Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану

Дата добавления: 02 Января 2012 в 11:31
Автор: A******@mail.kz
Тип работы: реферат
Скачать полностью (93.98 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Жас маманға жәрдем.doc

  —  489.00 Кб

  Бақылау диктантының белгiленген нормасы төмендегiдей:

5-сынып  – 90-100 сөз; 6-сынып – 100-110 сөз; 7-сынып  – 110-120 сөз; 8-сынып – 120-150 сөз; 9-сынып – 150-170 сөз; 10-сынып –  170-190 сөз; 11-сынып – 190-200 сөз.

 Диктант мәтiнiне байланысты мұғалiмдердiң ескеретiндерi:

Қажет болған жағдайда мәтiн мазмұны жөнiнде қысқаша мәлiмет беру.

Сөйлемдердiң  құрылысы мен тыныс белгiлерiн, оқылу  интонациясын ескеру.

Жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердiң қандай түрлерiнiң  барын анықтау, ондағы екпiн, тыныс  белгiлерiне көңiл бөлу.

Сызықша, тырнақша тәрiздi тыныс белгiлердi қолдану жүйесi.

Егер  диктанттың мәтiнiнде дұрыс жазылуы  оқушыларға бұрын түсiндiрiлмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға  жазылады.

 Мұғалiм мәтiндi әуелi мәнерлеп оқып шығады, содан кейiн жеке сөйлемдердi оқып жаздыра бастайды. Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтiнi толық қайта оқылады. Бұл ретте мәтiн баяу оқылады. Соңында мұғалiмнiң рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады. Диктант мәтiнiн таза қағазға көшiруге рқұсат етiлмейдi.

 Бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгiлiк қателерi жеке-жеке есептеледi де жалпы бiр баға қойылады. 
 

Диктантты бағалау төмендегi өлшемдерге негiзделедi:

“5”  деген баға еш қатесi жоқ немесе орфографиялық жеңiл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгiсiнен жеңiл 1 қатесi бар (0/1) диктанттарға қойылады.

“4”  деген баға емледен 3, тыныс белгiсiнен 3 қатесi бар (3/3), немесе емледен 2, тыныс белгiсiнен 4 қатесi бар (2/4) немесе емледен 1, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (1/5) диктанттарға қойылады.

“3”  деген баға емледен 6, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгiсiнен 6 қатесi бар (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгiсiнен 8 қатесi бар (3/8) диктанттарға қойылады.

“2”  деген баға емледен 9, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (9/5), немесе емледен 8, тыныс белгiсiнен 9 қатесi бар (8/9) диктанттарға қойылады.

“1”  деген баға қате саны “2” деге бағаға көрсетiлген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады.

 Мазмұндама – оқушының өз ана тiлi мен әдебиетiнен алған бiлiмiн тексерудiң негiзгi нысандарының бiрi. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелi баяндай бiлу қабiлетi мен тiл байлығы, сауаттылық деңгейi айқын көрiнедi.  

 Мазмұндама мәтiнiнiң көлемi төмендегiдей болады:

5-сынып  – 100-150 сөз; 6-сынып – 150-200 сөз; 7-сынып – 200-250 сөз; 8-сынып –  250-300 сөз; 9-сынып – 300-350 сөз; 10-сынып – 350-400 сөз; 11-сынып – 400-450 сөз.

 Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтiн мазмұны мен негiзгi ойға сәйкестiгi, тақырыпың толық ашылуы, бяндау жүйесi ескерiлiп, сөздiк қорының деңгейiне, сөйлем құрылысына, мәтiннiң стильдiк бiртектiлiгiне, тiл шеберлiгiне назар аударылады.

 Мазмұндама мен шығармаға екi баға: бiрiншiсi жұмыстың мазмұны мен көркемдiк сапасы, тiл шұрайлылығы үшiн, ал екiншiсi грамматикалық сауаттылығы үшiн қойылады.

 Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетiнен алған бiлiмiн өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркiн ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегi. Оқушыдан көркем шығарманы өзiндiк ой-пiкiрi, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлi, көркем тiлмен жүйелi баяндауы талап етiледi.

 Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкiндiгiне қарай, мiндеттi емес), кiрiспе, негiзгi бөлiм, қорытынды, сонымен бiрге материалды баяндау әдiсi мен оның реттi жүйесi сияқты мәселелерден тұрады. 

Шығарма жазуға қойылатын негiзгi талаптар:

  1. Тақырыпты оқушының өз ойы және сөзi арқылы (оқулықтан көшiрмей) толық аша бiлуi.
  2. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
  3. Артық баяндау, қажетсiз дәлелдемелер мен көпсөздiлiкке жол бермеу.
  4. Шығармада сөз болған жайды оқушының өзi ғана емес, басқаларға да түсiнiктi болатындай орамды тiлмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы.
  5. Шығарманың барлық бөлiмдерiнiң бiр-бiрiмен тақырып, негiзгi ой арқылы шебер байланысуы.
  6. Шығарманың кiрiспе мен қорытынды бөлiмдерi қоса алғанда тұтас жұмыстың 1/4 бөлiгiндей болуы қажет.
  7. Мiндеттi түрде жоспар болуы және шығарма мазмұнын жоспарға сай рет-ретiмен жүйелi баяндауы қажет. Жоспар болмауы себептi шығарманың бағасы кемiтiлуi мүмкiн.
  8. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиiстi қорытынды жасау.
  9. Оқушының өз шығармасында әр түрлi көркем шығарма кейiпкерлерiн салыстыра отырып, орынды жерде дәйексөз келтiруi, ауыз әдебиетi үлгiлерiнен, сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерiнен өте шағын үзiндiлердi қисынымен қолдану жоғары бағаланады, оның терең бiлiмiн танытады.
  10. Шығармада қолданылған дәйексөздiң қайдан алынғандығы айқын көрсетiлуi және ол оқушының ойын қайталамай, оны дәлелдеуi, жалғасты-руы қажет.
  11. Шығармада жазушының өмiрбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейiпкерлерге қатысты қателiктер жiберiлмеуi керек.
  12. Оқушының жұмысы стильдiк бiртектiлiгi мен тiл шеберлiгiне қарай (сөздiк қоры, сөйлем құрылысы, материалды берудегi көрiктi ой, көркем тiлi, тiлiнiң образдылығы, ой сергектiгi, сезiмталдығы) бағаланады.
 

  Шығарма көлемi мен уақыты төмендегiдей болады:

5-сынып  – 0,5-1бет; 6-сынып – 1-1,5 бет; 7-сынып  – 1,5-2 бет; 8-сынып – 2-3 бет; 9-сынып – 3-4 бет; 10-сынып – 4-6 бет; 11-сынып – 6-8 бет (оқушы дәптерiнiң бетi).

Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесiнен  қатарынан екi сағат берiледi. Бiтiру емтиханында - 6 сағат.

Шығарманың  бағалануы туралы

Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесiн негiзiнен төрт салаға бөлiп қарайды:

    1. Мазмұндылығы  мен идеялылығы.

    2. Ой-пiкiрдiң  жүйелiлiгi.

    3. Стилi.

    4. Грамматикалық  сауаттылығы.

      Бұлардың  қай-қайсысы да оқушы бiлiмiн бағалауда  маңзы. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенiң дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелдiгi, негiзгi ойды жеткiзе алуы жатады. Пiкiр жүйелiлiгiне шығарманың жоспарға сәйкестiгi, әрбiр бөлiмнiң мөлшерi мен ой жүйесi, пiкiр ұтымдылығы, т.б. енедi. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткiзгендiгi, сөйлемдерiнiң оралымдылығы, сөз қолданысы, бiр сөздi бiрнеше рет қайталамауы, дәйексөздi қолдана бiлуi, сөйлемдi ұрыс құруы сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгiлерiне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.

Әдебиет бойынша

“5”  деген баға:

    1. әдеби  материалды терең ұғынып, өте  жақсы түсiнсе, оны тақырыпты  ашу үшiн дұрыс қолдана бiлсе;

    2. тақырыпқа  толық әрi нақты жауап берсе;

    3. мәселенi  өзiндiк ой-пiкiр тұрғысында дұрыс  талдай бiлсе;

    4. ойын  жүйелi желiмен жаза бiлсе;

    5. тiлi  бай әрi әдеби тiл нормаларына  сай болса;

    6. шығарма  құрылысы ой жүйесiне сай шебер  қиысып келсе, стиль бiрлiгi  сақталса;

    7. фактiлiк  қателер болмаса, сөздi орынды қолдана бiлсе;

    8.қорытынды  пiкiрi орынды, тиянақты болса.

Мазмұнында 1, тiлiнде 1 елеусiз қате болуы мүмкiн.

“4”  деген баға:

    1. жұмыс  мазмұны негiзiнен тақырыпқа сай  болса;

    2. әдеби  тiлмен жазса, бiрақ ойын баяндауда  бiрен-саран дәлсiздiктер жiберсе;

    3. қажеттi қорытындылар мен түйiндеулерiн  дұрыс жасай алса;

    4. ой  жүйесiнiң шамалы бұзылуы байқалса;

    5. стиль  бiрлiгi сақталған, сөйлем құрылысы  алуан түрлi, бай болса.

Мазмұнында 2, тiлiнде 2-3 кемшiлiк болуы мүмкiн.

“3”  деген баға:

    1. тақырыптан  айтарлықтай ауытқыған болса;

    2. материалды  баяндау негiзiнен дұрыс, бiрақ  жекелеген фактiлiк дәлсiздiктер  кездессе,

    3. баяндау  желiсi аздап бұзылса;

    4. сөздiк  қоры жұтаң, сөйлем құрылысы  бiр үлгiде, бiркелкi болса, сөздi орнымен қолдана алмаса;

    5. стиль  бiрлiгi сақталмаса, тiлi солғын болса.

Мазмұнында 4, тiлiнде 5 кемшiлiк кездесуi мүмкiн.

“2”  деген баға:

    1. жұмыс  тақырыпқа сай келмесе;

    2. көптеген  фактiлер бұрмаланса;

    3. шығарманың  барлық бөлiмдерiнде баяндау жүйесi  бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе;

    4. сөздiк қоры өте жұтаң, сөйлемдерi қысқа, бiркелкi, өзара байланыспаса, сөздi орнымен қолданбау жиi кездессе;

    5. стильдiк  бiркелкiлiк сақталмаса.

Мазмұнында 6, тiлiнде 7 кемшiлiк болуы мүмкiн.

“1”  деген баға:

    1. тақырыпты  мүлдем ашып жаза алмаса;

      2. мазмұнында 7 және тiлiнде 7-ден артық кемшiлiктер кездессе.

Мектепте  әдiстемелiк бiрлестiк  жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерi

 Мектепте мұғалiмдердiң пәндiк әдiстемелiк бiрлестiктерi барынша кең тараған. Ол пәндес мұғалiмдермен бастауыш сынып мұғалiмдерiн бiрiктiредi де, ең кемi 4-5 пән мұғалiмiн топтастырады.

 Пән бiрлестiктерiнiң әдiтемелiк жұмысының мазмұны көп қырлы болып келедi. Онда оқу-тәрбие жұмыстарының және оқушылар бiлiмiнiң деңгейiн көтеру, тәжiрибе алмасуды ұйымдастыру, озық педагогикалық тәжiрибенi және педагогика ғылымының жетiстiктерiн енгiзу мәселелерi қаралып, жаңа оқулықтар мен оқу бағдарламаларының күрделi тараулары талқыланады. Сонымен бiрге тәжiрибелiк оқу бағдарламалары мен оқу құралдарының нұсқалары, олардың нәтижелерi деп талқыланады. Бiрлестiк мүшелерi бiлiм беретiн және қадағалайтын компьютерлiк бағдарламаларды талдап жасайды және сынақтан өткiзедi. Оның тиiмдiлiгi мен нәтижесiне баға бередi. Бiрлестiк жұмысының мазмұны оқушылар бiлiмiн тексеретiн тақырыптық, шығармашылық бақылау жұмыстарын қарастыруды да қамтиды.

 Әдiстемелiк бiрлестiктiң жұмысы сол пәннiң мұғалiмдерiнiң педагогикалық қызметiн, оқушылардың бiлiм сапасын арнайы жоспармен iске асырылады. Жоспарда жаңа оқу жылының мақсаттары мен мiндеттерi айқындалып, негiзгi ұйымдық-педагогикалық шаралар (кабинеттердi безендiру, дидактикалық материалдарды сыннан өткiзу, бақылау жұмыстарының мәтiнiн бекiту және т.б.) қамтылады, ғылыми-әдiстемелiк баяндамалардың тақырыптары, пән бойынша ашық және үлгiлi сабақтар белгiленiп, оқушылардың бiлiм, iскерлiк және дағдыларының сапасын тексерудiң мерзiмi мен түрi айқындалады.

 Әдiстемелiк жұмыстардың тиiмдi түрлерiнiң бiрi бiрыңғай әдiстемелiк күн (мектептiң барлық педагог қызметкерлерi үшiн оқу тоқсанына бiр рет) екi тоқсан аралығында атқарылған әдiстемелiк жұмыстарды қорытындылауға арналады. Бiрыңғай әдiстемелiк күннiң тақырыбы мұғалiмдерге алдын-ала хабарланады. Бiрыңғай әдiстемелiк күннiң қарсаңында арнайы тақырыпқа педагогикалық бюллетень шығарылып, әдiстемелiк талдамалардың, мұғалiмдермен оқушылар шығармашылығын, психологиялық-педагогикалық әдебиеттердiң көрмесi ұйым-дастырылады.

 Бiрыңғай әдiстемелiк күн атқарылар жұмыстың мазмұны мыналарды қамтиды: ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткiзу, оларға талдау жасап, кеңiнен талқылау, жаңа әдiстемелiк әдебиеттерге шолу жасау, өткiзiлген шараға баға берiп, талдау жасайтындай бiрыңғай әдiстемелiк күннiң қорытындысы мен “дөңгелек үстел”, мәжiлiс немесе баспасөз конференциясын өткiзу.

 Мұғалiмнiң теориялық және практикалық дайындығының бiртұтастығы проблемалық семинарлар мен практикумдар барысында көрiнедi. Олар мұғалiмнiң өз бiлiмiн көтеру әрекетiн ынталандырып, оны педагогикалық инновацияға ұмтылдырады. Проблемалық семинар жұмыстарының мазмұны қазiргi заманғы педагогикалық теорияны қамтиды.

  

     

        Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі. Осы мақсатта біз жас маманға қаншалықты дәрежеде көмек беріп келеміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандырып жүр ме? Жас маман неден қиналып, нені меңгере алмай жүр? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік. Сабаққа жақсы дайындалғанымен кейде қандай мұғалім болсын, тіпті тәжірибелі болса да, өтетін сабағында қандай жағдаяттар кез келерін алдын-ала біле бермейді. Сондықтан, кей жағдайда мұғалім жоспарынан ауытқып кетуі ықтимал. Сол үшін мұғалім психологиялық жағынан дайын тұруы керек. Сабақты жақсы көңіл-күймен, шабытпен, шығармашылық ізденіспен мақсат қоя отырып жоспарлағанда ғана сабақ нәтижелі шығады. Ең бастысы, мақсаттан ауытқымау керек. Жас маман ең бірінші кезекте сабақтың құрылымын дұрыс білгені жөн. Олар мыналар: 

Описание работы
Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі. Осы мақсатта біз жас маманға қаншалықты дәрежеде көмек беріп келеміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандырып жүр ме? Жас маман неден қиналып, нені меңгере алмай жүр? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.
Содержание
1. Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң оқу кабинеті
2. Қазақ тiлiн үйретiп, оқытудың жолдары
3. Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекiлiктер
4. Жазба жұмыстарын үйрету жолдары
5. Мазмұндама түрлерi
6. Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
а)Диктан жұмысына қойылатын талаптар
ә)Шығарма жұмысына қойылатын талаптар
б)Мазмұндама жұмысына қойылатын талаптар
7. Мектепте әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерi
8. Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану
9. Мұғалiмнiң жеке портфолиосы
10. Мұғалiмнiң әдiстемелiк портфолиосын (папкасын) қалыптастыру
11. Оқушының портфолиосы
12.Педагогикалық бастамаларды сараптау және лицензиялау жөніндегі Кеңеске ұсынылған жаңа материалдарға қойылатын талаптар