Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:41, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм - бұл қазіргі адамдардың экскурсиялық-белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.
Кіріспе 3
Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
Экскурсия қызметінің тарихи 5
Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 6
Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 11
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның кіріспесі 12
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен схемасы 14
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның қорытындысы 17
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 18
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
- Локализация тәсілі. Бұл тәсілдің көмегімен туристердің назарын бір объектіге немесе сол объектінің бір бөлігіне көңіл аударады.
- Обстрагирование
тәсілі. Обстрагирование тәсілдерін
қолданып экскурсовод
- Салыстыру
тәсілі. Салыстыру тәсілінде
Бизнес жоспар - экскурсиялық жұмыстың негізгі құжаты. Бизнес жоспарды экскурсияның жаңа тақырыптары экскурсияға берілген уақыты және әртүрлі нұсқаулар қарастырылады. Бизнес жоспарды жазу үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелген соң фирманың меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың қызметшілеріне жаңа экскурсияның дайындалу уақыты, мақсаты және экскурсияға жауапты адамдар тағайындайды.
Жаңа экскурсияның мақсаты мен міндеттері анықталады. Экскурсияның негізгі мақсаты туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиондық ұйымның негізгі мақсаты табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды ақпаратты және табысты болуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді атқару керек:
Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі талаптарлдан тұрады:
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты экскурсияның тақырыбына байланысты болу керек.
Экскурсиондық объектілерді таңдау. Экскурсияның объектілер келесі түрлерге бөлінеді:
- тарихи;
- табиғи;
- археологиялық;
- архитектуралық;
- мәдени;
- құжаттық;
Экскурсиялық объектілердің классификациясы:
Мазмұны бойынша - экскусиондық объектілер бір жоспарлы және көп жоспарлы болып екі түрге бөлінеді.
Функциондық қызметі бойынша - экскурсиондық объектілер негізгі, қосымша болып екіге бөлінеді.
Сақталу дәрежесі бойынша - экскурсияның объектілері келесі түрлерге бөлінеді:
Экскурсиялық объектілерді таңдап алу принциптері . Объект атақты, данқты, көрнекті болуы керек. Сонымен бірге танымды мәнерлі, оналасу орны бойынша, уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.
Жол ақпарат дайындаудағы негізгі пунктер:
Жол ақпаратты дайындауға қажетті құжаттар:
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі экскурсия бойынша қолданылатын барлық кітаптардың, газет журналдардың тізімі болуы керек.
Объектінің құжаты қарастырылып жатқан зерттеу объектіге толық сипаттама беретін мәліметтер объектің құжатын жазған кезде келесідей мәселелер қарастырады:
Жаңа экскурсияны дайындау.
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты экскурсияның тақырыбына байланысты болуы керек.
4. Экскурсияға қажетті ақпаратты таңдап алу. Экскурсияға қажетті ақпаратар екі түрге бөлінеді:
Экскурсияға қажетті ақпараттарды кітапханалардан, музейлерден, газет-журналдардан, архивтен, интернеттен ашуға болады.
5. Экскурсиондық
объектілерлі таңдау. Экскурсиондық
объектілер келесі түрлерге
Экскурсиондық объектілер классификациясы:
1) мазмұны бойынша
экскурсиондық объектілер бір
жоспарлы және көпжоспарлы
2) функциялық
қызметі бойынша экскурсиондық
объектілер негізгі және
3) сақталу дәрежесі
бойынша экскурсиондық
4) экскурсиондық
объектілерді таңдап алу
5) маршрутты құрастыру. Экскурсиондық маршрутты құрастырудың үш түрі бар:
6) Маршрутты
айналып өту. Экскурсияны
7) Контрольді
текстте экскурсия бойынша
8) Экскурсоводтың
портфелі. Портфель ішінде суреттер,
көшелердің схемеалары, жануарлардың
суреттеріғимараттардың
9) Технологиялық
карта. Оның бірінші парағында
экскурсияны дайындаған
1.3 Қазақстан
Республикасындағы экскурсия
Қазіргі кезеңде экскурсиялық қызметтер саудасының қарқынды дамыған халықаралық формасына айналуда.Соңғы 20 жылда әлемде туристік қызметтің жылдық өсімі 5,1%, ал одан түсетін валюталық түсім көлемі 14% құраған. БҰҰ анықтамасына сай 2010-2025 ж.ж әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттеріне круиздер, тақырыптық парктер, мәдени туризм, спорт, саяжай демалыстары жатады.Осы кезде туристер саны 1561,1млн болуы қажет. Бұл мәселелер Қазақстан үшін өте маңызды болып саналады. Себебі Қазақстанда және оның аймақтарында туристік-экскурсиялық дамытуға табиғаттың тартымды жерлері жеткілікті. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған.
Қазақстандағы алғашқы туристік-экскурсиялық ұйымдар 20-ғасырдың 20-30 жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристік-экскурсиялық жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм жэне экскурсия Қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғаш төрағасы В.Г. Горбунов сайланды. Күйгенсай шатқалында туристер үшін 1936 ж. республикадағы ең алғашқы 50 кісілік «Горельник» турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды және осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталығына қайта өрлеу, түрік тілдес мемлекеттерінің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды.
Қазақстанда экскурсияның барлық түрлері этно, экология, денсаулық,сауықтыру балалар,спорттық,аң аулау,балық аулау,атпен серуендеу бойынша жүргізіледі.Бұл үшін Қазақстан аумағында 900-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген.Қазақстандағы туристік ресурстарға-туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін күшейтуге, сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады.
Алматы облысындағы Шарын шатқалының сұлу да көркем табиғаты, ағысты өзендері, таза ауасын, бүкіл әлемге танымал ғажайып шатқалдарды сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Мен өз курстық жұмысымда таңғажайып, сұлу, әдемі табиғи шатқалдар мен объекттерді анықта қанық түсіндіруге тырыстым. Менің қамтыған маршрутым ерекше, жалпы әр маршрут өзінің әсемділігімен ерекше, өйткені табиғат, ғажайып архитектуралық ғимараттар әрдайым өздерінің әдеміліктерін, ерекшеліктерін, байлықтарын ешқашан жоғалтпайды деген ойдамын.
2 «Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
2.1 «Шарын шатқалы» экскурсиясының кіріспесі
Сәлеметсіздер ме, құрметті экскурсант-студенттер! Сіздерге экскурсия кезінде «Фараб» турфирмасының менеджері мен қызметкерлері қызмет етеді, мен - сіздердің экскурсаводтарыңызбын.
Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн - палеолит суретшiлерiнiң жартасқа салған суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етедi [9].
«Шарын каньоны» - жаратылысында табиғи кешен. Ол Үлкен Колорадоның шағын түрі іспеттес. Ондаған және жүздеген метрлік биіктікке көтерілетін ертегідегідей қорғандардың қайталанбас мұнараларына, содан кейін каньонның түбіндегі адамдардың кішкентай мүсіндеріне қарап еріксіз ойға қаласың. Жердегі адамзат атаулының ролі, тарихтағы тұлғалар, табиғатпен үйлесімді өмір туралы ойланасың [10].
Біздің маршрут 1күндей уақытты алады. Дегенмен, экскурсия кезінде ол уақыт толығымен тек сіздің табиғатты тамашалап, жақсы көңіл-күйге арналады. Экскурсия кезінде біз мынандай объекттерді көріп өтеміз: Көкпек - Кулджинский тракт - Сюгаты аңғары - Шарын.
Табиғат жақұтын көргенде көңіліңіз керемет бір сезімге бөленбей қоймайды. Әлемде АҚШ пен Қазақстан және Ресей аумағында ғана кездесетін мұндай әсем жерімен әр қазақ мақтануы керек. Жаз айларында аптаған ыстық жайлаған жер жәннаты қыста қар баспайтын аса ғажап күйге енеді.
Информация о работе «Шарын шатқалы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу