Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 11:28, курсовая работа

Описание работы

Табиғатсыз адам жоқ, онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды. Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен ластанып, уланбаған болуы тиіс. Мұны біз табиғат тазалығы дейміз. Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны ластап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласа досы, санасы іс-әрекет жасаса жауы бола алады. Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып, төгетін- адам, адам құрайтын қоғам.

Содержание

I.Кіріспе
1.1 Бастауыш сынып оқушыларына халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді түсіндіру
1.2 Экология және экологиялық тәрбие туралы түсінік
1.3 Экологиялық тәрбиенің пайда болу, даму тарихынан
II. Негізгі бөлім Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру
2.1 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру міндеттері
2.2 Экологиялық тәрбие беру мазмұны
2.3 Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары
III. Практикалық бөлім
3.1 Сабақтың жоспарлары
3.2 Мектептегі экологиялық үйірмелердің жоспарлары
3.3 Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
IV. Зерттеу бөлімі
4.1 Балалардың экологиялық көзқарастарын анықтауға арналған сауалнама
4.2 Балалардың экологиялық тақырыбына байланысты мақал - мәтел талдату
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Арай .docx

— 90.67 Кб (Скачать)

      Сонымен қатар экологиялық үйірме арқылы оқушылардың экологиялық жұмыстарға белсенділігін өз бетімен сапалы ұғынуға, табиғи орта дүниетанымын қалыптастыратын  экология курсына деген құштарлығын  айтуға болады.

      Мектепте  өткізілетін үйірме жұмыстарының барысында  «табиғатты аялаушылар» жұмыстарының негізгі мақсаты оқушыларға экологиялық  білім беру, оны тереңдету, күнделікті өмірмен табиғи ортаны тікелей байланыста жүзеге асыруда біршама жұмыстар іске асырылады.

1. Үйірме  отырыстарында күнделікті өмірмен,  табиғи ортамен тікелей байланыста  жүзеге асыру.

2. Жерді  тиімді пайдаланумен, оның сапасын  сақтауға көңіл бөлу.

3. Ауаның  тазалығын сақтауын дағдыландыру.

4. Жаңадан  отырызылған балауса шыбықтарды  қорғауға үйрету.

      Оқушыларға  табиғат қорғауға баулу жұмыстары  ішінде экологиялық мүмкіндіктерінің өзіндік орны бар, оқушылардың экологиялық  қорғау әдет дағдылары табиғи ортада іске асырылмақ.

      Экологиялық мүмкіндік оқушыларға не бермек?

  • Дүниетану сабағынан алған білімдерін тиянақтауға;
  • табиғатқа деген сезім құштарлығын арттыруға;
  • табиғатпен тікелей байланыста болу нәтижесінде дұрыс мінез-құлықтың, сапалы қарым-қатынастың қалыптасуына;
  • табиғат байлығын күтіп, баптауға, бақылаулар жүргізуге, ұқыпты қарауға баулиды.
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     «Табиғат  қаласы» ойынына бастауыш сынып  оқушылары, сондай-ақ      мұғалімдер қатыса алады. Қалада төмендегідей мекемелер құрылады:

1. Ботаникалық  бақ. Өсімдіктер туралы викториналар.

2.Зоопарк.  Жануарлар туралы викториналар, суреттер галереясы.

3. Табиғат  тақырыптарына арналған карталармен  танысу.

4.  Ертегілер  әлемі. Табиғат туралы жұмбақтар  шешіледі.

5. Концерт  залы. Табиғат тақырыбына арналған  шумақтар.

6. Көркемдік  салоны. Сурет көрмесі.

7. Кітапхана.  Табиғат туралы кітаптар көрмесі.

8.Табиғат  үсті. Плакат, фотографиялармен иллюстрацияланған  табиғат тақырыбындағы баяндамалар.  Ойын соңында қорытындысы айтылып,  мерекемен аяқталады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Сахналық  көрініс: «Жер-Ананың күңіренуі» сахнада жердің құрғап, тілім-тілімі шыққан көрінісі. Аударылған қайық, өлген балықтар. Қара жамылған жер ана қайғылы күйде отыр. «Қорқыттың күйі» бүкіл залда мұңды зарымен күңіреніп тұр. Еңкейген кәрі шал-жолаушы таяққа сүйеніп келе жатыр, елдің барлығы туған жерін, үйін тастап кеткен, жолуашы жер анаға кездесуге келе жатыр.

      Бастаушының сөзі: Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын талай ғасыр мекен етіп келген адамдар, өзен-көлді суалтып, қу-тақырға, жасыл шалғынды орман-тоғайды күйдіріп, өртеуге, тау мен даланы тескілеп шаңын аспанға шығарып,тірі организмдердің барлығын улап, оның тіршілігін жер бетінен жойып жіберуге әзір тұр. Соның ең қатерлісі ядролық соғыс пен ядролық қаруды сынау болып отыр.

      Жолаушы күңіреніп отырған жер анаға  кездесті.

      Жолаушы: О, жер ана неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарлайсың? Саған не болған, сенімен бірге бүкіл ғалам түнеріп тұр.

      Жер ана: Мен неге күңіренбеймін, неге мен зарланбаймын? Қарашы мына байтақ даланы не болып жатыр, нені көрмеді, жерімде, елімде жазды. Қарашы мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалай шалқақтаған шағаларым қайда, теңізді қақ жарып, өтіп жатқан кемелерім қайда? Теңіздің суы тартылып, жердің соры шығып, тілім-тілім болып жатыр.

      Адамдардың  көпшілігі ауруға шалықты. О, Адамзат  не ойың бар?

      Жер ана: Иіліп, отырып, қалды.

      Жолуашы: Көкжиекке қарап, ойланып қалды. Залда мұңлы күй жайлап өрби отыра қатыңқы ойнап тұрады.

      Көрініс: «Теңіз неге ашулы?»

      Автор – Қожатаева Зарина

      Дауыл – Жамалбеков Нұрдос

      Арал  –   Момбаева Мөлдір

      Күн –     Нұрлыбекова Ақерке

      Бұлт  –    Жүсіпов Бақыт

      Автор: Кешегі бар байлықтың мекені аталған қайран Арал.

      Міне, қазір шаршаған, қамыққан күйде сырын  шашып сырласатын, мұңын шағып, мұзданатын ешкім жоқ. Жан-жағына елеңдей қарайды. Осы уақытта уілдеген дауыс естіледі. Бұл ескі дауыл екен.

      Дауыл: Ау, Арал! Қалың қалай? Неге мұңайып отырсың?

      Арал: Дауыл достым-ау! Мұңаймай қайтейін, маған ешкім соқпайтын болды, бұрын сен де жиі келуші едің, толқындарымды тасытып, көңілімді көтеруші ең. Сенде соқпайтын болдың.

      Дауыл: мұңайма достым. Бізге де күн туар, толқының қайта тұрар, байлығың қайта толар.

      Арал: Әй, қайдам! Ондай күн көзімнен бұл-бұл ұшты ғой.

      Дауыл: Сені осындай күйге түсірген адамдар ғой, сен олардан кек алуың керек. Сені олар аямады, сен де оларды аяма.

      Арал: Сонда сен маған не дейсің? Адамдарға қатігездік жаса дейсің ба?

      Дауыл: Иә, достым. Олар сені аямады, сен де оларды аяма!

      Арал: сонда не істе дейсің?

      Дауыл: «Маған ерік бер. Мен жағалауыңдағы тұз бен сорды оларға шашамын. Көрсін қандай екенімізді!

      Арал: Ендеше бердім рұқсатымды. Өзің біл не істесең де!

      Автор: бұлардың сөзін тыңдап тұрған күн-ана мен бұлт-апа сөзге араласты.

      Күн: Әй, Арал, алдандың ба? Ана құтырған дауылға неге еркіндік бердің? Әй, бұлт бердеңе десейші, Дауылға!

      Бұлт: Ол дауыл мені тыңдамайды ғой.

      Арал: Мен бе алжыған. Алжыған, адасқан адамдар. Бізді олар аямады, бізде аямаймыз оларды.

      Автор: Міне, кешегі ару Арал тағдыры мынандай... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сабақтың  тақырыбы:  Әдібай  Табылдиев  «Күз  кереметі»

Сабақтың  мақсаты:  Білімділік: Оқушылардың  күзгі  табиғат  туралы  

                                                        білімдерін  кеңейте  түсу,  күз  байлықтарын- 

                                                        астық,  көкөніс,  жемістер  туралы  

                                                        білетіндерін  толықтыру.

                                    Дамытушылық:Күзде  істелетін  жұмыс  түрлері  мен               

                                                        күздің  адамға  тигізетін  әсерін  дәріптеу.

                                    Тәрбиелік: Еңбекті,  қоршаған ортаны зерттей отырып, 

                                                       табиғат  сұлулығын  сүюге  тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі:  «Күз  бейнесі»  көрме, тірек сызбалар.

Сабақта қолданатын технологиялар: В. Ф. Шаталовтың   тірек сызбаларын 

                                                                пайдалану. 

                                                                В.К. Дьяченконың ынтымақтастық-  

                                                               та оқыту технологиясы.Ж.Махмутовтың 

                                                               проблемалық сұрақтары технологиясы.

Сабақтың  түрі:  дәстүрлі  емес

Сабақтың  барысы: 

                                                    1.  Ұйымдастыру бөлімі: 

Психологиялық  дайындық.  Н. Тілендиевтің  «Құстар  қайтып  барады» 

                                                 өлеңін  қойып,  Отанға,  жерге,  елге,  сабаққа   

                                                 деген  қызығушылығын  оятып,    шабыттан-

                                                 дырамын. 

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру