Солтүстік Қазақтан Мұражайлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2012 в 16:08, реферат

Описание работы

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды. Ол кезде ол Керуенді көшесіндегі кішігірім үйде болды. 1968 жылы қазіргі атауы Конституция көшесінде орналасты. А.М. Чудовтың басшылығымен Қарағанды мен Целиноград суретшілерінің тобымен, өз кезінде Туби Лейбович Аркель көпестікі болған, 2 этажды оңаша үйге қайта жоспарлау және реканструкциялау жүргізілді. Жұмысқа әйгілі ғалымдар тартылды. 1949-50 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының 1-ші археологиялық картасын құрастырған көрнекті тарихшы - Евгения Тарленің шәкірті Александр Семеновтың СССР ғылым Академиясының археология ғылымының ғылыми сектор меңгерушісі, мұражайдың аға ғылыми қызметкері болды. Ол көптеген тарихшы-өлкетанушылар пайдаланған Петропавл туралы кітабының авторы.

Содержание

Кіріспе
3

1
Солтүстік Қазақстан облысы
5
2
Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары
14


Қорытынды
22


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚТАН МҰРАЖАЙЛАРЫ НОГАЙБАЕВА И. ТУРИЗМ 303.docx

— 72.31 Кб (Скачать)

Жамбыл ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының солт.-батысындағы әкімш. бөлініс. Бұрынғы Преснов және Жамбыл аудандарының қосылуынан (1997) пайда болды. Жер аум. 7,46 мың км2. Тұрғыны 32 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,2 адамнан келеді (2009). Аудандағы 63 елді мекен 16 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Ж. а. Батыс Сібір ойпатының оңт-ндегі Есіл мен Обаған өзендерінің суайрығы болып табылатын жазықты алып жатыр. Жер бедеріне көл қазаншұңқырларымен кезектесіп жатқан дөңді белестер тән. Климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы біршама ыстық. Қаңтарда ауаның орташа темп-расы –18 – 19°С, шілдеде 20°С. Кей жылдары қыста –40°С аяз, ал шілдеде 40°С-тан астам ыстық болып тұрады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 мм-ден 350 мм-ге дейін барады. Оның басым бөлігі жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Жазда солт. және батыс желдер, қыста оңт.-батыс желдер басым келеді. Олардың орташа жылд. 4 – 4,5 м/с, ал жазда ыстық күндері соғатын аңызақ желдің жылд. 6 – 10 м/с, қысқы бұрқасын күндері 15 м/с-қа дейін барады. Ж. а-ндағы көлдердің жалпы саны 150-ден астам және басым бөлігінің суы тұщы. Қуаңшылық жылдары кейбір көлдерде тұз байланады, олардың кейбірінің емдік қасиеттері бар. Ж. а. орманды және орманды-дала белдемдерінде орналасқан. Топырағы қызғылт қоңыр, карбонатты қара топырақты және шала күлгін топырақты. Мұнда қайың мен терек аралас ормандар, кейде қарағай аралас қайың шоқтарына және әр түрлі шөп аралас өскен селеулі-бетегелі далаға ауысады. Жануарлар дүниесінен орманды алқапта бұлан мен елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, далалы өңірде суыр, сарышұнақ, көлдерде ондатр, сан алуан су құстары (шағала, қаз, үйрек, аққу), жыртқыш құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, тұрымтай, жағалтай, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы мекендейді. А. ш. жерінің аум. 600 мың га, оның ішінде жыртылған жері 228,1 мың га, 69 мың га шабындық, 278,1 мың га жайылым. Негізінен егіншілік және мал ш-мен айналысады. Аудан жерімен батыстан шығысқа қарай мемл. маңызы бар Қостанай – Петропавловск автомоб. жолы, солт-тен оңт-ке қарай Қорған – Новоишим т. ж. өтеді.

Қызылжар ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан аудан. Қызылжар ауданы 1997 жылы Бескөл және Соколов аудандарының қосылу нәтижесiнде құрылған.    Ауданның аумағы 6,15 мың км2. Аудан орталығы – Бескөл ауылы. Облыс орталығымен аралығы 12 километр. Ауданда 20 ауылдық округ, 72 ауылдық елдi мекен бар.           Қызылжар ауданы қалаға жақын, негiзiнен Есiл өзенiнiң бойында орналасқан. Оңтүстiгiнде Есiл және М. Жұмабаев, шығысында Аққайың, батысында Мамлют аудандарымен және солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Түмен облысымен шектеседi.          Аудан негiзiнен орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Жер бедері жота-жонды, бел-бұйратты, тоғайлы-ойпаңды, жазық жерлер мен Есіл-Тобыл және Есіл-Ертіс өзендері аралықтарындағы Батыс Сібір жазығының көл шұңқырлары да жатады. Аудан аумағының бүкіл меридиандық бағытымен жайылмасында ескі арналары мен шығанақ-қойнауы мол Есіл өзені ағып жатыр. Оның аудан аумағындағы ұзындығы 166 км. Өзеннің кең аңғары шөптесінге бай, мұнда бетеге, боз, бидайық, сұлыбас, қалуен, жусан және басқа да азықтық, емдік шөп өседі. Ауданның аумағының 18%-ын орман қамтыған. Кейбір жер телімдерінде «Қазақстан Қызыл кітабына» енгізілген байырғы геологиялық дәуірдің реликті өсімдіктері сақталған. Ағаштан қайың, көктерек, сібір үйеңкісі, терек өседі. Бұталары: тал, итмұрын, шие, т.б. Жеуге жарамды саңырауқұлақ, жидектер бар. Хайуанаттар әлемі – бұлан, елік, қабан, қасқыр, түлкі, қоян, ондатра, т.б. Құстары: аққу, қаз, үйрек, бүркіт, тектестер, т.б. Өзен-көлдерінде шабақ, табан, алабұға, шортан, лақа, шаян өседі. «Қызыл кітапқа» ақ тышқан, елік, борсық, өсімдіктен – Шолпанкебіс, бұйра лалагүл, саз қазанағы, көктем жанаргүлі, ақ-тұңғиық, кәдімгі арша енгізілген. Ауданда Долматов ауылдық округінде Согров табиғи қорықшасы, Березовте – «Серебряный бор» орманы, т.б. республикалық деңгейдегі мемлекеттік табиғат ескерткіштері орналасқан.    2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 49,3 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 8,0 адам. Қызылжар ауданының халқы көпұлтты, басым бөлігін қазақстар мен орыстар құрайды. Олардан басқа немістер, украиндар, беларустер, татарлар, т.б. ұлт өкілдері бар. Ірі елді мекендері: Бескөл, Соколов, Архангел, Новокамен, Новоникол, Рассвет, Якорь, Боголюбов, Петерфельд, т.б.

Мамлют ауданы - Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк-батысында орналасқан, 1932 құрылды.         Аудан аймағы 4,10 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 25,1 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 6,1 адам. Батысында Жамбыл ауданымен, солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығысында және оңтүстiк-шығысында Қызылжар ауданымен, оңтүстiгiнде Есiл ауданымен шектесiп жатыр. Аудан орталығы Мамлютка қаласы, облыс орталығына дейiнгi қашықтық 41 километр. Ауданда - 11 ауылдық округ, 43 ауылдық елдi мекен бар. Мамлют ауданы Батыс Сібір ойпатының оңт-ндегі Есіл жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда жер бедері негізінен жазық. Тек оңт.-батыс жағы көл қазаншұңқырларының көптігіне байланысты ойлы-қырлы болып келеді. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың орташа ауа темп-расы — 18°С, аса суық күндері –50°С-қа дейін төмендейді. Жазы қоңыржай, ыстық, шілдедегі орташа ауа темп-расы 19°С, кейде 40 — 41°С-қа дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 мм. Мұнда 500-ге жуық көл бар, олардың 14-і ғана тұзды, қалғандары тұщы сулы. Жер қыртысы қара топырақты. Ауданның солт. жағын ормандар, оңт.-батысын астық тұқымдас шөптер жиі өсетін шоқ орманды дала белдемі алып жатыр. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, бұлғын, күзен, ақтышқан, ондатр, дала тышқандары, тұяқтылардан бұлан және елік, көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, көл жағалай қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, ормандарда бүркіт, ителгі, кезқұйрық, қаршыға, т.б. мекендейді. Аудан өсiмдiктерi бiркелкi емес: дала, дала-шалғынды, орманды болып келедi. Топырақтың негiзгi түр қара топырақты.       Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 219 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 17 - орта, 199 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 125 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Аудан облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 3,9%-ын өндiрген (9 338,7 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 1 370,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 2,0%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 108,0% құрайды.

Ғабит Мүсiрепов ауданы - Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстік-батысында Есiл жазығында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1969 жылы құрылды.             Аудан аймағы 11,1 мың км2. 2010 жылғы 1 қаңтарға ауданның халқының саны 48,2 мың адамды құрады. Ха-лықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 4,3 адам. 1997 жылы Целинный ауданына үш аудан қосылды, ал 2002 жылы ол 1170абит Мүсiрепов ауданы болып қайта аталды. Аудан орталығы - Новоишимка кентi, облыс орталығынан қашықтығы 270 километр. Ауданда 19 ауылдық округ, 68 ауылдық елдi мекен бар.       Аудан дала және орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Аудан аумағында (Есіл (ұзындығы 130 километр), Шырақ, Ақан-Бұрлық, Битүк, Шанақсай) өзендер және екi үлкен (Қалмакөл - 1258 га, Ұлыкөл - 1640 га) көл бар.        Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 383 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 9 - iрi, 48 - орта, 326 - шағын кәсiпорын. Олардан 150 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 231 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 13,7%-ы өндiрiлген (32 742,1 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 5 918,1 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 8,6%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 110,7% құрайды.

Тайынша ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының ауданы. Ауданның аумағы 11,43 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 56,6 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,0 адам. Аудан орталығы - Тайынша қаласы. Облыс орталығымен аралығы 150 километр.             Аудан орталығында 20 ауылдық округ, 90 ауылдық елдi мекен бар. Аудан негiзiнен дала зонасында орналасқан, ал оңтүстiгi және оңтүстiк-шығысы орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты.             Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 475 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 8 - iрi, 60 - орта, 407 - шағын кәсiпорындар. Олардан 171 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 302 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 13,5%-ы (32 237,5 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 6 355,0 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 9,3%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 123,0% құрайды.

Тимирязев ауданы- Солтүстік Қазақстан облысының ауданы. Облыстың оңтүстiк-батыс бөлігінде орналасқан, 1963 жылы құрылды.   Аудан аймағы 4,51 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 17,1 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 3,8 адам.           Климаты тым континенттік. Қаңтардағы аураның орташа температурасы –18°С, шілдеде 20°С. Аудан орталығы - Тимирязев селосы, облыс орталығымен аралығы 236 километр. Ауданда - 16 ауылдық округ, 25 ауылдық елдi мекен бар.             Аудан орман зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақ. Аудан аумағында 10 көл бар, олардың көлемi 85,5 м2. Москворецкий селолық округiнiң аумағында аудандағы ең үлкен көл "Как" көлi (37,5 м2) орналасқан. Жалпы білім беретін 26 мектеп, 1 кәсіптік-тех. мектеп, 9 клуб, 22 кітапхана бар. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 190 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 10 - орта, 179 - шағын кәсiпорындар. Олардан 97 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 93 - жеке меншiк нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,2%-ы өндiрiлген (12 499,1 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 512,8 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,7%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 101,9% құрайды.

Уәлиханов ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының ауданы. Уәлиханов ауданы 1928 жылы Қызылту ауданының негiзiнде құрылған. Аудан аймағы 12,88 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 23,2 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 1,8 адам. Әкiмшiлiк орталығы Кiшкенекөл кентi, облыс орталығы Петропавл қаласына дейiнгi қашықтық 340 километр.         Ауданда - 11 ауылдық округ, 33 ауылдық елдi мекен бар. Аудан Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында орналасқан. Солтүстiгi мен солтүстiк-шығысында Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығысында Павлодар облысымен, оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысында Ақмола облысымен, батысында Ақжар ауданымен шектесiп жатыр.       Аудан аумағы орманды дала зонасында орналасқан. Аудан аумағының топырағының бедерi негiзiнен әдеттегi оңтүстiктiң қара топырағы болып келедi. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 192 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 12 - орта, 178 - шағын кәсiпорындар. Олардан 89 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 103 - жеке меншiк нысанына жатады.  Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,3%-ы өндiрiлген (12 612,2 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 139,7 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,2%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 135,3% құрайды.

Шал ақын ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының ауданы. 1928 жылы Шал ақын ауданының қазiргi аумағында Рыков және Төңкерiс аудандары құрылды. 1930 жылы Төңкерiс ауданына жартылай таратылған Рыков ауданы қосылды. 1940 жылы аудан аты Октябрьский болып ауыстырылды, ал 1963 жылы Сергеев және 1999 жылғы 15 желтоқсанда Шал ақын ауданы болып қайта аталды. Ауданның әкiмшiлiк орталығы Сергеевка қаласы.    Аудан аймағы 4,84 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 26,3 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,4 адам. Ауданда - 12 ауылдық округ, 43 ауылдық елдi мекен бар. Облыс орталығы Петропавл қаласынан аудан шекарасына дейiн 138 километр, ал Сергеевка қаласына дейiн 174 километр. Солтүстiк аумағы - Жамбыл, батысы - Есiл, шығысы - Тимирязев, ал оңтүстiгiнен Айыртау және 1170.Мүсiрепов аудандарымен шектесiп жатыр. Ауданның аумағы арқылы Есiл өзенi ағып өтедi, оның бойында Сергеев су қоймасы орналасқан. Аудан аумағы орманды дала зонасында орналасқан, ол өзiнiң әр түрлi шөптерiмен және шала құрғатылған тегiс жазығымен әйгiлi.        Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты болып келедi және шалғынды қара топырақты қабат та кеңiнен орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары

 

Солтүстік Қазақстан  облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

 

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды. Ол кезде ол Керуенді көшесіндегі кішігірім үйде болды. 1968 жылы қазіргі атауы Конституция көшесінде орналасты. А.М. Чудовтың басшылығымен Қарағанды мен Целиноград суретшілерінің тобымен, өз кезінде Туби Лейбович Аркель көпестікі болған, 2 этажды оңаша үйге қайта жоспарлау және реканструкциялау жүргізілді. Жұмысқа әйгілі ғалымдар тартылды. 1949-50 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының 1-ші археологиялық картасын құрастырған көрнекті тарихшы - Евгения Тарленің шәкірті Александр Семеновтың СССР ғылым Академиясының археология ғылымының ғылыми сектор меңгерушісі, мұражайдың аға ғылыми қызметкері болды. Ол көптеген тарихшы-өлкетанушылар пайдаланған Петропавл туралы кітабының авторы. 1949-1951 жылдары Антонас Пошка есімді литва антропологы жұмыс істеді. Ол аймақтың табиғатын тануға үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта кешен Қазақстанның ең жақсы мұражайларының бірі болып табылады. Оның қорында 135 мыңнан астам экспонат сақталған. Солтүстік Қазақстан облысының табиғатымен, археологтардың тапқандарымен, переселендердің тұрмысымен танысуға болады және әр түрлі тарихи дәуірлеріне жататын залдарды тамашалауға болады

Мұражай 19 ғасырдың соңында  салынған сәулет өнерінің ескерткіштері  болып есептелетін бірнеше ғимараттарда орналасқан. Мұражайдың негізгі ғимараты бұрынғы саудагер Т. Л. Аркельдің  үйінде орналасқан, мұражайдың әкімшілігі, қор сақтау жері және кітапханасы  Стрелов көпестің бұрынғы дүкендері  мен қоймаларында орналасқан.

Мұражайда 2004–2005 жылдары  қазіргі дизайнға сәйкес қайта құру жұмыстары жүргізілді. Мұражайдың көлемі — 2400 шаршы метр, оның ішінде экспозициялығы — 2000 шаршы метр. Экспозиция 13 залда  орналасқан және жалпы тарихтық кезеңдер ескеріліп, көне кезден қазіргі кезге  дейін көрсетілген.

Мұражай кешенінің жөндеу жұмыстары Алматы қ. «Казреставрация» РМК, бастығы Тұяқбаев Қанат Қымызұлы жүргізді. Көркемдеу жұмыстарын Астана қ. «Дара» ЖШС, бастығы Жансүгіров Алмас  Дүзелханұлы жүргізді. Мұражай қайта  жасаудан кейін 2005 жылдың 27 қарашасында  ашылды.

Мұражайға келушілер Солтүстік  Қазақстанның археологиялық зерттеулерінің материалдарымен, өлкеміздің көне тарихы бойынша тамаша жәдігерлерімен таныса алады. Қазақ халқының этнографиясы және қазақ мемлекеттілігінің құрылу тарихы кеңінен көрсетілген. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары кезіндегі  дамуын көрсететін экспозиция біраз  жерді алған. Ол 3 залдан тұрады: «Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында», «Солтүстік Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында», «Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары». Құжаттардың, фотоматериалдардың негізінде  дамып келе жатқан экономика, қоғамды  демократияландыру, халықаралық қарым-қатынасы көрсетілген.

Мұражай қорында 350 мың жәдігер  бар. Мұражай өзінің топтамаларын экспедициялар  арқылы, басқа мұражайлармен айырбастау арқылы, қалалықтардың көмегі арқылы толықтырды. Мұражай мұражайлық топтамаларды өндеу бойынша әдіснаманы жетілдіру  үшін «Музеолог» бағдарламасын алды.

2006 жылдың 6 қыркүйегінде  мұражайға Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев келді,  ол Қазақстан облыстары мұражайларының  ішінде ең жақсы мұражай екенін  айтып жоғары баға берді. Ашылғаннан  кейін мұражайға Қазақстанның, Ресейден, Үндістаннан, Польшадан, Германиядан  мәртебелі қонақтар келді.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі. Мектеп оқушыларына, студенттерге арналған бағдарламалар дайындалған, оның құрамында  әр түрлі іс-шаралар бар:

  • «Өткенге жолдар» жобасы бай археологиялық топтамалардың негізінде өлкеміздің көне тарихын насихаттау міндеттерін шешеді.
  • «Туған табиғаттың тазалығы үшін» жобасы туған табиғат туралы тереңдете білу, оған сақтықпен қарауды шешеді.
  • «Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті» жобасы қазақ мәдениетінің бай мұрасын зерттеуді шешеді.
  • «Мәңгілікке қадам басқан» жобасы Ұлы Отан соғысы туралы әңгімелейді және патриоттық сезімге баулиды, 20 ғасырдың соғыстарын, ядерлік қару сынақтары туралы айтады.
  • «Халық күнтізбесінің мерекелері» жобасы әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен таныстырады, әр түрлі этностардың мәдениетіне құрметпен қарауға баулиды.

Информация о работе Солтүстік Қазақтан Мұражайлары