Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 11:31, реферат

Описание работы

Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі. Осы мақсатта біз жас маманға қаншалықты дәрежеде көмек беріп келеміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандырып жүр ме? Жас маман неден қиналып, нені меңгере алмай жүр? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Содержание

1. Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң оқу кабинеті
2. Қазақ тiлiн үйретiп, оқытудың жолдары
3. Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекiлiктер
4. Жазба жұмыстарын үйрету жолдары
5. Мазмұндама түрлерi
6. Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
а)Диктан жұмысына қойылатын талаптар
ә)Шығарма жұмысына қойылатын талаптар
б)Мазмұндама жұмысына қойылатын талаптар
7. Мектепте әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарын ұйымдастырудың түрлерi
8. Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану
9. Мұғалiмнiң жеке портфолиосы
10. Мұғалiмнiң әдiстемелiк портфолиосын (папкасын) қалыптастыру
11. Оқушының портфолиосы
12.Педагогикалық бастамаларды сараптау және лицензиялау жөніндегі Кеңеске ұсынылған жаңа материалдарға қойылатын талаптар

Работа содержит 1 файл

Жас маманға жәрдем.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

  Заттық көрнекiлiк. Бұл көрнекiлiктiң оқушылар үшiн тарихи-тәрбиелiк мәнi ерекше. Оқушылардың тарихи танымын дамыта отырып, олардың өмiр тәжiрибесiне деген құлшынысын арттыру арқылы адамгершiлiк санасының дұрыс қалыптасуына ықпал ететiн болады. Заттық көрнекiлiк жазушының өмiр жолын, шығармашылық iзденiсiн, әлеуметтiк ортамен қарым-қатынасын, оның танылу аймағын танытуды мақсат тұтады. Бұл көрнекiлiк жазушының әр кезде шыққан басылымдарын, қолтаңбаларын, мұрағаттық құжаттарын, заттарын, жазушы шығармалары бойынша жасалған түрлi қойылымдарды, көрiнiстердi, жазбаларды, мұражай дүниелерiн қамтиды. Осыларды сабақта пайдалана отырып, оқушы бойында жазушы еңбегiне, өмiр жолына деген құрметтi, iлтипатты, ынталықты, қызығушылықты арттырамыз. Жазушы қолтаңбасы былай қарағанда елеусiз ғана нәрсе сияқты. Ал оқу-тәрбие iсi үшiн үлкен мәнi бар. Бағдарлама бойынша өтiп отырған жазушы қолтаңбасының жазылу тарихы, оның мәнi, жазушы өмiрiнiң елеусiздеукөрiнетiн бiр кезеңiн көрсете отырып, сол жазушының шығармашылық шеберханасының iзiн байқау үшiн ерекше мәнi бар. Жазушы қалдырған қолтаңбаға байланысты кейiннен неден шығарма туындады, онда сол ортаға байланысты не қамтылған, қалай көрсетiлiп, қайтiп суреттелген, жазушы шығар-масының жазылуына орта қалай ықпал еткен деген сияқты сұрауларға жауап iздей отырып, жазушы шеберханасының жасырын сырларын аңғаратын боламыз.

 Заттық көрнекiлiктерге қойылатын талаптар:

  1. Ұсынылған заттардың табиғилығы.
  2. Заттардың нақтылығы, айқындылығы.
  3. Жазушы өмiрiне сәйкес келуi.
  4. Заттардың, қолтаңбалардың тарихилығы.

      Сызбалы көрнекiлiк. Бұл – шығарма кейiпкерлерiнiң өзара қарым-қатынасын, байланысын, жүйесiн, рухани өмiр жолының даму барысын, тiлдiк, портреттiк сипаттамалары арқылы берiлген мiнез ерекшелiгiн, жазушының өмiр жолы мен туындыларының тарихи кезеңдермен сабақтастығын, әдеби құрылыстардың үндестiгiн, тамырластығын, жазушы өмiр сүрген оның туындылары жазылған географиялық аймақтарды көрсетуге, аңғаруға арналған сызба арқылы көрсетiлетiн көрнекi құрал. Шығармадағы оқиға желiсiнiң қазығы болып табылатын басты кейiпкер арқылы басқа кейiпкердiң iс-әрекетi, солар арқылы жазушы ойы, мақсаты, бағыты айқындалатыны белгiлi. Осы бiр мәселенi көрнекi құралдар арқылы нақтылы сызбалармен көрсетiп айқындай түспесек, кейде оқушы бұл туралы толық ұғым ала алмауы мүмкiн. Сондай жағдайда сызбалы көрнекiлiктiң көмегi ерекше.

 Сызбалы көрнекiлiктi шартты түрде үшке бөлiп қарастыруымыз керек: 1) схе-ма. 2) таблица. 3) карта.

 Схемада тек адамдар (кейiпкерлер) тiзбегi берiледi, олардың өзара байланысы, қатысы көрсетiледi. Ал, таблица жазушының өмiр жолын, соған байланысты шығармаларын, олардың жыл мерзiмдерiн, жеке кейiпкерлердiң тiлi, портретi арқылы мiнезiндегi ерекшелiктерiн көрсетудi мақсат тұтады. Карта жазушы жүрiп өткен жолды, туындылары жазылған аймақты көрсетуге арналған. Сабақта схема, таблица қолдану арқылы оқушының әдеби құбылысты, оның iшкi байланысын толық түсiнуiне жағдай жасау көзделедi. Сызбалы көрнекi құрал арқылы шығармадағы образдар жүйесiн, жазушының өмiрiн, шығармашылығын тарихи кезеңдермен бiрлiгiн, тiл ерекшелiктерiн, мiнез айырмашылықтарын, оның өмiр сүрген ортасын, шығарманың жазылған аясын, әдеби байланыстар желiсiн, шығармалардың әлемге танылу аймағын көрсете аламыз. Оқушының көру қабiлетiне, қабылдауына тiкелей ықпал етемiз. Танымын кеңейтемiз.

 Суреттi-түсiндiрмелi көрнекiлiк. Бұл көрнекi құрал тек көрнекiлiк қызмет атқарып қоймайды, сонымен бiрге өнердiң бiрлiгiн, сабақтастығын да танытуға септiгiн тигiзедi. Мұнда сурет туындылары жалаң алынып қана қоймастан, әдеби шығармалармен бiрлiкте алына отырылып, осы екi өлеңнiң туыстас қасиетiмен бiрге өнер тiлдерiнiң өзiндiк даралықтары да барлығын, әрқайсысы құбылысты өзiнше пайымдап, өзiнше көркемдеп бейнеленетiндiгiн оқушы түсiнетiн, ұғынатын, саралап танитын болады. Портрет, плакат, иллюстрация тiлi - өзiндiк дара тiл. Олар бояу арқылы сөйлеп, өрнек тудырады, көркем бейне жасайды. Өнердiң бұл туындылары бiр жағынан көркем шығармалармен сабақтасып, байланысып, ерекше бiр жүйе түзетiнi де болады. Суреттi-түсiндiрмелi көрнекi құралды қолдану үстiнде осындай бiр бiрлiк тұтастығын оқушыларға сездiре отырып, олардың эстетикалық сезiмi мен танымының дамуына ықпал ететiн боламыз.

 Бұл көрнекi құралдарға қойылатын талаптар:

  1. Көрнекi құралдағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық көрiнетiн болуы керек.
  2. Әрбiр көрнекi құрал өтiлетiн тақырыпқа арналған, соның мазмұнын ашатын болуы тиiс.
  3. Көрнекi құрал тартымды безендiрiлген, бояулары айқын болғаны жөн.
  4. Көрнекi құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтiн, сурет ерекше бояумен берiлуi керек.
  5. Бiр сабақта бiр не екi ғана көрнекi құрал қолданылуы тиiс.
  6. Көрнекi құралда бiр мәселенiң қайталануынан сақ болу керек.
  7. Көрнекi құралда жүйелiлiктiң, хронологиялық реттiң сақталуын қатты қадағалау.
  8. Көрнекi құралда берiлген әрбiр мысал тексерiлген, дау тудырмайтын, түсiнiктi, өтiлiп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетiн болуы керек.
  9. Мүмкiндiгiнше көрнекi құрал өтiлейiн деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.
  10. Көрнекi құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтiндей етiп жасау (iлiп қою, алу, қайта пайдалану).

      Көрнекiлiктi даярлау, пайдалану  кезiнде басшылыққа алатын негiзгi ұстанымдар:

  1. Өтiлейiн деп отырған материалды оқушылардың жеңiл меңгеруiне ықпал, көмек ететiн болуы керек.
  2. Оқушылардың ынтасын, қызығуын, белсендiлiгiн арттыратын болуы тиiс.
  3. Оқушының материалды есiнде, жадында дұрыс сақталуына мүмкiндiк жасайтын болуы керек.
  4. Оқушының байқау, бақылау, көру сезiмiн жетiлдiруге жәрдем ететiн болуы тиiс.
  5. Оқушылардың ойлау қабiлетiн, танымын дамытатын болуы керек.
  6. Оқушылардың өткен әрбiр материалды талдай, саралай бiлуiне, тақырып iшiндегi қосалқы материалдан негiзгi ойды ажырата алуына көмектесуi керек.
  7. Оқушының өздiгiнен, дербес жұмыс iстей бiлу әрекетiне қозғау салып, жол көрсетуi керек.
  8. Көрнекi құрал оқушыны шығармашылықпен ойлауға жетелейтiн болуы керек.
  9. Мүмкiндiгiнше көрнекi құрал өтiлейiн деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.
  10. Көрнекi құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтiндей етiп жасау (iлiп қою, алу, қайта пайдалану).
 

Жазба жұмыстарын үйрету жолдары

 Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиеттi оқыту процесiнiң сапаға айналған нәтижесi болып табылады. Мұғалiмнiң педагогтiк шеберлiгi мен еңбегiн айқындайтын, оқушының әдебиеттiк ұғымын, бiлiмiн байқайтын, сынайтын көрсеткiш.

 Оқушылар арасында әлi де шығарма жазып, жоспар құра алмайтын, өз ойын жеткiзе бiлмейтiн, тiл орашолақтары жиi кездесiп отырады. Осындай кемшiлiктердi мектеп бiтiрушi оқушылардың жазған шығармаларынан жиi байқаймыз. Қазiргi уақытта жазу жұмысына қойылатын талаптар күшейдi. Мектеп бiтiретiн оқушылар кәмелеттiк аттестат алу үшiн жазатын шығарма жұмысына берiлген нұсқауда былай делiнген:

“Емтихандық жазба жұмыс – мектеп оқулығын немесе белгiлi бiр библиография-лық-сын  мақаланы қайталап, болмаса мұғалiмнiң  ой-пiкiрiн өңiн айналдырып жазып беру емес. Оқушының көркем әдебиеттi оқығанда алған әсерiн, жазушының өмiрiмен, шығармашылық жолымен танысқанда бiлген, жалпы әдебиет пәнiн оқуда көңiлiне түйген, таныған, өзiндiк ойлары мен сезiмiн дұрыс жазып беруiн талап ететiн уақыт жеттi. Емтихандық шығарма сапалы болумен қатар, онда әңгiме етiлiп отырған мәселенi терең түсiндiру арқылы эмоционалдық жақтан айқын да анық баяндалуы және нақты пiкiрi әдеби көркем тiлмен берiлуi қажет”.

 Әрине, мұндай талапты орындап шығу – бiр күннiң немесе бiр айдың, бiр жылдың iсi емес, бүкiл орта мектеп көлемiнде алған бiлiмнiң ұзақ мерзiмде қол жеткен нәтижесi болу керек. Емтихан уақытында оқушылардың шығарма жазуда жiберетiн, жиi кездесетiн шығарманы қалай бастау керек екенiн бiлмеу, бiрiншi беттi бастағанда алдымен жоспар одан кейiн тақырыпты жазу сияқты кемшiлiктердi болдырмас үшiн шығарманы қалай жазу туралы арнайы нұсқауды негiзге алу жөн. Онда былай делiнген:

    1. Бiрiншi беттiң ортасына жұмыс иесiнiң аты-жөнi жазылады.
    2. Екiншi бетке екi жол төменiрек ашық және айқын етiп тақырып жазылады. Егер тақырып үзiндi болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады.
    3. Тақырыптан екi жол төменiрек шығарманың жоспары жазылады.

 Мектептегi шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игi ықпал ететiнi сөзсiз. Олай болса шығарманың негiзгi мақсаты – осы. Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрi болса да өте күрделi ой еңбегi, шығармашы-лық iс. Оқушының ақыл-ой қабiлетiн дамытып, белсендiлiгiн арттыруда шығарма жұмысы орасан зор мiндет атқарады.

 Шығарманың өзiн бiрнеше топқа бөлуге болады:

  1. Оқушының өз тәжiрибесiне, алған әсерiне байланысты.
  2. Еркiн тақырыпқа жазылған шығарма.
  3. Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.

 Сонда оқушының өмiрден көрген, бақылаған өз тәжiрибесi, өз өмiрiне байланысты, осы негiзде жазған шығармалары бiрыңғай жүйеленедi.

 Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгерiп, оған қажеттi материалдарды саралап, тақырыпқа тiкелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиiмдiлiгiн арттырудың айғағы екенiн мектеп тәжiрибелерiнен көруге болады. Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшiн ең алдымен жазу жұмысының теориялық негiздерiн бiлу шарт. Сондықтан шығарманың құрылысына назар аударғанда мына схемалық жүйенi есте сақтау керек:

Әңгiме түрiндегi шығармалардың схемасы.

  1. Кiрiспе (экспозиция)
  2. Негiзгi бөлiм

    а) оқиғаның байланысы

    ә) оқиға  шиеленiсiнiң жеткен жерi

    б) шешiлуi

  1. Қорытынды (эпилог)

Талдау  түрiндегi шығармалардың схемасы.

  1. Кiрiспе (тақырыпқа жүктелетiн мiндет)
  2. Негiзгi бөлiм

    а) тақырып көтерген мәселе

    ә) ұсынылған  дәлелдер

    б) цитата түрiндегi мысалдар

    в) өзiндiк  ойлар

  1. Қорытынды

Әрине, оқушы шығармасында осы схеманы  орындау мүмкiн емес. Бiрақ шығарманы  талдай бiлу үшiн осы жолдарды бiлу қажет деп ойлаймын. Шығарма жазу үшiн оқушы мынаны бiлген жөн:

  1. Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек.
  2. Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалуы тиiс.
  3. Эпиграф тақырып пен негiзгi идеяны ашуға сәйкес алынуы керек.
  4. Тақырыпқа байланысты материалды iрiктеген кезде ең негiзгiсiн алу қажет.
  5. Шығарманың ретi мен жүйесiн сақтау және тақырыптан ауытқымау керек.
  6. Айтатын негiзгi пiкiрлерi шығарманың негiзгi бөлiмiнде болатынын есте сақтау қажет.
  7. Келтiрiлетiн мысалдар, салыстырулар негiзгi пiкiрге байланысты болу керек.
  8. Қорытынды ой негiзгi пiкiрлердiң төңiрегiнде жазылуы және айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсiнiктi болуы қажет.
  9. Әр сөйлемдi дәптерге жазар алдында стильдiк қате жiбермеудi ойлау керек.
  10. Ұмытып кетпес үшiн байқаған емлелiк қателер мен тыныс белгiлерiн бiрден қойып, сауатты жазуға, дәптердiң сыртқы көрiнiсiне мән беру керек.

Мiне, осы  талаптарды мұғалiм оқушы шығарма  жазар алдында үнемi ескеруi қажет.

 Қазiргi кезде мектептегi тәжiрибеге қарасақ, оқушылардың шығарма жұмысын тексерудiң екi түрi бар:

  1. Оқушы шығармасындағы кемшiлiктердi мұғалiм өзi түзетедi.
  2. Мұғалiмнiң басшылығымен оқушының өзiне тексерту.

Күнделiктi тәжiрибеден қарап отырсақ мұғалiмдер осы екi жолды қатар пайдаланады. Шығарма жұмысына тексеру кезiндегi олқылықтар емтихан кезiнде өте  жиi кездеседi.

 Шығарма жұмысын тексергенде қателердi түрлi шартты белгiлер арқылы көрсету дұрыс. Мұның өзiндiк бiр жүйесi бар.

/ - Емле  қатесi белгiленедi.

Информация о работе Қазақ тілі сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану