Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 11:31, реферат

Описание работы

Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі. Осы мақсатта біз жас маманға қаншалықты дәрежеде көмек беріп келеміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандырып жүр ме? Жас маман неден қиналып, нені меңгере алмай жүр? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Содержание

1. Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң оқу кабинеті
2. Қазақ тiлiн үйретiп, оқытудың жолдары
3. Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекiлiктер
4. Жазба жұмыстарын үйрету жолдары
5. Мазмұндама түрлерi
6. Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
а)Диктан жұмысына қойылатын талаптар
ә)Шығарма жұмысына қойылатын талаптар
б)Мазмұндама жұмысына қойылатын талаптар
7. Мектепте әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерi
8. Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану
9. Мұғалiмнiң жеке портфолиосы
10. Мұғалiмнiң әдiстемелiк портфолиосын (папкасын) қалыптастыру
11. Оқушының портфолиосы
12.Педагогикалық бастамаларды сараптау және лицензиялау жөніндегі Кеңеске ұсынылған жаңа материалдарға қойылатын талаптар

Работа содержит 1 файл

Жас маманға жәрдем.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

    6.оқушыларға  эстетикалық талғамды сақтай  отырып, көрнекiлiктер жасата бiлу;

    7.жоғарғы  сынып оқушыларымен күрделi тақырыптар  бойынша дебат, конференция, семинар  өткiзу;

    8.өз  бетiнше бiлiмiн арттыру жолдарын  дамыту;

    9.кабинетке  оқушылардың өзiндiк жұмыстары  мен тапсырмаларды құрастыру;

    10.жаңа  ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолдануға бағытталған және жалпы оқу пәндерiнiң құрылымдық жүйеде жүргiзуге арналған, игерiлетiн материалдың мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес оқу, демонстрациялау құрал-дарының жекелеген түрлерiн жинақтау.

Арнайы  ескертпелер:

  1. Кабинетте жасалатын барлық көрнекiлiктердi дайындауда екi түстi бояу пайдаланылады.
  2. Кабинет iшiндегi тазалық пен сауатты безендiрiлуге пән мұғалiмдерi кабинет меңгерушiсiмен бiрдей жауапты.
Қазақ тiлiн үйретiп, оқытудың жолдары

 Қазақ тiлi сабақтары жауаптылықты қажет етедi, сондықтан сабақтың өзiндiк белгiлерiн бiлу керек.

  • Сыныпта дайындау дәрежесi бiрдей тұрақты оқушылар құрамының болуы.
  • Белгiлi бiр сабақ кестесiнiң болуы.
  • Сабақтың белгiлi бiр орында (кабинетте) жүргiзiлуi.
  • Сабақ жоспары негiзiнде бiлiм мен дағдының берiлуi.
  • Сабақта бiлiм беру әдiсiнiң жан-жақты қолданылуы.
  • Сынып оқушыларымен практикалық жұмыстардың жүргiзiлуi.

    Сабақта мұғалiм оқушының бiлiмге деген  ынтасы мен қызығушылығын 

арттырып  отыруы тиiс. Сабақта мұғалiм мен  оқушының ынтымағын нығайту мәселесi бiрiншi орында тұрады. Бұл өзiнен-өзi iске аспайтын жұмыс. Оқушыларға мұғалiм бiлiм алудың тиiмдiлiгiн, олардың қолынан белгiлi бiр iс келгенiне сенiм бiлдiруi - өте тиiмдi әдiс.

 Қазақ тiлi материалдарын жинақтап, бiр тақырыпқа бiрiктiрiп сайыстыру, яғни, бiлiмдi блоктау сабақ уақытының негiзгi қоры. Сабақтың әр кезеңiн толық өз мақсатына қарай пайдаланғанда ғана бiлiмдi меңгеруге қажет уақыттың жалпы мөлшерi кемидi.

 Қазақ тiлiнен өтiлетiн сабақтарды төмендегiдей жүйелеуге болады:

  1. Теориялық бiлiм меңгерту сабақтары

Бұған мына сабақтар кiредi: жаңа сабақ, бiрiккен сабақ және лекция сабақ. Осы теориялық  бiлiм меңгерту сабақтары оқушыларға теориялық-тiлдiк материалдар-ды игертуде iске асырылады.

2. Практикалық дағды  қалыптастыру сабақтары

Бұларға мына сабақтар жатады: бекiту сабағы, семинар сабақ, пресс-конференция сабақ, практикум сабақ, тексеру сабағы, сынақ сабақ, талдау сабағы және қайталау сабағы. Бұл сабақтар оқушылардың дене және ой дағдыларын ширату үшiн өткiзiледi.

3. Бекiту сабағы оқушылардың қазақ тiлiнен күнделiктi алған бiлiмдерiн нығайтып отыру үшiн керек.

4. Семинар сабақ  бiлiм мен бiлiк және дағдыны толықтыра түсу мақсатында жүргi-зiледi.

5. Пресс-конференция  сабағы оқушылардың iскерлiгi мен танымдық белсендiлiгiн арттыру мақсатында жүргiзiледi.

6. Практикум сабақ  тiлдiк материалдарға жаттықтыра түсу мақсатында өткiзiледi.

7. Тексеру сабағы  оқушылардың қазақ тiлiнен алған бiлiмдерi қаншалық меңгерiл-гендiгiн байқатады.

8. Сынақ сабақ  қазақ тiлiнен алған бiлiм мен дағдысын бiр жүйеге түсiру мақсатын-да жүргiзiледi.

9. Талдау сабағы  оқушылардың ауызекi тiлiндегi және жазба жұмыстарындағы жiберген қателерiн талқылау үшiн қажет.

10. Қайталау сабағы  өткен материалдарды оқушылар ойына толық қалыптастырады.

      Қазақ тiлi сабағының құрамы қандай болу керек?

 Қазақ тiлiнен өтiлетiн сабақтың негiзгi топтары сабақ құрылымдары элементте-рiнiң жиынтығы болып табылады. Сабақтың бұл құрылымдық элементтерi әр түрлi әдiстемелiк жүйе бойынша iске асырылады. Сабақтың құрылымдық элементтерi тәлiм-тәрбие берудiң мақсатына, материалдың өтiлу тәртiбiне, өзiндiк белгiлерiнiң санына, оқушының дайындық дәрежесiне қарай ауысып отырады. Мұғалiм әр сабақтың құрылымдық элементтерiн түрлi бағытта iске асырады. Мысалы, жаңа материалдың өзiндiк белгiлерi ауырлау болған кезде, яғни 5-тен артық болған уақытта мұғалiм оларды түрлендiрiп, оқушыларды өз бетiнше iздендiрiп, дамытып орындауға жұмылдырады.

 Шебер мұғалiмдер әр сабақтың құрылымдық элементтерiн түрлi бағытта iске асырады. Жаңа сабақты сыныпта меңгертiп, үй тапсырмасын бермеу мақсатында сабақтың құрылымдық элементтерiн төмендегi жұйемен алып барады. Өткен ма-териалдарды еске түсiре отырып, жаңа материалды жан-жақты меңгертедi. Оқулықтағы материалдар оқушыларға дауыстап оқытылады. Сонан соң жаңа материалға сай жаттығу жұмыстары жүргiзiледi. Оқушылардың түсiнiп, меңгеруiнiң мөлшерiн есептей отырып, нәтиже берсе, үй жұмысын орындамауға болады. Осы тәрiздi сабақты бiрiккен сабақ түрiмен де iске асыруға болады.  

Қазақ тiлi сабағының құрылымдық элементтерi:

  1. Өткендi еске түсiру.
  2. Тақырыптың көлемi мен жүйесiн түсiндiру.
  3. Бекiту және қайталау мақсатында жаттығу жұмыстары.
  4. Үй тапсырмасын беру.
  5. Үй тапсырмасын тексеру, өтiлгендi сұрау.
  6. Оқушылар жұмысына барлау жасау.
  7. Оқушылар еңбегiн бағалау.

      Сабақтың  бұл тәрiздi құрылымдық элементтерi iстелетiн жұмыстың мақсатына, материалдық көлемi мен жүйесiне қарай жүзеге асырылады. Жазба жұмыстарын жүргiзу, түрлi талдау жұмыстарын жүргiзу және дидактикалық материалдармен жұмыс iстеу барысында түрлiше уақытта әр түрлi жұмыс тәртiбiн және түрлi әдiстер мен тәсiлдер жүйесiн пайдалануды керек етедi. Сабақты тиiмдi де құнды әдiстермен өткiзу және оны жүйелi де жоспарлы жүргiзу сабақ элементтерiнiң толық қатысуына мүмкiндiк жасайды.

 Қазiргi педтехнология талаптары оқушыға бiлiм берудiң ең тиiмдi, ұтымды жақтарын таңдап алуды қажет етiп отыр, сондықтан үнемi жетiлдiру, дамыту, толықтыру сабақ сапасын арттырады, оқушыны да, ұстазды да шығармашылыққа жетелейдi.  

Үй  тапсырмасын беру

 Үй тапсырмасын беру – қазақ тiлiн оқыту процесiндегi ең басты да қажеттi сабақтың құрылымдық элементтерiнiң бiрi. Оқушылардың теориялық бiлiмдi жете меңгермеуi көбiнесе үй еңбегiн дұрыс ұйымдастырмаудың нәтижесiнде болады. Үй жұмысы мен сынып жұмысының арасында байланыс үнемi сақталуы керек. Үй тапсырмасының көлемi оқушыларға оншалық ауырлық, қиындық тудырмайтын-дай дәрежеде және өткен тақырыпқа орай болуы қажет. Қазақ тiлi бойынша өтiлетiн үй еңбегi белгiлi параграфқа анықтама, ережеге және оқулықтағы теория-лық материалдарға сай жүргiзiледi. Жазба жұмыстарының қатар жолдары 5-сы-ныпта 7-ден 8-ге дейiн, 6-сыныпта 9-дан 11-ге дейiн, 7-сыныпта 12-ден 15-ке дейiн, 8-сыныпта 16-дан 20-ға дейiн, 9-сыныпта 21-ден 25-ке дейiн, 10-сыныпта 26-дан 30-ға дейiн, 11-сыныпта 30-дан 35-ке дейiн болады.

 Қазақ тiлiне байланысты жүргiзiлген әдiстемелiк эксперименттiң жақсы нәтижелерiне қарағанда, үй тапсырмасын беру әр сыныпта оқушылардың төмендегi уақыт iшiнде, орындай алу мүмкiндiктерiн ескере отырып берудi мақұлдайды. 5-сыныпта 25-30 минут iшiнде, 6,7-сыныптарда 31-35 минут iшiнде, 8,9-сыныптарда 36-40 минут iшiнде орындай алатындай еңбектер тапсырылады.

 Мазмұнына қарай үй тапсырмасы фонетикаға, лексикаға, дыбыс жүйесiне, орфографияға, синтаксиске және тiл ұстартуға байланысты берiледi. Сонымен бiрге үй жұмысы бiр сабақ материалына және бiрнеше сабақ материалына тиiстi жүргiзiлуi мүмкiн. Яғни, бұл жаттығу жұмысы бекiту, пысықтау, қайталау және қорытындылау сабақтарына қарай тапсырылады. Белгiлi бiр тiлдiк құбылысқа орай берiлген үй еңбегiн үнемi қадағалап, тиянақты түрде орындалуын тексерiп отырған жөн. Үй еңбегiне берiлетiн дағдыландыру жұмыстары көшiрiп дұрыс жазу, буынға ажырату, сөздердi сөйлемге бiрiктiру, талдау, терiп жазу, шығарма, әңгiме жазу, мәтiн құрастыру т.б. түрiнде тапсырылады. Сынып жұмысына қарағанда үй жұмысының көлемi кеңiрек, аумағы көлемдiрек, оқушыны шығармашылыққа, өз бетiмен жұмыс iстеуге жетелейтiн болу керек.

 Мысалы: конспектiлер, сызбалар мен кестелер жаздыру; қолкөрнекiлiк, үлестiрме парақшалар жасау, тiлдiк тапсырмалары бар мазмұндамалар мен шығармалар жаздыру, көркем әдебиеттен анықтама, ережеге байланысты мысалдар таңдау тәрiздi жұмыстар.

 Үй тапсырмасын орындау – күрделi еңбектiң бiр түрi. Оқушы үй тапсырмасы-ның шартына түсiнбегендiктен, қызықпағандықтан, жалқаулықтан және ауырып қалғандықтан қате орындайды немесе тiптi орындамайды. Сондықтан үй еңбегi белгiлi бiр мақсатқа бағытталып, шарты дәл көрсетiлсе жақсы.

Үй  тапсырмасын тексеру

 Үй тапсырмасын тексерудiң теориялық бiлiм мен практикалық дағдыны меңгертуде рөлi үлкен. Тапсырманы жүйелi тексеру нәтижесiнде оқушы мұғалiмнен әр түрлi кеңес алады және ол туралы естiген, бiлгендерi мықты есте сақталады. Үй тапсырмасын тексеру әр түрлi әдiстермен жүргiзiледi.

    1.бiрнеше  оқушылардан өткен теориялық  материалдарды ауызша сұрау;

    2.бiрнеше  оқушыларға карточкадан мысалдарды дәлелдеу;

    3. талдау  жүргiзу;

    4. үстелдiң  жанына дәптерiмен шақыру тәсiлi;

    5. ашық  дәптердегi жазылғандарын барлау;

    6. теориялық  мәлiмет сызбаны қайта сызып  көрсету;

    1. ережелердi уақытпен жатқа жаздыру.
 
 
 

Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекiлiктер

 Көрнекiлiк - әрбiр сабақтың тiрегi. Мұғалiм кейбiр түсiнуге қиын, көп күш жұмсауды керек ететiн мәселелердi жеңiл, тез, оңай меңгерту, түсiндiру, таныту үшiн көрнекiлiктi қолданады.

 Әдебиет пәнi сабағында мынадай көрнекiлiктер пайдаланылады: 1) сөздiк көрнекiлiк; 2) заттық көрнекiлiк; 3) сызбалық көрнекiлiк; 4) суреттi-түсiндiрмелi көрнекiлiк.

  Сөздiк көрнекiлiк. Басқа пәндерден гөрi әдебиет сабағында жиi қолданылатын көрнекiлiк. Сөз арқылы жазушы кейiпкер бейнесiн, оның қарым-қатынастық көрiнiстерiн, табиғат суретiн әсем кестелеп, көркемдеп, оқырманына жеткiзе бiле-дi. Олай болса, жазушы мақсатын, шығарма тақырыбын, оның тiл ерекшелiгiн, шығарма көркемдiгiн, кестелi суреттердi, кейiпкерлердiң өзiндiк, даралық ерекшелiктерiн, сол туындының өзiне, одан алынған дәйектi мысалдарға сүйену, жүгiну, үзiндi келтiру арқылы ғана дәлелдеуге, оқушыны иландырып, сендiруге болады. Сөздiк көрнекiлiктiң жүйесiн дұрыс қолданғанда ғана оның тиiмдiлiгiн арттыра аламыз. Сөздiк көрнекiлiктi шартты түрде бастамалы, сипаттамалы, дә-лелдемелi, жинақтамалы деп төртке бөлiп қарастыруды жөн деп есептеймiз.

 Жазушының өмiр жолы мен шығармашылығын өтер алдында шығармадағы кейiпкерлердi талдау үшiн сол жазушының өз шығармаларынан немесе басқа жа-зушылар туындыларынан алынған, өтiлгелi отырған сабақ тақырыбының мән-мазмұнын ашуға септiгiн тигiзетiн, оқушы ойына қозғау салатын немесе оның тақырыпқа деген ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыруға бастама бола бiлетiн материалды, тақырыпты бастауға негiз етiп алынатын үзiндiлердi бастамалы сөздiк көрнекiлiк деймiз.

 Сөздiк көрнекiлiктiң iшiнде ерекше орын алатыны – дәлелдемелiк көрнекiлiк. Мұнда жоғарыда айтылған көрнекiлiктер сияқты жетекшiлiк сөлдi тек мұғалiм ғана атқарып қоймайды, оқушы да тiкелей қатысып, араласып, белсендi iс-әрекет атқарады. Оқушының өздiгiнен, дербес жұмыс iстеуi әдеби танымының дұрыс қалыптасуына ықпал етедi. Бұл жерде мұғалiм де, оқушы да дәлелдеуге алған әрбiр мысалына мұқият жауапкершiлiкпен қарап, ол келтiрген мысалдар, айтылған, айтылайын деп отырған немесе бұрыннан айтылып келе жатқан ой-пiкiрдi, тұжырымды айқындап, нақтылай түсетiн, ой желiсiне тiрек бола алатын үзiндiлер болған жөн.

 Мұғалiм талдап отырған тақырыбын, ондағы айтылатын ойдың қорытынды түйiнiн жинақтап, оқушы назарын сол негiзгi тұжырымды пiкiрге аударып отыруы керек. Осындай оқушы ойын бiр нысанаға бағыттау үшiн мұғалiм сабақ соңында өз баяндауын қорытындылай, баяндай келiп, пайдаланылатын мысалдар, дәлел, үзiндiлерiн сөздiк көрнекiлiктiң жинақтамалы түрi деп атаймыз.

 Әдебиет пәнi сабағында сөздiк көрнекiлiктi қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабiлетiн дамытуға, ой-қиялын жетiлдiруге, әрбiр сөзге мән бере қарауға, сөздi, сөйлемдi орнымен қолдануға, сөз мәнiн дұрыс түсiнуге, айшықты, көркем, тартымды сөйлеуге, ойын орынды дәлелдермен жеткiзе бiлуге үйрететiн боламыз.

  Сөздiк көрнекiлiкке қойылатын талаптар:

  1. Мұғалiм қолданған әрбiр мысал, үзiндi, шығарма мәнiне толық сай, сәйкес келуi керек.
  2. Алынған, келтiрiлген әрбiр сөздiң мәнi, ұғымы оқушыға түсiнiктi болуы тиiс.
  3. Мұғалiм келтiретiн мысалдарын баяндаумен үйлесiмдi қолдана бiлуi керек.
  4. Мұғалiмнiң шығармадан алған мәтiнi ойды түсiндiруге көмек ететiн айқын, мәндi, көркем болуы тиiс.
  5. Алынған мәтiн екiұшты пiкiр тудыратын болмауы керек.
  6. Алынған мысалдар даулы пiкiрлердi шешуге көмек ететiн дәйек бола алуы тиiс.
  7. Мұғалiмнiң келтiрген үзiндiлерi беделдi, танымал, ұлағатты ғалым адамдардiкi болғаны жөн.
  8. Бiр сабақтың үстiнде келтiрiлген мысал, үзiндiлердiң қайталануынан қашуымыз керек.
  9. Алынған мысал, үзiндiлер мүмкiндiгiнше еңбектiң соңғы нұсқасынан алынған жөн.

Информация о работе Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану