Халықаралық туризмнің даму тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 17:53, курсовая работа

Описание работы

1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЫСАНДАРЫ РЕТІНДЕ.......................................................................................7-16
1.1 Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары........7
1.2 Халықаралық туризмнің бүгінгі таңдағы даму тенденциялары және әлеуметтік-экономикалық аспектілері.........................................................................12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ МІНДЕТТЕРІ..........................................................................................................17-26

2.1 Туристік қызметті лицензиялау ережесі..............................................................17
2.2 Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі міндеттері.................................23
2.3 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау......................................25
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................29

Работа содержит 1 файл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.doc

— 139.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

 

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЫСАНДАРЫ РЕТІНДЕ.......................................................................................7-16

1.1 Халықаралық туризмді дамыту  саясатының мақсаттары мен қағидаттары........7

1.2 Халықаралық  туризмнің бүгінгі таңдағы даму  тенденциялары және әлеуметтік-экономикалық  аспектілері.........................................................................12

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН  ДАМЫТУ МІНДЕТТЕРІ..........................................................................................................17-26

 

2.1 Туристік  қызметті  лицензиялау ережесі..............................................................17

2.2 Туристік  саланы дамытудың бірінші кезектегі  міндеттері.................................23

2.3 Қазақстан  Республикасындағы туризм саласын талдау......................................25

 

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................29

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстан-2030”  стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік  және саяхатшылық–бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі: туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады.

1999 жылы халықаралық  туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын  дүниежүзілік табыстың 8 пайызын,  қызмет көрсету секторы экспортының  37 пайызын құрады. Туризмнен түскен  табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Курстық жұмыстың мақсаты:

 Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаларын анықтау; Халықаралық туризмнің бүгінгі таңдағы даму тенденциялары және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті: Халықаралық туризм сыртқы экономикалық нысандары ретінде қарастару; ҚР-дағы туризм саласын дамыту міндеттері; Туристік қызметті  лицензиялау ережесі; Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі міндеттері; Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау;

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы  еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

Дүниежүзілік  туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. [9, 27б.] Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемлекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.

Жоғарыда аты  аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға  алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.

ДТҰ, туризм жөніндегі  мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің  туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі. [1;39б.]

Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі  бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ. [4;45б.]

Туризм жалпы  алғанда, мемелекеттің экономикасына  үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының  құйылуын қамтамасыз етеді және  төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен  қамтылуын көбейтуге көмектеседі.  ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм  және саяхат кеңесінің бағалауы  бойынша туризм өндірісінде құрылатын  әрбір жұмыс орнына басқа салаларда  болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын  дамытуға  жәрдемдеседі.

Туризм елдің  тұтас аудандарының экономикасына  белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салы стырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде  жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен,   спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің аркасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.

Туризмнің жылдам және тұрақты  өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде бе лгіледі.

Осы Тұжырымдама  туризм саласында тұтас мемлекеттік  саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері қалыптастыруды көздейді. [3;69б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЫСАНДАРЫ РЕТІНДЕ

1.1 Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары

 

Халықаралық туризм - бұл мемлекетттің дамуында үлкен  роль атқаратын, қиын да бірегей құбылыс. Халықаралық туризмнің әлемдік  сауданың және ұлттық экономиканың дамуына  әсері жоғары дәрежелі мәнге ие. [11;28б.]

Әрбір мемлекеттің  сыртқы экономикалық айырбасы, валюта негізінде көрінетін сыртқы саудасы  экономикалық қызметтің негізгі  сферасы болып табылады. Халықаралық  айырбас теориясы жеке мемлекетттердің  сыртқы сауда процессіндегі нәтижелеріне байланысты шарттар мен факторларын қарастырады. Сыртқы сауда қызметтеріне қатысты бұл теорияның жалпы қағидалары туристермен айырбас жасау ерекше нысанына әбден келеді. Экономистер ішкі туризмге қарағанда халықаралық туризмге көңіл бөлген. Олар мынадай шешімге келген, яғни, төлем балансына тауарлардың аййырбасы қалай әсер етсе, туристік қозғалыс та сондай-ақ әсер етеді. Сондықтан да халықаралық туризмді сыртқы экономикалық қатынастардың бір түрі ретінде және сыртқы сауданың ерекше нысаны ретінде түсіндіруге болады.

Халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынастардың  бір нысаны ретінде шетелдік туристердің  кең көлемдегі рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы туристік қызметтің түрлерін ұсынуға  бағытталған қызмет болып табылады.

Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастардың нысаны ретінде өзгеше белгімен ерекшеленеді. Олардың негізгілері, әлемдік нарықта сату-сатып алу құралдары ретінде тікелей сыртқы сауды айырбасына қабілеттілігі жоқ тауарлар мен қызметтер болып табылады.

Саяхатшыны орналастырумен байланысты көрсетілетін қызметтерге (мейманхана, тамақтану, экскурция, төсек орнын жуу, тазалау т.б) тауарлық сипат тән. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер ғана сатылып және сатылып алынбайды, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік- экономикалық  туристік –рекреациондық ресурстар да сатылады және сатылып алынады. Бірақ бұл сауда-саттық та олар дәстүрлі экспорт кезіндегідей территориядан алшақ кетпейді. Шетелдік туризмнен түскен валюталық түсімдер, ішкі туризмнен түскен табыстар сияқты табиғаттың емдік және ерекше қасиеттері үшін, жергілікті жердің тарихи ескерткіштері үшін өзіндік рекреационндық рента болып табылады.

Туризмнің тағы бір ерекшелігі сол, қызмет пен тауар  өндірісіне жұмсалған еңбек оның жасалған жерінде затқа айналады. Бұл кезде тауар тұтынушыға қарай жылжымайды, керісінше, сатып лаушы тауардың немесе қызметтің өндірілген жеріне өзі келеді, ал бұл капиталдың айналу уақытын қысқартады. Халықаралық туризмнің бұл негізгі сипаттамасы, оның басқа экспорттық баптардан ерекшелендіретін бірқатар жағдайларды тудырады.

Біріншіден, сатып  алушы саяхатшы тасымалдау шығындарын өзі төлейді. Екіншіден, шетел саяхатшыларының  сапар кезіндегі тауарлар мен  сувенирлерді сатып алуын сыртқы сауданың тиімді формасы ретінде  қарастыруға болады. Әр елдерде бірқатар салалар топтары осы «ішкі экспортқа» қызмет етеді. Мысалы, Жапонияда шетел саяхатшылары елде өндірілетін радио тауарлары менг видео аппаратураларының, фотоаппараттардың айтарлықтай бөлігін сатып алды; Швейцарияда – сағаттар, шокалад, сыр, Францияда – иіс сулар мен сән салондарының өнімдерін, Италияда – аяқ киім мен былғары галантереясының өнімдерін, Ұлыбританияда – виски және басқаларын сатып алады.

Халықаралық туризмге ішкі саудада қалыптасатын операциялар түрлері тән, атап айтқанда: экспорт, импорт және реэкспорт, бұл операциялардың халықаралық туризмде өз ерекшеліктері бар. Халықаралық экономикалық қатынастар формасы ретінде халықаралық туризмнің басты ерекше белгісі сол, қызметті сатып алу, кез келген сыртқы сауда мәмлесі сияқты, шетелдік контрагенттер (туристік фирма, шетелдік турист) арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты халықаралық туризмдегі экспорт дегеніміз – шетел қонақтарын қабылдау, ал импорт - осы елдің саяхатшыларының шетелдерге сапар шегуі. Халықаралық туризмдегі реэкспорт түсінігінің мазмұны күрделірек. Таза теориялық көзқарастан алып қарағанда, бұл категорияға осы елдің туристік фирмаларынан үшінші елге сапар шегу үшін жолдама сатып алған барлық шетел саяхатшылары жатады. Алайда, қалыптасқан есеп жүйесінің жетілмегендігіне байланысты, саяхатшылардың бұл категориясын есепке алу қиынға соғады. Сондықтан халықаралық туризмдегі реэкспортық операциялар барған сайын ұлғайып бара жатса да,олардың көрсеткіштері экспортық операцялар шінде жоғалып кетеді.

Туризм арқылы жүзеге асатын экспорттың бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың бірі - басқа жағдайларда қарапайым каналдар арқылы экспортталатын тауарлар үшін экспорт нарығының кеңеюі. Сонымен қатар мұндай экспорт шет ел валютасына көптеген тауарлар мен қызметтер жиынтығын сату мүмкіндігін береді. Оған қоса шетелдік саяхатшылар сатып алған тауарлары үшін шет нл валютасында салық төлейді.

Шаруашылық жүйесіндегі  туризм - еңбек бөлінісінің бір  көрінісі, бұл жерде экономикасының даму дәрежесі жоғары елдер басты  роль атқарады. Мұндай жағдай  халықаралық туристік айырбаста да қалыптасқан. әлемдік туристік сапарларың негізіг бөлігі өнеркәсіптік дамыған елдер арасында жүзеге асырылады, бұл елдерден (АҚШ, Франция, Ұлыбритания т.б) шетелдерге адамдардың саяхат құру проценті жоғары. Сондай-ақ дамыған елдер мен экономикалық дамудың орташа деңгейінде тұрған елдер (Греция, Португалия, Түркия т.б) және дамушы елдер (Тунис, Тайланд және т.б ) арасындағы саяхатшылар ағымы да айтарлықтай. Осыған сай, бұл елднрге Бүкіләлемдік туристік Ұйым аталған елдерге келесідей анықтама берген: «саяхатшыларды негізгі қоюшы елдер», және «саяхатшыларды негізгі қабылдаушы елдер».

Информация о работе Халықаралық туризмнің даму тенденциялары