Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 11:28, курсовая работа

Описание работы

Табиғатсыз адам жоқ, онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды. Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен ластанып, уланбаған болуы тиіс. Мұны біз табиғат тазалығы дейміз. Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны ластап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласа досы, санасы іс-әрекет жасаса жауы бола алады. Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып, төгетін- адам, адам құрайтын қоғам.

Содержание

I.Кіріспе
1.1 Бастауыш сынып оқушыларына халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді түсіндіру
1.2 Экология және экологиялық тәрбие туралы түсінік
1.3 Экологиялық тәрбиенің пайда болу, даму тарихынан
II. Негізгі бөлім Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру
2.1 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру міндеттері
2.2 Экологиялық тәрбие беру мазмұны
2.3 Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары
III. Практикалық бөлім
3.1 Сабақтың жоспарлары
3.2 Мектептегі экологиялық үйірмелердің жоспарлары
3.3 Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
IV. Зерттеу бөлімі
4.1 Балалардың экологиялық көзқарастарын анықтауға арналған сауалнама
4.2 Балалардың экологиялық тақырыбына байланысты мақал - мәтел талдату
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Арай .docx

— 90.67 Кб (Скачать)

       Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 I.Кіріспе

1.1 Бастауыш  сынып оқушыларына халықаралық  стандарттарға сәйкес қоршаған  ортаны қорғау және экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз етуді  түсіндіру

1.2 Экология  және экологиялық тәрбие туралы  түсінік

1.3 Экологиялық  тәрбиенің пайда болу, даму тарихынан

II. Негізгі бөлім Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру

2.1 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру міндеттері

2.2 Экологиялық  тәрбие беру мазмұны

2.3 Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары

III. Практикалық бөлім

3.1 Сабақтың жоспарлары

3.2 Мектептегі  экологиялық үйірмелердің жоспарлары

3.3 Сыныптан тыс  тәрбие жұмыстары

IV. Зерттеу бөлімі

4.1 Балалардың экологиялық көзқарастарын анықтауға арналған сауалнама

4.2 Балалардың экологиялық тақырыбына байланысты мақал - мәтел талдату

V. Шығармашылық жұмыс

5.1 Бастауыш сынып  мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Осы Курстық жұмыста мен «Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру» тақырыбын тереңірек талдап, толығырақ зерттеп көрсетемін.

   Ең  алдымен жалпы  «табиғатқа» қысқаша тоқталып өтетін болсам - адам баласы өмірінің материалдық және рухани тіршілігінің бір-ақ табиғи тірегі бар. Ол табиғат.

   Табиғатсыз  адам жоқ, онсыз адам жайлы сөз  етуге болмайды. Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен  ластанып, уланбаған болуы тиіс. Мұны біз табиғат тазалығы дейміз. Табиғаттың тазалығын сақтайтын  да, оны ластап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласа досы, санасы іс-әрекет жасаса жауы бола алады. Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып, төгетін- адам, адам құрайтын қоғам.

   Қоршаған  ортаны қорғау – мемлекетаралық, мемлекеттік  маңызды жайт екені дау тудырмайтын  мәселе. Табиғатты қорғау, қоршаған орта тазалығы үшін күрес, табиғат байлығын ұқыпты пайдалану мәселелерін мемлекеттік  саясат деңгейінде қарастыру әбден  заңды да.

   Табиғат қорғау проблемасын іс жүзінде шешудің  негізгі бір мақсаты жастарды туған жерге, Отанға, табиғатқа деген  сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Табиғатты  қорғау мәселесі педагогикалық мәселелердің бірі. Педагогика ғылымының негізгі  міндеті оқыту, білім беру, тәрбилеу және жеке басы қасиеттерін қалыптастыру.

      Жоғарыда айтылғандарды осы «Курстық жұмыстың» бірінші бөлімінде - бастауыш сынып оқушыларының  табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиенің алатын орны қарастырылды .

      Ал  екінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының  табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру берілген.

     Табиғат сұлулығын сақтай білу, одан ләззат ала білу әр адамның экологиялық мәдениеттілігінің басты көрсеткіші болу тиіс.

     Табиғат – халық қазынасы дегендей, оның байлықтарын пайдалана отырып, қорғау бәрімізге қажет екенін бастауыш сынып оқушыларына ғана емес, жалпы жастардың бойына сіңіре білдіруіміз керек. Бәріміздің міндетіміз – экологиялық түсінікті қалыптастырып, оқырмандарды табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді сауаттылықпен араластыруға баулу. Табиғат ананы қорғау, аялау барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғи қажеттілікке жататындықтан, оқырмандарды табиғатты қорғауға тәрбиелеу баршамыздың борышымыз екенін ұмытпайық. Адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі – экология болғандықтан, бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортаны қорғау туралы көзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағыт-бағдар берерде олардың табиғатқа деген көзқарастарын нығайта, экологиялық білім мен тәрбиелерін жетілдіре, туған өлке табиғатын аялап, сақтауды, қастерлеуді насихаттауда төмендегідей шараларды ұсынамыз.

   Аталмыш бағыттағы «Табиғат-сұлулықтың кәусар  бұлағы», «Табиғат лебі», «Табиғатым - тағдырым» - сынды экологиялық сағат, «Жасыл әлемге саяхат» - ойын-саяхат, «Қазақстан қорықтары» - ауызша журнал, «Табиғат және Поэзия»-жыр кеші, «Табиғат тамашалары», «Таңғажайып табиғат» - экологиялық лотолар, Семей сынақ полигонына арналған  «Апат аймақтары», «Ажал сепкен аждаһа» - экологиялық - танымдық сағаттар, «Туған өлкем - қандай көркем», «Табиғат - тіршіліктің құтты қоныс мекені», «Жер тағдыры – ел тағдыры», «Табиғат – тіршіліктің қайнар көзі», «Қоршаған орта және «Табиғат – тіршілік бастауы», “Қоршаған ортаны қорғайық!”, «Табиғат аясы», «Табиғат әлемі», «Қоршаған орта - қорғаның», «Аралым – арым, Балқашым - бағым», «Өзендер неге өксиді?», «Арал да апат аймағы», «Қазақстан өзендері» «Қазақстан – туған өлкем», «Экологиялық құқық» тақырыптарындағы дөңгелек үстел, интеллектуалдық ойын, экологиялық идеялар байқауы, талқылау, экологиялық мереке, экологиялық әңгіме, пікір алмасу, жарыс сөз, брейн-ринг, экологиялық жыр кеші, пікірталас, шолу, әңгіме сияқты шаралар, осы орайда дайындалған тақырыптық папкалар, кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер қолданушылардың туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы білімдерін кеңейту мен  экологиялық түсініктерін қалыптастыруға ықпал етіп, олардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып,, табиғатты қорғай білуге тәрбиелейді. Бұл жұмыстармен шектелмей, «Экология сақшысы», «Мөлдір бұлақ» сияқты үйірме жұмыстарын да жандандыра аласыздар.

     Бастауыш  сынып оқушыларына  экологиялық білім мен тәрбие беру - олардың тіршіліктану жөніндегі сауатын ашуға қажет және қоршаған ортаны сақтауда маңызы зор екенін білесіздер. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімдерін қалыптастырып, экологиялық білім мен тәрбие беруге, барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуларына әсер етіп, қордағы басылымдардың бар түрін кеңінен пайдалана, бастауыш сынып оқушыларының экологиялық ақпараттандырылуын қанағаттандыра білу қажет.

  Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.

  Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса бала да соғұрлым көбірек үйренеді.

Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу     барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор

   Бастауыш  сынып оқушыларының экологиялық білім мен тәрбие беру - олардың тіршіліктану жөніндегі сауатын ашуға қажет және қоршаған ортаны сақтауда маңызы зор екенін білесіздер. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімдерін қалыптастырып, экологиялық білім мен тәрбие беруге, барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуларына әсер етіп, қордағы басылымдардың бар түрін кеңінен пайдалана, оқырмандардың экологиялық ақпараттандырылуын қанағаттандыра білу педагогтердің міндеті екенін сіздер жақсы білесіздер.

   Бастауыш  сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбилеу маңызды міндет. Педагогика ғылымы дүниетану және табиғат қорғау ғылымының негіздерін тереңдетіп, халықтың дәстүрлерін жинақтап, оны бүкіл  жұртшылыққа үйреткенде елді табиғат  қорғау бағытында тәрбиелегенде  ғана жағдай түзеледі. Ешбір қиыншылыққа  қарамай ұстаздар әрбір бастауыш сынып оқушыларының ғана емес, әр бір  жасты табиғат қорғау тәрбиесінен  өткізіп, оларды табиғат қорғау жұмыстарына  қатынастырса өмірді де аман сақтаймыз.

   Сондықтан осы курыстық жұмысымның үшінші бөлімін  бастауыш сынып оқушыларының табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдарымен сол дүниетану білімін тереңдетіп, үлкен мән беруге, болашақ мамандардың, бастауыш сынып оқушыларының бойына ұлттық сана сезім, табиғатқа деген аялы қамқорлық жасай білуді үйрету жолдарына бағыттадым.   

  
 
 
 
 
 

  

     Бастауыш  сынып оқушыларына  халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді түсіндіру.

   Бұл құнды құжатта халықаралық стандарттарға  сәйкес қоршаған ортаны қорғау мен  қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, экологияға айрықша көңіл бөлінген.

   Жақында Давоста өткен әлемдік экономикалық форумда 133 елдердің экологиялық рейтингі хабарланған болатын. Бұл тізімді  Йель және Колумбия университеттері  дайындаған екен. Тізімге енген елдер 6 топқа бөлінген, 133 ел кірген тізімде  Қазақстан орта жағында, 70 орынды иеленген екен. Бұл дерек елімізде қоршаған ортаның ластанып, экологиялық ахуалының  төмендегенінің айғақтайды.

   Қоршаған  ортаны қорғау – мемлекетаралық, мемлекеттік маңызды жайт екені дау тудырмайтын мәселе. Табиғатты қорғау, қоршаған орта тазалығы үшін күрес, табиғат байлығын ұқыпты пайдалану мәселелерін мемлекеттік саясат деңгейінде қарастыру әбден заңды да. Қазіргі таңда экология атом қаупінен де қауіпті қатерге айналуда. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсіп, қоршаған ортаны қорғау мәселесі бүгіндері әлемдік мәселеге айналып келеді. Ғылыми- техникалық прогресс, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістер табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына себепкер болуда. Бүгінде адамзат тіршілігіне қауіп төніп, табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсіп, қоршаған ортаның ластануынан адам өміріне өлшеусіз қатер төне, денсаулық та төмендеп, бұзыла бастады. Деректер бойынша адамдардың денсаулығы 55%-ы өмір салтына, 17%-ы экологиялық факторларға байланысты екен. Экологиялық нашар ахуал адам өлімінің 20%-ына себепкер болып отыр. Экологиялық жағдай тұрғындардың өмір сүру жағдайын күрт төмендетіп, адамдардың аз өмір сүруі мен демографиялық шегіністерге әсер етуде. Және де ғалымдар соңғы жылдары әлемдегі түрлі табиғи апаттардың болуын адам баласының қоршаған ортаға тигізген техногенді әсерінен деген ойды айтуда. Сондықтан да бүгіндері экологиялық мәселе алға қойылып, қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау мен қалпына келтіру мәселесімен жақсырақ айналысуға итермелеуде.

         Сондықтан да экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарауды бастауыш сынып оқушыларына кең танымал ету – мұғалімдердің абыройлы борыштарының бірі болып табылады. «Табиғат – адамның өз үйі» дегенді қайталай, экологиялық күресті өмір үшін күрес деп танып, мектептер экологиялық проблемаларды оқып-үйрету мен жүзеге асыруға арналған шараларды насихаттаулары қажет. Ол үшін Елбасы қолдау көрсетіп отырған экологиялық саясатын іске асыру, көпшілікке экологиялық білім беруді жүйелі түрде жүргізу керек.

   Жолдаудағы  міндеттерді жүзеге асыру үшін қолданушыларға қоршаған орта туралы білім беріп  табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін оятып, табиғат сақтау мен қорғауға тартып, бастауыш сынып оқушыларының экологиялық ойлау қабілетін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру керек, экология саласына арналған басылымдарды насихаттай табиғатты қорғауға, сақтай білуге тәрбиелеу мұғалімдердің де басты борыштарының бірі екені анық. Бұл шаралар қолданушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Табиғат сұлулығын сақтай білу, одан ләззат ала білу әр адамның экологиялық мәдениеттілігінің басты көрсеткіші болу тиіс

   Табиғат – халық қазынасы дей келе, оның байлықтарын пайдалана отырып, қорғау бәрімізге қажет екенін бастауыш сынып оқушыларына бойына сіңіре білейік. Бәріміздің міндетіміз – экологиялық түсінікті қалыптастырып, бастауыш сынып оқушыларының табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді сауаттылықпен араластыруға баулу. Табиғат ананы қорғау, аялау барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғи қажеттілікке жататындықтан, оқырмандарды табиғатты қорғауға тәрбиелеу баршамыздың борышымыз екенін ұмытпайық. Адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі – экология болғандықтан, қолданушылардың қоршаған ортаны қорғау туралы көзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағыт-бағдар берерде олардың табиғатқа деген көзқарастарын нығайта, экологиялық білім мен тәрбиелерін жетілдіре, туған өлке табиғатын аялап, сақтауды, қастерлеуді насихаттауда төмендегідей шараларды өткізуді оқытушылар қолға алулары қажеті.

   Өміріміздің тіршілік етіп отырған табиғатты  қорғау және оның сан алуан байлықтарын  барынша ұқыпты пайдалану бүкіл  адамзат алдында тұрған келелі де күрделі мәселелердің біріне айналды.

   Жер бетінде бейбітшілікті сақтаудың  өзі, тікелей табиғат қорғау мәселесімен  өте тығыз байланысты. Сондықтан  мемлекеттер арасындағы келіссөздердің бәрін де экологиялық проблемалар  еш уақытта күн тәртібінен түскен емес.

   Қазір елімізде халық шаруашылығының әр салаларының  тез дамуы нәтижесінде табиғатқа  орны толмас зиян келіп отырғанда, бастауыш сынып оқушылары жағынан тәрбиелеудің  зор маңызы бар.  Себебі, табиғатты  ластанудың шегі бар деп айтуға болмайды. Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұдан былай да осы дәрежеде ластан бертін болса, болашақ ұрпақтардың  өмір сүруіне үлкен нұқсан келетіні сөзсіз. Сондықтан да, табиғатты  қорғау оқушылардың тек міндеті  ғана емес, абыройлы борышы. Әркім өзін қоршаған табиғи ортаның құрылысын, оның ерекшеліктерін, оларды бұзбай сақтаудың  жолдарын, табиғат аясындағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті деп  есептеймін. Кішкентай ғана бүлдіршіннен, еңкейген қарияға дейін жас кәрінің  бәрі табиғат анасымен қиянаттасуға бармай, сыйластықпен өмір сүру керек.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру