Халықаралық туризмнің даму тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 17:53, курсовая работа

Описание работы

1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЫСАНДАРЫ РЕТІНДЕ.......................................................................................7-16
1.1 Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары........7
1.2 Халықаралық туризмнің бүгінгі таңдағы даму тенденциялары және әлеуметтік-экономикалық аспектілері.........................................................................12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ МІНДЕТТЕРІ..........................................................................................................17-26

2.1 Туристік қызметті лицензиялау ережесі..............................................................17
2.2 Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі міндеттері.................................23
2.3 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау......................................25
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................29

Работа содержит 1 файл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.doc

— 139.00 Кб (Скачать)

Туризм теоретиктері шетел туристерін қабылдаудың және оларға қызмет көрсетудің ерекше экономикалық тиімділігін атап көрсетеді, және туризмді дамытуға бейімделген экономиканың табысқа кенелтетіндігін бола айтады. Мысалы, Багам аралдарындағы экономиканың негізін шетелдік туризм қалайды. Мұндағы қызмет көрсету сферасының (туризмді қоса есептегенде) жиынтық ішкі өнімі мемлекеттік табыстың 60% -ін береді, ал өнеркәсіптің мемлекеттік табыстағы үлесі тек 10%-ке тең. Барбодостағы шетелдік туризмнен түсетін түсім осы елдің негізгі өңдеуші саласы- қант өндірісінен түсетін табыстан да жоғары. Алайда, саяхатшыларды шығаратын елдер үшін, туризм, валюталық құралдардың шетке ағыоу көзі болып табылса да, экономикалық тиімсіздік белгісі емес. өйткені, адамдардың шет елге шыу мүмкіндігінің болуы елдегі өмір сүру деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Мемлекетер арасында саяхат байланыстарының дамуы екі жақты сипатқа ие. Кез келген елге келген шетелдік саяхатшылар санының өсуі елдің фалюталық резервін толтыруға үлес қосады. Сонымен қатар, қабылдаушы елде жұмсалған валюталық құралдар, саяхатшыны шығарған елге, импорттың артылуы арқылы қайтып келеді. Мысалы Бундесбанк (ФРГ) басшылығы әкімшілік органдарын туристік операциялар бойынша қалыптасқан тапшылықты жою шараларын қабылдамауға шақырады. Олардың пікірінше, ФРГ азаматтарының шетелдік саяхат кезінде жұмсаған шығындары ел үшін валюталық құралдардың шетке ағылуын білдірмейді. Бұл валютаның айтарлықтай бөлігі ФРГ-ға қайтып келеді, өйткені оларға ФРГ-да жасалған тауарлар сатып алынады. Басқаша айтқанда, Батыс Германдық саяхатшылар, өздері барған елдерге, ФРГ-мен сауданы дамыту үшін қажетті «несие» береді. Ал халықаралық туристік айырбасты шектеу сыртқы сауданың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан белсенді туризмді (саяхатшыларды қабылдау) туристік игіліктердің экспорт ретінде, ал пассивті туризмді (азаматтардың шетелге  шығуы) – олардың импорты ретінде анықтауға болады. Туристік экспорт арқылы тауарлар мен қызметтердің айырбасталуы ішкі сауданың кеңеюіне әкеледі, дәстүрлі экспорттың жаңа мүмкіндіктерін ашады және дәстүрлі тауар экспортының орнын туристік тауар экспортының басуына әкелуі мүмкін.

Белсенді және пассивті туризм тиімділігін есептеу қиын емес. Нақты ақпаратты жинау қиынға соғады, өйткені шетелдік туристердің жергілікті өндіріс өнімдеріне деген сұранысы және көлімі туралы деректер жоқтың-қасы. Мұндай сұранысты тіркеу мүмкін емес, оны тек болжауға болады. Шекарадан өту және ақша айырбасы мен байланысты талаптардың либерализациялануы көптеген ақпарат көздерін жабады. Елге келген саяхатшылардың тек ғана нақты санымен олардың елдегі болу уақытын ғана анықтауға болады. Туристтік тұтынуды статистикалық есепке алудың қиыдығы сонда, тұтыну саяхатшыны қабылдаушы елде жүзеге асады, ал сатып алынған тауарлар саяхатшының тұрақты өмір сүретін еліне шығарылады. бұл тауарлар, әдетте, шекараны өту кезінде тіркелмейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда белсенді туризмді - «көзге көрінбейтін экспорт», ал пассивті туризмді - «көзге көрінбейтін импорт» деп анықтауға болады.

Сауданың кеңеюіне ықпал  ететін шешімдердің бірі - азық-түліктің туристік экспорты, ол туристер келетін  елдерге дәстүрлі экспортты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Болгария және Испания тұтыну тауарларының дәстүрлі экспортын туристік экспорт пен алмастырады. Дамушы елдер өз экспортын туристік импорт арқылы қолдау мүмкіндігін аша бастады. Оның экономикалық тиімділігі мынада: пассивтік туризм қабылдаушы елге валюта түсіреді, бұл, өз кезегінде, ұлттық табысқа жағымды ықпал етеді. Нәтижесінде, саяхатшыларды қабылдаушы елдер, саяхатшыларды қоюшы елдерден тауарлар импортын ынталандыру үшін туристік баланстың оң сальдосын қолдануға бейім келеді. Кез келген мемлекет үшін, оң туристік сальдо туристік экспортсыз мүмкін болатын мөлшерге қарағанда көп тауар көлемін импорттауға мүмкіндік береді. Тіпті өнеркәсібі дамыған елдер үшін де мұндай айырбас түрі - өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық экспортын қолдау және дамыту жолы. Туризм экспорты шектеулі елдердің экономикалық дамуы үшін маңызды фактор бола алады. Шетелдік туризмді экономикалық дамуды жеделдететін, төлем балансын белсенділететін және елдің валюталық резервін арттыратын маңызды тұтқалардың бірі ретінде қарастыруға болады.

Халықаралық айырбастың, белгілі  бір өнімдер мен қызметтер  экспортының немесе импортының тиімділігін  есептеу өндірістік шығындарды дәстүрлі экспорт нәтижесінде түскен валютада және туристік экспорттан түскен валютада салыстыру негізінде жүргізіледі. Мұндай есептеу туристік экспорттың тиімді екеніне көз жеткізеді, өйткені бұл жағдайда тауарлар мен қызметтер бөлшек бағамен сатылады, ал дәстүрлік экспортта - көтерме сауда бағасы қолданылады, ол көбінесе әлемдік бағалардан жоғары болады.

1.2 Халықаралық туризмнің бүгінгі  таңдағы даму тенденциялары және  әлеуметтік-экономикалық аспектілері

 

80-ші жылдардың  ортасында Батыс Еуропа мемлекеттерінің  туристік сұранысында жаңа тенденциялар  пайда болды. Олар бірқатар  экономикалық және әлеуметтік  факторлар әсерімен, сондай-ақ қазіргі адамның психологиясындағы өзгерістер мен түсіндіріледі. Туристік тұтыну құрылымына экономикалық конъюнктураның нашарлауы шешуші әсер етті. Индустриалдық дамыған елдерді шарпыған дағдарыс халықтың сатып алу қабілеттілігін төмендетті. Жұмыссыздар армиясы көбейді. Дағдарыс әсіресе туристік қызметтің негізгі тұтынушылары – қоғамның орташа тобын қамтыды, сөйтіп олардың өз бос уақытын ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге мәжбүр етті.

Экономикалық  конъюктураның нашарлауына байланысты туындаған әлеуметтік сферадағы өзгерістер, өз кезегінде,туристік сұраныстың сипатына ықпал етті. Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалу кезеңі ұзартылды, жұмыс аптасы қысқартылды, икемді жұмыс графигі енгізілді. Еңбек нарығында қалыптасқан сәйкессіздікті жоюға бағытталған бұл шаралар, сонымен бірге, халықтың бос уақыт қорының ұзартылуына және туристік қызметті тұтынушылар шеңберінің кеңеюіне жағдай жасады.

Жоғарыда аталған шаралардың ішінде зейнеткерлер мәселесін ерекше қарастырып кетейік, өйткені зейнет жасындағы адамдардың туристік белсенділігі жоғары. Дағдарысқа дейін көптеген өркениетті елдерде ол 60-65 жас деңгейінде бекітілген. Экономикалық құлдырау нәтижесінде, қаржы жағдайы нашарлаған кейбір кәсіпорындар алпыс жасқа жетпеген адамдардың өзін зейнеткерлікке шығара бастады. Олар - денсаулығы мықты бос уақыты шектеусіз, демалыс сапарларына қажетті қаржысы бар адамдар. Олардың халықаралық және ішкі туризм нарығына тигізетін ықпалы өсіп келеді.

Туристік сұраныстың қазіргі  таңдағы сипаты субьективтік факторлар әсеріне байланысты қалыптасады. Адам технологиясындағы жаңа құндылықтардың пайда болуы терең өзгерістерге әкелді, олар төмендегілер:

  • Жеке тұлғаның өз физикалық және рухани қабілеттерін дамытуға ұмтылуы;
  • Басқа индивидумдармен, әлеуметік топтармен және мекемелермен қарым қатынас орнатуы. Мұндай қарым-қатынастарға жұмсақ әрі икемді сипат тән, және олар негізінен адамның өз таңдауына байланысты қалыптасады;
  • Адамның табиғатқа деген қарым- қатынасының өзгеруі.Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясының қортынды есебінде былай делінген: «адам өз тәкаппарлығын және тұтынушылық эгоизмін бәсеңдетіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүруге ұмтылады». Бұл адамдар өмірінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін табиғатты қорғаудың экологиялық тиімді жүйесіне негізделген қоғамның тұрақты даму концепциясыенда көрініс тапты. Тұрақты даму қазіргі таңдаңғы адамзаттың негізгі міндеті болып табылады.

Қарастырылған факторлар туристік тұтынуда терең  өзгерістердің орын алуына ықпал  етті. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлау кезінде бос уақыт көлемінің артуына байланысты халықтың рекреакциондық жүріп-тұрысында екі тенденция қалыптасты: демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді сапарлардың артуы. 80-ші жылдардың басында Австрия және Ұлыбританияда халықтың 20 %-тен астамы жазда және қыста шыққан, ал 10%-ті демалыс сапарларына жылына 3 және одан да көп рет барған. Осындай жағдай Италияда, Германияда, Еуропаның басқада дамыған елдерінде қалыптасқан. Демалыс сапарларының уақыты қысқарып, ал жалпы саны көбейді. Батыс әдебиетінде бұл құбылыс «үзілісті саяхат» деген атқа ие болды.

«Үзілісті саяхатты» ұйымдастыру  ісі табысты болып шықты, сондықтан  турфирмалар өз тарапынан мұндай сапарларға деген тұтынушылық сұранысты  жан-жақты қолдай бастады. Кәсіпорындардың туристік нарықтың жаңа сегментін кеңейтуге деген қызығушылығы келесі себеппен түсіндіріледі - қысқа мерзімді туристер кәдімгі туристерге қарағанда бір күнге шаққанда көбірек шығын жұмсайды. Сонымен қатар мұндай саяхат түріне сұраныс жыл бойы сақталады (сәуір, қыркүйек, қазан және ақпан айларында біршама жанданады), соның нәтижесінде туристік саланың ең өткір проблемаларының бірі - мейманханалар мен транспорт жұмысындағы мезгілдік теңсіздікті бәсеңдетуге мүмкіндік береді.

Батыс Еуропа халқының арасында демалыс және мереке күндері саяхатқа шығу бағыттары кең қолдау тапты. Олар негізінен көрмелерге, музейлерге, галереялар мен дүкендерге барады. Сондай-ақ адамдар өз демалыстарын ұлттық саябақтарда өткізгенді жақсы көреді немесе фестивальдарға, карнавалдарға қатысу үшін аз уақытқа жолға аттанады. Статистикалық зерттеу деректері бойынша 1993 жылы Еуропалықтардың іскерлік мақсаттан тыс сапарларының 40%-ті жақын қалалаға келсе, 1\3 бөлігі тауда, теңізде және ауылды жерлерде демалу мақсатын көздеген, қалған 30%-ті емделу, жазғы және қысқы спорт түрлерімен айналысумен байланысты болған.

Қысқа мерзімге саяхатқа шығу кезінде қолданылатын негізгі транспорт  түрі – меншік автомобильдер. 1993 жылы туристердің тек 13%-ті самолет пен  сапарға аттанған. Жол сапарда олар негізінен мейманханада түнейді.

Қысқа мерзімдік  сапарлардың  Батыс Еуропалық  нарығына туристер негізінен Терманиядан және Ұлыбританиядан келеді. 1993 жылы бұл елдердің үлесіне қысқа мерзімді сапардың 35 және 10 пайызы келді. Олардың көп бөлігі Францияға, Австрияға, және Германияға барады.

Қысқа мерзімді саяхатшыларды қабылдаушы Еуропа елдерінің арасында бірінші орынды Франция алады. Жақын арадағы туризмді дамыта отырып, ол Германиядан, Белгиядан, Ұлыбританиядан, Италиядан, Испаниядан уақытша туристерді қабылдайды.Бірнеше күн ішінде туристер Парижді және Францияның келесі қалаларын аралайды: Океанографиялық турларымен әйгілі Марсель; әскери базаның орнындағы ерекше рекреакциондық аймағы бар Белфорт; архитектуралық ескерткіштерге бай Нант және т.б Бұлардың әрқайсысының ерекшеліктері бар, және олар уақытша туристерді тарту үшін тиімді қолданылады. Жүзеге асырылатын мақсатты шаралар нәтижесінде Франциядағы қысқа мерзімді туризм жылына 25%-ке өсіп отырады, бұл ұзақ мерзімдік туризмге қарағанда 3-4 есе артық. 

Қысқа мерзімдік  сапарлар санының өсуіне қарамастан ұзақ сапарларға деген сұраныс та сақталған.

Соңғы кездегі  туризм дамуының тағы бір тенденциясы  – үлкен жастағы адамдардың туристік сұранысының кеңеюі. Бір қарағанда, 55 жастан асқан адамдардың туризмі  парадокс сияқты болуы мүмкін, өйткені  зейнеткерлікке шығудың өзі адамның  демалуын қамтамасыз етеді. Алайда әр жас тобындағы халықтың қажеттілігін зерттеу-бұл проблеманың өткір екендігін көрсетеді. Туризмді күнделікті жұмыстан дем алу және жұмысқа деген қабілеттілікті қалпына келтіру құралы ретінде пайдаланатын халықтың белсенді бөлігіне қарағанда, бос уақыты көп зейнеткерлер үшін туристік сапарлар – белсенді өмір сүру формасы. Осыған байланысты үлкен жастағы адамдардың туристік нарықтағы алатын үлесі айтарлықтай. Бүгінде ол елеулі өзгерістерге ұшырауда.

Үлкен жастағы  адамдардың туристік сұраныстары олардың өздерінен 10 және 20 жас төмен құрдастарына қарағанда қатты ерекшеленеді. Олар өз жастарындағы ата-аналарына қарағанда неғұрлым сергек. Туристік сапарларға деген бейімділік бұл адамдарда зейнеткерлікке шықпай тұрып – ақ қалыптасқан. Еуропада туристік қызметтің күрт өсуі басталған кезде олардың жасы 30-да болды. Олардың көбі сол кезде-ақ саяхатқа белсенді түрде араласқан.Сол кезден бері туристік сапар олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Қазіргі күнгі  үлкен жастағы саяхатшылар –  тәжірибелі және «искушенный» адамдар. Олар үшін туризм тек күнделікті шаруалардан демалу тәсілі ғана емес, сонымен бірге әлемді тану формасы. өмірге деген қызығушылығын жоғалтпаған олар әртүрлі «приключениялар» және қауіп – қатермен байланысты сапарларға да шығады: Альпы тауларында шаңғы тебеді; Африканың шөл далаларында саяхатшылайды. Олардың көпшілігі топтасып саяхат құрғанды ұнатады.

Денсаулығы  нашар егде адамдар да саяхат шегіп  рахат алғанды жақсы көреді, алайда олардың мүмкіндіктері шектеулі. Халықтың бұл категориясының демалысы «төртінші жас» үшін арналған бағдарламалар шеңберінде ұйымдастырылады. Оларды арнайы құрылымдар жүзеге асырады, мысалы, Даниядағы «Дайнэдж Ассоциэшн». Нидерландиядағы «Сенье Ваканти План» немесе Швециядағы «Свериджес Пенсиопарсфорбинд» сияқты зейнеткерлер клубтары және ассоциялары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН  ДАМЫТУ МІНДЕТТЕРІ 

2.1 Туристік қызметті  лицензиялау  ережесі

 

Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заң), «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - «Лицензиялау туралы» Заң), өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және уәкілетті органның-лицензиардың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді.

-Қазақстан Республикасының  заңнамасымен және осы Ережемен  белгіленген талаптарды сақтаса,  Қазақстан Республикасының жеке  жаңа заңды тұлғаларына лицензия  алу құқығы беріледі.

-Шетелдік заңды  тұлғалар және олардың Қазақстан  Республикасы аумағында құрылған әрі турагенттік қызметті жүзеге асырушы филиалдары мен өкілдіктері Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарына арналған сондай шарттарымен және тәртіппен лицензиялануы тиіс.

Информация о работе Халықаралық туризмнің даму тенденциялары