Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 11:28, курсовая работа

Описание работы

Табиғатсыз адам жоқ, онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды. Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен ластанып, уланбаған болуы тиіс. Мұны біз табиғат тазалығы дейміз. Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны ластап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласа досы, санасы іс-әрекет жасаса жауы бола алады. Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып, төгетін- адам, адам құрайтын қоғам.

Содержание

I.Кіріспе
1.1 Бастауыш сынып оқушыларына халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді түсіндіру
1.2 Экология және экологиялық тәрбие туралы түсінік
1.3 Экологиялық тәрбиенің пайда болу, даму тарихынан
II. Негізгі бөлім Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру
2.1 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру міндеттері
2.2 Экологиялық тәрбие беру мазмұны
2.3 Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары
III. Практикалық бөлім
3.1 Сабақтың жоспарлары
3.2 Мектептегі экологиялық үйірмелердің жоспарлары
3.3 Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
IV. Зерттеу бөлімі
4.1 Балалардың экологиялық көзқарастарын анықтауға арналған сауалнама
4.2 Балалардың экологиялық тақырыбына байланысты мақал - мәтел талдату
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Арай .docx

— 90.67 Кб (Скачать)
="justify">   Оқушылардың табиғатты оқып үйренудегі білімділік және тәрбиелік міндеттерін бөліп  қарауға болмайды. Сыныптағы сабақтар мен түрлі саяхаттар арқылы туған  өлкенің табиғатты мен оның байлығы  туралы оқушылар үнемі мағлұмат алуы қажет. Табиғатты белсенді танумен  байланысты жүргізілетін жұмыс түрі неғұрлым көп болса, айналадағы дүние  туралы түсінік соғұрлым терең, аялау, ардақтау сезімі күшті болмақ. Оқушылар түсінігі кеңіген сайын айналасындағы  бұрын көңіл аудармаған құбылыстардың  сырына үңіле түсері анық.

   Оқушының  табиғат құпияларын білуге деген  ынтасы өте ерте пайда болды. Табиғат  ортаны адамзаттың жан-жақты   қажетін  мәңгілікке қамтамасыз етуге жарайтындай  етіп сақтай білуі мейлінше үлкен  іс. Өкінішке орай, адам баласының табиғатты  қорғауы, оның табиғатты тоздыруы, ластануы, уландыруы шашып-төгіп пайдаланумен қатар жүріп келеді.

   Табиғатты таза, сұлу, мол қалпында келешекте  сақтап қалу үшін әрбір адамды табиғаттың шын мәніндегі саналы сақшысы  етіп бастауыш мектепте қалыптастыруы  қажет.Сол үшін де баланы бірінші  сыныпқа келгеннен-ақ олардың ой-өрісін жан-жақты, жеке басын үйлесімді  дамытуда экологиялық мәдениет комплексті тұрғыда қарастырулы қажет.

   Бастауыш  сынып мұғалімдерінің мұны жүзеге асыруына мүмкіндігі мол, себебі экологиялық  тәрбиені кез-келген сабақта және сынып  сағаттарында беруге болады. Оқушылар демалыс күндерден басқа күндері  мектепте болады. Сонымен бірге оқу-тәрбие жұмыстарында экологиялық білім  мен тәрбие нәтижесінде адамдардың табиғи ортаға орнықты қатынаста  болуы қажеттігін түсінеді. Сайып келгенде оқушылар адамдардың айналадағы табиғи ортаға ілтипатпен қарау негізгі қоғам байлығы болып есептелетін әрбір адамның денсаулығына қамқорлық жасау екендігіне көз жеткізе алатындай болу керек.

   Сондықтан да қазіргі уақытта әрбір оқушыны  айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік  сезіммен қарап, жануарлар мен өсімдіктерді қорғуға тәрбиелеу көзделіп отыр. Оқушылардың экологиялық мәдениетін тек сонда ғана жоғары сатыға көтеруге болады. Бұл үшін экологиялық мәдениетті психологиялық тұрғыдан шешу тиімді. Оның құрамдас бөлігі – экологиялық  білім және экологиялық тәрбие.

   Біз педагогикалық практика кезінде  прфессор Н. Сарыбекав еңбектерін негізге  алып, сабақ және сабақтан тыс тәрбие сағаттарын жүргіздік.

   Мысалы, «Құстар біздің досымыз», «Балалыққа да көмек керек», «Су тіршілік көзі»т.б. Біз бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа сүйіспеншілігін қалыптастыруда өзімідің іс-тәжірибемізде, әрбір оқушының өзінің іс-әрекетіне қызығып, белсенділік  көрсете білуіне аса назар  аударылды. «Біз және қоршаған орта»  атты ашық сабақ өткізіліп, табиғат  пен адам бір-бірімен тығыз байланыста екені, адам баласы табиғат байлығын өз игілігіне орынсыз жұмсамай, құстарды өлтірмей, бөлме өсімдіктерін бақылап, оны күтіп баптау керектігі ескеріліп, түрлі мысалдар арқылы түсіндірілді.

   Бүгінгі таңда мектепте мұғалімдерінің аса  жауапты міндеттерінің бірі –  оқушылардың санасына қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына жергілікті флораға  сүйіспеншілікті қалыптастыру, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге өз үлесін қосатындай азамат тәрбиелеу.

   Қоршаған  ортаны қорғау адамзаттың алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Табиғатқа  жанашыр болу-адамзаттың келешегіне жанашырлық жасау болып табылады.  

      Қазақстан ойшыл ағартушыларының қайсысын алсақ та, олар табиғатқа еліктемей, оның сырын ашып, еліне, халқына танытуға талпынбай қалған емес. Адам баласы табиғат аясында өмір сүре отырып, оның терең сырын білуге қызықпай қоймайды. Өйткені табиғат өз ерекшелігі, сұлулығы, құпиялылығымен адамды еліктіріп, өзіне тартып, көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан да ойшыл-ағартушыларымыздың бірі табиғат тамашасын өлеңмен жеткізсе, енді бірі сөзбен өрнектеді. Сөйтіп келешек жастарға өшпес, жоғалмас мұра қалдырды. 

   Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан  көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары Шоқан  Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларында табиғатқа деген  сүйіспеншілік көзқарастарының  негізі көшпелі елдің өміріне, ата-ананың шаруашылығына бейімделген егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту, аң аулау кездерін еске ұстап табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға ақыл-кеңестер берген.

   Халқымыздың мақтанышы, ғалым  Ш.Уәлиханов туған  халқының табиғат пен қарым-қатынастағы  әдет-ғұрып , дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын табиғатпен қатынас жасауда  ізгілікке баулитын халық педагогикасының  тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.

   «О  Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар?» - дей  келе қазақтар киеліге үлкен мән  береді. Табиғаттағы кейбір жануарлармен құстарды көшпелі тұрмысқа қажетті  заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын  жасап тұру адам баласына бақыт пен  байлық және құт әкеледі деп атап көрсетті.

   Ал, Абай өз өлеңдерінде табиғат пен  адам өмірін, тұрмыс тіршілігін бір-бірінен  ажыратып, бөліп қарастыруға келмейтін  біртұтас дүние ретінде қарастырады. Табиғат адамдардың өмір сүретін  ортасы. Адам баласы табиғатсыз өмір сүре алмайды, ал табиғат адам баласыныз  өмір сүре беруі мүмкін. Ұлы ақынның  табиғат көрінісін, табиғат кереметтерін суреттейтін табиғат құбылыстары, соның ішінде жыл маусымдарын  суреттейтін «Қыс» , «Көктем», «Жаз» және «Күз» өлеңдері жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына енгізілген. Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің оқушыладың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруда маңызы зор.

   Мысалы, А.Құнанбаевтың «18-қара сөздеріндегі»  табиғат туралы философиялық ой-пікірлері  мен табиғат заңдылығын пайымдай алуымен бірге, оған байланысты ғылыми көзқарастарында танытады. Ол табиғаттың бар байлығын адам баласына азық болып  отырғандығын көрсете келіп: «Кім өзіне  махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағын парыз»- деп өскелең ұрпақты табиғат  ананы аялап сүйе білуге шақырады.

   Асан  Қайғыдан бастап, Ақтамберді, Қазтуған, Шал, Бұқар, Жиембет, Махамбет, Базар  және т.б. Ақын жыраулар шығармаларындағы заман жайындағы түйіндері, әдеп-ғұрып, салт-сана, табиғат ана , жайындағы  ой толғаныстары, әлем, болмыс, тіршілік, табиғат сырының мән-мағынасы, адам өмірінің кезеңі, олардың іс-әрекеттері, адамгершілік қасиеттері келелі сөз  болып келеді. Халқымыздың табиғатқа  деген сүйіспеншілігі және оны көзінің  қарашығындай сақтап келуі жайында  қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл  сөз, аңыз-әңгімелер арқылы жетіп  отырған.

   Экология  тәрбиесінің алдына қойған негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:

  • оқушылардың дүниетану пәндерінен алған білімдерін дамыта отырып, айнала қоршаған орта туралы көзқарастарын қалыптастыру;
  • экология ғылымы туралы алғашқы түсініктерді дамыту;

   - табиғат, қоршаған орта, зат алмасу, табиғатындағы қарым-қатынастарға ғылыми-тәрбиелік деңгейде талдау жасауға үйретуі.

  
 
 
 

Оқушыларға  экологиялық білім  мен тәрбие берудің  үлгісі 

 
 

 

 
 

Айтылып отырған мақсат-міндеттерге байланысты экология курсы бойынша әрбір  оқушы меңгеруі тиіс оқу материалдары төмендегідей мәселелерді қамтиды:

- Айналаны  қоршаған ортаны кез-келген өзгерістеріне  ластануына бақылаужәне оның  себеп-салдарын ашып, ғылыми тұрғыда  баға беруін дағдыландыру;

- Табиғатты  қоршаған орта, ондағы қарым-қатынастар, зат алмасу процестерінің жүру  заңдылықтары;

- Табиғат  ресурстары;

- Экологиялық  факторлар, оны қалпына келтіру жолдары;

- Жергілікті  аймақтардың және жер шарындағы  экологиялық проблемаларды түсініп,  оны шешу жолдарын өз бетінше  іздестіру 
 
 
 
 
 

     Бастауыш  сынып оқушыларын табиғатты аялау  мен қорғауға тәрбиелеу  жолдары.

  Бастауыш сынып балаларына адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбие беруге байланысты бастауыш сынып оқытушыранының алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.

  • педагог мамандардың экологиялық тәрбие беру жөніндегі білім деңгейін көтеру;
  • балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;
  • әр түрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

   Қоршаған  ортаны аялауға деген адамның  саналы көз-қарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

  Баланың дүниеге  келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы  ең басты кезеңі болғандықтан оны  ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық   жағдайы   осы   кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.

  Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.

  Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса бала да соғұрлым көбірек үйренеді.

  Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қала-ды.

  Жаңа  ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз.

     Балалармен жүмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.

     Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу     барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

     Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелеу керек. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.

Барлық  жастағы балалар топтарында табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде. Балаларды табиғи материалдармен жұмыс атқарудың тәсілдеріне оқыту жолында тәрбиешілер көп еңбек етуде.

  Табиғатты танып, білу – бастауыш сынып оқушыларының бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

  Бастауыш  сынып оқушылырының экологиялық   мәдениеттің   алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

  1. Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдарының алғы шарттарын құру;
  2. Балалардың экологиялық сауығуының    дамуы    үшін     атқарылатын 
    жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
  3. Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
  4. Сабақта    көркем    құралдарды, әдістемелік және материалдық құрал- 
    дарды,  ойындарды,   ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі 
    түрде қолдану;
  5. Педагог    мамандардың    білім деңгейі мен олардың біліктілігін арт- 
    тыру. Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық  тәрбие   берудегі   шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.

   Оқушыларға  экологиялық білім беруге бағытталған  сыныптан тыс жұмыстардың үйірме жұмысының алар орны өзгеше. Себебі, экологиялық білім беру жүйесінде  үйірме жұмыстары ерекше міндеттер  атқарады. Ол мынадай міндеттер:

  • сабақпен салыстырғанда сыныптан тыс уақытта экологиялық теория мен практика мәселелерін оқып, үйренуге мүмкіндік туғызады;
  • оқушылардың теориялық материалдарды меңгеруге экологиялық және табиғи қорғау мәселелерін дұрыс бағалай алатын практикалық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру;
  • оқушылардың экологиялық қабілетін жетілдіре түсу үшін олардың әрқайсысының жеке мүдделеріне сәйкес көзқарастарын іс-әрекеттерін іске асыруға мүмкіндік жасау.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру