Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 15:16, курсовая работа

Описание работы

Ауа-райының тұрақты болуы мен жазықтардың, асулар мен шыңдардың, рельефтің әр-алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматыны белсенді демалыстың, танымдық, спорттық, археологиялық туризм және тағы басқа туризм орталығына айналдырды. Шөлдердің құмдары, тау шыңдары, құмды бархандар мен мұздықтар, сексеуіл шоғырлары мен эдельвейстер бәрі де бірнеше күндік жерде орналасқан. Бұндай көршілестік тек Алматы облысында кездеседі. Бұл жерде алты климаттық белдеулермен танысуға болады. Қазіргі кезде жергілікті жердің тұрғындары мен шет ел азаматтарына көптеген табиғи-танымдық турлар құрылған. Алайда көптеген турлар өзінің бағасының жоғары болуы мен рентабельсіздігіне байланысты туристік нарықта сұранысқа ие болмай отыр.

Содержание

Бет.

Кіріспе
3

1
Өндіріс кәсіпорындарындарындағы сапа менеджменті жүйесіндегі басқару негіздері
5

1.1. Басқару нысаны - сапаны құрастыру анықтамалар мен факторлар
5

1.2 Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
11

2
Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау
18

2.1 Туристік өнім сапасын құрастыратын, қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлардың сипаттары
18

2.2 Алматы қаласындағы ресурстары және оларды туризм саласында қолдану жолдары
26


қОРЫТЫНДЫ
35

пАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Туризмдегі сапа менеджмент жүйесінің қалыптасуы.doc

— 364.50 Кб (Скачать)

Таулы жерлердің климаттық жағдайлары курорттар, санаторийлер мен демалыс үйлердің құрылысына жақсы келеді . Осылайша Алматы облысының климаттық жағдайлары қысқы болсын, жазғы болсын туризм түрлерін дамытуға қолайлы болып табылады.

Іле өзені - Қазақстанның ең ірі өзендерінің бірі (1 439 км). Біздің мемлекет территориясында оның бірнеше күшті салалары бар: Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Қаскелен. Су ағысы өте жылдам, орташа жылдық су шығысы 460 куб м/с. Іледегі су тасқыны сәуір айынан маусым айына дейін өтеді және оның салаларын мұздықтар суарып отырады. Іле өзені туралы аңыз бойынша баяғы өткен заманда бұл жерлерде жаман сиқыршы Балқаш пен оның көрікті қызы Іле тұрған дейді. Жас қыз Қаратал деген кедей балаға ғашық болып қалады. Алайда әкесі оның талғамына қарсы болады. Сол кезде қыз өз сүйіктісіне қашып кетеді. Олардың кездесуіне жол бермеу үшін Балқаш көлге айналып, екі жасты өзенге айналдырады. Алайда оның ойы іске аспай қалады, екі жас Балқашқа ағып барып қосылыпты деседі мыс.

Іле шөлді жерлермен кедергісіз ағып, тек Қапшағай ГЭС-да ғана қолдан жасалған 50 метрлік бөгетке тіреледі. Қазіргі кезде теңіз Алматы қаласының тұрғындарының демалыс орнына айналған. Жабайы табиғаттың көріністері көз аларлықтай әдемі. Табиғи көріністердің ауысуы таңқаларлықтай. Әдетте бұндайды көру үшін Шпицбергеннің мәңгі тоңынан Африканың шөлді жерлеріне дейін саяхаттау қажет болар еді. Ал бұл дегеніміз 4 000 шақырым.

Іленің атауы манголдың Илансу деген сөзінен шыққан, ол жылтырайтын деген мағынаны білдіреді. Іле өзенінің бассейнінін шартты түрде бірімен тығыз қатынасатын бірнеше туристік зоналарға бөлуге болады.

  • Іленің жоғарғы жағы, КХР-нан Қапшағай су қоймасына дейінгі бөлігі
  • Қапшағай су қоймасы;
  • Іленің ортаңғы бөлігі, Қапшағай су қоймасынан Ақкөл ауылдына дейін;
  • өзеннің астыңғы бөлігі, оның дельтасы мен төменгі сағалары;
  • өзеннің саласы мен Балқаш көлі;
  • өзеннің жоғарғы бөлігі негізінен Алтын Емел табиғи ұлттық паркін көру мүмкіндігімен тартымды. Бұрынғы кезде парк негізінен шет ел туристеріне бағытталып жұмыс істеген, негізінен аң аулаумен айналысқан. Бірақ қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде табиғатты қорғау қағидасы кең ауқымды таралуда.

Ең жақсы қолданысқа енген аймақ Қапшағай су қоймасы болып табылады, алайда оны Есік көлдің деңгейіне жеткізу үшін әлі де көптеген жұмыстар атқару керек. Қаланың демалыс зоналарының жағдайы өте төмен, саяжайларда қызмет көрсету сапасы төмен, қазіргі таңда тек бағаның арзан болуы ғана туристерді тартуда. Бірақ оның өзі де жақын арада Ыстық көл мен Алматы арасындағы қысқа жолдың салынуымен аяқталуы мүмкін.

Өзеннің ортаңғы бөлігі тек 1998-2000 жылдары арасында туристік фирмалардың қоластында екінші демін алуда. Олар бұл жерге 1-2 күндік қайықпен серуендеп, Тамғалытас петроглефіне автобустық турларды ұйымдастыруының арқасында жандана түсті. Демалушылардың өздерінің автокөліктерінің болуы, оларға өзен бойына тәртіпсіз келіп кетуіне жол ашуда. Бұл қиындықтарды шешудің бірден-бір жолы өзен бойына арнаулы тұрақтар салып, табиғи тарихи мұраларды үкімет қорғауына алу болып табылады. Өзінің бастапқы күйін сақтап қалған жер өзеннің төменгі бөлігі болып табылады. Мұны түсінген көптеген туристік фирмалар қазіргі кезде бұл жерлерде балық аулауды ұйымдастыруда. Өзен бойында орналасқан көлшіктерде жайынның көлемі таң қаларлықтай. Сонымен қатар бұл жерлерде шет ел туристеріне арнап бердинг ұйымдастырылуда. Бердинг дегеніміз жабайы құстарға бақылау орнату. Шет елде бұл демалыс түрі спортпен бір деңгейге қойылған. Бұның өзі шет ел туристерін тартуда үлкен ықпал етуі мүмкін.

Туризм саласында ең аз игерілген территория Балқаш болып табылады. Көл өзінің үлкен көлемі мен қызықтырады. Бұл жерде көптеп кездесетін орманмен жабылған аралдар демалыс ұйымдастырудың бірден бір тиімді орындардың бірі болып табылады. Туризмді дамыту мақсатында жағалауда орналасқан үкіметтік демалыс үйлерін қолдану өте тиімді болар еді. Таулы өзендерді спорттық мақсаттарда игерудің де көптеген болашағы бар. Туризмнің су түрі ең экологиялық таза болып табылады. Оның басты себебі туризмнің бұл түрінде демалушылар қозғалыстың тек табиғи түрлерін ғана қолданады. Әуесқой спортшылар үшін үлкен қызығушылықты Шарын, Лепсі, Қаратал, Шелек, Тентек пен Көксу сияқты өзендер тудырады. Алайда бұл өзендер шет елден келетін демалушылар үшін таныс емес. Бұл өзендерді өту ең жоғарғы қиындық деңгейіндегі өзендер болып табылады, сол себепті олар үлкен спорттық қана емес сонымен қатар танымдық қызығушылыққа ие. Олардың жоғасы жағы адам аяғы баспаған жерде орналасқан, бұл жерлер қайталанбас ландшафтардың жиынтығы мен табиғаттың үйлесімділігімен көзге түседі.

Шарын өзені өз басын Теріскей Алатаудан алатын екі күшті таулы өзендер Қарқара мен Кеген Іленің ең ірі салаларының бірі Шарын өзенін құрады. Оның ұзындығы 350 шақырым. Өзен өз басын 3 500-3 600 метр биіктіктен алып, Шарын 400 метр биіктікке түседі. Өзен Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігімен, қорық территориясымен ағып өтеді. Туристерді осында мекен ететін жабайы: тау текелермен, еліктермен, сайғақтармен, кездесу күтеді. Құстарға келетін болсақ мұнда тау тауықтары кекіліктерді, үйректердің не бір түрлерін кезіктіруге болады. 280 км-ден 255 км-ге дейін өзен аңғары майысыңқы келеді, жағалаудың биіктігі аласа, өзен түбі құмды болып келеді. 255 шақырымнан бастап күрт кисыңқы болып келеді, жағалауларының биіктігі 15-20 метрге тең. өзен аңғарының ені 8-12 метрге жетеді, тереңдігі 0,5-1,5 м. Судың ағысы жылдам болып келеді. Аңғардың мұндай сипаты 156-шы шақырымға дейін сақталынады. Төмендеген сайын өзен жіңішке аңғарға кіреді. Бұл жердің биіктігі теңіз деңгейінен 1 900 метрге тең. Ары қарай Шарынның ені 25 метрге тең, жағалаулардың биіктігі 45 метр құрайды. Өзен түбі үлкен таулы тастарымен көмкерілген.

Өзеннің бірінші сарқырама порогы Первенец деп аталады. Оның ұзындығы 200 метр. Келесісінің атауы Голубинный ол өзінің 8 шақырымға созылып жатуымен әйгілі. Змеиный порогы 1,5 шақырымға созылып жатыр, оның екі сарқырамасы бар, 0,8- 1 м биіктіктері. Тұлпар порогы 6 сарқырамаға ие, оның ең қиын жерлерінде толқындар биіктігі 1,5 метрге тең. Альбатрос порогы ең қауіпті болып саналады, әр бір 1 100 метрге 2-3 сарқырамадан келеді, ең биік сарқырама 3,5 метр. Шарынға барудың ең керемет кезі маусым айының ортасы мен қыркүйек айының соңы болып саналады. Шелек өзені - Іле өзенінің ең ірі саласы. Ол өз бастауын Чилико-Кеминдіке тау жұйесінің Жанғырық, Богатырь және Корженев атындағы мұздықтардан алады. Таулы бөлігінде өте асау, сарқырамалар құрады, жазыққа келген кезде көптеген бөліктерге бөлініп кетеді. Оның ұзындығы 240 шақырым, бассейнінің ауданы 5 349 километр.

Түрген өзені - Шет Түрген, Орта Түрген мен Кіші Түргеннің қосылуынан пайда болған. Ұзындығы 104 км, бассейнінің айданы 929 километр. Есік өзені - Тескенсу мен Жарсай өзендерінің бірігуінен туған. Бұл өзендер өз басын есік мұздықтарының тобынан алады. Өзеннің жалпы ұзындығы 110 шақырым. Бассейнінің ауданы 1 143 километр. Талғар өзені - үш саладан тұрады: сол жақ (батыс) Талғар, орта Талғар және оң жақ (Шығыс) Талғар. Бұлардың барлығы өз бастауларын мұздықтардан алады. Олардың ең үлкен жерлері орта және сол жақ Талғарда орналасқан. Талғар өзенінің ұзындығы 99 шақырым, бассейнінің ауданы 643 километр.

Үлкен Алматы өзені - Көлалматы және Алматы өзендерінің қосылуынан пайда болған. Өз бастауын Іле Алатауының мұздықтарының тобынан алады. Ұзыңдығы 81 шақырымға тең, бассейнінің ауданы 461 километр. Өзен бойында Алмарасан курорты орналасқан. Кіші Алматы өзені - өз бастауын Тұйық мұздықтарының тобынан алады. Өзен ұзындығы 108 километр, Бассейнінің ауданы 1 242 километр. Өзен таулы аймақтарында Бутаковка, Горельник, Сарысай, Казачка және Кімасар өзендерін қосып алады. Өзеннің негізгі арнасы Алматы қаласының шығыс бөлігінен өтеді.

Күрті өзені - Іле өзенінің сол жақ ірі саласы. өз атауын Ақсенгір, Жереня және Көпі өзендерінің қосындысынан алады. Оның ұзыңдығы 109 шақырым, бассейнінің ауданы 13 мың км Балқаш көлі. Балқаш-Алакөл ойпатының ең төменгі жағында орналасқан тұйық көл. Ол теңіз деңгейінен 342 метр биіктікте орналасқан. Аумақтың ең ірі көлі болып табылады. Жағажайлары әр келкі ландшафтық көріністерге бай. Туристік мүмкіншілігі де жоғары деп есептелінеді. Оның ұзындығы 600 шақырымға тең. Ең қызығы көлдің батысындағы су тұщы да, шығыс жағындағы суы - ащы болып келеді. Оңтүстік батыс бөлігінде судың түсі қоңыршыл сары келіп, ал шығысында көгілдір болып келген. Бұл батыс жағына Іле өзенінің құюымен түсіндіріледі.

Көлдің батыс бөлігінде балықтың 20 дан астам түрі мекен етеді: сазан, судак, балқаштық окунь, маринка және тағы басқалар. Бұл жер нағыс тростникті орман деуге болады, мұнда көптеген көлемде қымбат терісі бар андатра мекен етеді. өкінішке орай шаруашылық жүргізудің қисыпсыз болуына байланысты көлге құрып кету қауіпі тұр.

Қапшағай су қоймасы: су қоймасы Іле өзенінің бойында орналасқан. Құрылуы Қапшағай ГЭС салуға байланысты болды. 1970 жылы сумен толтырылды. Ауданы 1 847 км, ұзындығы 187 км, ені 23 км. Теңіз жағалауында көптеген туристік базалар орналасқан. Қапшағайда балықтың 26 түрін кездестіруге болады: жерех, табан балық, карась,. Шабақ балық, карп және тағы басқалар.

 

2.2 Алматы қаласындағы ресурстары және оларды туризм

саласында қолдану

 

Алматы облысының территориясында бірнеше емдік бастауларда, курорттық орындар тіркелген. Алакөл көлі - Алакөл көлі Тарбағатай мен Жонғар Алатауының арсындағы Алакөл ойпатында орналасқан. Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл және тағы басқа кіші көлдермен қосылып Алакөл көл жүйесін құрады. Көлдің ауданы 2 200-2 650 км-ға жуық. Көлдің суы емді болып табылады, сонымен қатар онда Реликтік шағала мемлекеттік қорығы орналасқан. Қорық дүние жүзінде реликтік шағалардың мекендейтін жалғыз жері болып табылады. Алакөлде Балықтың: осман, губач, судак, окунь, маринка сияқты түрлері мекен етеді. Өзендердің жағалауында ондатра мекен етеді.

Жалаңашкөл - Қытаймен шекаралас орналасқан емдік суы бар көл. Жасылкөл - Жоңғар Алатауында орналасқан, мәңгі тоңға жақын орналасқан. Көрікті пейзаж бен әдемі ландшафтты, қол тимеген табиғат пен су жамылғысының иегері. Қазанкөл көлі - Бұл Жоңғар Алатауында орналасқан таулы көл, қайталанбас таулы пейзажға ие.

Үлкен Алматы көлі - Үлкен Алматы өзенінен 10-12 шақырым жерде орналасқан. Көлдің ұзындығы бір шақырымға тең, ең үлкен ені 500 метр, ең терең жері 38 метрге тең. Көлдің суы тұщы. Көлд Алматы қаласының тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі болып табылады. Алматы облысың территориясында бірнеше емдік мекемелер, олардың жанында курорттар жұмыс істеуде. Карам минералдық су көздері - Шелек ауданында орналасқан, Алматыдан шығысқа қарай 125 шақырым жерде орналасқан. Ішек, жүйке жүйесін, бауыр, панкреатин және тағы басқа ауыруларды емдеу ұсынылады. Тау –Түрген ыстық су көзі – Түрген су көздері Алматыдан 60 шақырым, Түрген ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан. Су температурасы +27. Ол таулы жерде 1400 метр биіктікте орналасқан. Химиялық құрамы жағынан ол сульфатты-натрилі-кальцилі термаға жатады. Ол ежелден ақ жақсы атаққа ие.

Алмарасан су көзі - 1780 метр биіктікте Алматыдан 25 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі кезде емдік су жанында бальнеологиялық курорт Алмарасан жұмыс істеуде. Бұл жердің минералды сулары температурасы 9 тан 38 болатын 16 түрлі құрамдағы сулар берілген. Құқрамы бойынша су күкірті сутекті- сульфатты-карбонатты- мырышты термаға жатқызылады. Аяқ – Қалқан Іле өзенінің сол жақ беткейінде құмды жағалауда емдік сулар атқылауда. Бастау жер бентіне арасы 10-15 шақырым болатын үш жердкен шығады. Қазақстан бойынша минералдық құрамы ең жоғары болып табылады. Минералдық деңгейі бойынша су Кавказ – Ессентук пен Цхалтубомен пара пар келеді. Горельник су көзі. Күкіртті су көзі Алматыдан оңтүстікке қарай 22 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1930 метр биіктікте орналасқан. Су температурасы +22 тең де, құрамы бойынша Алмарасанның аналогы болып табылады. Боралдай сазды көлі. Көл Іле өзенінің жағалауында, Маловодный, Шелек тұрғылықты жерлерінен 40 шақырым жерде орналасқан.

Мыңбұлақ. Шолақ тауы Матай тауына ауысқан жерде шөлейт жердің бойымен оазистер орналасқан. әр бір оазис жер бетіне шыққан бұлақтардан тұрады. Осыдан атауын алған. Бұлақтар пайда болуымен Матай тауына тәуелді, ол жерде топырақ асты сулары Іле өзеніне қарай бет алады да, кейбір жерлерде жер бетіне шығады. Кейбір кездерде талдардың арасынан қызғылт түлкіні немесе оның жақын туысы карсақты көре аласыздар. Кей бір кездерде бұлақтарға су ішу мақсатында Қарақұйрықтар келеді.

Алматы облысының жануарлар әлемі өзінің байлығымен және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олар табиғат зоналары бойынша мінезделеді. Жануарлардың арктикалық түрлері Алтай мен Тарбағатайдың биік таулы альпілік аймағымен байланысты болса, сібірлік түрлері республиканың солтүстік және батыс бөліктерінен, ал алдыңғы азияттық түрлері таулы шөлдер белдеуі мен байланысты. Республикамызда эндемиктар деп атайтын жергілікті жануарлар түрі де бар. Олардың арасында кемірушілер мен құстар басым.

Алматы облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларын қолдану

Территорияларды қолдану  барысында, соның ішінде туристік қолдануда  да табиғаттың ең құрымағанда бір  бөлігінің бастапқы қалпында сақтап қалу және мәдени-тарихи маңызы бар  жеке, мемлекеттік, қоғамдық немесе бүкіл  дүние жүзі үшін маңызды болып  табылатын жекелеген қолдан тұрғызылған (жасалған) объектілерді сақтау барысында дүние жүзінің барлық елдерінде арнаулы жер телімдері немесе су аймақтары бөлініп, олар қорғалатын территориялар болып жарияланған. Бұл жерлерде тек өсімдік және жануарлар әлемінің дамуын қолдау үшін немесе қолдан жасалған объектілерді сақтау мақсаттарынан басқа адамның шаруашылық іс-әрекеттеріне қатал тиым салынған немесе мүлдем тоқтатылған. Солардың ішінде мысалға алсақ келесі ерекше қорғалатын табиғи территорияларды атап көрсетуге болады.

Ғылыми қорық: тек ғылыми мақсаттарда қолданылатын территория, мысалға алсақ – Алматы қорығы.

Ұлттық парк: ұлттық немесе халықаралық деңгейде ерекше табиғи және ландшафттық территорияларды  қорғау үшін, сонымен қатар ғылыми, танымдық, демалыс мақсаттарында құрылады. Әр түрлі мемлекеттерден 300 - ден ден астам ірі ұлттық парктерді атап көрсетуге болады. Алматы облысында бұл «Іле Алатау» және «Алтынемел» ұлттық парктері.

Табиғат ескерткіштері: табиғи немесе қолдан жасалған мәдени-тарихи ескерткіштер. Негізінен белгіленген табиғи ескерткіштер мен объектілерді қорғау мақсаттарында құрылады. Оларға мынандай объектілер мен ескерткіштерді жатқызуға болады – Шыңтүрген шыршалары және реликтік қарағайлы алқабы. Жабайы аңдар қорығы (қорықша) – жануарлардың жекелеген түрлерінің популяциясын, биологиялық түрлердің топтарын сақтау мақс аттарында құрылады. Алматы облысының аумағында бұндай террриториялар саны 8: Алматы (кешенді), Жоғары Көксу зоологиялық, Қоқан зоологиялық, Лепсі зоологиялық, Тоқты зоологиялық, Балқаш өңірі зоологиялық, «Іле дельтасы» зоологиялық, Қарой зоологиялық өқорықшасы.

Информация о работе Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау