«Шарын шатқалы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:41, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм - бұл қазіргі адамдардың экскурсиялық-белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.

Содержание

Кіріспе 3
Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
Экскурсия қызметінің тарихи 5
Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 6
Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 11
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның кіріспесі 12
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен схемасы 14
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның қорытындысы 17
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 18
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Работа содержит 1 файл

Шарын шатқалы.doc

— 3.72 Мб (Скачать)

Шетен тоғайы Шарын  шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақ жерiнде - Қазақстан мен Солтүстiк Америкада ғана сақталған. 1964 жылдан бастап шетен тоғайы табиғат Ескерткiші деп жарияланды.    

Шарын шатқалындағы жер бедерi жаратылысының алуандығы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң мол болуына қолайлы жағдай жасаған. Мұндағы 1500 өсiмдiк түрiнiң 17-сi «Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына» енген. Ал жануарлар дүниесiнен сүтқоректiлердiң 62, ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрi бар.    

Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат  зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн – палеолит суретшiлерiнiң  жартасқа салған суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша  айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етедi (5 - Сурет), [16].

 

 

5 - Сурет - Шарын шатқалы

 

Қорытынды

 

«Экскурсиятану» пәні бойынша курстық жұмыс Шарын шатқалы бойынша менiң жеке маршрутымның өңдеуiн ескередi. Бұл экскурсияны құрастыру үшін мен ұлттық кітапхана материалдарын, Интернеттің әр түрлі сайттарынан, журналдар және газеттердiң периодты шығаруларын қолдандым.

Бұл экскурсияның мақсатын - экскурсанттарды өз елінің табиғатын сүюге тәрбиелеу және студенттердің мәдени ой өрiсiн кеңейттім деген ойдамын, себебі менің экскурсиям  мұндай дәрiсханаға тап есептелiнген. Міндеттері болып экскурсанттарды Алматы облысындағы негізгі көрікті орындармен (достопримечательностью), тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстырдым деп айталамын.

Дұрыс ұйымдастырылған  және мәнді өткізілген экскурсия  адамның денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы: ынта-ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей білу сезімі нығаяды, туристің ой-өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға үйренеді.

Қазіргі адамдарға  экскурсияны қоғамдық пайдалы жұмыспен, қоршаған ортаны танымдық мақсатпен танып-білумен қиыстыру тән болып келеді. Сондықтан да экскурсанттар өздерінің бағыттарына пайдалы қазбаларды іздестіруді, өздері барған ауданның табиғи ресурстарын зерттеуді, географиялық бақылауды енгізеді. Олар халықтар арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты жағдайлармен күреске қатысады.

Бүгінгі таңда  туризмнің кең тараған түрлерінің арасында экскурсияның келешегі өте-мөте зор екенін  сеніммен айта аламын.

Қазақстанның  ұшы-қиырсыз кең даласында экскурсияның саналуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Шөлейт кеңістік пен ормандар, ұшы-қиырсыз далалар мен қарлы таулар, қаптаған көлдер мен асау өзендер - бәрі Қазақстан.

«Экскурсиятану» пәні туризм саласы бойынша тек қана теориялық жағынан үйретіп қана қоймай, дәл соңы практика жүзінде көрсетеді.

Экскурсия жасағаннан кейін мен мынандай қорытынды  жасадым:

    1. Ең бірінші экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтап алу қажет;
    2. Тақырыпты таңдаудан алдағы экскурсияның тақырыбын ашу көзделеді;
    3. Экскурсиялық объектілерді таңдау мен талдау менің көп уақытымды алды. Объекттерді таңдағанда таңдалған тақырыпты ашуға мен олардың әрқайсысының маңызын ескеріп отырдым;
    4. Әдебиеттерді таңдау және библиографиялық тізім жасай білу;
    5. Экскурсия маршрутын құрастыра білу;
    6. Келесі кезең маршрутты айналып шығу, маршрут салынған объекттердің қай көшелердің қиылысында орналасқанын анықтау, топтың аялдайтын орны, экскурсияның уақыты анықталады және ең күшті нүктелерді таңдау объекттерді қарау үшін;
    7. Бақылау мәтінін дайындау білу;
    8. Және соңғысы, әдістемелік құралды құрастыру - осы экскурсияны қалай өткізу керек екендігін, архитектуралық ғимараттарлды көрсетуді ең жақсы ұйымдастыру, экскурсияның күшті дайындықпен өту үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолдану керек екендігін көрсететін құжат.

Әр туристік кәсіпорын өзінің қару-жарақ қоймасында бірнеше экскурсия түрлері болуы  қажет: тақырыптық немесе шолулық, экскурсанттарды  жергілікті көрікті орындармен, салт-дәстүрлерімен  таныстыру керек.

«Экскурсиятану» пәні бойынша курстық жұмыс Шарын шатқалы бойынша менiң жеке маршрутымның өңдеуiн ескередi. Бұл экскурсияны құрастыру үшін мен ұлттық кітапхана материалдарын, ғаламтордың әр түрлі сайттарынан мағлұматтарды қолдандым.

Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн  - палеолит суретшiлерiнiң жартасқа салған суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етедi.

«Шарын каньоны» - жаратылысында табиғи кешен. Ол Үлкен Колорадоның шағын түрі іспеттес. Ондаған және жүздеген метрлік биіктікке көтерілетін ертегідегідей қорғандардың қайталанбас мұнараларына, содан кейін каньонның түбіндегі адамдардың кішкентай мүсіндеріне қарап еріксіз ойға қаласың. Жердегі адамзат атаулының ролі, тарихтағы тұлғалар, табиғатпен үйлесімді өмір туралы ойланасың.

Біздің маршрут 1күндей уақытты алды. Дегенмен, экскурсия кезінде ол уақыт толығымен тек сіздің табиғатты тамашалап, жақсы көңіл-күйге арналады. Экскурсия кезінде  біз мынандай объекттерді көріп өтеміз: Көкпек - Кулджинский тракт - Сюгаты аңғары - Шарын.

Алматы облысындағы  Шарын шатқалының сұлу да көркем табиғаты, ағысты өзендері, таза ауасын, бүкіл әлемге танымал ғажайып шатқалдарды сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Мен өз курстық жұмысымда таңғажайып, сұлу, әдемі табиғи шатқалдар мен объекттерді анықта қанық түсіндіруге тырыстым. Менің қамтыған маршрутым ерекше, жалпы әр маршрут өзінің әсемділігімен ерекше, өйткені табиғат, ғажайып архитектуралық ғимараттар әрдайым өздерінің әдеміліктерін, ерекшеліктерін, байлықтарын ешқашан жоғалтпайды деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. «Экскурсиятану негіздері», Өскемен: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазасқтан Мемлекеттік Университеті, 2007ж;
  2. Емельянов Б.В. «Экскурсоведение. Учебное пособие». Мәскеу, 2002;
  3. М.В.Соколова «История туризма», М:«Академия», 2008;
  4. Савина Н.В., Горбылева З. «Экскурсоведение. Учебное пособие», Мәскеу, 2005;
  5. Геңевич      Н.А.      Основы      экскурсоведения.      Учебпое      пособие     для географических спеңиальностей вузов. Минск, 1988;
  6. Ягофаров Г.Ф.,  Тынчерова З.В.,  Саипов А.А.  Экскурсоведение.  Алматы, 2001;
  7. Савина Н.В. «Экскурсоведение. Учебное пособие». Мәскеу, 2009;
  8. Емельянов Б.В. Экскурсионное обслуживание населения. М., 1983;
  9. www.kondor-tour.kz/charyn_kazakh сайты;
  10. www.kz.nomad-kazakhstan.kz/816.html;
  11. http://almaty.gba.kz;
  12. Мақала авторы Екпін Сабырұлы, http://russian.xjts.cn;
  13. http://kokpekti.vko.gov.kz;
  14. http://dmk.kz;
  15. http://www.silkroadadventures.info/ru/Kazakhstan;
  16. http://kazgid.ru/?p=64

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе «Шарын шатқалы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу