"Тамғалы" қонақ үйі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан жері кең болғандықтан оның қалаларыда көп болады. Еліміздегі қонақ үйлердің саны артып келе жатыр десем қателеспеймін. Әр жыл сайын Қазақстан жеріне келіп жатқан туристердің саны артып келе жатыр.Бұл дегеніміз Қазақстанның туризм қонақ үй саласында атқарылып жатқан іс-әрекеттер аз емес екендігін көрсетеді.Әрине қонақ үй салу үшін салу үшін үлкен қомақты қаражатты талап етеді.

Содержание

1. «Тамғалы» қонақ үйі туралы ақпарат……………………………………3
1.1. «Тамғалы» қонақ үйінің жалпы сипаттамасы……………………………..
1.2.«Тамғалы» қонақ үйінің даму тарихы және орналасқан жері......................
2.«Тамғалы» қонақ үйінің ұйымдастырушылық басқару құрылымы...
2.1.«Тамғалы» қонақ үйінің штаттық құрылымы................................................
2.2.Қонақ үй қызметтерінің спецификасы..........................................................
3.«Тамғалы» қонақ үй-мейрамханалық кешеннің қаржылық жағдайы...
3.1.«Тамғалы» қонақ үй кешеннің қаржылық жағдайын талдау......................
3. 2.«Тамғалы» қонақ үйінің қызметінің рентабельділік көрсеткіштері............
Қорытынды………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………

Работа содержит 1 файл

Akhmadyarova.docx

— 117.17 Кб (Скачать)

   Қызмет  көрсететін қызметшілерді басқару.    Қонақ үй индустриясында қызметшілер  тауардың және нарыққа әсер  етудің маркетинг әрекеттерінің  ең басты компоненті болып  табылады. Яғни маркетингтік қызмет  кадрлық қызметпен тығыз байланыста  жұмыс істеуі керек. Бұндай  қызметтері жоқ кәсіпорындарда, бұл функцияларды менеджерлер атқарады. Ол өзі сай келетін қызметшілерді жұмысқа алып, және олар мен қонақтардың арасында жақсы қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететін саясатты жүргізеді. Тіпті кадрлық саясатпен байланысты сезілмейтін қателіктер көрсетілетін қызмет сапасына үлкен әсерін тигізуі мүмкін. Қонақ үй индустриясының кәсіпорынды дұрыс басқару ұйымдастырылған кезде, басшылықта екі түрлі клиентура болады: оларға төлейтіндер (қонақтар) және олар төлейтіндері (қызметшілері). Қонақтарға жақсы қызмет көрсетілуге жағдай жасаудағы жұмыстар ішкі корпоративтік маркетинг деп аталады. Қонақ үй индустриясының кәсіпорындарында маркетинг бөлімі тек дәстүрлі, тауарды нарыққа өткізуге бағдарланған, маркетингпен ғана емес, сонымен қатар қызметшілердің бәрінде қонаққа бағдарланған менталитетін дамытуымен де айналысады.

 

   Қонақтардың тәуекел үрейінен асу.

 

   Қонақ индустриясының қызметтерін пайдаланғысы келетін қонақ шамалы уайым кешеді, өйткені тауар сапасын алдын-ала  біле алмайды. Бірақ бұл уайымды  кішірейту немесе жоққа шығару тәсілдері бар. Мысалы, өткізу бөлімінің қызметшісін елестетейік. Оған басшысы қызметшілерді қайта оқыту бойынша шара ұйымдастыруды міндеттеген, бірақ ол мұндай іспен айналыспаған болатын. Қонақ үй администраторымен шараның нақтылау жұмыстарын талқылаған кезде, шара ұйымдастырушы өзінің емес, администратордың тәжірибесіне сүйенуге мәжбүр болады. Егер администратор өз жұмысын білетін болса, осындай шаралардың жүздегенін ұйымдастырып, және олардың барлығы табысты өткендігі туралы айта, ол ұйымдастырушының күдік сезімін тарқата алады. Ал өзінің профессионализмін растау үшін алғыс айтқан хаттарын көрсетуі мүмкін.

 

   Қонақ уайымын басудың тәсілдерінің бірі – оған қонақ үйдің мүмкіндіктерін өз көзімен көру мүмкіншілігін беру болып табылады.

 

   Өз  мүмкіндіктерін сұранысқа икемдеу.Қызметтер – “тезбұзылатын” тауар болғандықтан, мүмкіндіктердің сұранысқа икемделуі  – қонақ үй индустриясының кәсіпорнының табысты қызмет етуінің басты  шарты болып табылады. Қонақ үй келе жатқан “өлі” кезеңге қалай  дайындалады? Мысалы, егер қонақ үй менеджері 6 айдан кейін екі апталы активтілігі төмен кезеңі болатындығын білсе, жоғалтуларға қарсы қандай іс шара жүргізуші еді? Тәсілдердің бірі – қызмет көрсететін қызметшілердің бір бөлігін демалысқа жіберіп, әр түрлі шығындарды қысқартса болады. Бұдан құрымдырақ әдіс – даусыз пайда әкелетін бизнес салаларына акцентті көшіруі керек. Мысалы, отельді қандай да бір корпорацияға конференциялар мен конгресстер өткізу үшін жалға беруі мүмкін. Сонымен қатар “өлі кезеңге” бұл бизнестің делдалдарына таныстыру экскурсияларын жүргізуді жанастыруға болады.

 

   Қонақтардың күрт көп келіп қалудың нәтижесінде  қонақ үйлер өз мүмкіндіктерінің шегінде тұрғанда да проблемалар  туындауы мүмкін. Қонақтардың үлкен  санына қызметшілер жетіспей, ал қызметтер дер кезінде көрсетілуге үлгермей жатқан жағдай қонақтардың наразылығын тудыруы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, қонақтардың қызмет көрсетілудің кемшіліктеріне шағым жасаулары кәсіпорын өз қуатының 80 %-нан аса жұмыс істеп жатқан кезде көбейеді. Өз кәсіпорнының мүмкіндіктерін ағымды сұранысқа икемдеп ала алуы – қонақ үй индустриясындағы жетістіктің кілті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 3.«Тамғалы » қонақ үй-мейрамханалық кешеннің қаржылық жағдайы.

3.1. «Тамғалы » қонақ үй кешеннің қаржылық жағдайын талдау.

      Бәсекелесті ортада «МОНТ ltd» ЖШС («Тамғалы » қонақ үй-мейрамханалық кешені) қаншалықты тиімді әрекет ететінін білу үшін біз оның шаруашылық қызметіне қаржылық талдау жасауға тырыстық. Қаржылық жағдайының анализі үшін ақпараттың негізгі көзі кәсіпорынның бухгалтерлік балансы болып табылады. Оның маңыздылығы соншалықты, кейде қаржы жағдайының анализін баланс анализі деп те атайды. Қаржы жағдайының анализінің негізгі міндеттері:     

-  қонақ үй шаруашылық мүлігін  бағалау;      

-  кәсіпорын мүлігіне салынған  меншікті және қарыздық қаржыны  бағалау;    

- қонақ үйдің меншікті айналым  қаржысымен қамтылу анализі мен олардың өзгеріс шамасына факторлардың әсер етуі;    

- айналым қаржысын пайдаланудың  тиімділік анализі;     

- қонақ үй шаруашылығының қаржылық  тұрақтылық көрсеткіштер анализі;     

-кәсіпорынның  төлеу қабілеттілік (өтімділік) анализі.     

Анализдің басты мақсаты қаржылық қызметінің кемшіліктерін дер кезінде тауып, жою, және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлеу қабілеттілігін жақсарту резервтерін анықтау.     

Кәсіпорын қаржылық жағдайы -  қаражатын (активтерді) орналастыру мен пайдалануымен  және олардың құрылу көздерімен (меншікті капиталы мен міндеттемелері, яғни пассивтермен) сипатталады. Бұл мағлұматтар қонақ үй бухгалтерлік балансында көрсетілген. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сигналдық көрсеткіші – оның төлеу қабілеттілігі, яғни шаруашылық келісімдерге сәйкес жабдықтар мен материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын уақытында қанағаттандыру мен бюджетке төлемдерді төлеу қабілеті болып табылады. Кәсіпорынның қаржы жағдайының құрылымы мен динамикасын зерттеуін салыстырмалы аналитикалық баланс көмегімен жүзеге асырған жөн.     

Тік анализ салыстырмалы көрсеткіштер арқылы кәсіпорын қаражаттары мен олардың  көздерінің құрылымы туралы түсінік  береді. Тік анализ мақсаты –  баланс валютасындағы әр баптың үлес салмағын анықтау болып табылады. Ол арқылы кәсіпорын өзіне едәуір маңызды мүліктік компоненттері мен қаржы қаражат көздерін анықтай алады. «МОНТ ltd» ЖШС үшін тік анализі төмендегі кестеде көрсетілген .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    «МОНТ ltd» ЖШС балансының тік анализі (ірілінген баланс) 

Көрсеткіштер

Жыл басы,теңге

Жыл соңы,теңге

Валютадағы  үлестері %

 
     

Жыл басы

Жыл басы

Негізгі қаражаттар

17118885

55042648

34,21

35,61

Ағымды  активтер  соның ішінде:

32926915 

99506973 

65,79 

64,39 

Дайын өнім

32768218 

75592187 

65,48 

48,91 

Дебиторлық  борыш

15652

15652

0,03

0,01

Болашақ кезеңдер шығындары

4683 

11210236

0,01

7,25

Ақша  қаражаттары

Меншікті капитал

-3044820

-23360906

-6,08

-15,12


 

 

    

Көлденең, немесе динамикалық, анализ баланс көрсеткіштерінің абсолюттік өсімі мен өсу қарқынын анықтауға мүмкіндік береді. Ол қаржылық жағдай сипаттамасы үшін өте маңызды. Көлденең анализ мақсаты – жылдың басы мен соңы мәліметтерін салыстыра отырып баланс көрсеткіштерінің өзгерісін анықтау болып табылады. Көлденең анализ баланстың абсолюттік көрсеткіштері салыстырмалы өсу қарқындармен толықтырылатын аналитикалық кестені құру болып табылады.   

 

 

    «МОНТ ltd» ЖШС балансының көлденең анализі 

 Көрсеткіштер

Жыл басы, теңге

Жыл соңы, теңге

Ауытқулар

теңге

%

Негізгі қаражаттар

17118885

55042648

37923763

221,5

Ағымды  активтер  соның ішінде:

Дайын өнім

Дебиторлық борыш

Болашақ кезеңдер шығындары

Ақша қаражаттары

32926915 

138362

32768218 

15652

4683

99506973 

12688898

75592187 

15652

11210236

66580058 

12550536

42823969 

0

11205553

202,2 

9070,7

130,7 

0

239281,5

Меншікті  капитал

-3044820

-23360906

-20316086

-667

Ұзақ  мерзімді міндеттемелер

 
52500000

 
177902605

 
125402605

 
238,9

Ағымды  міндеттемелер

590620

7922

-582698

-98,7

Баланс

50045800

154549621

104503821

208,8


 

  
     

Қонақ үй шаруашылығындағы құны бардың барлығы  оның активтері деп аталады, және баланс активінде бейнеленеді.    

Баланс  активі кәсіпорын қарамағындағы  капиталдың орналасуы туралы, яғни оның материалды құндылықтар мен  нақтылы мүлікке салынуы туралы, қонақ үйдің қызметтерді өндіру мен өткізуге жұмсалатын шығындар туралы, бос қаржы барлығының қалдықтары туралы мағлұмат береді. Активтердің құрамы мен құрылысындағы өзгерістерді зерттеу қонақ үй қаржылық жағдайы үшін маңызды болып табылады. «МОНТ ltd» ЖШС үшін баланс активінің құрылысы төмендегі кестеде көрсетілген .    

«МОНТ ltd» ЖШС баланс активінің құрылысы 

Кәсіпорын қаражаттары

жыл басына

жыл соңына

өсімі

теңге

үлесі, %

теңге

үлесі, %

теңге

үлесі, %

Ұзақ  мерзімді активтер

 
17118885

 
34

 
55042648

 
36

 
37923763

 
221,5

Ағымды  активтер

32926915

66

99506973

64

66580058

202,2

Барлығы

50045800

100

154549621

100

104503821

208,8





 

  
     

Баланстың пассивінде берілетін міліметтер меншікті және қарыз капиталының құрылымында  қандай өзгерістер болды және кәсіпорын  айналымында қанша ұзақ мерзімді несиелер тартылғанын анықтауға  мүмкіндік береді.     

Меншікті  капитал кәсіпорынның тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Бірақ кәсіпорын қызметін тек меншікті капитал арқылы қаржыландыру әр уақытта пайдалы бола бермейді.Сонымен қатар, егер қаржы ресурстарына бағалар жоғары емес болса, ал кәсіпорын, несие ресурстарын төлегенге қарағанда, салынған капиталға қайтарымның жоғары деңгейін  қамтамасыз ете алса, онда ол қарыз қаражаттарын тарта отырып меншікті капиталдың рентабельділігін көтере алатындығын еске алған жөн. «МОНТ ltd» ЖШС үшін баланс пассивінің құрылысы  төмендегі кестеде көрсетілген .

 

 

 

 

 

    «МОНТ ltd» ЖШС баланс пассивінің құрылысы 

Көрсеткіштер

жыл

басы

соңы

«+»¸«-»

Баланс  валютасындағы меншікті капиталдың үлес салмағы (қаржылық автономдылық коэффициенті), %

 
  
-6

 
  
-15

 
  
-9

Қарыз капиталының үлес салмағы (қаржылық тәуелділік коэффициенті), %

 
105

 
115

 
10

Қаржылық  тәуекелділік коэффициенті (қарыз капиталының  меншікті капиталына қатынасы), %

 
-17,2

 
-7,6

 
9,6


 

     

Баланстың пассивтік және активтік баптары  өзара тығыз байланыста болатыны белгілі. Әрбір активтік баптың өзінің қаржыландыру көзі бар. Ұзақ мерзімді активтердің қаржыландыру көзі меншікті капитал мен ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары болып табылады. Ағымды активтер меншікті капитал мен  қысқа мерзімді несиелер арқылы құралады.     

Айналым капиталы жалпы сомасының  құралу көздеріне байланысты екіге  бөлуге болады:     

а) өзгермелі бөлігі, кәсіпорынның қысқа  мерзімді міндеттемелерінен құралады;     

ә) тұрақты минимализм, перманентті (меншікті капитал мен ұзақ мерзімді несиелер) капиталы арқылы құралады.    

Меншікті  айналым капиталының жеткіліксіздігі  ағымды активтердің тұрақты бөлігінің  азаюына, тұрақсыз бөлімінің көбеюіне әкеліп соқтырады. Осындай қаржылай бағынышты байланыс сол қонақ  үйдің қаржылық тұрақсыздығын куәлейді.      

Меншікті  капитал баланста жалпы сома арқылы көрсетілетіні белгілі. Оның қаншасы айналымда екенін анықтау үшін, пассивті баланстың бірінші және екінші бөлімінің жалпы қосындысынан ұзақ мерзімдегі активтік қосындыны шегеру қажет. Біздің жағдайда,     

Кезең басында:    

(-3044820+52500000)-17118885=32336295,    

Кезең соңында:    

(-23360906+177902605)-15042648=99499051.     

Қаржы тұрақтылығы 4 типте көрініс табады.

Қаржы жағдайының абсолюттік тұрақтылығы, егер қор мен шығындар (З), меншікті капитал (СКоб) мен тауарлы-материалдық  құндылықтар кепілдігімен алынған  банк несиесінің (КРтмц) қосындысынан кем болса 

 

 

    З<Скоб+КРтмц, 

ал шығындар мен қорларды қамтамасыз ету қаржы  көзінің коэфициенті (Коз) 1-ден үлкен  болса:     

Коз=СКоб+КРтмц/З>1 

 

 

    2.   Қалыпты тұрақтылық, бұл жағдайда  кәсіпорын төлеу қабілеттілігі   кепілдік түрде болады, егер     

З=СКоб+КРтмц,    

Коз=СКоб+КРтмц/З=1.   

Тұрақсыз (кризис алдындағы) қаржылық жағдайы, бұл жағдайда төлемдік баланс бұзылады, бірақ уақытша бос қаржы  көздерін (И_вр) пайдаланып, төлемдік міндеттемелер  мен төлем көздерінің тепе-теңдігін орнына қайта келтіруге болады. Айналымға (резерв қорынан, жинақ және пайдалану қорынан) баланс несиесі арқылы уақытша айналым қорын жинақтап, қалыпты кредиторлық қарыздар дебиторлық қарыздар мен  басқа да шығындардан артық болады,         

З=СКоб+КРтмц+И_вр    

Коз=Скоб+КРтмц+И_вр/З=1 

Қауіпті қаржылық жағдай (қонақ үй банкрот болудың  әзер алдында тұр).    

З>СКоб+КРтмц+И_вр    

Коз=Скоб+КРтмц+И_вр/З<1

«МОНТ ltd»  ЖШС балансы бойынша қаражат  көздерімен шығындар мен қорларды қамтамасыз ету коэффициенті 

Белгіленуі

Көрсеткіштер

Жыл

басы

соңы

СКоб 

КРтмц 

З

Меншікті капитал

Тауарлы-материалдық  құндылықтар кепілдігімен алынған  банк несиесі

Қор мен шығындар

-3344820 

52500000

32926915

-23360906 

177902605

99506973

Коз

Қаражат көздерімен шығындар мен қорларды қамтамасыз ету коэффициенті

 
1,5

 
1,6

Информация о работе "Тамғалы" қонақ үйі