Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 10:55, отчет по практике
Практиканың міндеттері.
– қонақ үй жұмысымен жақынырақ танысу;
– қонақүйдің туризмдегі орнын бағалау;
– брондау бағдарламаларымен танысу,онымен қолдануды үйрену,оның ішінде авиабилеттерді және қонақ үйлерде номерлерді брондау;
– 4 жыл оқыған пәндер бойынша теориялық негіздерді практика жүзінде іске асыру;
– барлық бағдарламалар мен іс қағаздарды практика басталғаннан бастап аяқталғанға дейін танысып үлгеру,толтыру ережелерін қадағалау.
– негізгі туризмге қатысты терминдерді қайталау;
«Спутник- Казахстан» ХТК өз қызметінде жарнаманың келесідей түрлерін қолданады: ақпарат құралдарындағы жарнама, басылынған жарнама, фирмалық каталогтар, проспектілер мен брошюралар, буклеттер.
«Спутник- Казахстан» ХТК өз қызметін көрмелерде қатысу арқылы жандандыра түсті. Халықаралық деңгейде жай ғана жарнама емес, халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу қажет. Туризмде көрмелердің келесідей түрлерін бөліп көрсетеді:
«Спутник- Казахстан» ХТК- ның шетелдік туристік агенттіктермен келісім жасасуы оларды жарнамалық материалдармен қамтумен үйлеседі. Бірақ шетелдік ақпарат құралдарында жарнама бағасы тым жоғары болғандықтан, бұл шара іске аспайды. Әрине болашақта бұл жайды қолға алу керек.
Жарнама материалдарын құрастыруда да біршама кемшіліктер бар, оның мазмұны турситік объектінің ерекшелігін әрдайым ашып көрсетпейді. Материал жалпыланған және инфрақұрылым суреттелмеген (жолдар сапасы, медициналық қызмет көрсету, сақтандыру), ал бұл шетелдік туристер үшін маңызды болып табылады.
«Спутник- Казахстан» ХТК- да маркетинг бюджеті жоспарланбайды, ал маркетингке қалдықтық принцип бойынша қаржы бөлінеді, негізінен жарнамаға.
Маркетингтік жоспарды жасау үшін маркетинг мақсаттары мен стратегиясын анықтау қажет. «Спутник- Казахстан» ХТК өз штатына маркетолог мамандарды алып немесе екі менеджерді маркетологқа ауыстыруы қажет, өткізуді ынталандыруға көбірек қаржы жұмсап, жарнама мен өткізуді ұйымдастыруға қаржы көлемін көбейтуі қажет. Маркетинг бюджетін қалыптастыру ресурстарды бөлуде тиімді шешім қабылдауға және бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Маркетинг бюджетінің құрылымы кесте 8 көрсетілген ( Кесте 3)
Кесте 3
«Спутник- Казахстан» ХТК- ның 2010 жылға маркетинг бюджетінің жоспары
Көрсеткіштер |
Сомасы, Теңге |
Үлесі, % |
Турларды сатудан түскен табыс |
10280000 |
100 |
Маркетингтік шығындар: Жарнама |
205600 |
2,0 |
Өткізуді ұйымдастыру |
462600 |
4,5 |
Өнімді жылжыту, бөлу және тұтынушыларға қызмет көрсету шығындары |
668200 |
6,5 |
Маркетологтың еңбекақысы |
370080 |
3,6 |
Ақпараттың құны |
223360 |
1,2 |
Маркетингтік шығындар сомасы |
1929840 |
18,7 |
Бюджетті жоспарлау
- турагенттіктің халықаралық
туристік жәрмеңкелер мен
- турагенттік
қызметінде кең тараған
ҚОРЫТЫНДЫ
Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың 6 %, дүниежүзілік инвестицияның 7 %, әрбір 16 жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының 11 % және барлық салық түсімдерінің 5 % туризм саласы қамтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігінің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.
Қазақстандағы
туристік қызметтер нарығында
«Спутник- Казахстан» ХТК туристік қызметтердің кең көлемдегі спектрін ұсынады: туристерді шетелге жібереді.
«Спутник- Казахстан» ХТК өз қызметінде маркетингтің жеке элементтерін, яғни жарнама мен өткізуді ынталандырудың жеке құралдарын қолданады.
Әлемдік туристік ұйымның анықтағаны бойынша, туризм тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік, мәдени, экологиялық және саяси құбылыс болып табылады. Осыған орай, туристік маркетингті жоғарыда айтылған факторларды ескере отырып қолдану керек. Сонда ғана ол туристік фирамалар мен туристердің қажеттіліктерінің кең көлемде ескерілуіне септігін тигізеді.
Маркетингтің мақсаты – фирма ұсынатын қызметтерге нақты және жасырын сұранысты анықтап, фирманың бар ынтасын осы қызметтерді өндіру, қайта бөлу, өткізу және жылжытуға бағыттау. Яғни, туристік маркетинг турфирманың туристік өнімдері мен қызметін өткізу нарығын кеңейту мақсатында турфирма әкімшілігімен жүзеге асырылатын функциялардың жиынтығы болып табылады.
Ең алдымен, туристік фирма өз қызметінде маркетинг концепциясына сүйенуі керек. Қызметкерлер құрамында маркетолог маманның болуы маркетингтік шараларды жоспарлап, оларды нақты тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Туристік фирма өз қызметінде баға бойынша жылжытудың маркетингтік стратегиясын қолдануы керек, яғни бағаны уәделеу – турфирма сатылған турлар басқа жерде және төмен бағамен сатып алуының мүмкіндігімен келіседі; саудалық привилегия – егер тұтынушылар шығынға ұшыраған туроператордан турды сатып алған болса, ақшаны қайтарып беру кепілі, демалудың жекелей түрлеріне деген тұтынушылар қажеттіліктерін ескеру, іскерлік сапарларға шақыру.
Дипломдық жұмыста жүргізілген талдаулар туристік агенттік қызметіндегі біршама осал жерлерді табуға мүмкіндік тудырды, яғни бөлшек саудадағы, тур бағдарламасындағы жағымдылық, тартымдылық деңгейінің төменділігі, салыстырмалы жоғары баға сияқты осал жерлерді табуға мүмкіндік тудырды.
Туристік қызметтегі жарнаманың рөлі анықталып, өткізуді ынталандырудың тиімді құралдары ұсынылған.
«Спутник- Казахстан» ХТК қызметінің экономикалық көрсеткіштері талданып, талдау негізінде туристік агенттіктің тиімділігін арттыру жолдары және жолдамаларды өткізудің құрылымын өзгерту керектігі анықталды.
Жалпы, «Спутник- Казахстан» ХТК қызметінде осал жерлер бар болғанымен, маркетингті қолдану арқылы экономикалық көрсеткіштерді тұрақтандырып, негізгі басымдылықтарды анықтап, қызметін жүйелендіріп, белсенділікті жоғарлатуға және бәсекелестер алдында артықшылықтарға жетуге мүмкіндік береді.
Бұл турагенттікті таңдай себебім:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Попов. В. И. Рекреационная оценка.– Алматы, 2000.-529 б.
2 Шабельникова С.А. Оценка рекреационных ресурсов Республики Казахстан для целей развития отдыха и туризма: Алматы , 2000.420б.
3 Мазбаев О.Б. Туризм және өлкетану негіздері: оқу құралы Мазбаев-Алматы: Қаз ҰПУ, 2006-220 б.
4 Мусин. К.Н Международный туризм: современная тенденция мире и Казахстане , Алматы, 1998- 398б.
5 Туристік- экскурсиялық және туристерге орналастыру қызметін көрсету жөніндегі қызметтерді сертификаттаудың тәртібі: Ресми басылым. – Астана: 2002,№15
6 Туристік қызмет туралы. Заң актілерінің жиынтығы – Алматы: 2006
7 Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері. –Алматы: Қазақ Университеті, 2004.-78
10 www.tourizm-dini.kz
11 www.islam-kajilik.kz
12 www.azia//malayzia.com