотында ақша қаражаттарының есебі келтіріледі (1 кесте):

Информация о работе Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру