Экологиялық туризмнің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:35, курсовая работа

Описание работы

Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын іздейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.

Содержание

Кіріспе
1. Экологиялық туризмнің теориялық негіздері
Негізгі бөлім.
1. Экотуризм түсінігі және оның түрлері
2. Экологиялық туризмнің даму тарихы және қалыптасу алғышарттары
3. Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Экотуризм.docx

— 49.69 Кб (Скачать)

табиғи территорияларға  баратын адамдар;

  • Үшінші топқа  табиғаттың қашық  бұрыштарына – ерекше саяхат  үшін 

баратын адамдар;

  • Төртінші топқа табиғатқа шығу  өте үлкен саяхаттың ажырамайтын 

бөлігі деп  есептейтін  адамдар жатады.

Экологиялық туризмді тұрақты туризм деп қарастыруға  болады, яғни бұл – жергілікті жердің шынайы түрде сақталуының тек  табиғи, мәдени-тарихи көрікті жерлерімен танысу үшін ғана емес, өскелең жіне келешек жас ұрпақ үшін шынай  ортаның алғашқы қалпында әрі  қарай сақтау мақсатында сапар шегу. Экологиялық туризмнің басқа  туризм түрлерінен негізгі айырмашылығы осыдан тұрады. Экологиялық туризм үнемі бұқаралық туризмнің баламасы ретінде қарастырылады.

Экологиялық туризм жиі көпшілік туризмнің альтернативасы ретінде қарастырылады, және қазіргі  уақытта ол туристік қызметтің ең перспективалы және динамикалық  түрде дамып келе жатқан формасы  болып табылады.

Экотуризмнің  пайда болу алғышарттарының ішінде ең басты рөлді табиғи, мәдени-тарихи туристік ресурстарға антропогендік  әсердің ұлғаюы ойнайды. Бұл ауыртпалықтар  туристік келу өсімі қарқынына  тікелей  пропорционалды өседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның (бұдан кейін БТҰ деп  қолданылады) XXI ғасырда туризмді дамытудағы көрсеткіштеріне сүйенсек, туристік сұранысты қанағаттандыру және туристік ресурстарды тиімді пайдалану сұрақтарында қарама-қайшылықтар туындайды.

Жаппай  туризмнің қоршаған ортаға және туристік ресурстарға кері әсері 1970 жылдары  шетелдік және отандық зерттеушілердің  еңбектерінде қарастырылған. Қазіргі  кезде антропогендік прессинг және оның дамудағы тежеуші әсерлері туристік индустрияның барлық секторында және туризмнің барлық түрінде, әсіресе  туристік аудандардың басым көпшілігінде кездеседі. Мысалы, 1973-1983 жылдарда Польшада осы себептерге байланысты өзендер  мен көлдерге туристік маршруттар 40 %-ға, ал теңіздерде 70 %–ға қысқарды. Ластанған ормандар ауданы 60 %–ға  өсті. 1976 жылдан бастап АҚШ-тағы Балингер каньонындағы туристерге қызмет көрсететін автокөлік қозғалысының нәтижесінде  топырақты және грунтты судың  шайып кетуінің орташа қарқыны әдеттегіден 86 есе өсті.

Әлемдік шаруашылық ғаламдануының өсіміне  сәйкес жердің географиялық қабықтарында кері өзгерістер де өсті, мысалы:

  • климаттық өзгерістер;
  • топырақ және жер деградациясы;
  • экожүйенің бұзылуы және биоәртүрліліктің азаюы;
  • су, топырақ, ауа ластануының ұлғаюы;
  • адамның іс-әрекетімен пайда болған табиғи апаттар;
  • халықтың бақылаусыз өсімі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы

теңсіздіктің  күшеюі;

  • азық-түлік қауіпсіздігі және халықтың денсаулығына қауіптердің өсімі;
  • энергия және басқа да табиғи ресурстар қорларына шектеу;

Осы мәселелердің ғаламдық сипаттарын ескере отырып, оларды аймақтық немесе ұлттық деңгейде шешу мүмкін емес.

Мәселелердің  көкейкестілігі ұлғайды, сонымен қатар  табиғи, мәдени-тарихи туристік объектілерді тиімді пайдалануға байланысты конференциялар, жиналыстар, жарияландырулар көлемі де күрт өсті. 1999 жылға дейін шетелде  осы тақырыпқа байланысты 400 жұмыс  жарияланды. Оның ішінде БТҰ-ның Туризм және Саяхат жөніндегі бүкіләлемдік кеңесі, «Жасыл әлем»ұйымының 1986 жылы жарыққа шыққан 21 ғасырдағы туризмнің  тұрақты даму тұжырымдамасы: «Agenda 21 for travel and tourism industry». Бұл туризм жөніндегі  ұлттық әкімшіліктерге, туристік, сауда  ұйымдарына, сонымен қатар туристік қызметті тұтынушыларға бағытталған. Тұжырымдама «туризм және саяхат индустриясы үшін 21 ғасыр күн  тәртібіне» негізделеді. Бұл 1992 жылы 14 маусымда ББҰ-ның қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Конференциясында 182 үкіметтің жан-жақты бағдарламасымен бекітілген (UNCED).

Республиканың барлық аумағында дерлік тұрғындарың  экологиялық сауаты жетіспегендіктен қоршаған орта туралы толық ақпарат  жетпегендіктен экологиялық тұрақтылық бұзылған. Дәл осы уақытта табиғи орта кез-келген әсерге сезімтал.

Қазақстанның  қазіргі заманда табиғи ортасы үлкен  алаңдаушылықты тудырады және табиғатты  қолдану қағидаларын өзгертуді  талап етеді. Республикадағы табиғат  экожүйесін қалпына келтіру мен  экологиялық апаттың алдын алу  үшін елде табиғатты қорғау мен мемлекеттің  экономикалық мұқтаждың арасында бір  қалыптылық болу қажет.

Қазақстан Республикасында экологиялық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің дамуы үшін басты  бағыттар ішкі және сыртқы саясат.

Қазақстан Республикасында экологиялық саясат жүргізу үшін табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі  жағынан арнай жүйелейтін құрылым - Қазақстан  Республикасының Экологиялық  тұрақты даму Орталығы ашылды, ол Қазақстан  Республикасы Үкіметінің жоспарымен жұмыс  істейді. Орталықтың міндеттеріне проблемаларды  анализдеу, әлеуметтік маңызды экологиялық  жобаларды жүзеге асыру жатады.

Конституцияға ҚР заңдарына, Декларация шарттарына, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау және оны  дамыту конференциясында (Рио-де-Жанейро, 1992) Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа деген «Қазақстан – 2030»  жолдауында қоршаған ортаны қорғау және дамуды тұрақтандырудың Көпуақытылық Экологиялық Бағдарламасы (КЭБ) «Экология  және табиғи ресурстар – 2030» атты ұлттық деңгейдегі жоспар жүзеге асырылды.

КЭБ-нің  негізгі мақсаттары - қоршаған орта мен қоғам арасындағы тығыз байланыс, сонымен қатар экологиялық жағымды  орта құру.

2030 жылға  дейін қойылған мақсатқа жетудің  4 негізгі басты бағыты бар:

- Қауіпсіз  экологиялық орта құру;

- Табиғат  ресурстарын рационалды қолдану;

- Өсімдік  және жануар әлемнің көптүрлілігін  сақтау;

- Тұрғындардың  экологиялық ақпараттану деңгейі

Қазіргі заманғы қоршаған ортаның бағасы әлде қайда маңызды проблемаларда. Қоршаған орта жағдайы туралы арнайы мекемелердің қорытындысы бойынша  ең бірінші кезекте:

- Су  ресурстарының жетіспеуі; 

- Игерілетін  жерлердің деградациясы;

- Урбандалған  территориялардың атмосферасының  ластануы;

- Су  объектілерінің су ағыстарымен  ластануы;

- Қоршаған  ортаның қатты және тұрмыстық  қалдықтармен ластануы;

- Ормандар  мен ерекше қорғалатын орындардың  жетіспеушілігі.

- Ландшафтты  және биологиялық көптүрлілікті  сақтаудың бір жолы әр түрлі  деңгейдей ЕҚТТ жүйесін құру  орынды.

Алғашқы экологиялық проблемалардың қатарына туризмдегі проблемаларды шешу маңыздылығы  сәйкес келеді. Ең бірінші орында тұратын  даму үшін қоршаған ортаның жақсаруы, ал туристік сферада туризмнің табиғатқа  қатысы бар түріне ерекше көңіл бөлуіміз шарт. Ұзақ уақыттық 2030 «Экология және табиғи ресурстар» бағдарламасына байқаусыздан экотуризмнің дамуы кірген жоқ.

Мүмкін, қазіргі заман қоғамының тенденциясы  экологиялық  туризм тенденциясына  әсер етер.

Біріншіден, қоғамдық өндіріс болашақта дами түседі. Ол адам жүйке психологиясына жүк түсіреді, ол бос уақытты кішкене  болсын табиғи, шынайы жабдықталған орында өткізгісі келеді.

Екіншіден, табиғат ресурстарын өндіріске  енгізілуі табиғи ортаны деградациялайды. Осы мақсатта экотуризм мағынасы күшейе түсе отырып, өндірістік және ауыл шаруашылығының қолданылуынан табиғи экожүйе бөлініп шығады.

Үшіншіден, қазіргі заман адамының өмірі  ғылыми-техникалық жетістіктермен күрделенген. Сондықтан, өмірді оңайлату салтымен қоғамдық құндылықтарды, сонымен қатар демалу және туризм сферасын дамыту керек.

Бұл процесстер бүкіл әлем мемлекеттері үшін әр түрлі  деңгейде бағаланады. Бірақ Қазақстанда  экотуризмнің дамуына әсер етуді  азайту үшін әр түрлі жергілікті және мемлекеттік деңгейде экотуристік  қызметті күшейту қажет.

Ең бірінші  керегі:

Туризм  сферасына жақындаудың жаңа жолын  табу туризмнің қауіпсіз түрлерін құру, экотуризм сияқты, республикадағы экотуризмді  дамыту бағдарламасын жоспарлау.

Туристік  мекемелердегі жұмысшылардың біліктілігін арттыру, экологиялық туризмде көрсетілетін бағдарламалық қызмет аясын кеңейту.

Туристерге  қызмет көрсетуде экологиялық білімді  кадрлар дайындау, сонымен қатар  байланыс саласындағы мамандар, компьютерлік техника, әлеуметтанушылар мен психологтар  және басқа мамандарды Қазақстандағы  табиғи көрнекті объектілерді шетелдік туристерге көрсету үшін даярлайды.

Жекеленген  Қазақстан аумақтары табиғи, географиялық себептерге байланысты әр түрлі жағдайда экологиялық туризм ресурстарымен  жабдықталған. Тұрақты меңгерілетін экологиялық туризм әр салада өзінің ерекшелігімен көрінеді. Экологиялық  туризммен аз қамту саласында  өмір сүретін туристік объектілерді сақтау және тұрақтандыру деңгейін көтеру. Экологиялық туризмге жақсы ресурстарымен  қамтылу саласындағы ішкі және халықаралық  туризмнің рекреациондық және денсаулық  сақтау қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мемлекеттік саясаткерлердің мақсаттары халықаралық байланыс саласында  әр түрлі жоспарлы жұмыс, сонымен  қатар:

  • экологиялық туризм саласында халықаралық туристік мекемелер мен

компаниялар арасында қарым-қатынасты күшейту  және кеңейту;

  • халықаралық конференцияларда, семинарларда, көрмелерде

Қазақстандағы саяхаттың қауіпсіздігіне сенім  арттыру жайында ұлттық ұйымдардың мемлекеттік деңгейде таныстыруы;

  • Дүниежүзілік экологиялық туризмнің нарығындағы Қазақстанның орнын

анықтау үшін маркетингтік анализ жасау.

Қазіргі уақытта туристік қызмет республикадағы болып жатқан жағдай, яғни орталықтанған  әкімшілік жүйенің нарықтық механизмге көшіру, әр түрлі формадағы жекешелендіру  әсер етуде. Республикадағы экологиялық  туризмнің дамуымен айналысатын  «Экожоба» ЖШС мамандарының айтуы  бойынша экологиялық туризм басқаруының  ерекше түрін ұсынды. Осындай басқару  құрылымы 3 деңгейден құрылуы керек: макроэкономикалық, мезоэкономикалық және микроэкономикалық.

Кешенді экологиялық туризмде макроэкономикалық  деңгей екі жақты басқаруымен  шешілуі керек - Қазақстан Республикасының  туризм және спорт Министрлігі, мәдениет Министрлігі және Қазақстан Республикасының  ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі, қоршаған ортаны қорғау және табиғат  ресурстары Министрліктерінің сәйкесінше қатысуы.

Мезоэкономикалық  деңгей орталық экономикалық жағдайда тұрады, экологиялық туризмнен қаражатты  бөлу арқылы көлемдік бір қалыптылықты құрады. Туристік индустрияда мемлекеттің  қызығушылығын қадағалау мақсатында мынадай ұйымдар жұмыс істейді  – Орталық Банк, Мемлекеттік шекара комитеті және т.б.

Микроэкономикалық деңгейде экологиялық туризмнің  қызмет көрсету мекемелерін анықтайды. Ондай мекемелерге жататындар:

- Турлар, тур операторлар, барлық көрсету  қызметтерімен айналысатын туристік  фирмалар;

- Турагенттер  – қызмет көрсету пакеттерін  құрушы туристік нарық қатысушылары, туристік фирмалар, делдалдар;

- Орналасу  орындары (қонақ үйлер, отельдер, кемпингтер, турбазалар, уақытша қабылдау  орындары );

- Сувенирлік  бұйымдар дайындайтын кәсіпорындар;

- Сауда  мекемелері;

-Туристерге  қосымша көмек көрсететін мекемелер  (гид-тасымалдаушылар, ақша айырбастау  пункттері, жалға алу фирмалары);

- Туризмді  жарнамалау мекемелері;

- Туристерді  сақтандыру мекемелері.

Қазақстан өзіне тән мамандандырылған, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы аумақты дамыту жоспарымен ерекшеленеді. Осыдан экотуризмнен экономикалық пайда түсіру қарқындылығын анықтауға  болады. Егер аймақта экотуристік  объект орналасқан жерде экологиялық  зиян өнеркәсіп орналасса, онда олардың  зияндылығын жою үшін перспективті жоспар құру керек. Экотуристік объектілері  бар территорияларда ерекше мән  берілетін жағдай, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты экологиялық  ортаны құру.

Қазақстан  Республикасы тұрақты экологиялық  ортаға айналуы үшін, экотуризмнен барынша экономикалық пайда және экологиялық әсерін көру үшін табиғи шаруашылықтық жүйесін қайта  бағалау сатысына өткізу керек.

Экотуризмнің  пайда болу алғышарттарының ішінде ең басты рөлді табиғи, мәдени-тарихи туристік ресурстарға антропогендік әсердің ұлғаюы: ойнайды. Бұл ауыртпалықтар туристік келу өсімі қарқынына тікелей пропорционалды өседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның (бұдан кейін БТҰ деп қолданылады) XXI ғасырда туризмді дамытудағы көрсеткіштеріне сүйенсек. туристік сұранысты қанағаттандыру және туристік ресурстарды тиімді пайдалану сұрақтарында қарама-қайшылықтар туындайды.

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда экологиялық  туризмді дамыту жөніндегі жағдайларға, өзіндік сала ретінде қарастыруға  көңіл бөлінген жоқ. «Қазақстан Республикасындағы  туристік қызметтер» туралы жаңа заңда  табиғи ресурстарды қолданудың қазіргі  замандық ерекше формасы болатынына үміт арта бастады. Өкінішке орай, 2004 жылғы 13 маусымда қабылданған  «ҚР  туристік қызметтер» жөніндегі экологиялық  туризм түсінігімен бірге 1992 жылғы  «Туризм» туралы ҚР заңында «туристік  қызметтер процесінде табиғи және мәдени құндылықтарды қорғау» түсінігі жоқ екенін айта кету керек.

Информация о работе Экологиялық туризмнің теориялық негіздері