Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:03, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері ретінде оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық жағдайындағы рөлі. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Бизнес-жоспар үғымын ашып, зерттеу;
Бизнес-жоспардың нарықтық экономикада қолданылуын талдау;
Бизенес-жоспарды қазіргі нарықтағы кәсіпкерлікте қолданысын қарастыру;
Курстық жұмыстың зерттеу субъектісі: Бизнес-жоспарды құрушы туристік нарық нысандары, кәсіпорындары мен кәсіпкерлері.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Туристік нарықтағы туристік кәсіпорынның бизнес жоспары.
«Сарыарқа-тур» туристік агенттігінің мақсаты – халықтың туристік қызметке деген қажеттілігін қанағаттандыру, туристерді сапалы және сенімді туристік қызметпен қамтамасыз ету. Агенттік туристік қызмет көрсету бойынша шарттағы барлық міндеттердің толық орындалуына кепілдік бере отыра, болашақ тұтынушыларды ақпараттандыру үшін қажетті іс-шаралар жүргізеді. Негізгі міндеті – ерекше, ұмытылмас саяхат ұйымдастыру, туристің демалысын ұнамды әрі пайдалы ету, кез келген бағдарламаны толыққанды әрі қызықты қылып жоспарлау. Өз қызметінде «Сарыарқа-тур» туристік агенттігі келесі принциптерді ұстанады:
«Сарыарқа-тур» туристік агенттігінің негізгі көрсететін қызметі:
«Сарыарқа-тур» туристік агенттігінің қосымша көрсететін қызметі:
«Сарыарқа-тур» туристік агенттігі БАӘ, Тайланд, Египет, Малайзия, Греция, Турция, Гоа және өзге де шет елдерде демалыс ұйымдастырып, Италия, Испания, Чехия, Франция сынды Еуропа мемлекеттерінде экскурсиялық турлар өткізеді. Чехия, Израильге емдік турлар, Санкт-Петербург, Мәскеуге жиынтықты турлар ұсынады. Сонымен қатар Астана қаласы және оның маңайындағы туристік орындарға экскурсиялар мен демалыстар ұйымдастырады. Агенттік «Tez tour», «Kazunion», «Kaztour», «Travel system» сынды жетекші туроператорлармен қызмет атқарады.
Агенттік Астана қаласында, Сарыарқа даңғылы, 12 мекен-жайында қаланың біршама дамыған нүктесінде орналасқан. Кірер есік туристік агенттік ұсынатын маршруттар тізімімен әрлендірілген, кеңсенің ішінде келушілердің демалуына жайлы орын жасалып, әртүрлі брошюралар, ақпараттық журналдар, қонақ үйлер каталогтары қойылған. Сонымен қоса, «Сарыарқа-тур» клиенттерінің демалыс кезіндегі жарқын суреттері ілініп, потенциалды клиенттерді әрдайым қызықтырады. Агенттік бірнеше телефон линиясымен, факс, ксерокөшірме, принтер, сканер, Internet локальді жүйесіне қосылған бірнеше компьютермен, барлық канцелярлық тауарлар түрімен қамтылған.
Қарастырылып отырған туристік агенттіктің негізгі сегментін 30-55 жастағы бизнесін алған қойған, табыс деңгейі жоғары кәсіпкерлер немесе өзге салалардағы білікті мамандар. Көп жағдайды бұл ерлі-зайыптылар, сондықтан жолдамалар 2-4 адамға арналып алынады. Саяхаттау мотивациясы: демалу, емделіп қайту, өзге мемлекеттің көрікті орындарын көріп қайту.
Осыдан барып, келесідей қорытынды жасауға болады: қарастырылып отырған турагенттіктің клиенттері дамыған, перспективті кәсіпкерлер болғандықтан тұтынушылардың бұл тобы турагенттіктің турөнімді даярлап, өткізуге шығарған шығынын толық ақтап беруге мүмкіндік береді. Дегенмен нарықтың бір ғана сегментімен жұмыс істемей, фирманың барлық потенциалды тұтынушылардың сеніміне еніп, ықыласын оятуы қажет, яғни, барлық маркетингтік іс-әрекет қазіргі және болашақтағы тұтынушылардың талғамын қарастырылып отырған туристік агенттікке бағытталуы үшін жасалады.
Кез келген кәсіпкерлік қызметтің жетістігі бизнестегі менеджменттің негізгі элементі болып саналатын ксіпорынның потенциалы мен басқару бағдарламасының дұрыс таңдалуымен анықталады. Бағдарламаны таңдау факторларға тәуелді болады: кәсіпорынның қандай көлемде потенциалы бар, кәсіпорынның потенциалының бәсекелестік қабілеті қаншалықты жоғары; нарықта қандай үлесі бар және кім бола алады, кәсіпорын алдына қандай мақсат қояды. Қойылған мақсатқа байланысты кәсіпорын нарықта жүріс-тұрыс бағдарламасын таңдайды.
Қызметкерлер – кәсіптік немесе қызмет белгілері бойынша топ құрайтын мекеменің, кәсіпорынның жеке құрамы немесе қызметкерлері.
«Сарыарқа –тур» турагенттігінің құрылымы келесідей: Штаттағы қызметкерлер саны – 3, штаттан тыс қызметкерлер саны – 6. Қызметкерлердің туристік нарықтағы еңбек тәжірибесі 5 жылдан кем емес.
Бас директор – Ертаев Мақсат Мұхтарұлы.
Директор орынбасары әрі бас менеджер – Жүнісова Гүлмира Нұрболатқызы
Менеджер – Әбдірайымова Малика Аманжолқызы
Бас директор өзінің ішкі мәдениетімен, білімі әрі тәжірибесімен кез келген қызметкерінің өз кәсіпорынына тиімді қызмет етуіне жетелеп, содан жоғары нәтиже алады. Басқаруда демократиялық стильді қолданып, ұжымда серіктестік қатынас орнатып, бағыныштыларды ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойынша шешімдерді талқылауға және дайындауға тартумен, құқықтар менміндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған шешімдерді орындаған кезде өз қызметкерлерінің дербестігі мен бастамашылдығын қолдап отырады.
Турагенттіктің бірінші менеджері тәжірибесі мол қызметкер. Негізгі атқаратын қызметттері – Еуропа, Азия елдерінің турөнімдерін даярлап, өткізу және бухгалтерлік іс жүргізу.
Менеджер – ішкі туризмге жауап беріп, Қазақстан бойынша өнімдерді өткізумен және Түркия мемлекетінің турпакеттерін сатумен айналысады.
«Сарыарқа –тур» турагенттігінің құрылымын қарастыру барысында, кәсіпорынның тиімді қызмет атқаруы үшін қажет келесі мәселелелер назарға алынды:
Кәсіпорында келесі қызметтет толығымен жүзеге асады: кадрлық қызмет, клиент тарту, қаржылық жоспарлау, басқарушы кәсіпорындағы қызмет әрекеттері жайлы толық ақпаратта,жұмыс міндеттерінің орындалуы, шешім қабылдаудың жүйелігі және дәл уақыттылығы. Қызметкерлердің қызмет бабы бойынша ары қарай дамуына, біліктілігін арттыруға ықыласы үлкен және осы кәсіпорынның ұйымдастырушылық жүйесі ол сұранысқа жауап бере алады және нәтиже тиімділікті әкеледі.
Кәсіпорынның негізгі туристік бағыттарының бірі Түркия.
Миллиондаған туристер бұл елдің көз тартар әдемілігін де, таңғажайып келбетін де, Жерорта және Эгей теңіздері жағасындағы саф ауасын да ертеден мойындаған. Түркияға саяхат жасап, ондағы демалыс орындарында болу - демалыс уақытын ең жоғарғы деңгейде өткізу деген сөз. Тіпті 4-5 жұлдызды қонақ үйлерге бір көз салудың өзі неге тұрарлық десеңізші! (Ал басқаша қонақ үй түрін бұл жерден таба да алмайсыз) Бұл жердегі туристерге қызмет көрсету сапасын «All Inclusive» (барлығы қамтылған) атты жұмыс істеу ұстанымынан-ақ байқауға болады. Сізге бұл жерде толықпансионды қызмет түрі көрсетіледі, олардың арасынан спиртті ішімдікті де, жай сусындарды да тәулік бойы таба аласыз. Түрік моншасы да сіздің қасыңыздан табылады. Ал көңіл көтерудің бильярд, гольф, т.с.с түрлерімен қиналмай-ақ айналысуыңызға әбден болады. Ал демалушылардың бала-шағасы үшін де барлығы қарастырылған. Балалар үнемі ата-аналардың және тәрбиешілердің көз алдында болуы үшін арнайы балалар клубтары бар. Осының барлығына сіз туристік фирмаға бір реттік төлем жасау арқылы қол жеткізе аласыз. Сіз ешқандай да артық шығынға ұшырамайсыз. Алаңсыз демалыс деген осы болар!
Ал демалыспен қоса іскерлік қарым-қатынас орнатудың ең тиімді әрі ыңғайлы жері бұл- Түркияның астанасы-Стамбул. Сондықтан да «Сарыарқа-тур» туристік фирмасы сізге пайдалы әрі жағымды демалысты ұштастыра білуге шақырады. Мысалы сіз бір апта Анталияның аптап ыстығына малынып қайтсаңыз, келесі күні-ақ Стамбулға аттануыңызға мол мүмкіндік бар.
Отбасыңызбен демалуды ұйғарсаңыз, тағы да ұтымды кеңес береміз. Отбасыңызбен Анталияға келсеңіз, ұтылмайсыз. Бұл жерде сіз қалтаңыздың қ қалыңдығына сай демала аласыз. Яғни кез-келген қаржы көлемінде демалып қайтуыңызға болады. Ең ерекшелігі сол-бұл жерде балалар түрлі жағдайда тегін демалады. Ал егер Түркияда жастар демалатын жерді іздесеңіз-Бодрумға барыңыз. Бұл жердегі түндерді-сіз ешқайдан да кездестіре алмайсыз. Европада көлемінің үлкендігі жағынан екінші орын алатын көбікті шоумен көркемделген дискотека «Геликарнас» немесе кемедегі «Катамаран» би кеші кез келген туристің көңілін көтеріп қана қоймай, жастық лебін силайды.
Тағы да тиімділіктер жайына келсек, түрік курорттарына бару визасыз жолмен рәсімделеді. Демалудың тиімді жолдары деп осыны айт. Анталияда жүрсеңіз, сіз қалаған уақытыңызда бір күнге Иерусалимге ұшып кете аласыз (ұшу уақыты-1сағ), ал Бодрум мен Мармариста жүріп 2 сағаттың ішінде пароммен грек аралдарына аттана аласыз. Осы үшін де виза рәсімдеп әуре болмайсыз.
Біріккен Араб Әмірлігі - Бай әрі үнемді демалыс түрін сіз Біріккен Араб Әмірлігінен де таба аласыз. Ондағы әрбір демалыс орны сізді сиқырлы сәулет өнерімен, ең ұтымды қызмет түрлерімен таң қалдырады. Жұмсақ ауа-райы, жылы теңіз, құмды жағажайлармен аква және жануарлар саябағы, ойын алаңдары, балаларға арналған ойын түрлері. Осындай демалыс жолдарын қолдан жіберіп алу тым өкінішті болар еді!
Ал ыңғайлы бағадағы ең үздік қонақ үйлер сізді үнемі күтумен болады. Сонымен қатар, дубай сауда фестивальін жіберіп алып жүрмеңіз. Бұл елде сізді қайталанбас жап-жасыл оазистермен, кең даладағы сафарий, ол жердегі түйемен серуендеу, құм тауларда шаңғы тебу ұмытылмас сәттер сыйлайды. Ал іргеде таяушығыстағы Манхэттен. Бұл жерде Дубаида әйгілі Атлантиданың қайта жандануы, жаңаша сипат алуы үлкен жаңалық. Дәл осы жерде танымал «ATLANTIS»-отель-алаң ашылды
Оңтүстік-Шығыс Азия - құпияға толы Азия сіздерді өз әлеміне тартады. Ежелгі сәулет өнері өркенниеттің қалай пайда болғанынан да,оның қалай жойылғанынан да хабар берсе, таң қаларлық табиғатпен жер қыртысының ерекшелігі демалушыларды бірден өзіне баурап алады. Тайланд, Сингапур, Индонезия, Вьетнам, Филиппины, Индия, Ганконг, Бруней – бұл күнде осы елдер туристік деңгей жағынан ең белсенді, ең танымал елдер. Ал осы аймақтарға демалыстарыңызды ұйымдастыру, саяхат жасауға бағыттау қызметі болса «Сарыарқа-тур» туристік фирмасы үшін сөз емес. Тез әрі тиімді қызмет жасайды.
Сіз Малайзиямен Сингапурде болмап па едіңіз? Ендеше көп қызықтан құр қалған екенсіз. Ұзыннан ұзақ созылған аппақ жағажайлар, адам аяғы өтпес қалың ормандар, ұлттық бояуға толы саябақтар. Бұнымен таң қаларлық жерлер қатары әлі бітпейді. Малайзиямен Сингапур экзотикалық табиғаттың ортасы ғана емес, нағыз көңіл көтеру орындарының ең таңдаулысы жинақталған жерлер. Дайвинг, қызықты саяхаттар, ерекше spa процедуралар - осы елдерде демалу кезінде сізге силанатын рахаттардың аз бөлігі ғана!
Қытай. Қытай - армандардың тоғысқан елі, сондықтан сізді бірден таң қаларлық ғажайыптарға жетелейді. Конфуциан даналықтары әлемдік туризмде жетекші орын алары сөзсіз. Туристерді тек осы ғана емес, басқа да өзіндік ерекшеліктермен тарихи құндылықтар тартады. Ұлы Қытай қамалдары, Мин сағанасы, Пекин операсы, Император қамалы, Неба ғибадатханасы т.с.с Туристерді бұл елдің көз жауын алатын табиғи әсемдігі де таң-тамаша қалдырады. Соңғы кезде әсіресе Хайнань аралымен аты әлемге әйгілі Орхидея бағы көпшіліктің ең көп баратын орнына айналған.
Сонымен қатар ел ауызынан естіген қытай медицинасының кереметіне де сіз осы елге келу арқылы көз жеткізе аласыз: акупунктура, ароматерапия, бальнеотерапия, гидроколонотерапия, саз-балшықпен емдеу, ингаляция, емдік шомылулар және орап емдеу. Осы емдеу шараларының барлығы да келген қонақтардың көңілінен шығып жатады. Ал осының барлығын қытай елінің атақты термальды және қайнар сулары тіпті толықтыра түседі. Осы сулар радикулит, ревматизм және гинекологиялық сырқаттарға бірден-бір шипа.
Болгария. Болгария елінен сіз өз қаржыңыздың көлеміне қарай кез-келген демалыс орнын таңдай аласыз. Ақшаңызды үнемдеп 2-3 жұлдызды отельдерде немесе қаржыңызды аямай 5 жұлдызды қонақ үйлерде орналасуыңызға болады. Барлығы да европалық стандартқа сәйкес жасалған. Осы елдің бай инфрақұрылымы да сізді рахатқа бөлейді. Мейрамханалар, аквапарктер, корттар, атпен серуендеудің түр-түрі осының барлығы уақытыңыздың көңілді әрі жеңіл өтуіне септігін тигізеді. Бұл елдің аспаздары дайындаған тағамдар тіліңізді үйіреді. Жаңа піскен жеміс - жидектерден жасалған тәбетті ашатын тағамдар қашан да сіздің асқа деген тәбетіңізді ашады.
Болгар тілі орыс тіліне өте ұқсас, сондықтан ол жақтағы халықпен тілдесу сізге аса қиындық тудырмайды. Ал Болгарияға жету үшін қажетті виза жеңіл түрде әрі өте жылдам жолмен рәсімделеді. Ыстық күн шуағы, ашық аспан жұмсақ құм сізді қашанда осы жаққа келуге шақырады. Ал Қара теңіз жағасында су спортын қоса ала жүре демалу тіпті ерекше сезімге бөлері анық.. Болгария жері де суы да емдік қасиеттерге бай.
Ал егер сізді осы жердің тарихи болмысы
қызықтыратын болса,онад іске сәт! Осы
жердегі экскурсоводтар сізді елдің тарихи
құндылықтарымен,