Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 15:16, курсовая работа

Описание работы

Ауа-райының тұрақты болуы мен жазықтардың, асулар мен шыңдардың, рельефтің әр-алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматыны белсенді демалыстың, танымдық, спорттық, археологиялық туризм және тағы басқа туризм орталығына айналдырды. Шөлдердің құмдары, тау шыңдары, құмды бархандар мен мұздықтар, сексеуіл шоғырлары мен эдельвейстер бәрі де бірнеше күндік жерде орналасқан. Бұндай көршілестік тек Алматы облысында кездеседі. Бұл жерде алты климаттық белдеулермен танысуға болады. Қазіргі кезде жергілікті жердің тұрғындары мен шет ел азаматтарына көптеген табиғи-танымдық турлар құрылған. Алайда көптеген турлар өзінің бағасының жоғары болуы мен рентабельсіздігіне байланысты туристік нарықта сұранысқа ие болмай отыр.

Содержание

Бет.

Кіріспе
3

1
Өндіріс кәсіпорындарындарындағы сапа менеджменті жүйесіндегі басқару негіздері
5

1.1. Басқару нысаны - сапаны құрастыру анықтамалар мен факторлар
5

1.2 Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
11

2
Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау
18

2.1 Туристік өнім сапасын құрастыратын, қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлардың сипаттары
18

2.2 Алматы қаласындағы ресурстары және оларды туризм саласында қолдану жолдары
26


қОРЫТЫНДЫ
35

пАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Туризмдегі сапа менеджмент жүйесінің қалыптасуы.doc

— 364.50 Кб (Скачать)

Қатты тау – қара, жарлы  тау, терең орлары мен каньондардан тұратын, сусыз тау өте қапас болып келеді. Жарлардың арнасында сирек-сирек сексеуіл ағаштары өседі. Сексеуілдің бөлек-бөлек көшектері жартас бойымен жоғарылай өседі. Сөйтіп жазық шөлді жердің ағашы жартастар арасында көру таң қалдырады. Жартастарда тау текені қуып жүрген ит, аңшы, теке және еліктің суреттері бар.

Октябрь үңгірі: Іле Алатауының солтүстік қыратында орналасқан. Ол Шымбұлақ шаңғы базасынан 3 шақырым жерде орналасқан. Үңгір Қазақстан территориясындағы ең үлкені болып табылады (ұзындығы 1390м), ол өзімен 1-3 метр құрайтын, биіктігі 8-10 метр мұзды үңгір болып табылады. Үңгір қабырғаларын шық түріндегі мұзды түзілістер қаптаған. Үңгір тұруға бейімделмеген, басты себебі орналасу биіктігі теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікте орналасуы мен қар көшкіні қауауіпінің жоғары болуы болып табылады.

Жоғарыда аталып өткен  территориялар экскурсиялық объектілер ретінде қолданылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар туризмнің жекелеген бір бағыты, қазіргі кезде күннен-күнге танымал болып келе жатқан туризм түрі, кейбір мемлекеттерде жақсы дамып отырған туризм саласы – экотуризмді дамытуға мүмкіндік береді. Туризмнің бұл түрі әсіресе адамның аяғы баспаған табиғат бұрыштарда демалғанды ұнататын шетел туристерінің арасында үлкен сұранысқа ие. ДТҰ берген анықтамасы бойынша экотуризм дегеніміз адам шаруашылығымен бұзылмаған табиғат ортасындағы туризм түрі. Экологиялық туризмнің негізгі мақсатымен түрі бойынша табиғаттың жануарлар мен өсімдік түрлерін бақылау, көне және қазіргі заман мәдениетінің байлықтарын зерттеу болып табылады. Табиғат туризмі басқа туризм түрлерімен салыстырғанда дамыған инфрақұрылымды қажет етпейді (бұл тұжырыммен келіспеуге болады, өйткені америкалық туристер көбінесе бес жұлдызды мейманханаларда тұрып, табиғатқа оперативті шығарылымдарды жасағанды қалайды).

Экотуризмнің түрлерінің диапазоны өте кең: ғылыми түрде ауданның ануарлары мен өсімдіктерін, табиғи құбылыстарын зерттеуден, анда-санда мысалы демалыс күні табиғатқа шығып демалу мен танымдық процестерді араластырып қолдану дейін. Осындай турларды ұйымдастыру квалификациясы жоғары әрі дұрыс болған жағдайда, Қазақстан экотуристердің сүйікті орталығына айналу мүмкіндігіне ие. Өйткені қазіргі таңда Қазақстанның табиғатын зерттеуде көптеген қара дақтар кездеседі.

Қазіргі кезде ерекше қорғалатын табиғи территориялар шегінде Алматы қаласының туристік фирмалары табиғи-танымдық турлар ұйымдастыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

 

Қорытынды

 

Алматы қаласы мемлекетіміздің туризм мен демалысты ұйымдастыру мен дамытудың ең тиімді өңірі болып табылады. Өңірдің табиғи – рекреациялық потенциялы шөлді ландшафттардан бастап Солтүстік Тянь – Шаньнің тамаша табиғи жағдайларына дейінгі аралық рекреациялық потенциялға толы. Жүргізілген зерттеулер мен Дүние жүзілік Туристік Ұйымның ұсынысы бойынша туристік рекреациялық ресурстарға сүйене отырып Қазақстанның туристік дамуының бағытын екі түрлі жолмен дамытудың мүмкіндігі бар:

  1. Жібек жолы бойындағы мәдени туризм (дәстүрлі және қажылық)
  2. Бірінші жолмен тығыз байланысты экохикаялық туризм түлері (сафари, рафтинг, орнитологиялық, трекинг, альпинизм, аң аулау, балық аулау).

Туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарламасы бойынша облыс шекарасында маңызды аудан ретінде:

- Іле Алатауы (Алматы қаласы, Түрген ауылы, Есік қаласы, Қаскелен қаласы, Ұзын-Ағаш селосы, Қапшағай қаласы);

- Солтүстік Тянь-Шань (Кеген, Жалаңаш, Нарынқол, Шонжы, Көлжат);

- Жаркет-Талдықорған (Жаркент қаласы, көктал ауылы, Басшы селосы, Текелі қаласы, Талдықорған қаласы, Жаркент-Арасан курорты);

- Солтүстік Жоңғар (Дружба селосы, Лепринск селосы, Лепсі, Жарқұрақ селосы, Көктұма селосы, Сарқанд қаласы, Арасан-Қапал курорты).

Алматы облысы келешекте отандастарымызбен шетел туристерінің көз алдында Қазақстанның өте танымал туристік аймақ болуы мүмкін, бірақ ол үшін аймақта қызмет көрсету жүйесін құру қажет.

Алматы облысының рекреациялық ресурстарының мәселелерін шешіп, туризм индустриясын құру үшін онда тарихи, экономикалық және техникалық сипаттағы ізденістер жүргізу қажет. Бірақ оларға кірісер алдында территорияның рекреациясының потенциялының жалпы географиялық бағалау қажет. Туризмі дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, туризмнің дамуы тікелей мемлекеттің көмегіне байланысты болады. Осындай мемлекеттерде құрылған бағдарламалар шығу туризмін жандандыру үшін салық салуда арнайы жеңілдіктер қарастырылған, шекаралық кедендік режимнің жеңілдіктері, инвестицияларға жақсы жағдайлар жасалған, жарнама мен кадрларды дайындаумен айналысады. Тек кешенді шешім біздің республикамызға туристерді тартумен, дүние жүзілік нарықта біздің туристік өнімімізді алдыңғы қатарға шығаруға ықпал етеді. Осылайша ауқымды табиғи-рекреациялық потенциялды тарихи мол өткенділілік, өзіндік мәдениет пен дәстүрлері бар Қазақстан инвестициялар құйылған жағдайда жобаның негізін қалайды да, республикамызды трансазияттық туристік байланыстың маңызды бөлігі қылып, батыс пен шығысты қосатын көне Жібек Жолында инфрақұрылымы мен қызмет көрсетуі дүние жүзілік стандарттарға сай дүние жүзілік нарықта бәсекеге сай болатынкөпір болып табылуы мүмкін. Жұмысты дайындау барысында мен Алматы облысының табиғи ресурстарын зерттеп, табиғи-танымдық турлар ұйымдастыру үшін ерекше қорғалатын табиғи территориялық аймақтарды қолданудың мүмкіншілігінің анализін жасадым.

Туризм жоғары табысты  және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 %, әлемдік жиынтық үлттық табыстың 6 %, дүниежүзілік инвестицияның 7 %, әрбір 16 жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының 11 % және барлық салық түсімдерінің 5 % туризм саласы камтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділіггіің айгагы болып табылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы кол жеткізуге болады. Өндірістік есепте туризмнің әлеуметтік-экономикалық негізі, Қазақстандағы туристік қызметтер нарығында қалыптасқан қазіргі жағдайын, туристік маркетингтің ерекшеліктері сияқты сүрақтарды қарастырып,  туристік агенттігінің экономикалық қызметіне талдау жүргізіп, мысалында туристік қызметте маркетингті қолдану тиімділігін және турфирманың туристік қызметтерін жылжыту сияқты мәселелерді ашып көрсетілді. Қазақстанда туристік бизнесті дамыту үшін лицензияның үш категориясы қолданылады. Қазақстандағы турагенттігі «А» категориясындағы лицензияға ие.

Бұл лицензия түрі келесідей  қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндік  береді:

  • Қазақстан азаматтарына қызмет көрсету және шетелдік туристерді қабылдау;
  • Қазақстан азаматтарының шетелге туристік саяхатарын ұйымдастыру;
  • транзиттік шетелдік туристерге қызмет көрсету;
  • ішкі туризмді ұйымдастыру.

Қазақстанда әзірше туризм және сонымен байланысты экскурсиялық қызметтер өте төменгі деңгейде. Сондықтан туризмнің даму проблемасына бұл жерде үлкен көңіл бөлу керек, ол ең ақырында, экономиканың осы саласы үшін сипатты жоғары табыстармен қайтарылады.

Фирмаларда бұрынғыдай жоғарғы жақтың жол істеумен емес, контрагентерді жабдықтаушы, сатып  алушы, мердігер, банк және т.б. қазіргі  кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың  өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдаумен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігіне тез және дұрыс бағдар беру, оны ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.

Қазіргі кезде  көптеген туристік фирмалар іс әрекеті  негізінен шығу туризміне бағытталып, Қазақстаннан қаржының туризм саласы жағынан онсызда дамыған елдердің қазынасына кетуіне бағытталып отыр. Бұл жағдайды түзету үшін қазақстандықтармен шетел азаматтарына бірдей қол жетімді турлар құру қажет.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

   

1

Ердавлетов С.Р. География  туризма: теория, методы, практика. Алматы, 2008,- 356 б.

2

Поздеев-Башта А. Горные тропы Алматы. Туристско-информационный справочник Алматы: «Гылым», 2008, - 207 б.

3

Энциклопедия Алма-Ата. - Алма-Ата: Гл.ред Каз.Сов Энциклопедия, 2008, - 605 б.

4

О туризме в Республике Казахстан в 2008 году Статистический справочник. Агентство по статистике. Алматы, 2009 - 74 б.

5

Ердавлетов С.Р. География  туризма Казахстана. Алма-Ата: Гылым, 2007, - 256 б

6

Ердавлетов С. Казахстан туристский. Алма-Ата: Кайнар, 2009. - 236 б.

7

Аубакиров Ж. А. Алматинская  область. Алма-Ата, 2009, - 128 б. 

8

Иванов И.С. Река Или - главная артерия туризма // Тезисы докладов Международного экологического форума по проблемам устойчивого  развития Или-Балхашского бассейна «Балхаш - 2000» - Алматы, ноябрь 2008, - б.21

9

ТОО «BVT-Kazahstan»   турагенттігінің 2008-2010 жылдардағы бухгалтерлік балансы  мен есебі.

10

Кораблев В. Перспективы  освоения туристско-рекреационных  ресур¬сов Прибалхашья // Тезисы докладов Международного Экологического фору¬ма  по проблемам устойчивого развития Или-Балхашского бассейна «Балхаш - 2000» - Алматы, ноябрь 2010 - б.31

11

Монтанер X. Монтехано. Структура  туристического рынка. - М., 2008. – 259 б.

12

12 Международные экономические отношения. - М., 2008- 211 б..

13

Национальное и региональное планирование туризма. ВТО, 2009 ж.

14

Курорты. Энциклопедический  словарь / гл. ред. Е. И. Чазов. - М.: Советская энциклопедия, 2009, - 420 б.

15

Дублицкий Н., Степанова  В. Путешествие по Казахстану. - Москва, 2008, - 65 б.

   

 

 


 

 

 

 

 

 

 



 


Информация о работе Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау