Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 11:31, реферат

Описание работы

Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі. Осы мақсатта біз жас маманға қаншалықты дәрежеде көмек беріп келеміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандырып жүр ме? Жас маман неден қиналып, нені меңгере алмай жүр? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Содержание

1. Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң оқу кабинеті
2. Қазақ тiлiн үйретiп, оқытудың жолдары
3. Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекiлiктер
4. Жазба жұмыстарын үйрету жолдары
5. Мазмұндама түрлерi
6. Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
а)Диктан жұмысына қойылатын талаптар
ә)Шығарма жұмысына қойылатын талаптар
б)Мазмұндама жұмысына қойылатын талаптар
7. Мектепте әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерi
8. Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану
9. Мұғалiмнiң жеке портфолиосы
10. Мұғалiмнiң әдiстемелiк портфолиосын (папкасын) қалыптастыру
11. Оқушының портфолиосы
12.Педагогикалық бастамаларды сараптау және лицензиялау жөніндегі Кеңеске ұсынылған жаңа материалдарға қойылатын талаптар

Работа содержит 1 файл

Жас маманға жәрдем.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

 Мен жақсы істей алмаймын 

1.

2.

3.

4.

5. 
 

 Мен жақсы істеу үшін үйренуге тырысамын: 

1.

2.

3.

4.

5. 
 
 

 Бұл мен үшін керек: 

1.

2.

3.

4.

5. 
 
 

Менің жұмыстарым 
 

Көрсеткен шығармашылық жұмыстардың тізімі Күні
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Менің жетістіктерім 

Менің жетістіктерім , мақтау қағаздарым, еңбектерім Күні 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
 
 
 
 
 
 
 

Педагогикалық бастамаларды сараптау және лицензиялау 

    жөніндегі Кеңеске ұсынылған  жаңа материалдарға 

    қойылатын талаптар

          Сараптамаға мөр қойылған (тұжырымдамалар, бағдарламалар, жобалар және әдістемелік ұсыныстар, оқу-әдістемелік құралдар және т.б.) құжаттар қабылданады.

          Ұсынылған материалдардың мазмұны «Білім туралы»  Заңның талаптары мен «Білім беру»  мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.

          Сараптамалық  бағалаудың негізгі өлшемдері:

    1. Жаңартпа жоба тақырыптарының өзектілігі мен оқыту саласы (оқыту әдісі, тәрбиелеудің жалпы мәселелері, білім берудегі басқару, білімді материалды-техникалық қамтамасыз ету, білім субъектілері қызметін психологиялық жағынан қолдау, арнайы педагогика, жаңа үлгідегі білім мекемелерінің қызметі, ШЖМ мәселелері, жас шама педагогикасы, ЖБО оқу-әдістемелік жағынан қолдау)
    2. Жаңартпа қызметінің сипатталу түрлері:

      - оқу  немесе тәрбиенің жаңа технологиясын  ойлап табу;

      - білім  мекемесінің бағдарламаларын әзірлеу;

      - эксперименталдық  бағдарламаны мақұлдау;

      - білімде  жаңа нәтижелерге қол жеткізуге  септігін тигізетін, әдістемені  әзірлеу;

      - жаңа  дидактикалық құралдарды әзірлеу;

      - оқытудың  жаңа әдістері мен нысандарын  мақұлдау.

    1. Мақұлдау мен зерттеу нәтижелерінің дұрыстығы мен негізділігінің деңгейі
    2. Ұқсас жобалардың айырмашылық сапасының бар болуы, шынайылығы
    3. Жүзеге асырылмақ жобаның мақсаты мен жаңа қызмет нәтижелерінің сәйкестігі.

      Материалға  қосымша:

    • аудандық /қалалық Кеңесінің қорытындысы мен жоба авторы туралы қысқаша мәлімет көрсетілген хат, өтінім және жаңартпаға берілген сипаттама/ бұл жоба ма, әлде әрекет етуші үлгі ме, жаңартпаның ішкі және сыртқы сай келуін тексеруді жүзеге асыру, материалдардың мақұлданған мерзімі, нәтижелері/;
    • мақұлданған мерзімі, нәтижелері/;
    • сыртқы пікірі;
    • мақұлдаудың нәтижесі.

    Оқу әдебиетін әзірлеуге  қойылатын талаптар

          Оқу әдебиеті үйренушілердің өздігіне жұмыс  істеуі мен оқыту үрдісінің нәтижесінің  арналған құзыреттілікті дамытуға бағытталады. Оқу әдебиеті келесі баспа түрлерінен тұрады.

    • Оқулықтар, құралдар;
    • жаттығулар мен тапсырмалар жинағы;
    • анықтамалықтар;
    • үйренушілердің өзін-өзі оқыту және өзіндік жұмысына арналған материалдар мен жетекші құралдар;
    • электронды оқулықтар, мультимедиялықтар және үйретуші бағдарламалар.

     Әдебиет бәсекеге қабілетті, технологиялар мен еңбек нарығының өзгергіш талаптарына бейімделе алатын жаңа дәір тұлғасын дайындауға ықпал етуі керек. Оқу әдебиеті оқу үрдісінің нақты шарттарымен белгілі бір нәтижелерге жетуге есептелуі керек.

     Оқу әдебиеті дидактикалық жүйе ретінде әзірленіп: ақпараттық, ауыстырмалы, жүйелі, интегралды, үйлеспелі, бақылаушы, өзін-өзі бақылаушы функцияларын жүзеге асыруы керек.

     Оқу әдебиетінің мазмұны өмірдің  құны бағыттарын қалыптастырып, үйренушінің  тұлға, қызмет субъектісі ретінде дамуына ықпал етуі керек. Оқу материалдарының мазмұны:

     а)белгілі  бір қоғам дамуының кезеңіне сәйкес, білімнің жалпы мақсаттарының;

     ә)аталған  салаға арналған білім міндеттері мен  білім сатысының;

     б)аталған  пәнінің оқу-тәрбие міндеттері жүйесінің;

     в)оқу  материалын топтастыру және іріктеу қағидаларының;

     г)оқу  материалдарын құрастыру құралдары  мен нысандарын қалыптастыру үлгілерінің;

     д)болжаған оқыту нәтижелері арасындағы байланысты қалыптастырады.

     Оқу әдебиетінің материалы білім  сапасына сәйкес, құзыреттілік түріндегі, сапалы қорытынды нәтижеге бағытталған үйренушілердің дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек. 

     Оқу-әдістемелік  кешенді әзірлеуге  қойылатын жалпы  талаптар

     Оқу-әдістемелік  кешен дегеніміз – үйренушілердің таным қызметін басқаратын әдістемелік  жүйенің толықтығын қамтамасыз ететін, оқу құралдарының жиынтығы. Оқу-әдістемелік кешен білімнің барлық сатысына араланған бірыңғай коммуникативтік-танымдық тұжырымдаманы есепке ала отырып, әзірленуі керек.

     Оқу-әдістемелік  кешен құрамы келесі бөлшектерден тұрады:

  • нормативтік құжат;
  • педагогтарға арналған кітап, оған сабақ үлгілері, жалпы тақырыптық жоспарлау, қарым-қатынас біліктілігін үйрету бойынша ұсыныстар мен авторлық курс тұжырымдамасының сипаттамасы енуі керек;
  • әр түрлі мазмұн мен бағыттағы әдістемелік құралдар;
  • курстың тақырыптары мен мәселелері, оның әдістемелік әзірлемелері;
  • оқытуды жекелеу мен саралауға арналған дидактикалық материалдар;
  • қажетті мәтін, сурет пен қосымша материалдардан тұратын оқушыларға арналған кітап;
  • оқуға арналған кітап;
  • оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыруға арналған тапсырмалары бар жұмыс дәптері, жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар күрделілік сатысына қарай сараланып берілу керек;
  • өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау, тестілеу, қайталауға арналған тапсырмалар мен қосымша материалдар;
  • мультимедиялық және аудиовизуалдық құралдар;
  • оқытуға қажетті дидактикалық және үлестірме материалдарынан тұратын көрнекі құралдар альбомы;
  • компьютерлік оқыту бағдарламалары мен автоматтандырылған оқыту жүйелері;
  • ауыртпалығы бар факультативті материал.

     Оқу-әдістмелік кешеннің барлық материалдары аяқталған  блок /модуль/ түрінде ұсынылып, үйренушілерге  аса қиындық тудырмайтын, үйренудегі ауыртпалықтарды жоюға көмек  беріп, аталған пәнді меңгеруде  ғылыми және идеялық деңгейдегі тапсырмаларды  ашуда, пәнаралық байланысы болып, оқытудың практикалық бағытын күшейтуге және жеке тұрғыда оқытуға мүмкіндік туғызуы керек. 

     Вариативті (элективті) курстардың оқу бағдарламасын

     әзірлеуге қойылатын талаптар

      Бағдарламаны  әзірлеуде мұғалім келесі бағыттардың  талаптарына назараударғаны дұрыс:

      Үйренушілерге арналған жаңалықтың деңгейі: Бағдарламаға базалық бағдарламаларда жоқ оқушыларға арналған жаңа білім енгізілуі керек.

      Бағдарламаларының дәлелдігі: Бағдарламаның білім мазмұны үйренушілердің танымдық қызығушылығын тудырып, жоғары сыныптарда кәсіби оқу түрін таңдауға көмек беруі керек.

      Мазмұнының  толықтығы. Бағдарлама мазмұнында жоспарланғанмақсаттарға жетуге қажетті барлық білімнің болуы.

      Мазмұнының  ғылымилығы. Бағдарламаға болашақ ғылыми білім мен адам қызметіндегі бағалы практикалық тәжірибе енгізілуі керек.

      Мазмұнның түрлі нұсқалығы. Бағдарламаға енген материал оқушылардың әртүрлі топтары арасында қолданылып, ондағы білім жалпыланады; барлық оқушыларға жалпы кәсіптік және кәсіпалды міндетті даярлауға сәйкес іріктеуді; бағдарламаны модуль қағидасыме құру;

      Мазмұнның жалпылану деңгейі. Білім бағдарламасына енген мазмұнның жалпылану деңгейі ондағы оқушылардың ойын дамыту мен оқыту мақсаттарына сәйкес болуы керек.

      Курстың практикалық бағыты. Білім саласындағы оқылатын бағдарлама оқушылардың шығармашылық байқаулары мен практикалық қызметінің қалыптасуын жүзеге асыруға мүмкіндік беруі керек.

      Оқу материалының байланысы  мен жүйелілігі. Бағдарламадағы білім мазмұнын ашу барысында соңғы тақырыптардың өтілуі міндетті түрде алдыңғы тақырыптарды оқытумен меңгеріліп, бөлімдер мен жалпы білім арасында байланыс болатындай құрастырылуы керек.

      Бағдарламада  тұрған міндеттерге  оқу материалын ашу  тәсілінің сай  келуі. Бағдарламада тұрған міндеттерге оқу материалын ашу тәсілі сай келіп, ғылыми білімнің даму деңгейімен анықталады.

      Оқу әдістерін таңдау. Эвристикалық байқауды өткізу мүмкіндігі оқытудың белсенді әдістерін оқытуда қолдануды қамтамасыз етеді.

      Бақылаушылық  – Бағдарламаларға бақылау жасап, оған енген білімдердің операционалдық және иреархиялық сипаттамасы, нақты жетекші тақырыптың немесе толық бағдарламаның аралық және қорытынды нәтижелердің әрқайсысы бойынша жетәстәк деігейі, ақу үрдісінің кез келген уақытында бағдарламаны өтудегі жаңылыстылықты анықтауға мүмкіндік беруі керек.

      Қор көз – қарасы жағынан  шынайылылығы. Бағдарлама материалы ондағы жоспарланған нәтижеге жету уақытының есебіне сай бөлінуі керек. Кәсіби өзін-өзі анықтау мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін кәсіпалды даярлық курстары ұсынған курстардың жиыны вариативті сипатта болып, сан мөлшерінің көптігі жағынан сұранысқа сай келуі мен қатар, оқу үрдісін ұйымдастыруға жағдай жасап, оқу жылында оқушыға екі рет жеке оқу жоспарын еркімен таңдау курстарына ауыстыру мүмкіндігін беретін еркімен таңдау курстарының мазмұны тек оқу пәні бойынша мәліметті кеңейтетін ақпараттан ғана тұрмай, сонымен қатар оқушылардың осы не басқа кәсіп бағдарламасын жетістікпен игеруге қажетті қызмет тәсілдерімен талаптарына сай келуі тиіс. Осы не басқа кәсіпке таныстыруының жаңа аспектілер мазмұны мен еркін курстардың мазмұн қызметі бұдан да күрделірек тәсілдер арқылы мектеп бағдарламасынан тыс (ғылым тарихы мен техника, астрофизика, математикалық статистика элементтері, түрлі практикумдар және т.б.) меңгерту арқылы оқушылардың қызығушылығы мен оң мотивациясын қалыптастыруы арқылы оқушылардың қызығушылығы мен оң мотивациясын қалыптастыруы керек. 

Информация о работе Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану