Экологиялық туризмнің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:35, курсовая работа

Описание работы

Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын іздейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.

Содержание

Кіріспе
1. Экологиялық туризмнің теориялық негіздері
Негізгі бөлім.
1. Экотуризм түсінігі және оның түрлері
2. Экологиялық туризмнің даму тарихы және қалыптасу алғышарттары
3. Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Экотуризм.docx

— 49.69 Кб (Скачать)

1. «Табиғатты  тану», яғни табиғатты зерттеудегі  элементтің болуын және туристердің  жаңа білімдерін, қабілеттіліктерін  алуды жобалайтын саяхат.

2. «Экожүйені  сақтау» маршруттағы тек қана  топтың тәртібіне сәйкес емес, сонымен қатар туристердің, туроператорлардың  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі  бағдарламаларға, іс-шараларға қатысуы  түсініледі.

3. «Жергілікті  халықтың қызығушылығын сыйлау»  - бұл тек қана жергілікті заңдар  мен әдет- ғұрыптарын сақтау ғана  емес, сонымен қатар туристік  дестинацияның әлеуметтік-экономикалық  дамуындағы туризм рөлі де  кіреді. Саяхатшы болу өнері –  бұл жақсы қонақ болу өнері.  Бұл ағылшындардың туризм жөніндегі  жастар конференциясының логотипін  еске алғызады.

Әлемнің әрбір аймақтарының, әсіресе таулы  аймақтарындағы жүргізілетін табиғатты  қорғау іс-шаралары тәжәрибесі көрсеткендей, жұмысты «жермен емес, адамдармен»  жүргізу қажет, яғни жергілікті халықтың өмір сүру ортасын басқару және жасаудағы  белсенділігін ынталандыру керек.

Жоғарыда  барлық қарастырылған анықтамалар  негізгі сұраққа жауап бермейді: неге қазіргі кезеңде экотуризм  тақырыбына приоритет беріліп отыр? Бұл мәселе осыдан отыз жыл бұрын  туристік ресурстарды ұтымды пайдалану  қажеттілігі туралы айтылғанда пайда  болды. Туризмнің бұл түрінің  басқалардан негізгі ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап бере отырып, экотуризмді қайда және қалай  дамыту, кімге сүйену және қай жерде  кедергі кездесетінін түсінуге болады.

Жоғарыда  айтылғандай, экотуризм термині  туризм аналитиктері (талдаушылары) немесе оқымыстылар емес, маркетологтардың ұсыныстары бойынша берілген, яғни экотуризм экотурларға деген  сұраныстың пайда болуымен, туристердің  қажеттіліктері нәтижесінде туған. Егер бастапқыда тұрақты дамумен  туристік ұсынысты қалыптастыратын  туристік ұйымдар (турфирмалар, туризм жөніндегі әкімшіліктер) айналысса, онда экотуризм жаңа топтың және қоғамның мәдени құндылықтарға, табиғатты қорғауды зерттеуге деген қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болды, яғни сұраныс  барысында. Осы орайда, экотуризм  – туроператорларды нақты іс-әрекеттерге  талаптануына экономикалық әрекет ететін жаңа қалып. Шытырман оқиғалы туризм қоғамының (The Adventure Travel Society ) жетекшісі  Джеймс Пирсонның көзқарасы тегіннен тегін емес: «Экологиялық жауапкершілікті  туризм секілді жалтақ терминдерді  көбінесе туризм тәжірибесінен алыс адамдар қолданады. Олар экономикалық жағын қарастырмайды, яғни туризмге қызмет көрсету, гидтерге төлеу, жергілікті халықпен қарым-қатынасты сақтау, туризмнің  қауіпсіздігімен қамтамасыз ету  т.с.с. туралы сөз қозғалмайды. Сонымен, экономика – экотуристің қозғалтқыш күші болып табылады».

Демек, экотуризмнің анықтамасы біздің көзқарасымыз бойынша  келесідей болу қажет: «Экотуризм –  туристік сұранысқа негізделген, жергілікті халықтың қызығушылығын сыйлай отырып экожүйені сақтауда өз орнын алатын және табиғатты танудағы туристік қажеттіліктермен байланысты туризм түрі».

Бұдан экотуризмнің қозғалтқыш күші туристік бизнес екенін көреміз. Туристік ресурстар экотуризмді  дамытудағы жетекші фактор деген  түсінік үлкен қате болып табылады. Бұл қателік 1975 жылы рекреациялық география  жөніндегі ресейлік мектептердің еңбектерінде көрсетілген. Экотуризм мемлекетті ұлттық және аймақтық туризм жөніндегі  әкімшіліктер арқылы, ЕҚАТА жүйесі арқылы дамыту қате болып табылады.

Жоғарыда  қарастырылған анықтамалардан байқағанымыздай, тек туристер мен турбизнес экотуризмді  дамытады. Экотуризм жөніндегі кениялық сарапшы Тереза Черфас «экотуризм –  бұл сұраныс пен ұсынысқа негізделген  экономикалық туризм» деп бекер  айтпаған. Демек, экотуризм әкімшіліктермен  емес, экономикалық тетіктер көмегі арқылы дамытылады. Сондықтан да бюджеттен  ақша құралдарын бөлу өтініші негізінде  емес, ал бизнесмендерге, турфирмаларға  бағытталған инвестициялық жобалар  жөнінде сөз қозғалу керек. Әйтпесе  нарықтық жағдайға қабілетті жұмыс  істейтін күшті дамыған туристік индустрияның орнына, біз Қазақстанның барлық аймағындағы болып жатқан туристік кәсіпорынның зиянды дамуын жалғастыра береміз.

Осы автордың «экотуризмге» берген анықтамасынан  кейін, экотуристер ағымының бағыты мен географиясын түсіндіруге болады. Қазір индустриалды дамыған елдердің (АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания) бағыттары  дамушы елдерге (Непал, Үндістан, Пәкістан) дәлелдеген. Осы идеяны дайындай отырып, экотуризм отаны деп туристік дестинацияларды, аудандарды емес, экотуристердің бірінші топтарының құрылуы мен пайда болу орындарын айтамыз.

Осыдан  кейін Қазақстан Республикасында  ішкі туризм ретінде экотуризм өте  әлсіз дамығаны белгілі. Бізде туризмнің  бұл түріне сұраныс қалыптаса  қойған жоқ, экотуристер өте аз. Қоршаған ортаны қорғауға күші, уақыты, қаржысын бөлетін отандық туристер көп  емес. Осының нәтижесінде ішкі экотуризмді  әлеуметтік туризмге жатқызады, яғни мемлекет құралдарынан қолдау табу салдарынан туристік ұсыныс әлсіз дамыған.

Қазіргі уақытта экотуризм мен  экотурды төрт түрге бөледі :

1.Ғылыми  туризм. Ғылыми экотурларда туристер  табиғатты зерттеудің әр түріне  қатысады. Мысалы, Латын  Америкасында  құстардың әрекеттерін бақылаумен  байланысты, тынық мұхитындағы киттердің  популяция санын есептеумен байланысты  экотурлар бүкіл әлемге әйгілі. Әрине мұндай турлардың туристік  дестинациясы болып ЕҚАТА табылады: қорықтар, қорықшалар, ұлттық парктер,  табиғи ескерткіштер. Ғылыми туризмге  шетелдік ғылыми-зерттеу экспедициялары  жатады, сонымен қатар университеттердің  жаратылыстану-ғылыми факультетінде  оқитын студенттердің далалық  іс-тәжірибелері жатады;

2. Табиғат  тарихына турлар. Бұл қоршаған  ортаны және жергілікті мәдениетті  танумен байланысты саяхат. Әрине  мұндай турлар арнайы жабдықталған  экологиялық соқпақ жолдармен  созылып жатқан оқу-ғылыми, тақырыптық  экскурсиялардың жиынтығы. Көбінесе  олар қорықтар мен ұлттық парктер  территориясында ұйымдастырылады.  Мұнда табиғат туралы гидтер  экскурсия жүргізеді, мектеп оқушылары  мұғалімдерімен болады. Экотуризмнің  бұл түрі әсіресе Германияда  атақты, сондықтан мұны «экотуризм  дамуының неміс моделі» деп  аталады;

3. Шытырман  оқиғалы туризм. Бұл түр жаңа  әсер алу, дене қалпын жақсарту  және спорттық нәтижеге жету  мақсатындағы табиғатқа демалыс  (outdoor), қозғалыстың белсенді тәсілімен  байланысты саяхат. Бұған туризмнің  мына түрлері кіреді: альпинизм,  құздарға өрмелеу, спелеотуризм, тау және жаяу туризм, су, шаңғы  және тау шаңғысы туризмі, каньонинг,  жылқымен туризм, маунт байк, дайвинг,  парапланеризм және т.б. Бұл  экотуризмнің жедел дамитын, табысты,  қымбат тұратын түрі. Шытырман  оқиғалы туризмді көбінесе «ауыр  экотуризм» деп атайды. Себебі, туристердің  шытырман оқиғаға ұмтылуы табиғатты  қорғауға деген ынтадан басым  түседі. Алдағы уақытта экотуризмді  айтқанда, шытырман оқиғалы деп  түсінуіміз қажет. 

Шытырман оқиғалы туризм көбінесе спорттық туризммен (альпинизм, спелеология, парапланеризм және т.б.), туристер белсенді тәсілдер көмегімен орын ауыстыратын белсенді туризммен (жаяу, велосипедпен, қайықпен, салмен және т.б.) теңестіріледі.

Спорттық  туризм шытырман оқиғалылығына және тәуекелділігіне байланыссыз спортпен айналысу немесе жарыстарға бару мақсатындағы  саяхат деп бөлінеді.

Сонымен қатар шытырман оқиғалы туризм қозғалыстың  белсенді емес түрін де қамтиды. Мысалы, джиппинг – автомобильдер көп  жүретін қиылыстар жеріне саяхат немесе BASE – тік жартастардан, биік антропологиялық объектілерден (арка көпірлерден, теле мұнаралардан және т.б.) ұшу аппараттарымен арнайы парашюттардан секіру.

Қазіргі кезде әлемдік нарықта шытырман оқиғалы туризм (adventure tourism) -  бұл  тек шытырман оқиғалы саяхат емес, сонымен қатар туристер үшін ерекше элементтері бар турлар. Бұл туроператор  нарықтың осы сегментінде қызметтердің кең спектрін ұсына алады: нәрсіз, ығыр болған ормандағы жаяу серуеннен  Антарктидадағы экспедицияға дейін.

Ағылшындық  жетекші туроператор «Exodus»  шытырман оқиғалы турлардың келесі түрлерін ұсынады:

Discovery and adventure holiday – белсенді қозғалыспен  ғаламның барлық шеткі аумағына  саяхат;

European Destinations – велосипедпен немесе жаяу  қозғалыспен еуропалық елдердің  ЕҚАТА-на қымбат емес қысқа  мерзімді туризм;

Walking and trekking – шытырман оқиғалы туризмнің  бастапқы негізгі түрі. Бұл жүксіз (туристің жүгін арнайы жүк  көтеруші немесе көлік арқылы  тасиды) арнайы экологиялық соқпақ  жолдармен жаяу саяхат;

Multi Activity Holidays – құрамына рафтинг, каньонинг,  спелеология, құзға өрмелеу, балық  аулау, джиппингті қамтитын дене  ауыртпалығының ұзақтығы бір  аптаға жуық саяхат;

Overland –  жүк автомобильдерінің жоғарғы  өте алуына тұрақ үшін арнайы  жабдықталған саяхат. Әрине мұндай  саяхаттар жылы климатты елдерде  (Африка, Оңтүстік Америка, Оңтүстік-шығыс  Азия елдерінде) ұйымдастырылады.  Ал туристер өзінің бірінші  сапарында бірнеше елдерге саяхат  жасайды. 

4.Табиғи резерваттарға, ЕҚАТА-ға саяхат. ЕҚАТА-да орналасқан сирек кездесетін және экзотикалық табиғи объектілер мен құбылыстар туристердің көпшілігін тартады. Мысалы, Латын Америкасында болған туристердің 48 %   табиғи резерваттарға саяхат мақсатында. Көптеген ұлттық парктер мен қорықтардың басшылығы экологиялық экскурсияларды нағыз шоуларға айналдырады. Бұған нақты мысал АҚШ-тағы Йеллоустоун ұлттық паркі. Мұнда экскурсия минут бойынша есептелген және ол гейзерлердің белсенділік кезеңіне байланысты. Табиғи объектілердің өте жиі көрсетілуі, әсіресе үңгірлерде, түрлі-түсті жарықтармен, әуенмен, театрлық ойын-сауықтармен, аборигендер өмірінен көріністердің қойылымы. Экотуризмнің бұл түрі Австралияда жақсы дамыған, сондықтан оны «экотуризм дамуының австралиялық моделі»  деп аталады. 

Г.А.Папирян  айтқандай «туризмнің дамуымен қатар  жаңа турист пайда болды. Бұл жанұялық туризмнің өз демалысын әр жылы теңізде,  сонымен қатар жаңа түрлерге орын ауыстыру, әсіресе экотуризмге, шытырман оқиғалы, танымдық туризмге жасайтын дәстүрлік  түрі мағынасында айтылған. Белсенді емес демалысқа мода кетеді, туристік ағындардың  бағдарлануы басталады.

Туризм  және саяхат жөніндегі халықаралық  релизінде 2010 жылы туризм ұлттық және аймақтық экономиканың дамуында үлкен  орын алады, 100 млн. жаңа жұмыс орнын ашады деп айтылған. Онда экотуризм әлемнің мешеу елдерінде, аймақтарында экономикалық өсу мен тұрақты дамуды жүзеге асыратын құрал ретінде айтылған.

ДТҰ экологиялық  туризмді туризмнің тұрақты дамуының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Туризм тұрақтылығының маңызды қағидаларына мыналар жатады: саланың тұрақты дамуы үшін құқық базасы мен экономикалық тұрақты жағдайды жасау; туристік қызметті жоспарлау мен жерді пайдалануды реттеу; халық арасында ағартушылық-агитациялық жұмыстардың жүргізілуі;шешім қабылдау процесіне жергілікті халықты кеңес беру арқылы тарту; туристік өкімді реализациялау; көлік жүйесін экологиялық тұрақтылықпен қамтамасыз ету; табиғи кешендердің туристік-рекреациялық жүктемелеріне тұрақтылық деңгейде баға беруі.

Әлемде  экотуризмнің әйгілілігі тек қана қоршаған орта жағдайының нашарлауынан ғана емес, сонымен қатар адамның өмір сүру ортасының күрт өзгеруімен, яғни жүйке  психологиялық ауырлықтың өсуіне де байланысты.

Экологиялық туризмнің жалпы туризмнен айырмашылығы неде?

Біріншіден, экотуризм – территориясы жақсы  сақталған табиғи ортаға сапар шегу. Бұндай территорияларға қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқа  қорғалатын териториялар жатады.

Екіншіден, экотуризм – ең экологиялық табиғатты  пайдаланушы болып саналады. Экотуристердің табиғатты эксплуатациялау технологиясы визуальды түрде өтеді, яғни көрікті  жерлерді қарау, пейзажды тамашалау, өсімдік  және жануарлар әлемін бақылау және тыңдау түрінде (құстардың ән айтуы, су сылдыры, жапырақтың сыбдыры), иіс  сезімі (ормандар мен шалғындардың жұпар иісі) және сезіну арқылы (өзен суының мөлдірлігі). Дәл осы мақсатпен  экологиялық туризм әлемдегі ерекше қорғалатын табиғи территориялар шегінде  табиғи ресурстарды қолданудың бірден-бір  жолы болып табылады.

Үшіншіден, экотуризм туристердің ЕҚТТ-да жүріс-тұрысын  қадағалайды, соның ішінде қатаң  тәртіп белгілеу арқылы (турист гид-жолаушыға  еріп жүргенде арнайы жолды пайдалануы керек, өсімдіктерді жұлмау, шуламау, т.б.).  Бұл ережелерді сақтау экологиялық  туризм дамуының ұстанымды шарты  болып табылады.

Төртіншіден, экотуризм жергілікті тұрғынның  ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, ұлттық-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жаңғыруына әсер ететін дәстүрлі ұлттық өнер түрлерін дамыту жолымен. Бұның барлығы халыққа  белгілі пайда келтіреді және әлеуметтік экономикалық дамуына әсер етеді.

Өзіндік ерекшелігі бар  экотуризмнің  бұқаралық  туризмнен айырмашылығындай, экотуристердің де жаппай туристерден айырмашылығы бар. Бұқаралық туристер ұйымдасқан және жеке түрде  белгілі  жерлердің  шегінде  үнемі  саяхаттайды, көп жағдайда  өз  елінде. Оларға  қарағанда, экотуристер  адамдар аз өзгерткен  табиғи  территорияларда сапар шегеді, және олар саяхаттың шектелген жағдайлары мен ыңғайсыз шарттарына шыдамды болады.

Авторлар  қатары экотуристерді олардың қызығушылық  деңгейіне  қарай бөледі. Мысалы, Lindberg экотуристердің төрт тобын бөліп көрсетеді.

  • Бірінші топқа білім беру кеңселерінің  мүшелері  алғашқы табиғатты

зерттеумен  айналысатын ғылыми зерттеушілер;

  • Екінше топқа жергілікті жердің тарихын  білу  мақсатымен  қорғалатын 

Информация о работе Экологиялық туризмнің теориялық негіздері