Солтүстік Қазақтан Мұражайлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2012 в 16:08, реферат

Описание работы

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды. Ол кезде ол Керуенді көшесіндегі кішігірім үйде болды. 1968 жылы қазіргі атауы Конституция көшесінде орналасты. А.М. Чудовтың басшылығымен Қарағанды мен Целиноград суретшілерінің тобымен, өз кезінде Туби Лейбович Аркель көпестікі болған, 2 этажды оңаша үйге қайта жоспарлау және реканструкциялау жүргізілді. Жұмысқа әйгілі ғалымдар тартылды. 1949-50 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының 1-ші археологиялық картасын құрастырған көрнекті тарихшы - Евгения Тарленің шәкірті Александр Семеновтың СССР ғылым Академиясының археология ғылымының ғылыми сектор меңгерушісі, мұражайдың аға ғылыми қызметкері болды. Ол көптеген тарихшы-өлкетанушылар пайдаланған Петропавл туралы кітабының авторы.

Содержание

Кіріспе
3

1
Солтүстік Қазақстан облысы
5
2
Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары
14


Қорытынды
22


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚТАН МҰРАЖАЙЛАРЫ НОГАЙБАЕВА И. ТУРИЗМ 303.docx

— 72.31 Кб (Скачать)

Бейнелеу өнері  мұражайы

Бейнелеу өнері мұражайы 1989 жылы тарихи-өлкетану мұражайының  бейнелеу өнері бөлімінің негізінде  ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат  республикалық маңызы бар 19 ғасырдағы  сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Петропавл қаласындағы бұрынғы тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімі негізінде ашылды. Алғашқы топтамалары — Қазақстан суретшілерінің кескіндеме туындылары, графика, мүсін өнері 60-шы жылдары Алматы қ. картина галереясына тапсырылды, сондай-ақ, жергілікті суретшілерден кенептер алынды. Топтамалар Мәскеу қ. Вучетича атындағы, Суретшілер Одағы, Қазақстанның Мәдениет министрлігінің көрмелер дирекциясы, сатып алулар және сыйлықтармен толықты.

Топтамалардың негізгі бөлігін  графика бөлімі атақты суретшілердің  шығармашылығы — В. Фаворский, Кукрыникстер, Г. Поплавский, Р. Хачатряна және т.б. құрайды. Кескіндеме бөлімінің негізгі  бөлігін Қазақстан шеберлері  Ә. Қастеев, Н. Хлудов, Н. А. Ысмаилов, Ж.Шарденовтердің жұмыстары құрайды. Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайының коллекциясында Қазақстан, Армения, Ресей суретшілерінің графикалық, мүсіндемелік еңбектері және кескіндемелік шығармалары қойылған. Мұнда қазақ, орыс, украин халқының сән және қолданбалы өнер туындылары да (кесте, киім-кешек пен әшекейлер, әр алуан мыс, күміс, керамикалық бұйымдар, сан түрлі самаурындар, этногр. заттар, т.б.) жинақталған. 1992 ж. ашылған әдебиет бөлімінің экспонаттарының саны 2600-ге (жазушылардың жеке тұтынған заттары, қолжазбалары, фотографиялары, т.б.) жетті әрі бұл бөлім С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев, П.П. Ершов пен И.П. Шухов сынды жазушылардың осы өлкеге қатысты шығарм-н зерттеу жұмысымен айналысады. Мұражай қорындағы сақтаулы тұрған экспонаттардың жалпы саны 5 мыңға (1996) жуық. Мұражай орналасқан ғимарат (жалпы аум. 394,2 м2) 20 ғ-дың басында бой көтерген сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады.         Сәндік-қолданбалы өнерінің қорына орыс, украин, қазақ қолданбалы өнер шеберлерінің топтамалары: оралдық жайпақ табақ, самаурындар, төс белгілер, керамика және этнография заттары енді. Балалар шығармашылығының жұмыстары бар.

 

«Абылай хан резиденциясы»  мұражайлық кешені

 

2004–2006 жылдарға арналған  «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында

1829 жылы салынған 1982 жылы 26 қаңтардағы № 38 ҚазКСР Министрлігі  Кеңесінің Қаулысымен мемлекеттік  сақтауға алынған республикалық  маңызы бар тарих ескерткіші  «Абылай хан үйінде» қалпына  келтіру жұмыстары жүргізілді.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау сұрақтары бойынша қоғамдық кеңестің байқатқан мүддесі негізінде  және-де облыс басшылығымен алғашқы  түрде болған тарих ескерткіштерін құру мәселесі бойынша шешім қабылданған.

Жобаны іске асырудың мақсаты  Абылай ханның өміріне қатысты экспозиция құру және ескерткіш-ғимаратты қалпына  келтіру жұмыстарды жүргізу, резиденция аумағын көріктендіру жұмыстарын іске асыру, қазақ халқының алып ұлына  арнап «Абылай хан ат үстінде» ескерткішін орнату болып табылады.

Мұражайды көркемдеп әшекейлендіру  жұмысын «Қазреставрация» АМК ішкей  кәсіпорыны, «Дара» ЖШС іске асырды.

Кешен құрамына

1. Абылай хан үйі 2 қабатты,  жалпы аумағы -1078 м²

2. Абылай хан кеңсесі,  жалпы аумағы -37,08 м²

3. Қонақ жайы, жалпы аумағы -37,08 м²

4. Монша, жалпы аумағы -37,08 м²

Ғимараттың жалпы аумағы мен құрылымы -1288,5 м².

Жердің жалпы аумағы-1,58 га енеді.

Мұражайда XVIII ғасырдың ұлы  қайраткерінің тарихи үлестерін  айқындайтын Абылай ханның өмірі  туралы экспозиция құрылды.

«Абылай хан резиденциясы»  мұражайлық кешеніне 4 экспозициялық  залдар кіреді: 1зал. «1711–1770 жылдардағы Абылай хан өмірлік кезеңі», 2 зал. «Абылай тынышы», 3 зал. «Тақ залы», 4 зал. «Абылай хан- ұлы мемлекеттік  қайраткер»

Мұражай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен 2008 жылы 21 тамызда ашылды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру нәтижесінде  қазақ халқының мәдениеті мен  тарихын терең біліп өрбуге машықтайтын  маңғаз тарихи ескерткіші бой көтерді.

Шолу және тақырыптық экскурсиялар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектеп түлектері мен шәкірттер  үшін құрамына әр түрлі іс-шаралар  енгізілген бағдарламалар әзірленді:

  • Қош келді, Наурыз!!!
  • «Ер аты — халық жадында»
  • «Халық ертегілері» кіреді.

Мағжан Жұмабаев атындағы мұражай

Мағжан Жұмабаев атындағы мұражай 1993 жылы, ақынның туғанына жүз  жыл толуына орай елі М.Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылында ашылды.

2008 жылдың шілдесінде, ақынның  115 жылдығына арнап 2008–2009 жылдардағы  «Мәдени мұра» аумақтық бағдарлама  аясында мұражайда толыққанды  жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ғимарат аумағы жөндеуден  кейін 60 ш.м. құрады, экспозициялық аумағы 55 ш.м. Ақынның өмірлік және әдеби-шығармашылық жолына арналған экспозиция 3 залда  орналасқан. Бұл мұражайдың экспозициялық  залдары жоғары эстетикалық деңгейде қазіргі заман талаптарына сәйкес «Дара» фирмасымен рәсімделген.

2008 жылы мұражайға мемлекеттік  мәртебесі берілді.

Мұражайда, ақындармен, жазушылармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, және-де мемлекеттік, ұлттық мейрамдарға арналған іс-шаралар жүргізіледі.

 

Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы

 

Мұражай Айыртау ауданындағы  Сырымбет ауылында орналасқан. Мұражай  құрамына 1663 ш.м. аумағы бар Ш.Уәлиханов  атындағы мұражайы мен оңтүстік-шығыс  бағытында жалпы аумағы 4030 ш.м. тұрғын Сырымбет ауылынан 4 шақырым жерде  орналасқан әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтің әжесі Айғанымның үйі (Сырымбет үйі) кіреді.

19 ғасырдың ағаш сәулет  ескерткіші «Сырымбет үйінің" сәулет бейнесі бірте-бірте құрастырылды. Оған, ағаш қоршаумен оқшаланған  тұрғын үй, мешіт, медресе, шаруашылық  құрылымдар, монша кіреді.

2008–2009 жылдардағы «Мәдени  мұра» республикалық бағдарламасы  аясында Сырымбет өткелінде қалпына  келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Үйді қалпына келтіру  үшін 2008–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және, ақпарат министрлігімен 28,0 млн.теңге бөлінді, қалпына келтіру  жұмыстарын «Қазреставрация» мемлекеттік  кәсіпорынның Батысқазақстандық филиалы  жүргізеді.

Қазіргі уақытта келесідей  жұмыстар атқарылды: тұрғын үй және мешіт  қалпына келтірілді, ағаш қоршаулар, үй айналасындағы бөгеттер тұрғын үйде екі қабатқағаш қойылымдар, есіктер  және терезе қақпақтары ауыстырылды.

Қайта қалпына келтіру 2010 жылда 2009–2011 жылдардағы «Мәдени мұра»  стратегиялық ұлттық жобаның Концепциясына  сәйкес жалғастырылады.

Жалпы жәдігерлер саны-6980, олардың  ішінен 1300 бұйымы экспозициялық залдарда орналасқан. Мұражайда Ш.Уәлихановтың өмірі, оның туысқандары, қазақ халқының материалдық, рухани мәдениеті, салт -дәстүрі  туралы материалдар жиналды.

Мұражай қызметкерлерінің жұмысы ғылыми әдебиет, мақалалар және тағы да басқа Ш.Уәлихановтың өмірі мен  қосқан үлесі, оның туысқандары, бірлесе  белсенділік атқарғандар туралы материалдық дәлел жинақтауға және экспозиция мен көрмелерді ұйымдастыру  арқылы тарихи мәліметтерді жолдауға бағытталған.

Жыл сайын мұражай қабырғасында әдеби оқулар, «Шоқан (Мухаммед-Ханафия) Уәлиханов», «Ш.Уәлиханов Петербург  қаласында орыс жазушылары арасында», «Омск істері», «Басынан барлық жолды  кешу-өлкетанушы жазбалары» тақырыптары  бойынша дәрістер және тағы басқа  іс-шаралар жүргізіледі.

 

Қарасай және Ағынтай  батырлардың мемориалдық кешені

 

Қарасай және Ағынтай батырлардың  мемориалдық кешені 1999 жылдың 15 қазанында  ашылды.

Бой көтерген кесене Қазақстанның барлық халқының бірлігі, достығы мен  ұйымшылдығының дәйегі болып табылады.

Композициялық тұрғыдан кешен  бейнесі бұрынғы түрік қағандардың  дәстүрін жалғастырады.

Барлық кешен өзінің басты  осімен Меккеге мешіт михрабы  шоғырына бағытталған. Құрбан шалу және құран оқуға арналған кесене алдындағы  алаңға шығаратын екі мұнарасы бар  кірпіш қоршаумен шеңбер кірісі оқшаланған.

Алаң бұрыштарында мәрмәр негізінде қола қоймалары бар  қиғаш салынған темір найзалардан  тұратын жауынгерлік белгінің айғағы ретінде орнатылған.

Шеңбер ортасында Солтүстік  Қазақстан үшін тән эллипс пішінді  батырлардың екі кесенесі орналасқан. Олардың алдыңда кішігірім конус  пішінді мешіт (сенім, естелік, үміт жады) және өз бойында рәмізді және сәулетті сипаттарды біріктіретін кесене бой көтерген.

Алыс емес жерде бірнеше  жауынгерлердің қорғандары бар. Қазу жұмыстары  кезінде осы арада бойы 2 метрге жететін батыр, жанында ауыр салмақты қылыш, шекпен салынған мәйіт табылды.

Ортада кесене араларында кішігірім зал-пинакотека бар, онда қабырғаларында батырлардың асқан  ұлы істерін баяндайтын үш тілде  қол жазба басылған.

Шыңдалған қызыл құрдай мәрмәрінен жасалған қорғандағы мәйіт үстіндегі  құлпытас пен қойтасты орнату ертегі түрік дәстүрін жалғасы болып  табылады.

Әрбір қорған үстінде шырақ  орналасқан және-де әрбір келген көрушіге аруақтардан көмек сұрауға демеуін  тигізеді.

Кешен қажылық және жиі  экскурсиялар өтетін орын болып табылады.

 

И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы

 

И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық  үй-мұражайы 1981 жылдың 21 желтоқсанында  жазушы тұрған үй жайда қаланған.

Мұражай 1942 жылы жазушының  үйі ретінде салынған қазіргі  таңда жергілікті маңызы бар мәдениет және тарих ескерткіші болып табылатын  бір қабатты мансардасы бар құрылымнан тұрады.

Ғимарат алаңы 117 ш.м., оның ішінен экспозициялық көлемі 104 ш.м. құрайды.

Бұған қоса, үй жайы аумағында  көл жағасында үлкен бақ және-де жазушының туысқандары, ауылдастарымен жинақталған жәдігерлер мен құжаттар сақталған. 137,9 ш.м көлемді құрайтын әкімшілік корпусы орналасқан.

4 залда экспозиция келесідей  тақырыптарда рәсімделген:

  • 1752 жылы Пресновка ауылы қорғау бекініс ретінде қалануы
  • Өлкеде Кеңес үкіметінің орнығуы, Азаматтық соғыс
  • Ұлы Отан соғысы жылдары
  • Өлкеде тың игеру жылдары

И.Шуховтың Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов  жазушы-жерлестерімен достастығы туралы экспозиция орын алады.

Мұражай негізінде Шуховқа  арналған оқу кештері, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлерінің қатыстырылуымен  өткізіледі, «Біз осында өмір сүреміз, мұнда біздің Отанымыздың бастауы» атты дөңгелек үстел жүргізіледі.

Аудандық халық ұжымдары, фольклорлық казак ұжымын қатыстырумен театрландырылған көріністер қойылады.

Үй-мұражайда солтүстікқазақстандық  жазушылар және, ақын-жерлестерімізге  арнау болған әдеби кездесулерге арналған қонақ жайы ашылды.

Үй-мұражай аумағында 2006 жылы жазушының туған күніне 110 жыл  толуына арналып И. П. Шуховтың бюсті  орнатылып ашылған еді.

 

Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы

 

Жазушы Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы 1992 жылы ашылып, оның өмірі мен шығармашылығына  арналған.

Мұражай 278 ш.м. аумақты құрайды, одан экспозициялық көлемі 95,3 ш.м., басқа  аумақта қонақ үй орналасқан мансардасы бар бір қабатты жай болып  табылады.

Мұражай экспозициясы әдеби  мұра негізінде құралып, жазушының  қоғамдық, мемлекеттік қызметін айқындайды.

Залдарда Ғ.Мүсіреповтың барлық ғұмырлық жолын айқындайтын  жәдігерлер-жеке киімдері, құжаттар, жазушының  фотобейнелері орын алады және жазушының  анасы Дина Оңарбай қызы, ағалары  мен апалары туралы да мәлімет  табуға болады.

Этнографиялық зал қазақ  халқының тұрмысын бейнелейтін бұйымдар: самауыр, торсық, ұлттық әйел және ер адамның  киімдері, керосин шамы және т.б.             Жамбыл ауданындағы жерлестері, туысқандары жазушының өмірлік жолын айқындайтын көлемді әрі толыққанды материал жинады.

Мұражайдан алыс емес жерде  жазушыға арнап бюст орнатылған.

 

С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы

 

С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық  үй-мұражайы 1990 жылы Сәбит ауылында С.Мұқановтың ағасының үйінде ашылды.

Мұражай жалпы аумағы 180 ш.м., бір қабатты қарағай бөренеден  жасалған, ағаш ғимарат 5 бөлмеден тұрады: ұйқы жайы, қонақ жай, зал, ас бөлме, кіріс жайы.

Үй аумағында 247 ш.м. көлемде  саябақ орын алады, онда жазғы сауығу орны және шошала орналасқан.

Экспозиция мемориалдық  мұражай типі бойынша салынған және-де жазушының кабинеті, ұйқы жайы, шығармашылық мұрасы, жазбалары, кітаптары мен  жеке киімдері орналасқан залдан тұрады.

Мұражайда этнографияға қатысты  экспозиция да бар. Қорда С.Мұқановтың әдеби шығармашылығына қатысты  өнегелі құнды құжаттар сақталған. Мұражайда жалпы жәдігерлер саны 364 бірлікті құрайды.

Информация о работе Солтүстік Қазақтан Мұражайлары