«Шарын шатқалы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:41, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм - бұл қазіргі адамдардың экскурсиялық-белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.

Содержание

Кіріспе 3
Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
Экскурсия қызметінің тарихи 5
Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 6
Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 11
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның кіріспесі 12
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен схемасы 14
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның қорытындысы 17
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 18
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Работа содержит 1 файл

Шарын шатқалы.doc

— 3.72 Мб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

«Т. РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

 

 

 

 

«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті

«Туризм» кафедрасы

 

 

 

 

 

«Экскурсиятану» пәні бойынша

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Шарын шатқалы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

3 курс студенті, 341 топ __________________  Адамбаев Е.

Студенттің  қолы

 

Тексерген:

      _______________________ Бейсекей Е.

Ғылыми жетекшінің қолы

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012 ж.

 

Мазмұны

 

   

Бет.

 

Кіріспе

3

     

1

Экскурсиятанудың  негізгі теориялық аспектілері

 

1.1

Экскурсия қызметінің тарихи

5

1.2

Экскурсия және оның мәні мен мазмұны

6

1.3

Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі

11

     

2

«Шарын  шатқалы» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары

 

2.1

«Шарын  шатқалы» бойынша экскурсияның кіріспесі

12

2.2

«Шарын  шатқалы» бойынша экскурсия маршрутының  технологиялық картасы мен схемасы

14

2.3

«Шарын  шатқалы» бойынша экскурсияның қорытындысы

17

2.4

«Шарын  шатқалы» бойынша экскурсияның бақылау мәтіні

18

     
 

Қорытынды

28

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

30


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм - бұл қазіргі адамдардың экскурсиялық-белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.

Дұрыс ұйымдастырылған  және мәнді өткізілген экскурсия  адамның денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы: патриоттық, ынта-ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей білу сезімі нығаяды, экскурсанттың ой-өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға үйренеді.

Қазіргі адамдарға  демалысты қоғамдық пайдалы жұмыспен, қор-шаған ортаны белсенді танып-білумен  қиыстыру тән болып келеді. Сондықтан  да туристер өдерінің бағыттарына пайдалы  қазбаларды іздестіруді, өздері барған ауданның табиғи ресурстарын зерттеуді, географиялық бақылауды енгізеді. Олар халықтар арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты жағдайлармен күреске қатысады [1].

«Қазақстан 2030»  стратегиялық жоспарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев елдегі туризмді дамыту тақырыбын түртіп айтты. Бұл қызмет көрсету саласы жоғарыда айтылып кеткен жоспардың мақсаттарына жеткізетін  басым бағыт болады. Сондықтанда,  біз келешек туризм саласындағы маман болғандықтан, бұл құжатқа ерекше мән беруіміз керек.

Көптеген дүниежүзіндегі елдерде туризм жүйе ретінде дамып келеді, сол елдің және халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани және діни құндылықтарымен танысуға барлық мүмкіншіліктер бар және қазынаға пайда алып келеді. Бұл жүйе өте көп туристік қызмет көрсетулермен байланысқан жеке және заңды тұлғаларды «асырап» жатқанын айтып өтпеуге болмайды. Табыстың түбегейлі табысынан басқа, туризм елдiң мәртебесiнiң күшейтуiнiң қуатты факторларының бiрi болып табылады.

Әр туристік кәсіпорын өзінің қару-жарақ қоймасында бірнеше экскурсия түрлері болуы қажет: тақырыптық немесе шолулық, экскурсанттарды жергілікті көрікті орындармен, салт-дәстүрлерімен таныстыру керек.

«Экскурсиятану» пәні бойынша курстық жұмыс Шарын  шатқалы бойынша менiң жеке маршрутымның өңдеуiн ескередi. Бұл экскурсияны құрастыру үшін мен ұлттық кітапхана материалдарын, ғаламтордың әр түрлі сайттарынан мағлұматтарды қолдандым.

Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат  зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн – палеолит суретшiлерiнiң  жартасқа салған суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етедi.

«Шарын каньоны» - жаратылысында табиғи кешен. Ол Үлкен Колорадоның шағын түрі іспеттес. Ондаған және жүздеген метрлік биіктікке көтерілетін ертегідегідей қорғандардың қайталанбас мұнараларына, содан кейін каньонның түбіндегі адамдардың кішкентай мүсіндеріне қарап еріксіз ойға қаласың. Жердегі адамзат атаулының ролі, тарихтағы тұлғалар, табиғатпен үйлесімді өмір туралы ойланасың.

Біздің маршрут 1күндей уақытты алады. Дегенмен, экскурсия кезінде ол уақыт толығымен тек сіздің табиғатты тамашалап, жақсы көңіл-күйге арналады. Экскурсия кезінде  біз мынандай объекттерді көріп өтеміз: Көкпек - Кулджинский тракт - Сюгаты аңғары - Шарын.

Курстық жұмыстың мақсаты: экскурсиялық саяхаттарды және туризмнің барлық экскурсиялық түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу, туризмнің экскурсиялық түрлерінің әдіс-тәсілдерімен толық таныстыру, туризмдегі экскурсия және оның әдіс-тәсілдері ұғымдарын кең түрде қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • Туризмдегі экскурсия түрлерін қарастыру;
  • Транспорт экскурсиялары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін қарастыру және оларды ұйымдастыру;
  • Экскурсия түрлерін өткізуге болатын Шарын шатқалының негізгі объектілерін бөліп қарастыру;
  • Шарын шатқалының пайда болу тарихымен экскурсанттарды таныстыру;
  • Шарын шатқалының көрнекті де қызықты орындарына барып, эккурсанттарды ол жерлермен жақынырақ таныстыру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері

 

    1. Экскурсия қызметінің тарихи

 

«Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі.

Негізінен бұл  пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы 18-19ғғ енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928 жылы «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 жылы «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды [2].

Экскурсиялық  іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б.

Алғашқы экскурсияға  себепші болған өткен ғасырлардың  қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі  діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған.

Экскурсиятанудың  пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің  дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен  ғасырлардың белгілі мұғалімдері  экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған. Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу, айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға, шет ел курорттарына саяхат жасаған.

 «Экскурсия» сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне 19ғ енгізген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық», кейіннен «серуенге шығу», «жорық» деп белгіленген [3].

Экскурсия кезінде білім алу мақсаты 18ғ алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен.

    1. Экскурсия және оның мәні мен мазмұны

 

Экскурсия дегеніміз  латын тілінен аударғанда серуендеу деген мағынаны  білдіреді.  Экскурсияның  белгілері:

Экскурсияның  уақыт бойынша ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан  24 сағатқа  дейін  созылады.  1 сағат  = 45 минуттан  есептелінеді;

Экскурсанттардың  болуы.  Экскурсанттардың  саны  1-ден   70-ке дейін   болады. Экскурсовод - уақытша болатын елдегі  ресурстармен  таныстыру жөніндегі   туристерге  экскурсиялық  ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге        лайықты    біліктілігі    бар   кәсіби   даярланған    жеке    тұлға.

Экскурсант - бір жерге, елді мекенге немесе аймаққа, сол жердегі басқа   елге   туризм  мақсатында  жиырма  төрт  сағаттан  аспайтын  уақытқа уақытша   келген   жеке   тұлға.

Экскурсия маршруты тақырыпты толығымен ашатын және экскурсиондық  топты  алып журуге  көмектесетін ең оңай жол. Маршрут берілген экскурсияда көрсетілуі  керек объектілердің реттілігіне, аялдамалар санына, экскурсанттардың  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ыңғайластырып жасалады.  Маршруттың басты міндеттерінің бірі - тақырыптың  барынша толық ашылуына әсер ету.

Маршрут  құрастырушы   маршрутты құрастыру барысында ескеру керек негізгі талаптар - объектілерді көрсетуді логикалық реттілікпен ұйымдастыру және тақырыпты ашу үшін экскурсанттарға ыңғайлы көрініс негізін қамтамасыз ету.  Экскурсиондық мекемелер тәжірибесінде маршрут құрудың үш тәсілі бар: хронологиялық, тақырыптық, тақырыптық-хронологиялық. Хронологиялық маршрутты құрастырудың мысалы ретінде ұлы тұлғалардың өміріне арналған экскурсияларды айтуға болады. Ал тақырыптық тәсілде экскурсия құрастыру қала өміріндегі белгілі бір тақырыпты ашуға бағытталады [4].

Экскурсияда   көрсету   тәсілдері   объекті   бақылауды   жеңілдетеді.  Экскурсияның  объектінің  ерекшелігін  көрсетеді  және объектіні   бірнеше   бөліктерге   бөлініп   көрсете   алады.

Көрсету тәсілдері 7 түрге бөлінеді:

- Экскурсиондық   объектті  алдын  ала  көрсету.  Бұл тәсіл экскурсанттар  оъектінің   қасында  тұрғанда  қолданылады.  Алдын  ала  тәсілі  қарастырып  жатқан  объектің тарихын сонымен  байланысты  тарихи  оқиғаларды  қарастырады. Алдын ала көсету тәсілі экскурсиондық объектке баға береді. Егер де экскурсиондық объект табиғи ескерткіш болса, қоршаған ортаға баға беріледі. Экскурсанттар бұл тәсілде өздері экскурсоводтың көмегінсіз объектіні қарастыра алады. Алдын ала  көрсету тәсілінде объектіні көрсету, ақпарат берілумен бірге жүргізіледі.

- Панарама тәсілі. Бұл  тәсілде экскурсанттар объекттерді  биіктіктен көруге  мүмкіндігі  бар. Панарама тәсілін қолданған  кезде экскурсанттар бір ғана  объектті емес, бірнеше объектілерді  қарастырады. Экскурсовод панарама тәсілінің көмегімен  көптеген объектің ішінде жүргізіп жатқан экскурсияға байланысты объекті таңдап алып, экскурсанттарға көрсетеді.

-  Реконстукция  тәсілі. Экскурсиялық объектілер  экскурсовод алғашқы түрін сөзбен  айтып жеткізеді. 

Бұл тәсіл ескерткіштерді, ғимараттарды және мекемелерді көрсетке кезде қолданылады. Экскусовод объектіні көрсету алдында өзі сол объект туралы толық мәліметтерді жинап алу керек. Ғимараттарды көрсеткен кезде объектілердің сақталған бөліктерін көрсетіп, жетіспеген бөлігін сөзбен айтып жеткізеді. Егер объект толығымен жойылғанда экскурсовод порфелінің көмегімен объектіні көрсетеді. Егерде ескерткіштер, ғимараттар және туристік объектілер толығымен жойылса экскурсовод  объектілердің  ежелгі  көрінісін   экскурсантарға   айтып   жеткізеді.

-  Монтаж  тәсілі. Бұл тәсіл реканструкция  тәсіліне ұқсап келеді. Монтаж  тәсілінің көмегімен экскурсовод  бір объектіні көрсеткенде сол  объект туралы толық мәліметтерді  береді.

Информация о работе «Шарын шатқалы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу