Өнімді өткізу және тарату (фирма мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:21, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс мақсаты - мұнай өнімдерін өткізудің бағыттарын қарастыра отырып, өнімді өткізуді жетілдіру жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
жалпы өнімді өткізуге теориялық тұрғыдан түсінік беру;
Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерін өткізудегі ерекшеліктерін қарастыру;
нақты кәсіпорын мысалында мұнай өнімдерін өткізу үрдісін талдау;
зерттеу объектісіне алынған кәсіпорында өнім өткізу проблемаларын анықтау мен оны шешу жолдарын іздестіру.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….......…..3

І. Өнімді өткізу және тарату
1.1. Тауар өткізу арналарының мәні, қызмет аясы, түрі және деңгейлері............5
1.2. Өткізудің маркетингтік жүйелері.....................................................................10
1.3 Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі.............................................................16

ІІ. Мұнай өнеркәсібі өнімдерін өткізудің қазіргі жағдайы
2.1. «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС-нің ұйымдық-экономикалық сипаттамасы.......17
2.2. Кәсіпорынның өнімін өткізу үрдісін талдау……………………............…...25
2.3. Кәсіпорынның өнімін өткізу шараларын ынталандыру жолдары................31

ІІІ. «ҚазақОйл Ақтөбе» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімді өткізу қызметін жетілдіру жолдары
3.1. Кәсіпорынның даму перспективасы…………………………….........……...36
3.2. Өнімді өткізуді жетілдірудің негізгі бағыттары……………………........….38

Қорытынды……………………………………………………………….........….41

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………............44

Работа содержит 1 файл

Мұнай өнеркәсібі өнімдерін өткізу «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС. курс.doc

— 494.00 Кб (Скачать)



 

Коэффициенті <1 болатын жағдай төлем қабілеттігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алу қиындығын көрсетеді.

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші-қатыстырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасымен  анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті колданылады. Бұл коэффициенткәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорнымызда бұл көрсеткіш 2010 жылы 6,89 құрап отыр. Бұның мәні кәсіпорын осы кезеңде активтерге салынған меншіктік қаражаттың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 6 тенге 89 тиынын тартқанын көрсетеді.

Айналым құралдарының терең талдауын жүргізу үшін меншікті айналым капиталының көлемін  есептеу қажет, ол меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші  бөлімінің жалпы сомасын алып тастау арқылы анықталады. Біздің мысалымызда ол 2009 жылы –(-5545238), 2010 жылы- (-10583919), ал 2011 жылы – (-14057462) мәндерін құрап отыр, яғни үш жылда да компания теріс айналым капиталын иеленіп отыр. Бұл компания иелігінде айналымға түсетін меншікті капиталдың жоқтығын білдіреді. Теріс мәннің болуы маневрлік пен қорлар мен шығындардың меншікті қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу коэффиенттерін есептеуге мүмкіндік бермейді.

Жалпы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын қанағаттанарлық  деп бағалауға болады. Мұнай ісін ұйымдастыру, геобарлау, өндіру, тасымалдау жұмыстарын қоса алғанда үлкен капиталсалымдарын қажет етеді. Компания өз қызметінің бастапқы кезеңдерінде зиянды жұмыс жасауы әбден түсінікті, себебі ол кенорындарды өндеумен байланысты үлкен шығындарға кезігеді. Ұңғымалар қорлары мен өндіру көлемін арттыру арқылы компанияның жақын арада пайдаға қол жеткізетініне үлкен негіз бар. 2022 жылға таман Әлібекмола мен Қожасай кенорындарын игеруден түсетін жалпы пайда болжам бойынша шамамен 3 млрд. АҚШ долларын құрайды.

 

    1. Кәсіпорындағы өнімді өткізу үрдісін талдау

 

Кәсіпорында өнім өткізу процесін ұйымдастыру коммерциялық дирекцияның қарамағындағы арнайы құрылған мұнайды өткізу және тасымалдау бөліміне жүктеледі. Өткізу бөлімінің  басты міндеттерінің бірі – ақпарат алуды қамтамасыз ету. Одан басқа бөлім мына міндеттерді атқарады:

  1. нарықтың ағымдық конъюнктурасын сипаттау;
  2. өткізу мүмкіндігін анықтау мен өткізуді болжау;
  3. мақсаттарды таңдау мен стратегияны қалыптастыру;
  4. бюджет, басқару және бақылау.
  5. Нарықтың ағымдық конъюнктурасын сипаттау.

Өткізу бөлімінің  ерекше орны мен олардың тұтынушыға жақындығы

оларға нарық  конъюнктурасы мен тұтынушылар  сұранымын талдауды жүргізуді жүктеуге мүмкіндік береді. Өткізу бойынша  менеджерлер әдетте бәсекелестер мен  нарықтағы олардың позициялары  туралы құнды ақпаратқа ие. Сонымен  қатар олар “кері байланыс” каналы бойымен клиентерден келетін оперативті ақпаратты ала алады.

2.Өткізу мүмкіндігін  анықтау мен өткізуді болжау.

Өткізу бойынша  менеджердің басты міндеттерінің  бірі жоспарлау процесіне пайдалануға  қажет өткізу бойынша болжамдар  дайындау. Қысқа, орта және ұзақ мерзімді болжамдар негізінде өткізудің болжамды көрсеткіштеріне жету үшін фирма ресурстары бөлінеді.

3. Мақсаттарды  таңдау мен стратегияны қалыптастыру.

Фирманың үйлесімді  нарықтық стратегиясы туралы ақырғы шешімді коммерциялық директор қабылдағанмен, өткізу бөлімі бұл процесте белсенді рөл атқарады. Өткізу бойынша менеджерлер ұсынылатын стратегияны нақты бағалауға мүмкіндік беретін қажет білім мен ұшқыр көзқарасты иеленуі шарт. Өткізу стратегиясы төменде көрсетілген пункттерді анықтауы тиіс:

  • делдалдар түрі мен олардың өткізу тізбегіндегі орнын;
  • өткізу таңдалымының деңгейін;
  • көтерме және бөлшек сауда мүмкіндігін;
  • өткізу каналдары мен әдістерінің оптималды құрылымын;
  • ақырғы тұтынушы үшін баға құрылымын;
  • өткізу коммуникациясы саласындағы бағыттарды.

4. Бюджет, басқару  және бақылау.

Өткізуді  болжау  жан-жақты  жоспар  дайындауға   қажетті  алғышарт

болып табылады. Ол сонымен қатар бюджет қалыптастыруға да қажет. Болжам негізінде өткізу бойынша  менеджер өткізудің оптималды көлеміне жетуге қажет қандай шығындар жұмсалатынын анықтауы тиіс. Тап осы қаржылық мүмкіндіктермен жалғыз өткізу бөлімінің емес, өндірістің, кадрлардың, сонымен қатар тәжірибелік-конструкторлық өндеулердің қызметі де анықталады. Бюджетті дайындауда басқарушы өткізу бойынша негізгі қызмет түрлерінің тізімін және шығындар сметасын құруы тиіс. Жылдық бюджеттің нақты сомасын алдын-ала жоспарлауға болмайды. Ол нақты жағдайға тәуелді өзгеріп отырады, бірақ өзгеріссіз қалатын сандарды алдын-ала көрсетуге болады: бұл оклад туралы мәлімет, сатуға кететін тікелей шығындар, әкімшілік шығындары, сонымен қатар комиссиондық және сыйақылы төлемдер. Өткізу бюджетін бөлімде бекіткеннен соң, өткізу бойынша менеджер оны жүзеге асыру бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады.

Бөлімнің ағымдық  қызметтеріне мұнай тасымалдау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, әлемдік баға котировкаларын бақылау, сапа банкісін жүргізу, т.б. жатады.

Мұнайды тасымалдау және өткізу бөлімі бөлім бастығымен басқарылады және өткізу бойынша  бас маманды, маркетинг бойынша маманды, кеден бойынша маманды, тасымалдау бойынша маманды, кенорында жұмыс жасайтын мұнайды есепке алу бойынша 4 операторды қамтиды.

Компания негізінен  өнімді сыртқа шығаруға бағдарланған. Компания өнімін тұтынушылар қатарында  “Euro Asian Oil company A.G.”, “Unioil”,

“ҚазНефтехим” сияқты ірі компаниялар болды. Қазіргі таңдағы оның тұтынушысы болып Виргин аралдарында (Ұлыбритания) тіркелген “Гленкор Централ Азия Лтд” компаниясы табылады. Қазақстан мұнайының көп бөлігі Ұлыбританияның осы Виргин және Бермуд аралдарына экспортталатыны белгілі. Бұл аралдар оффшорлық зона болып табылатындықтан мұнай арзан бағамен өткізіледі. Компаниямен келісімшарт 2010 жылдың тамыз айында күшіне енген және 3 жыл 7ай жалғасын табады. Шетел тұтынушысын тарту мына себеппен шартталған еді: кенорынды дамыту және өндіріс көлемін арттыру мақсатында компанияға тартылған BNP Paridas банкісінің ақшалай құралдары, несие берудін бір шарты ретінде шетел тұтынушысын тартуды талап етті. Қазіргі таңда өндірілген мұнайдың 100-% экспортталып отыр. Алайда мемлекет кез-келген уақытта ел аумағында өндірілген шикізатты бірінші кезекте сатып алу құқына ие. Бұл әсіресе ішкі мұнай өңдейтін зауыттар отынға тапшылық көріп отырған жағдайда кездесуі мүмкін.

Жалпы компанияның  қызметі алға басуда. Оған 3-қосымшада бейнеленген 2010 жылдың корытындысы бойынша өспелі өндіріс көлемі мен игерілген қаражат сомасы дәлел бола алады. Бұл ең алдымен тиімді ұйымдастырылған жұмыстың арқасында қамтамасыз етіліп отыр. Өткізу бөлімінің бұл нәтижеде үлесі айтарлықтай. Өткізу бөлімі өз қызметі жүргізу барысында оперативті ақпаратты басшылыққа алады. Ондай ақпаратты Мс Graw Hill International (UK) Ltd корпорациясының оперативті бөлімі Platts эксклюзивті негізде ұсынып отыр. Таңдалынған ақпараттар ішінде Platts Global Alert пен Platts Tankerwire басылымдары бар. Компания осы қызмет үшін жылына шамамен 20000 АҚШ долларын жұмсайды. Бұл басылымдар өткізу бөлімінің жұмысын тиімді, әрі ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Platts Global Alert (PGA)-бұл әлемнің мыңдаған ірі мұнай-газ және мұнай сауда компанияларында қолданылатын танымал өнімдердің бірі. Оның қызметін пайдаланушылар  қатарында ВР, Chevron-Texaco, ENI, Statoil   Vitol, Stasco, Лукойл мен т.б. копаниялар бар. Бұл тәулігіне 24 сағат АҚШ, Батыс Еуропа, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс, Азия-Тынық мұхит аймағы, Латын Америкасы мен Африканы қоса әлемдік нарықтар бойынша котировкаларды білуге, нарық сараптамасымен танысуға мүмкіндік беретін электронды өнім. PGA-трейдерлар, брокерлер, сарапшылар мен компания басшылығы үшін мұнай мен газдың әлемдік нарықтары бойынша ақпаратпен жұмыс жасаудың ең танымал құралы. Екінші басылым, Plats Nankerwire- бұл мұнай өнімдерін әлемнің ірі порттары арқылы тасымалдау шарттары мен кемелерді жалға алу ставкілерін бейнелейтін топтама.

Компания мұнайының сыртқа шығарылуы 2009 жылдың сәуір айынан басталды. Өз қызметінің бастапқы кезеңдерінде серіктестік мұнай тасымалдауды бірнеше бағыттар бойынша іске асырды (6-кесте).

Компания кеңорындарының негізгі магистралды мұнай құбырларынан алшақ орналасуына байланысты, өнімді өткізуде көліктің аралас түрі қолданылады. Тасымалдаудың ең шынайы бағыты Атырау-Самара мұнайқұбыры арқылы Ресей менУкраина территориясымен Қара теңіздің Одесса портына мұнайды экспортқа шығару болды. Атырауға дейін мұнай тасымалы 2 бағытпен жүріп отырды.

Бірінші бағыт  бойынша, мұнай партиялары Әлібекмола кенорнынан жақын орналасқан Жем  теміржол эстакадасына дейін автоцистерналармен жеткізілді. Одан әрі теміржол цистерналарына құйылып, мұнай Атырау мұнай өңдейтін станциясына тасымалданды. Атыраудан Ақтөбе мұнай Батыс Қазақстан мұнайларымен бірге «ҚазТрансОйл» ЖАҚ жүйесімен Самараға дейін, одан әрі «Транснефть» ресей компаниясы мен украиндық «Укртранснефта» компаниясының мұнайқұбырларымен Одесса портына дейін жеткізілді. Сатылымдар ҒОВ-тиеу порты шарты негізінде жүзеге асырылып отырды. Баға қалыптастыру Urals қоспасының сапасы бойынша жүргізіледі.

Екінші бағыт  бойынша, мұнай партиясы Әлібекмола кенорнынан Кеңқияқ-Бестамақ мұнай  құбырына дейін автокөлікпен, одан кейін Бестамақтан Атырауға дейін теміржолмен тасымалданды. Атыраудан мұнай жоғарыда аталған тізбек бойынша Одесса портына дейін жеткізілді.

 

6-кесте.  «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС-ң мұнай тасымалдаудағы балама бағыттары

1-бағыт

          Бағытталуы

          Көлік түрі

     Тариф  ($/тонна)

Әлібекмола-Жем

          Автокөлік

                 8,5

Жем-Атырау

          Теміржол

                21,0

Теміржол

цистерналарынан төгу

                  -

                  1,1

Барлығы:

 

                30,6

2-бағыт.

          Бағытталуы

           Көлік түрі

      Тариф ($/тонна)

Әлібекмола-Кеңқияқ

           Автокөлік

                  9,0

Автоцистерналардан

төгу

                   -

                  1,1

Кеңқияқ-Бестамақ

       Мұнай құбыры

                 3,1

Демеркаптандау  мен

құю

                    -

                 4,4

Бестамақ-Атырау

          Теміржол

                17,0

Теміржол

цистерналарынан төгу

                  -

                  1,1

Барлығы:

 

                35,7

3-бағыт. (Әлібекмола-Кеңқияқ  мұнайқұбырын іске қосу)

       Бағытталуы

           Көлік түрі

       Тариф ($/тонна)

Әлібекмола-Кеңқияқ

         Мұнай құбыры

                    2,9

Кеңқияқ-Бестамақ

         Мұнай құбыры

                    3,6

Демеркаптандау  мен

құю

                     -

                    4,4

Бестамақ-Атырау

              теміржол

                   17,0

Теміржол

Цистерналарынан төгу

                      -

                     1,1

Барлығы:

 

                   29,0

4-бағыт. (Кеңқияқ-Атырау  мұнайқұбырын іске қосу)

         Бағытталуы

            Көлік түрі

         Тариф ($/тонна)

Әлібекмола-Кеңқияқ

         Мұнай құбыры

                      2,9

Кеңқияқ-Атырау

         Мұнай құбыры

                      8,5

Барлығы:

 

                     11,4


 

2009 жылдың мамыр айында іске Әлібекмола-Кеңқияқ мұнай құбыры косылғаннан кейін компания кенорыннан тікелей мұнай құбырына қосылу мүмкіндігін алды. Бұл тұрақсыз, әрі экономикалық тұрғыдан тартымды емес автомобиль тасымалынан бас тартуға мүмкіндік береді. Жеткізілімдер мына бағыттар бойынша жүріп отырды:

  • Әлібекмола-Кеңқияқ-Бестамақ-Атырау-Самара-Одесса порты;
  • Әлібекмола-Кеңқияқ-(Бестамақ-Калининград) темір жол.

   Жоғарыда  аталған бағыттарды пайдалануда,  компания тиімді шарттарда

жеке автоцистерналар  қызметін жалға беру қызыметін ұсынатын қомпанияларды үнемі іздеумен байланысты проблемалармен қақтығысып отырды. Сонымен қатар, теміржол цистерналар паркінің тапшылығы цистерналарға қызымет көрсету графиктерінің жиі бұзылуына алып келді. Бұл өз кезегінде цистерналардың тұрып қалуымен байланысты қосымша шығындарды алып жүрді. Айта кету керек, тасымалдауда көліктің аралас түрін қолдану мұнайды нормадан тыс жоғалтудың тәуекелін арттырады. Ақтөбе облысының кенорындарын Батыс аймағының магистралды экспорттық мұнай құбыры Атырау-Самарамен байланыстыратын 2010 жылы іске қосылған Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры компанияның мұнай тасымалының экономикалық аспектілерін жақсарту процесіндегі маңызды қадам болды. Бұл құбырдың іске қосылуы қөлік шығындарын 3 есе төмендетуге мүмкіндік туғызды. Жоғарыда аталған бағыттардың экономикалық бейнесін қарап отырып экономикалық тұрғыдан № 4 бағыт ең оптималды екені көрінеді. Алғашқы 3 бағыт бойынша мұнайдың Атырауға дейін тасымалдануы темір жолмен жүріп отырды, бұл жоғары теміржол тарифтерінің байланысты шығындармен қоса теміржол тасымалдарына жолаушы шығындарды алып жүрді:

  • тәулігіне 1 цистернаны жалдау-40,0 $ (1 тоннаға есептегенде-5,3 $);
  • 1 цистернаны қайтару- 42,0 $ (1 тоннаға-0,7 $);
  • вагондарды беру- жинаумен цистернаның тұрып қалуымен байланысты шығындар-1 тоннаға шамамен 2,5 $.

Жалпы көлемде 1 тоннаға кететін қосымша теміржол шығындары 8,5 $

құрайды.

Алайда Қазақстан  мұнайының Ресей арқылы өтуі компанияға мұнайды әлемдік нарыққа толық  көлемде ай сайын шығаруға мүмкіндік  бермейді.

Кенорындарда  мұнай өндіру көлемінің артуы  мен Атырауға дейін мұнай тасымалдау процесінің тұрақтылығы экспорттың басқа тиімді бағыттарын іздеуге итермеледі.

2010 жылдың сәуір айында серіктестік Каспий құбыр консорциум жүйесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК-ң өкілетті жүк тиеушісі болып тағайындалды. Мұнайды өткізуге келісімшарт Brent сортты мұнай сапасына сәйкес FOB Новороссийск порты шарты негізінде жасақталды.

Информация о работе Өнімді өткізу және тарату (фирма мысалында)