«Шарын шатқалы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:41, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм - бұл қазіргі адамдардың экскурсиялық-белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.

Содержание

Кіріспе 3
Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
Экскурсия қызметінің тарихи 5
Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 6
Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 11
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның кіріспесі 12
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен схемасы 14
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның қорытындысы 17
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 18
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Работа содержит 1 файл

Шарын шатқалы.doc

— 3.72 Мб (Скачать)

Шарынның ең көркем жері негізгі жолдан он шақырым  жерде. Он шақырым жолдың көп жерде  кездеспейтін ойқыш-ұйқышы бар. Алғаш  барғанымда білместіктен «газға» басып, көлігімнің «ходовкасын» (кешіріңіздер қазақшалай алмаймын) босатып алғам. Жақсысы «внедоржниктер» дұрыс. Егер тасбақа жүріске төзіміңіз таусылмайтын болса, онда мәселе жоқ. Жол тегіс.

Шарын шатқалы  Алматыдан шығысқа қарай 200 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Оған iрiлi-кiшiлi көптеген өзендер келiп құйылады. 
Саяхатшылар үшiн Шарын шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды. Жергілікті халық бұл жерді «қорғанды қамалдар аңғары» деп атап кеткен. Аңғардың ұзындығы - 2 км, ені - 20-80 м. Шатқалды аралай жүріп, сіз осыдан 12 миллион жыл бұрынғы шөгiндi тау жыныстарынан пайда болған алуан түрлi таңғажайып көрiнiстердi көре аласыз. Миллиондаған жылдар бойы табиғаттың өзі осынау ұлы қорған қамалдары сияқты қайталанбас сәулет өнерiн дүниеге әкелген. 

Шарын шатқалы  Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзенмен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетен тоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinus potamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады. Шетен тоғайы Шарын шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақ жерiнде - Қазақстан мен Солтүстiк Америкада ғана сақталған. Шарын шатқалы - ең ірі экзотикалық орындардың бірі. “Қамалдар аңғары” атауымен мәлім Шарын шатқалы (Алматыдан 200) Талғардан шығысқа қарай 180 шақырым жерде, орналасқан.  “Жалмауыз кемпір шатқалы” және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Колорадодағы Гранд Каньонмен салыстырылатын Шарын арнасы көлемі жағынан шағын болса да, Әдемілігі бойынша орын бермейді.

Егер де сіздерде тақырыпқа қатысты сұрақтар туындаса, мен шын көңіліммен барлық сұрақтарыңызға жауап қайтарамын!

Мен үшін сіздермен  жұмыс істеген өте қызықты  болады.

Топтың алдын  ала бекітілген маршрут бойынша жүрген кезде тәртіптік және қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды еске саламын. Құрметті экскурсанттар, экскурсиялық топтан қатты артта қалуға немесе алдыға жүгіріп кетпеуге  тырысыңыздар. Себебі, жаяу экскурсия барысында топ ретінде жұмыс істегеніміз дұрыс болады, сонда барлық қызықты заттардан құр қалмайсыздар. Егер мәселелер немесе сұрақтар туындаса, маған келіп сұрасаңыздар болады, мен сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарыңызға жауап беремін. Ал, барлығын қысқаша түрде түсіндіріп өттім, енді экскурсиямызды бастауға болады.

Ендеше, ғажайып экскурсиямызды бастайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 «Шарын шатқалы» бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен схемасы

 

СХЕМА

 

 


 

 

 

      •   маршрут жолы

 

        -  аялдама


       -  маршрут бағыты


 

      1. -  Алматы қаласы

  • -  Құлжа трассасы
  • -  Көкпекті
  • -  Сөгет жазығы
  • -  Шарын шатқалы
  •  

     

     

    1-кесте – «Шарын шатқалы» экскурсиясының технологиялық картасы

     

    Маршрут

    Аялдама

    Көрсету объектілері

    Уақыт (мин)

    Экскурсия тақырыпшаларының атауы

    Ұйымдастырушылық нұсқаулар

    Әдістемелік нұсқаулар

    Алматы қаласы

    Сол жерде

    Орталық Стадионға дейін, жол бойындағы объекттермен қысқаша  таныстырып өту;

    45

     

    Кіріспе.

    Тақырыпша. Алматы – әсем қала.

    1. Алматы қаласы және оның тарихы, маңызды даталары.

    Топты жинап, тізім бойынша  тексеріп шығу, өзімді таныстыру, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

     

    Құлджа трассасы

    Сол жерде

    Жол бойындағы табиғат, табиғи көрініс

     

    30

    Тақырыпша.

    Құлджа трассасы

    1. Объект  туралы мағлұмат.

     

     

    Автобуста келе жатып, қысқаша шолу жасағаннан кейін, далаға шығып, табиғатпен, жолмен танысу. Топты объект барлығына көрінетіндей етіп тұрғызу.

     

    Объектті көрсету кезінде  алдын-ала бақылау әдісін қолдану  керек, оқиғаларды оқшау бөлікке  бөлу, әңгімелеу кезінде суреттеу әдісін қолдану керек.

    Көкпекті

     

    Сол жерде

    Базар, табиғаты, жолы

     

    60

    Тақырыпша.

    Тау арасындағы ғажайып  дүние.

    1. Объекттің қысқаша  тарихы.

    2. Көкпекті аудан туралы ақпарат.

     

    Экскурсанттарды жол  бойында орналасқан базарға шығарып, тамақтандырып, кішкене уақыт демалып, ары қарай жол жүруді жалғастыру;

    Әңгіме кезінде объектті алдын-ала көрсету және салыстыру  тәсілдері арқылы көрсету, назар  аудару тәсілін қолдану, және де суреттеу әдісін қолдану керек.

    1-кестенің жалғасы

    Сөгет жазығы

    Сол жерде

    Жазық табиғаты,

    тарихы

        30

     

    Тақырыпша.   Сөгеті  жазығы.

    1. Объект туралы мағлұмат.

     

    Автобуста келе жатып, қысқаша  шолу жасағаннан кейін, далаға шығып, табиғатпен, жолмен танысу.

     

    Экскурсанттар тобына локализация  және салыстыру әдістерін қолдана  отырып, суреттеме жасай отырып, Сөгет жазығы туралы әңгімелеу.

    Шарын шатқалы

    Сол жерде

    Шарын өзені, шатқалдар, табиғатын тамашалау

     

    120

    Тақырыпша.

    Шарын – Колорадоның  кіші бауыры.

    1.Объекттің тарихы,табиғаты, туралы мағлұмат.      2. Шарын өзені туралы мағлұмат.

     

    Автобустан экскурсанттарды шығарып, түгендеп, жүру аймағын көрсетіп, шатқалдарға қарай бет алу;

     

     

    Экскурсанттарға локализация  және салыстыру тәселдерін қолдана  отырып объектті көрсету,  топтың назарын  сол объектке аудара отырып, әңгімелеу  арқылы сол объектті суреттеу.


     

      1.  «Шарын шатқалы» экскурсиясының қортындысы

     

    Сонымен, біздің экскурсиямыз аяқталайын деп қалды. Бірақта сіздер біздің саяхатымызды бос уақыттарыңыз болғанда жалғастыруға біздің турфирма қол ұшын әрқашанда беруге дайын. Құрметті экскурсанттар, 1 күндік экскурсиямыз аяқталуға жақын, сондықтан, бүгінгі күні істеген, барған, көрген жерлеріміз туралы қысқаша тоқталып кетсем.

    Менің мақсатым сіздерді еліміздің ең сұлу табиғатымен толығымен және қызықты таныстыру болды. Және де мен өзіме кәміл сенемін, өз қызметімді толықтай тиянақты орындағаныма. Сіздер тек қана көрікті, сұлу, ғажайып орындарды көрген жоқсыздар, сонымен қоса сіздер дүниежүзіндегі екінші шатқал туралы өздеріңіздің білімдеріңізді толықтырдыңыздар. Сіздер, біздің Қазақстанымыздың  болашағы бола отырып, еліміздің осындай табиғи көрікті жерлерін бүгінгідей көргендей келекшекке осындай сұлу және көрікті түрінде сақтауларыңызыд сұраймын.

    Біздің маршрутымыз  көптеген қызықты объектілерді қамтыды, соның ішінде Алматы қаласы, Құлджа трассасы, Көкпек ауданы, Сөгет жазығы және ең басты объектіміз ол - Шарын. Олардың әлемдегі басқа танымал табиғи объекттерден өзіндік ерекшеліктерін айтып өттік. Мысалға:

    Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.

    Туризм саласының  дамуы арқасында шетел туристердің  саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде туристер саны - 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 20000-ға дейін өсті.

    Мамандардың айтуы  бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады.

    Шарын шатқалына  саяхат жасау кезінде біздер, Шарын шатқалының үстінен жүріп өттік, содан соң төмендегі Шарын өзеніне түсіп ағаштардың көлеңкесінде демалдық.                                            

    Шарын шатқалы  Қазақстан табиғатының інжу-маржаны  болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзенмен қоса шетендi тоғай  кіреді. Шетен тоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinus potamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады. Шетен тоғайы Шарын шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақ жерiнде – Қазақстан мен Солтүстiк Америкада ғана сақталған. Шарын шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. “Қамалдар аңғары” атауымен мәлім Шарын шатқалы (Алматыдан 200) Талғардан шығысқа қарай 180 шақырым жерде, орналасқан.  “Жалмауыз кемпір шатқалы” және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Колорадодағы Гранд Каньонмен салыстырылатын Шарын арнасы көлемі жағынан шағын болса да, Әдемілігі бойынша орын бермейді.

    Егер де сіздерде тақырыпқа қатысты сұрақтар туындаса, мен шын көңіліммен барлық сұрақтарыңызға жауап қайтарамын!

    Мен үшін сіздермен  жұмыс істеген өте қызықты  болды. Бүкіл экскурсия бойы назар  аударғандарыңыз үшін үлкен рахмет! Біз әлі соңғы реет кездеспейміз деп үміттенемін.

    Келесі кездескенше, құрметті достар!

     

    2.4 «Шарын шатқалы» экскурсиясының бақылау мәтіні

     

    Сәлеметсіздер ме, құрметті экскурсант-студенттер! Сіздерге экскурсия кезінде  «Фараб»      турфирмасының менеджері мен қызметкерлері қызмет етеді, мен - сіздердің экскурсаводтарыңызбын.      

    Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн - палеолит суретшiлерiнiң жартасқа салған суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етедi.

    «Шарын каньоны» - жаратылысында табиғи кешен. Ол Үлкен Колорадоның шағын түрі іспеттес. Ондаған және жүздеген метрлік биіктікке көтерілетін ертегідегідей қорғандардың қайталанбас мұнараларына, содан кейін каньонның түбіндегі адамдардың кішкентай мүсіндеріне қарап еріксіз ойға қаласың. Жердегі адамзат атаулының ролі, тарихтағы тұлғалар, табиғатпен үйлесімді өмір туралы ойланасың .

    Біздің маршрут 1күндей уақытты алады. Дегенмен, экскурсия кезінде ол уақыт толығымен тек сіздің табиғатты тамашалап, жақсы көңіл-күйге арналады. Экскурсия кезінде біз мынандай объекттерді көріп өтеміз: Көкпек - Кулджинский тракт - Сюгаты аңғары - Шарын.

    Алматы. Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.   Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде туристер саны - 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 20000-ға дейін өсті.   Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады.           

    Шетел мемлекеттерінің  Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті.        

    Алматы қаласын 2020 жылға дейінгі кезеңге дамытудың Бас жоспары қалада қолайлы тіршілік ортасын құру мен тұрақты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғат пен мәдени мұраны сақтау мақсатында Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлайтын негізгі құжат болып табылады.   Бас жоспар Алматы қаласының Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы функциясын, Алматы мен Алматы агломерациясы дамуының өзара байланыстылығын іске асыру ескеріле отырып әзірленген.   Бас жоспар қала инфрақұрылымының перспективті және бірінші кезектегі бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, табиғи кешендер аумағын сақтау мен дамыту, тұрғын үйлерді реконструкциялау мен өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс нысандарын дамыту, жан-жақты ретке келтіру және қала тіршілігін эстетикалық тұрғыда ұйымдастыру, Алматының әкімшілік аудандары мен басқа да ауқмақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарларын әзірлеу мен іске асыру, қаланы жоспарлау мен құрылыс жүргізу жобалары үшін негіз болып табылады.  

    Қосамын әнге атыңды 
    Тосамын әр хатыңды 
    Сағындым алма бағын 
    Арайлы Алматымды 
    Сағындым аққу үнді 
    Сағындым ақ гүлімді 
    Алматым, сайладың сен 
    Шабытты шаттығымды 
    Еске алу Көктөбені 
    Жаныма от береді 
    Алғашқы махаббатқа 
    Куәгер - Көктерегі 
    Әкелген бар бағымды 
    Сағындым таңдарыңды 
    Алматым, сені ойлаумен 
    Жалғадым арманымды, - деп Алматы қаласы

    бойынша экскурсиямызда біртіндеп аяқтаймын да, ары қарай  жолды жалғастырамын.

    Алматы қаласын  дамытудың Бас жоспарының басты мақсаты -экологиялық жағынан қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік жағынан ыңғайлы тіршілік ету ортасын құруға бағытталған кешенді қала құрылысы іс-шараларын жүргізу (1-сурет), [11].

     

    1 - Сурет - Алматы қаласы

     

    Құлжа қаласы. Қытайдың Шинжяңындағы бау-бақшалы қала Құлжаның жері құнарлы, суы мол, байлығы шалқығаноның «Қиырдағы жер жәннаты», «алма мекені», «тұлпар мекені» деген әдемі аттары бар.

    Құлжа қаласының  «бау-бақшалы қала» деген аты  бар. Құлжа қаласы – Іле Қазақ  автономиялы облысының (ІҚАО) саяси, экономика, мәдениет, қатынас орталығы. Үрімжі қаласынан тасжол желісі бойынша 702 ш қашық осы қала ШҰАР-дың батыс бөлегіне, Іле аңғарының орта бөлегіне, Іле өзенінің терістік жағалауына орналасқан. Шығыста Құлжа ауданымен, түстікте Шапшал Сібе автономиялы ауданымен (ШСАА) шектессе, терістік-батыста Қорғас ауданымен жалғасады. Жерінің терістігі биік, түстігі аласа, терістігі Көгершін тауы, ал түстігі Іле өзенінің тұнба жазығы, Іле өзені қаланың оңтүстік жағынан өтеді. Қоңыржай белдеудің қуаңдау климатына жатады, қысы жылы, жазы салқын. Қалада ұйғыр, қытай, қазақ, дүңген, моңғол, сібе, өзбек, орыс сияқты 35 ұлттың өкілдері тұрады.

    Информация о работе «Шарын шатқалы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу