Экологиялық туризмнің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:35, курсовая работа

Описание работы

Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын іздейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.

Содержание

Кіріспе
1. Экологиялық туризмнің теориялық негіздері
Негізгі бөлім.
1. Экотуризм түсінігі және оның түрлері
2. Экологиялық туризмнің даму тарихы және қалыптасу алғышарттары
3. Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Экотуризм.docx

— 49.69 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

 

Кіріспе

1. Экологиялық  туризмнің теориялық негіздері 

Негізгі бөлім.

1. Экотуризм түсінігі және оның түрлері

2. Экологиялық туризмнің даму тарихы және қалыптасу алғышарттары

3. Қазақстандағы  экологиялық туризмнің дамуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

       

 

        Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің  шаруашылығының негізгі саласына, яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.

Экологиялық туризмнің пайда болу себептері  көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің  жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы, яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа, яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.

Туризмнің бұл түрінің пайда болуының басты  ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің  тұрақты даму концепциясының арқасында  әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін  шығын мөлшерінің бірнеше есе  азаюы. Жер шарындағы экологиялық  жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдар, экологиялық  орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға  қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп  беру жолдарын іздейді. Сонымен қатар  жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық  туризм болды.

Біріккен  Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ)  тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты  2001 жылы қазан айында семинары өтті.

БҰҰ-ның Генералды ассамблеасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды, халықаралық бірлестіктерді,  даму агенттіктерін және әр туристті, экотуризм тұрақты дамудың маңызды факторына айналу үшін, қосымша көмегін тигізуге шақырады, себебі  ол қоршаған ортаның биологиялық әртүрлілігі мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтауға жағымды ықпалын тигізеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанды экологиялық  туризмнің дамуы үшін жаңа құрылып  келе жатқан нарық деп қарастыруға  болады. Биологиялық және геологиялық  әртүрлілік, халықтың минималды тығыздығы, бай тарихи және мәдени мұра республиканың  өте зор экотуристтік потенциалын  айқындайды.

Экологиялық туризмді дамыту айналадағы орта сапасының  нашарлануымен байланысты болып  отыр. Қазіргі уақытта үлкен қалалардағы  антропогендік ауыртпалықтар тұрғындардың «табиғатқа шығу» талаптарымен түсіндіріледі. Дамыған мемлекеттерде демалыс  уақыттарын екі периодқа бөліп және оны табиғатта өткізеді.

Экологиялық туризмнің артықшылығы. Экологиялық  туризм қызығушылығының тууның негізгі  себебі – айналадағы орта сапасының  тұрақты нашарлауы. Болашақта урбанизация  тенденциясы мен жаратылыстану аймақтарында ластану көрсеткіштердің өсуінен экологиялық туризм қызығушылығының тууына жағдайлар қатаң түрде қарастырылады.

Қазіргі уақытта экологиялық туризм дамуының негізгі артықшылығы – экологиялық  туризм аймақтарының тұрақты дамуы, экотуристік бағдарламалар мен  технологиялардың табиғи қорғау сипаттамасы, тұрғындардың экологиялық дүниетанымын сипаттауда нарықтық механизмдерді  қолдану.

Экологиялық туризмге негізделген аймақтардың  тұрақты дамуы туристік инфрақұрылымның  құрылуымен қамтамасыздандырылады, жергілікті тұрғындардың қызмет ету аясында  жаңа жұмыс орындарын ұйымдастырады, осының салдарынан жергілікті тұрғындардың өмірлік деңгейінің жақсаруына негізделген.

Экологиялық туризмнің табиғи қорғау сипаттамасы рекреациялық аудандардағы флора мен фаунаның міндетті түрде  саналуандығын сақтау болып табылады. Бұл мақсаттарды орындау үшін экологиялық туризм тәжірибесінің  нәтижесінде жасалған табиғи қорғау технологиялар, сонымен қатар фундаментальды және қолданбалы ғылыми тапсырылыстар  қолданылады.

       «Экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.

Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім  беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл  экологиялық туризмнің жан-жақты  болуын қамтамасыз етеді.

Қазақстанның  табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді  аймақтар, таулы аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық  туризмнің ерекше формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды  жағдайларда тіршілік ету және өзін-өзі  ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді дамыту үшін әр түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл  осы жағдай туризмдік жұмыстардың  территориялық аймағын және олардың  қай бағытта жүруін анықтайды.

Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады:

  • табиғи – климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора және фауна, ерекше және қызықты қарапайым табиғи аймақтар.
  • тарихи-мәдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы адамзаттың

материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен  тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштер.

Зерттеушілердің көпшілігі «экотуризм» түсінігіне көп уақыттар бойы нақты анықтама бермеді. Оның себебі – маркетологтардың туристерді тарту мақсатында белсенді демалысты (outdoor) табиғатқа және оны  қорғауға бағытталған сөз ретінде қолданылуы. Бірақ шынында да ондай туроператорлар қоршаған ортаны қорғауда айтарлықтай мән берілмеді. Сондықтан да экотуризм түсінігі көп уақыттар бойы туризм теоретиктеріне сыншыл қатынаста болды. Мысалы, Б.Виллер Кубада экотурмен болғанда, туристер мейрамханада түскі асты ішіп болғанша, автобус жүргізушісі автобус ішінде ауа тазартқыштың жұмыс істеуі үшін жарты сағат бойы двигательді өшірмегенін байқады. Бұл әрине, туристерге ыңғайлы болғанымен, жергілікті халықтың денсаулығына зиянды екені ескерілмеген.

Еуропадағы  БТҰ-ның жетекшісі П.Шэклфордтың  айтуы бойынша «экотуризм» туризм индустриясында он жылдан астам уақыт  қолданылып келеді. Сонымен қатар  бұл терминді 1978 жылы Миллер туризмнің  тұрақты даму тәсілі ретінде қарастырған.  

Кейбір  жағдайда бұл табиғаттың түртілмеген  өркениеттеріне жасалған саяхат деп  түсіндіріледі: экотуризм – «пейзажбен қанағаттандырып, ләззат алуға, жабайы өсімдіктер мен жануарларды тамашалайтын ластанбаған аймақтарға саяхат». Басқа  жағдайда – бұл табиғаттағы экологиялық  тепе-теңдікті қамтамасыз ететін күш, яғни экотуризм – «табиғи және мәдени қоршаған ортаны танып білу және сол ортадағы жағдайларды жақсарту үшін қызмет ететін табиғи туризм».

Экотуризмге көзқарастарда кездесетін географиялық анықтама да ерекше көрініс табады. Дамыған елдердің сарапшылары, яғни экотуристерді жеткізушілер тұтынушылардың талғамы мен рекреациялық қажеттіліктерімен  келісе отырып, тұтынушылар көзқарасын мақұлдайды. Туроператорларды және қабылдайтын  туристік жақ зерттеушілерін ойландыратын жайт елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудағы туризмнен түсетін табыс  пен туризм рөлі.

Экотуризм жөнінде анықтамалардың ішінде біздің көзқарасымызбен үйлесетіні – Г.С.Гужиннің, М.Ю.Беликовтың, Е.В.Клименконың берген анықтамалары, ол: Экотуризмнің негізінде  қоршаған ортаға қамқорлық көрсету  жатыр. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану  және қорғаудың әртүрлі жобаларын  жүзеге асыру мақсатындағы мәдени қызығушылықты  көрсететін табиғат зонасына қатысушылардың шектелген санымен саяхатты ұйымдастыратын түсінігімен анықталады.

Берілген  анықтама халықаралық экотуризм  ұйымының (TIES) ,берген анықтамасымен  көп ұқсастықтары бар: Экотуризм  – «жергілікті халықтың жағдайына  қолдау көрсетумен және қоршаған ортаны қорғай отырып, табиғи зоналарға, аймақтарға жүргізілетін жауапкершілігі мол саяхат».

Наташа  К.Верд экотуризмге берілген анықтамаларды  белсенді және белсенді емес деп екіге  ажыратқан. Біріншісіне ол Майяның  берген анықтамасын жатқызады: «экотуризм жергілікті халық пен болашақ  туристер үшін аймақтың табиғи ресурстары мен жергілікті мәдени құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын ескере отырып, мәдени, табиғи туристік ресурстардың қолданылуын ынталандырады, реттейді және көмектеседі». Белсенді анықтамаға мысал болатын көзқарас халықаралық «выживания» қоғамының көзқарасы. Онда: «экотуризм жергілікті халықтың туристік территорияларды игерудегі қызығушылықтарын, жергілікті флора мен фаунаны қорғауды, жергілікті халықтың қоршаған ортаны қорғаудағы экономикалық ынтасын қамтамасыз етуді ынталандырады».

Экотуризмнің  белгілерінің толық спектрі төмендегідей ажыратылады:

1. Саяхатшы  саяхат кезінде қоршаған ортаны  танитын кез-келген саяхат;

2. Ең негізгі  құндылық табиғат болып табылатын  саяхат;

3. Экотуризмнен  түсетін табыс қоршаған ортаны  қорғауда қаржылық қолдауға жұмсалады;

4. Экотуристер  жабайы табиғат ресурстарын қорғау  және қалпына келтіру әрекеттеріне  тікелей қатысады;

5. Экотур  – бұл барлық әрекеттер «экономикалық  жұмсақ» болатын саяхат.

Жоғарыда  көрсетілген көзқарастардың барлығы  экотуризмнің дамуы жөнінен нақты  статистикалық мәліметтер алуға  мүмкіндік бермейді. Сондықтан БТҰ-ның  сарапшылары туризмнің түрлерінің келуі және түсімдері түсінігінің  орнына «табиғи туристік ресурстарға  бағытталған туризм» немесе «табиғи  туризм» (nature based tourism) деген түсінікпен алмастырылады. 

Бұл ережелер басқа терминдердің  қолданылуымен  тереңдетіледі: «табиғи туризм», «жұмсақ  туризм», «жасыл туризм», «жауапкершілікті туризм», «агротуризм» және т.б. Осыған орай Экотуризм қоғамының Президенті Д.Вестерн былай деп жариялады: «туризм мен экотуризмнің ешқашанда  нақты айырмашылығы болмайды. Экотуризм  туристік нарыққа таңдаулы болу керек  және бүкіл әлем еліктеу үшін үлгі болып табылатын алдыңғы қатарлы сала болу қажет».

Маркус  Эндикотт берілген түсініктерді төмендегідей ажыратуды ұсынды: «Экотуризм –  қоршаған ортаға мейлінше антропогендік  әсер ететін саяхат немесе табиғатқа  жасалған турлар. Қазіргі кезде нағыз  экотуризм мен жалған экотуризм  жөнінде айтуға болады. Тұрақты даму туралы айтатын болсақ, тұрақтылық термин ретінде Рио-де-Жанейрода  өткен БҰҰ-ының конференциясынан кейін  пайда болды, бірақ бұл идея одан да ерте пайда болған. Тұрақтылық идеясы американдықтардың жетінші ұрпақ  алдағы, болашақтағы жоспарлау және болжамдау нәтижесі тұжырымдамасын еске түсіреді. Мен тұрақты туризмді қоршаған орта мен мәдениетті біріктіретін ауқымы кең термин ретінде түсінемін... Сонымен қатар туризм индустриясының толығымен қаржылық жауапкершілігі. Сондықтан тұрақты туризм нақты экотуризм және шытырман (қызық) оқиғалы туризмді қамтуы қажет. Бизнес және индустрия ретінде бизнес жүргізудің жауапкершілігі мол түріне жатады. Осыдан «жауапкершілікті туризм» деп аталды. Бастапқы кезде бұл түсінікті туризмнің әлеуметтік және мәдени жауапкершілігі жөнінде әлеуметтік белсенді халық пен христиандық уағыздаушылар қолданған. Бұл түсінікке қоршаған ортаны қарастыру енгізілмеді. «Әлеуметтік» термині туристің мәдениетіне саяхат жасауы туралы, ал «мәдени» -  өз мәдениетінен тыс жерге саяхат жасауы... «Жасыл туризм» терминінің шығу тегіне келетін болсақ, ол жасыл партияның саясаткерлерімен және қоғамдық қозғалыс қызметімен байланысты».

Соңғы талқылаумен  келісе қою қиын, себебі көп жағдайда жасыл туризм деп ауыл туризмі (агротуризм) түсініледі. Испандық сарапшы Монтанер. Х. Монтехано жасыл туризмге мынадай  түсінік береді: «қыстақтар мен лагерьлердегі  өмірмен, табиғатпен етене араласудағы  қызмет». Бұл қызмет ауыл шаруашылығы  жұмысында, шағын қыстақтар өмірімен танысқанда, жаяу экскурсияларда, флора  мен фаунаны зерттеуде, су спортымен  және де басқалармен айналысқанда кездеседі. Италияда экотуризмнің үш бағытын бөліп  көрсетеді: «табиғат және денсаулық», «дәстүрлі гастрономия» және «спорт». Экотуризммен бірінші бағыт байланысты, себебі онда ұлттық парктер, қорықтар және курорттық жерлерге саяхат ұйымдастырылған.

Канаданың қоршаған орта жөніндегі ақыл-кеңес  беру кеңесі экотуризмге өздерінің  анықтамасын берді. Бұл анықтаманы экотуристік ұйымдар көп қолданады  және ол қазіргі заман көзқарастарымен  үйлеседі. «Экотуризм табиғатты танумен  байланысты туризм түрі және ол жергілікті халықтың қызығушылығын сыйлай отырып экожүйені сақтауда өз орнын алу керек».

Қарастырылған анықтамалардың барлығын жалпылайтын  болсақ, экотуризмнің үш негізгі компонентін  бөліп көрсетуге болады:

Информация о работе Экологиялық туризмнің теориялық негіздері