Отчет по практики в турфирме

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 10:55, отчет по практике

Описание работы

Практиканың міндеттері.
– қонақ үй жұмысымен жақынырақ танысу;
– қонақүйдің туризмдегі орнын бағалау;
– брондау бағдарламаларымен танысу,онымен қолдануды үйрену,оның ішінде авиабилеттерді және қонақ үйлерде номерлерді брондау;
– 4 жыл оқыған пәндер бойынша теориялық негіздерді практика жүзінде іске асыру;
– барлық бағдарламалар мен іс қағаздарды практика басталғаннан бастап аяқталғанға дейін танысып үлгеру,толтыру ережелерін қадағалау.
– негізгі туризмге қатысты терминдерді қайталау;

Работа содержит 1 файл

Uldana.doc

— 479.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

                                                                         

 

 

 

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫ ӨТУ ТУРАЛЫ

ЕСЕП

«СПУТНИК- КАЗАХСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

050902- “ Туризм”  мамандығы

күндізгі оқу  бөлімінің 

4 курс студенті  Мырхамидова У.М.

 

 

 

Практика жетекшісі : Жұмаділов А.Р_______

«___»_____________2012ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Практиканың мақсаты. Студенттің 4 жыл оқу мерзіміндегі алған теориялық тәжірбесін практика жүзінде іске асыру.

Практиканың міндеттері.

  • қонақ үй жұмысымен жақынырақ танысу;
  • қонақүйдің туризмдегі орнын бағалау;  
  •     брондау бағдарламаларымен танысу,онымен қолдануды үйрену,оның ішінде авиабилеттерді және қонақ үйлерде номерлерді брондау;
  • 4 жыл оқыған пәндер бойынша теориялық негіздерді практика жүзінде іске асыру;
  • барлық бағдарламалар мен іс қағаздарды практика басталғаннан бастап аяқталғанға дейін танысып үлгеру,толтыру ережелерін қадағалау.
  • негізгі туризмге қатысты терминдерді қайталау;

Практиканы  өткен орын.

«СПУТНИК- КАЗАХСТАН» Халықаралық туристік компаниясы. Фирма тарихы 1958 жылдан басталды. Алғашында “СПУТНИК” халықаралық жастар туризм бюросы болса, қазіргі уақытта “СПУТНИК - КАЗАХСТАН” халықаралық туристік компаниясы атымен белгілі. Компания эмблемасы көк түсті Жер шары мен Орбитаны білдіреді. Бұл жастар, студенттер, оқушылар туристік ұйымына “СПУТНИК” атауының берілу себебі, сол уақытта Кеңес Одағында 1957 жылы қазанда Жердің Жасанды Серігінің ұшырылуымен байланысты болды. «Спутник- Казахстан» ХТК-ның ұйымдық- құрылымдық формасы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады және  ҚР Азаматтық кодексі мен 1995 жылдың 2 мамырында шыққан, заңдық күші бар “Шаруашылық серіктестіктер туралы” ҚР Президентінің жарлығына, 28 сәуірде жарық көрген ҚР “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” Заңына  сәйкес құрылған.     Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бұл белгілі бір коммерциялық мақсаттарды іске асырумен байланысты еркін мүліктік ұйым. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және кәсіпорынның шығынға ұшырау жағдайында тек өз салымдары бойынша ғана жауап береді. Серіктестіктің қаржылық қоры  қатысушылардың жарғылық қорға мүліктік және ақшалай формадағы салымдары, шаруашылық қызметтен түскен табыс, банк кредиттері және заңдармен шектелмеген басқа да табыс түрлері арқылы қалыптасады. Қазақстанда туристік бизнесті дамыту үшін лицензияның үш категориясы қолданылады.

 

 
Практиканы өткен мерзімі. 30 қаңтардан 18 ақпанға дейін.

Практиканы  өткен кезде тек дүйсенбіден  жұма күнге дейін қатыстым.

 

 

1 «СПУТНИК- КАЗАХСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

 Туристік  қызметтер нарығында «Спутник- Казахстан» ХТК- сы  туроператордың да, турагенттің де қызметін атқарады, яғни турларды жинақтайды, отандық және шетелдік контрагенттермен шарттар жасасады, турдың бағасын белгілейді, турлар бағдарламасын құрып, оларды тұтынушыларға өткізеді.

Компанияның негізгі стратегиялық мақсаты – діни туризм бағытында барлық түрлері бойынша қызмет көрсету,яғни қажылық туризм,ұмра,сонымен қатар келесідей қызметтерді атқарады: барлық бағытқа авиабилеттер,семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру,халал туризм,туристік саяхаттарды ұйымдастыру,қонақ үйлерді брондау,визалық қолдау көрсету,сақтандырумен айналысады.

«Спутник- Казахстан» ХТК-ның ұйымдық- құрылымдық формасы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады және  ҚР Азаматтық кодексі мен 1995 жылдың 2 мамырында шыққан, заңдық күші бар “Шаруашылық серіктестіктер туралы” ҚР Президентінің жарлығына, 28 сәуірде жарық көрген ҚР “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” Заңына  сәйкес құрылған.     Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бұл белгілі бір коммерциялық мақсаттарды іске асырумен байланысты еркін мүліктік ұйым. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және кәсіпорынның шығынға ұшырау жағдайында тек өз салымдары бойынша ғана жауап береді. Серіктестіктің қаржылық қоры  қатысушылардың жарғылық қорға мүліктік және ақшалай формадағы салымдары, шаруашылық қызметтен түскен табыс, банк кредиттері және заңдармен шектелмеген басқа да табыс түрлері арқылы қалыптасады. Қазақстанда туристік бизнесті дамыту үшін лицензияның үш категориясы қолданылады.

«Спутник- Казахстан» ХТК –сы «А» категориясындағы лицензияға ие. Бұл лицензия түрі келесідей қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді:

  • Қазақстан азаматтарына қызмет көрсету және шетелдік туристерді қабылдау;
  • Қазақстан азаматтарының шетелге туристік саяхаттарын ұйымдастыру; транзиттік шетелдік туристерге қызмет көрсету;
  • ішкі туризмді ұйымдастыру.

«Спутник- Казахстан» ХТК –сы діни туризмді дамытумен айналысады, яғни осы елден Сауд Арабия мемлекетіне туристерге арнайы турпакет құрайды. Алайда өз жарғысына сәйкес, көрсететін қызмет түрлерін арртыруға мүмкіндігі бар.

«Спутник- Казахстан» ХТК басшысы компанияның стратегиялық тұрғыдағы дамуының жоғарғы қарқынын қамтамасыз ету, турфирманың бәсеке қабілеттілігін жоғарлату, ұжымды басқару, турфирманың қаржы – экономикалық қызметін бақылау, барлық бөлімшелер қызметін ұйымдастыру сияқты қызметтерді атқарады.

Директордың орнын  басушы негізінен ұйымдастырушылық және әкімшілік сұрақтармен айналысады, яғни кадрларды таңдау, қызметкерлерді жұмысқа алу және жұмыстан шығару,келісімдер мен шарттар жасасу, банкте шоттар ашу, турфирма қызметкерлерінің өз жұмыстарының дұрыс орындалуын бақылау.

«Спутник- Казахстан» ХТК құрылымында сегіз бөлімше бар. Барлық бөлімшелердің қызметі бір – бірімен байланысты және бөлімшелер арасында ақпараттың алмасуына мүмкіндік тудырады.

Бөлімшенің  қызметінде әрбір тұтынушыға индивидуалды бағдарлама бойынша қызмет көрсету, яғни эксклюзивті турларды жасақтау маңызды орынға ие. Бұл бөлімше топтарды жасақтап, құжаттарды жинау, турдың маршруттарын анықтау, топ жетекшілерімен байланыс орнату, келісімшарт жасасу және ваучерлерді құжаттау сияқты қызметтерді атқарады. Туристік қызметтердің толық көлемде және белгіленген бағдарлама бойынша уақытында көрсетілуі қажылық  туризм бөлімшесінің құзырында.

Авиациялық  бөлімше турагенттіктің тұтынушыларына және өзге де тұтынушыларға қызмет көрсетеді. Бұл бөлімшеде туристерді әуе билеттерімен қамтамасыз ету, әуе компанияларымен келісім жасау, чартерлік рейстер мен блок – чартерлерді ұйымдастыру сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Турагенттік құрамында  жеке елдерге сапарларды ұйымдастыруға  маманданған бөлімшелер бар. Осындай  бөлімшенің бірі – Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) туристік сапарларды ұйымдастыру бөлімшесі. Бұл бөлімшеде БАӘ - не жолдамалар мен ваучерлер жасалады, БАӘ - нің туристік агенттіктері, қонақүйлерімен келісімдер мен шарттар жасалады. Бөлімшеде кең спектрлі қызметтер көрсетіледі: рекреациондық , танымдық турлар, шоп – турлар және аралас турлар бойынша. Негізгі ерекшелігі – бұл бағалардың арзан болуы [1].

Паспорттық  бөлімше визалық, төл құжаттарды рәсімдеумен айналысады және бұл  бөлімшеде виза мен шақырулардың барлық түрлері рәсімделеді, соның ішінде “шенгендік виза” да бар. Визалық қолдаудың негізгі ерекшелігі – визаны рәсімдеу уақыты қысқарады және визаны рәсімдеу төлемдері оған кеткен уақытқа байланысты дифференциалданады.

 «Спутник- Казахстан»  ХТК қаржы –экономикалық қызметін есеп беру бөлімшесі атқарады. Есеп беру бөлімшесі ақша операцияларының есебін жүргізіп, жалақы беру, төлемдік міндеттемелерді толтырып, түсімді банк шоттарына ауыстырады. Аға – есепші – Директордан кейін екінші болып қол қоюға құқығы бар, материалды жауапты тұлға. Сонымен қоса, бұл бөлімше қаржы менеджменті сұрақтарымен де айналысады және өз қызметінде механизация мен автоматизация құралдарын, бухгалтерлік есептің программалық формалары мен әдістерін қолданады.

«Спутник- Казахстан» ХТК қарамағында интернетке қосылу, қажетті ақпаратты алу, телефондық байланыс және телекоммуникацияларды қолдану және орнатумен айналысатын бөлімше бар. Бұл бөлімше барлық бөлімшелерді ақпаратпен қамтып отырады. Бұл бөлімшені құру қажеттілігі турагенттіктің үнемі қызметтер спектрінің, жеке сапарлар географиясының кеңеюімен анықталады.

Осындай үлкен  ұйымдық құрылымға ие бола тұра, «Спутник- Казахстан» ХТК- да маркетинг бөлімшесі жоқ . Турагенттік штатында маркетолог маман жоқ, маркетингтің жеке функцияларын сату бойынша менеджерлер атқарады және олар негізінен жарнама сұрақтарымен, туристік – экскурсиондық қызметтерді жылжытумен, өткізуді ынталандырумен айналысады. «Спутник- Казахстан» компаниясының  стратегиялық  тұрғыдағы  дамуының  жоғарғы  қарқынын  қамтамасыз  ету, туркомпанияның  бәсеке  қаблеттілігін жоғарлату, ұжымды  басқару, туркомпанияның  қаржы-эканомиялық қызметін  бақылау,  барлық  бөлімшелер  қызметін  ұйымдастыру сияқты  қызметтерді атқарады. Директордың орнын басушы негізінен ұйымдастырушылық және әкімшілік сұрақтармен айналысады, яғни кадрларды таңдау, қызметкерлерді жұмысқа алу және жұмыстан шығару, келісімдер мен шарттар жасасу, банкте шоттар ашу, турфирма қызметкерлерінің өз жұмыстарының дұрыс орындалуын бақылау. «Спутник- Казахстан» компания құрылымында он бір  бөлімше бар. Барлық бөлімшелер қызметі бір – бірімен байланысты және бөлімшелер арасында ақпараттық алмасуына мүмкіндік тудырады.

 

 

 


 



 






 





 


 

 

 

Cурет 1. «Спутник- Казахстан» ХТК  құрылымы

 

2    «СПУТНИК- КАЗАХСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫНДА ПРАКТИКА КЕЗІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕР

 

Практика кезінде 4 жыл бойғы оқыған пәндер өте  қажет болғаны сезілді. Себебі, 1- күннен бастап -ақ турагенттікпен танысқан уақытта ең алдымен дирекетордан кейін туризм бойынша менеджер сұрақтар жаудырды. Ең алғашқы сұрақ туризм не екенін сұрады. Яғни пәндерді қайталау процесі жүзеге асырылды. Сонымен қатар турпакет,қонақ үй,трансфер анықтамалары да сұралды.

Туризм дегеніміз- 24 сағаттан аспайтын тұрғылықты жерден тыс жерге бос уақытты демалумен айналысатын саяхаттың бір түрі.

Турпакет –  туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған құжат,оның құрамына орналастыру,тамақтандыру,трансфер және қосымша қызметтер жатады.

Қонақ үй туристердің  демалған уақытында тұратын жерлері.

Трансфер туристерді аэропорттан қонақ үйге дейін  және қонақ үйден аэропортқа дейін  таситын көлік.

3 - күні,яғни 19 қаңтар күні менеджермен бірге туристердің көп таңдайтын елдерімен таныстыру жүргіздік. Ол Малайзия, Түркия, Тайланд, Үндістан, Қытай және Біріккен Араб Әмірлігі. Бұл мемлекеттерді неліктен туристер көп таңдайды деген сұрақ туындап жатса, оларға сипаттама беру арқылы түсіндіре аламыз.

Малайзия –  бұл  экзотика. Бұл туристік бөлікте әрқашанда таза,қауіпсіз және қызмет көрсету сервисі жоғары деңгейде. Мұнда жолдары жақсы және е ағылшын тілінде жақсы сөйлейтін жергілікті тұрғындырмен таң қалдырады.Малайзияда керемет жағажай демалысы,экологиясымен және жоғары дамыған этнографиялық туризммен ерекшеленеді. Ең танымал курорттары  Лангкави  және Пенанг – олар елдің батысында орналасқан,+21,+32 граусқа дейін. Табиғи байлықтарына –тропикалық ормандар мен жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бай ұлттық саябақта,ерекше суасты әлемімен қорықтар,таулар мен Борнео аралының уникалды үңгірлері бар. Малайзия суасты сүңгуіне бейімделген ең бір тамаша жерлердің бірі. Малайзияға жылдың әрбір мезгілінде баруға қолайлы.Батыс Малайзияны ақпанның соңынан қарашаның соңына дейін, Шығыс Малайзияға қазанның екінші жартысынан бастап баруға ыңғайлы [2].

4- күні умраға қатысты 20 туристке арналған турпакет құруға қатыстым. Умра қажылықтың кіші түрі болып табылады. Ол әр сайын бола береді. Минимум бағасы 700$-дан 1800$-ге дейін.

5- күні.Клиенттер турға қызығып келгендегі менеджердің клиенттермен қалай араласатынына бақылау жүргіздім. Клиенттермен айналысу оңай емес. Әр адамның психологиясына да қарау керек. Мұның ролі де өте зор.

6- күні визалық формальдықтармен айналыстық. Виза Сыртқы Істер Министрлігімен бекіткен құжат болып табылады.Виза бойынша келесідей ақпарат жиналды.

Визалық бөлім шетелдiк туризм бойынша бөлiмнiң бөлiмшесi болып табылады, егер тур визалы елге iске асса, былайша визалы бөлiм өз алдына жұмыс iстей алады,  Егер клиент саяхатқа жолданады осы фирманың қызметтерiмен пайдаланбаса,  немесе ол шақырумен жүредi. Екi жағдайларға құжаттар пакет жиналады және тiркелген (бұрыштамалар пiсiп жететiн елдерi елшiлiк қайда барып тұр қала қайда барып тұр) қалаларда жолданады,  бұл жауап фирманы турға жөнелтедi, консул шығу мүмкiндiгін қарайды және оң немесе терiс жауап бередi.

Бұрыштамалар  екi түрлерде болады: бекiтiлген және бекiтілмеген. Егер бекiтілмелген бұрыштамалар пiсiп  жетсе, егер бекiтiлген бұрыштамалар пiсiп  жетсе, онда (ай ) коридормен анықталады, осы елдi қай уақытта  адам iшiнде кiрiп-шыға алады, онда елдегi нақты сан бейнеленген болулары керек, мерзiмдердi бекiтедi. Пiсiп жететiн бұрыштамалары өзi елмен бекiтiледi.

Информация о работе Отчет по практики в турфирме