Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2012 в 16:08, реферат
Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды. Ол кезде ол Керуенді көшесіндегі кішігірім үйде болды. 1968 жылы қазіргі атауы Конституция көшесінде орналасты. А.М. Чудовтың басшылығымен Қарағанды мен Целиноград суретшілерінің тобымен, өз кезінде Туби Лейбович Аркель көпестікі болған, 2 этажды оңаша үйге қайта жоспарлау және реканструкциялау жүргізілді. Жұмысқа әйгілі ғалымдар тартылды. 1949-50 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының 1-ші археологиялық картасын құрастырған көрнекті тарихшы - Евгения Тарленің шәкірті Александр Семеновтың СССР ғылым Академиясының археология ғылымының ғылыми сектор меңгерушісі, мұражайдың аға ғылыми қызметкері болды. Ол көптеген тарихшы-өлкетанушылар пайдаланған Петропавл туралы кітабының авторы.
Кіріспе
3
1
Солтүстік Қазақстан облысы
5
2
Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары
14
Қорытынды
22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Кафедра «Туризм»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары»
Орындаған: Ногайбаева И.
Мамандық:Туризм
Топ: 303
Алматы, 2012ж.
Бет. | ||
Кіріспе |
3 | |
1 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
5 |
2 |
Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары |
14 |
Қорытынды |
22 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
23 | |
Мазмұны
Кіріспе
Солтүстік Қазақстан облысы
– Қазақстанның солтүстігінде орналасып,
(Сары-Арқа) Қазақтың ұсақ үстүртінің бір
бөлігін және Батыс Сібір ойпатының
қиыр оңтүстігін алып жатыр. Жер бедерінде
ойлы көл қазандықтары, дала ойпаттары,
аласа таулар мен ауысып келген жалдар
көп кездеседі. Оңтүстік-шығысы мен
оңтүстік-батысында биіктігі 115 - 120
м биіктер солтүстік-шығысында, оңтүстігі
мен оңтүстік-шығысында 200 м жетеді.
Облыстың оңтүстік-батыс бөлігі(Сары-
Облыс мұражайлары:
Өткен кезеңде мұражайлар 2 514 экскурсия, 568 лекция, 283 көрме ұйымдастырды, 157692 адамға қызмет көрсетті. Наурыз айында тарихи-өткетану мұражайында Халықаралық «Әдет-ғұрыпты сақтайық" мұражайлар фестивалі өтті. Фестивальға Ямало-ненецк автономиялық округінің делегациясы және «Сёётэй Ямал» фольклорлық ансамблі қатысты. 2011 жылдың 20 қыкүйегінен 2 қарашасына дейін Астана қаласындағы Бірінші Президенттің мұражайында Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайлары қорынан «Тарих беттері» көрмесі жұмыс істеді. Көрмеде 18 ғасырдың құжаттары ұсынылды. АшылуынаҮндістан, Польша, Германия елшіліктерінің өкілдері, Н. Гумилёв атындағы Евразиялық университетінің ғалым-тарихшылары, ҚР мәжілісінің депутаттары Г. Дмитриенко, Е.Рамазанов және елорданың тұрғындары қатысты. Облыстық бейнелеу өнерінің мұражайында 2011 жылдың 12 қыркүйек күні «Қазақстан халықтары рухани даму қоры» АҚ және ҚР Мәдениет минстрлігімен бірлесіп, «Әлем қауымдастығы мойындаған Қазақстан» фото көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, өмірде белсенді орын алуға және Қазақстанның тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде жеткен жетістіктерін мақтаныш етуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қолданбалы өнердің суретшілері мен шеберлерінің есепті көрмесі өткізілді. Көрмеге 20 жыл ішінде жасалған жұмыстарын ұсынған 40-тан астам автор қатысты. Экспозицияға живопись, графика, мүсін өнері енді.
Негізгі бөлім
Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы. Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды. Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл. Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады. Петропавловск - Солтүстік Қазақстан облысының орталығы (1936 жылдан), автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзененнің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 204,8 мың адам (2011 жылғы 1 мамырға). Қазіргі кезде Петропавловск Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға “Еуразия”, “Вита”, “Молочный союз” АІ-тары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, “Сұлтан”, “Тонус” т.б. жатады. Қала бюджеті қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 муз., 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі) жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. Петропавловскте 3 театр, филармония, 3 музей, кинотеатр, 4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4 стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер, жарнамалық басылымдар шығып тұрады. Сонымен бірге 3-телерадиокомпания жұмыс істейді. Солтүстiк Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласы 1752 жылы құрылды. Облыс орталығындағы халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 195,2 мың адам болып, барлық облыс халқының 30,3%-ын құрады.
Әкімшілік бөлінісі:
Айыртау ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. Ауданның аумағы 9,6 мың шаршы километр. Аудан орталығы - Саумалкөл ауылы. Облыс орталығы мен Саумалкөл ауылының ара қашықтығы 250 километр; ең жақын темiр жол станциясына дейiн 0,4 километр. Ауданда 15 ауылдық округ, 88 ауылдық елдi мекен бар. Аудан батысында Мүсiрепов және Шал ақын аудандарымен, солтүстiгiнде - Есiл ауданымен және шығысында Ақмола облысымен шектесiп жатыр. Аудан тұрғындары негізінен егіншілікпен, мал өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 735,5 мың га, оның ішінде егістік жері 437,1 мың, шабындығы 13,4 мың, жайылымы 285,0 мың. Орманды алқап 142,0 мың га, 29,9 мың га жерді өзен-көл алып жатыр. Аудан әкімшілігі орталықтар мен Саумалкөл село арқылы Қостанай — Көкшетау — Қарасу темір жолы өтеді. Автомобиль жолы Саумалкөл селосын ішкі елді мекендер арқылы Көкшетау, Новоишим, Тайынша темір жол бекеттерімен, шалғайдағы селолармен байланыстырады.
Ақжар ауданы - Солтүстік Қазақстан облысындағы аудан. Аудан орталығы Талшық кенті. Аудан 1997 жылы құрылды. Ақжар ауданы Ленин және Ленинград аудандарының қосылу нәтижесiнен құрылды. Аудан аймағы - 8,04 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 21,4 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 2,7 адам. Әкiмшiлiк орталығы - Талшық селосы, облыс орталығынан 285 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданда - 12 ауылдық округ, 25 ауылдық елдi мекен бар. Солтүстiгiнде Ресей Федерациясымен, батысында Тайынша ауданымен, оңтүстiгiнде Ақмола облысымен, оңтүстiк-шығысында Уәлиханов ауданымен шектесiп жатыр. Аудан өсiмдiк жамылғысынан дала зонасында орналасқан, бетең, бiркелкi бетең және құрғақ дала зонасында. Аудан аумағының негiзгi топырақ түрлерi: қара топырақ, оңтүстiк қара топырақ, шалғынды, шалғынды қара топырақты, шалғынды-батпақ, сортаң болып келедi. Аудан аумағымен бастауын тыс жерден алатын аудан арқылы өтетiн ұзындығы 80 километр Ащысу өзенi ағып жатыр. Сонымен қатар бiрнеше кiшкене көлдер бар, олар жаңбыр, қар және жер асты суларымен толықтырылады. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 221 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 12 - орта, 208 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 126 жеке меншiк , 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,8%-ы өндiрiлген (13 876,4 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 262,7 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлдi, облыстағы үлесi 0,4%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 121,1% құрайды.
Аққайың ауданы — Солтүстік Қазақстан облысы. Аққайың ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан аумағы 4,71 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 26,9 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (1 шаршы километрга) 5,7 адам. Ауданның орталығы - Смирново кентi, ол аудан-ның оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде, темiр жол бойында орналасқан. Петропавл қаласы мен Смирново кентiнiң ара қашықтығы 60 шақырым. Ауданда 12 ауылдық округ, 33 ауылдық елдi мекен бар. Аудан орманды дала зонасында орналасқан. Негiзiнен жер көңдi қара топырақтан тұрады. Аудан аумағының 13 516 га жер көлемiн көлдер алып жатыр, өзен жоқ. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 216 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 31 - орта, 182 - шағын кәсiпорын. Олардан 97 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 118 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,7%-ы өндiрiлген (13 520,0 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 568,4 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 103,2% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 229,1 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 68,0% құрады.
Мағжан Жұмабаев ауданы — Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк-шығысында орналасқан, 1928 құрылды. 1997 жылы Возвышен ауданымен бiрiккен. 2000 жылы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта аталды. Ауданның аумағы 7,81 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға аудан халқының саны 41,8 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,4 адам. Аудан орталығы Булаев қаласы 1893 жылы құрылған, 1969 жылы қалалық статус алды. Булаевтан облыс орталығына дейiнгi қашықтық 106 километр. Ауданда 24 ауылдық округ, 69 ауылдық елдi мекен бар. Солтүстiгiнен және шығысынан Ресей Федерациясының Омбы және Түмөн облыстарымен, батысынан - Аққайың және Қызылжар, оңтүстiгiнен - Тайынша және Ақжар аудандарымен шектесiп жатыр. Топырағы қара топырақ және сортаң топырақ болып таралған. Өсiмдiктер негiзiнен орманды далалы. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 313 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 25 - орта, 286 - шағын кәсiпорындар. Олардан 176 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 133 - жеке меншiк, 4 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады.
Есiл ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан. 1997 жылдың 17 сәуіріне дейін әуелі Ленин, содан кейін Мәскеу аудандары аталып келді. Жерінің аумағы 5,14 мың км2. Тұрғыны 38,3 мың адам (1999). Құрамындағы 60 елді мекен 15 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Орталығы — Явленка ауылы. Есіл ауданының жері түгелдей жазық және оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келеді, теңіз деңгейінен 150 — 200 м жоғары жатыр. Климаты тым континенттік: қаңтарда ауаның орташа температурасы –19ºС, шілдеде 20ºС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 350 мм. Жер беті суларын аудан жерінің оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай ағып өтетін Есіл өзенінің орта бөлігі мен сирек кездесетін көлдер құрайды. Ірі көлдері: Есілдің сол жағындағы Алба, Кіндікті, Қамысты, оң жағындағы Жалтыркөл, Таранкөл, Сарыкөл, Жыланды, Балықты. Есіл жайылмасында көптеген ескі арналар да кездеседі. Ауданның жері орманды-дала белдеуінде орналасқандықтан, жері, негізінен, қара топырақты болып келеді. Көларалық жазықтарда карбонатты қара топырақ, далалық өңірде сортаң қара топырақ, орманды жерлерде күлгін қара топырақ тараған. Есілдің жағалауында, негізінен, әр түрлі шөп аралас боз, бетеге, жағалаудан алшақтау жерінде терек пен қарағай аралас қайың шоқтары, көл жағалай шалғынды-батпақты өсімдіктер, өзен жайылымында дәнді-дақылды өсімдіктер өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, дала тышқандары, көлдер мен өзендерде ондатра, құстардан: бүркіт, кезқұйрық, тұрымтай, қырғи, қаз, үйрек, аққу, балықшы, қызғыш, тауқұдірет, бөдене, тырна, балықтардан: шортан, шабақ, алабұға, табан, т.б. бар. Аудан жері сирек қоныстанған. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 7,5 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Явленка, Амангелді, Петровка, Николаевка, Покровка, Ильинка, Бесқұдық, Бұлақ, т.б. Есіл ауданы, негізінен, ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерінің аумағы 454,9 мың га. Егіс аумағының 70%-ке жуығын дәнді дақылдар құрайды. Мал шаруашылығы сиыр, жылқы, қой және шошқа өсіруге маманданған. Ауданда өндірістік және тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 2 май зауыты, ет-сүйек зауыты, нан комбинаты, баспахана, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 ауыл шаруашылық колледжі, 54 орта мектеп, 56 дәрігерлік пункт, 3 аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 43 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді.