Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:03, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері ретінде оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық жағдайындағы рөлі. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Бизнес-жоспар үғымын ашып, зерттеу;
Бизнес-жоспардың нарықтық экономикада қолданылуын талдау;
Бизенес-жоспарды қазіргі нарықтағы кәсіпкерлікте қолданысын қарастыру;
Курстық жұмыстың зерттеу субъектісі: Бизнес-жоспарды құрушы туристік нарық нысандары, кәсіпорындары мен кәсіпкерлері.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Туристік нарықтағы туристік кәсіпорынның бизнес жоспары.

Работа содержит 1 файл

Бизнес-жоспар құру.docx

— 133.01 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Бизнес-жоспардың негізгі талдауы – бұл жобалар – фирманың жаңа перспективалық даму стратегиясының бағдарламасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырылады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін біздің экономикамыз, ғылымымыз, өнеріміз, әдебиетіміз тең дәрежеде болуы керек. Бұған Елбасы да ерекше мән беріп отыр. Соңғы  жылдар ішінде елімізде үлкен өзгерістер болды. Қазақстан онша дамымаған кешегі кеңестік республикадан өркендеген, әлеуетті экономикасы бар, демократиялық мемлекетке айналды. Мемлекетіміз бен Елбасымызды дүниежүзі біледі, сыйлайды, құрметтейді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауынан Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оны «Бизнестің жол картасы – 2020» деп атауды ұсынған. Елбасының биылғы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы ретте кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесін айтсақ болады. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адам алғашқыда несие алуға әрекет жасайтыны белгілі. Болашақ кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жоқ болса, тіпті қиын. Жолдауда айтылғандай енді кәсіпті бастау үшін несие алған адамдарға мемлекет кепіл болатын болды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Мемлекеттің кепіл болуы халықаралық іс-тәжірибеде бар. Айталық, мұндай тәжірибені Германиядан кездестіруге болады. Банк кәсіпкерлердің бизнес-жоспарымен танысып, оған қаржы салудың тәуекелі зор екенін білгеннен кейін, кәсіпкерлер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Жолдауда айтылған тағы бір көңілге қонымды мәселе, еліміздің барлық аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашу ісін атап айтуға болады. Мемлекет кәсіпкерлік қауымдастықтарға арнайы гранттар тағайындап, кәсіпкерлерге тегін ақыл-кеңес беру ісін ұйымдастыруына болады. Өйткені қауымдастықтардың бай тәжірибесі бар. Яғни кәсіпкерлер осындай кеңес беру орталықтарына жүгіне отырып барлық керекті сұрақтарына жауап таба алатын болады. Соның ішінде бізнес жоспарды таңдау, әзірлеу тәртібі мәселесі ерекше маңызға ие.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында кәсіпорынды құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша жасалынатын бизнес-жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін тиімділігі мен әсер ету жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау. Яғни нарықтық экономикаcы дамыған шетелдердің кәсіпорындарында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі. Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспар – коммерциялық  iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері ретінде оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық жағдайындағы рөлі. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • Бизнес-жоспар үғымын ашып, зерттеу;
  • Бизнес-жоспардың нарықтық экономикада қолданылуын талдау;
  • Бизенес-жоспарды қазіргі нарықтағы кәсіпкерлікте қолданысын қарастыру;

Курстық жұмыстың зерттеу  субъектісі: Бизнес-жоспарды құрушы туристік нарық нысандары, кәсіпорындары мен кәсіпкерлері.

Курстық жұмыстың зерттеу  объектісі: Туристік нарықтағы туристік кәсіпорынның бизнес жоспары.

Курстық жұмыстың құрылымы: бірінші бөлімде бизнес-жоспардың теориялық аспектілері қарастырылып, бизнес-жоспардың мәні мен мақсаты анықталған. Ал, екінші бөлімде туристік нарық субъектісі мысалға алынып, бизнес-жоспарына жалпы шолу жасалған, кәсіпорынның маркетингтік, менеджменттік және стратегиялық даму жолдары талданған. Туристік саладағы бизнес-жоспардың басқа саладан ерекшелігі курстық жұмыстың үшінші бөлімінде қарастырылған.

Әдістемелік негізі болып Отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, халықаралық, ғаламдық ұйымдардың мәліметтері (БҰҰ, ДСҰ, ЮНВТО), ұлттық туристтік ұйымдардың материалдары және желі ақпараттары.

 

1. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері

1.1Бизнес-жоспардың мәні мен мақсаты

 

Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтық ұйымдастыру үлгісіндегі кәсіпкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарықтың экономика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағытталған экономикалық қызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің (кәсіпорындардың) өндіріс немесе қызмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айқындау бизнес-жоспар деп аталады.

Нарықтық экономикалы дамыған шетел елдерде кәсіпорында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды қарастыруда тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес жоспар қазақстандық кәсіпкерлікке стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, несие берушілермен және мемлекеттік басқару органдарымен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады.

Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.

Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.

Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспар кең ауқымды болып келеді. Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсетеді.

Бизнес-жоспарға ұқсас құжат технико-экономикалық негіз болып табылады, өйткені мұның бағыты бизнес жоспардағыдай, бірақ технико-экономикалық негіз шағын болып келеді. Бизнес жоспар - бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.

Нарықтық щаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі.

Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады.

Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспар әдетте 3-5 жылға арналып құрылады. Бизнес-жоспар жасау кәсіпкерлерге келесі мәселелерді білу үшін қажет:

Біріншіден, бизнес-жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ-түйекті есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік береді.

 Екіншіден, бизнес-жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы бо-лып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «Нені, кім үшін өндіру қажет» деген сұраққа жауап табады.

Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат кәсіпкерде барлық уақытта бола бермейді. Әріптестерін қызықтыру үшін, керекті несиені алу үшін немесе инвесторларды тарту үшін - оларға толық бизнес-жоспарды ұсыну қажет. Ал, іскер әріптес қашанда шынайы негізделген нақты есепті талап етеді.

Бизнес-жоспар кәсіпорынға бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Рыноктағы жағдайды зерттеуге;
  • Өнімді өндіру мен өткізу шығындарын өтеуге;
  • Сату бағаларын шығындармен салыстырып, мүмкін пайданы анықтауға;
  • Кәсіпорындағы жұмыс жағдайын тұрақты түрде бағалауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштерді анықтауға;

Осы міндеттерді шешу үшін бизнес-жоспарда бірнеше қағидалар болу керек:

Ашылып  жатқан кәсіпорынның мақсаттары  мен міндеттерін, пайда алу  мүмкіндігін, сонымен  қатар айналадағылар  үшін  әлеуметтік  пайдалылығын сипаттау;

 Кәсіпкердің тұтынушыға сататын  тауарына немесе көрсетілетін қызметіне, сонымен бірге бәсекелестің мүмкіндігіне сипаттама беру;

 Өндіріске  қажет  ресурстарды, сонымен  бірге күтіліп отырған  нәтежиелерді  есептеу;

 Елдегі нақты жағдайды ескере отырып, жоспарды іске асыру жөніндегі әрекеттер бағдарламасы.

 

    1. Бизнес-жоспарға әсер етуші факторлар және оларды талдау

 

Бизнес жоспарлауды логикалық түрде бірінен бірі туындайтын алты өзара байланысқан басқарушылық процестердің динамикалық жиыны ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, тұрақты кері байланыс та бар.

Бизнес жоспарлау процесі төмендегілерді қамтиды:

  • Кәсіпорын, ұйымның миссиясын анықтау;
  • Кәсіпорын, ұйымның қызмет ету мәселелері мен мақсаттарын анықтау;
  • Сыртқы ортаны бағалап, талдау;
  • Ішкі құрылымды бағалау және талдау;
  • Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау;
  • Стратегияны таңдау.

Бизнес жоспарды басқару процесі, сондай-ақ мыналарды қамтиды (жоспарлаудан басқа):

  • орындалуын бағалау және бизнес жоспарды жүзеге асыру;
  • бақылау.


Суреттен көрініп тұрғандай, бизнес жоспарлау стратегиялық басқарудың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды басқару кейде «бизнес жоспарлау» терминінің синонимі ретінде қарастырылады. Алайда, бұл олай емес. Бизнес-жоспарды басқару бизнес жоспарлаудан басқа шешімдерді жүзеге асыру механизмін қамтиды.

Жоспарлаудың негізгі құраушылары:

1. Ұйым миссиясын анықтау. Аталмыш процесс кәсіпорының әрекет ету мәнін орнатудан, оның тағайындалуынан, нарықтық экономикадағы ролі мен орнын анықтаудан тұрады. Шетелдік әдебиетте аталмыш термин корпоративті миссия деп немесе бизнес тұжырымдамасы деп аталады. Ол нарықтық қажеттіліктерге, тұтынушылар сипатына, өнімнің және ерекшеліктері мен бәсекелік артықшылықтардың болуына байланысты кәсіпорындар бағдарланатын бизнестегі бағытты сипаттайды.

2. Мақсаттар мен мәселелерді құру. Қандай да бір бизнес түріне тән іскерлік бейімделушіліктер сипаты мен деңгейін сипаттау үшін «мәселелер» және «мақсаттар» деген терминдер қолданылады. Мақсаттар мен мәселелер тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін бейнелеуі керек. Олар кәсіпорында қызмет ететін адамдар мотивациясын құруы керек. Мақсатты бейне кем дегенде төрт мақсаттар типін қамтуы керек:

- Сандық мақсаттар;

- Сапалық мақсаттар;

- Стратегиялық мақсаттар;

- Тактикалық мақсаттар.

Төменгі деңгейлі кәсіпорындар үшін мақсаттар мәселелер ретінде қарастырылады.

3. Ішкі және сыртқы ортаны талдау және бағалау. Ортаны талдау әдетте стратегиялық басқарудың бастапқы процесі ретінде есептеледі, себебі ол кәсіпорын миссиясы мен мақсаттарын анықтау үшін базаны қамтамасыз етеді, сондай-ақ ол кәсіпорынға өз мақсатына жетуге мүмкіндік беретін стратегиялық әрекетті өңдеу үшін қолданылады.

Кез келген басқарудың кілтті рольдерінің бірі – ұйымның ортамен әрекеттесу балансын сақтау. Әрбір ұйым үш процеске қатысады:

- сыртқы ортадан ресурстарды алу (ену);

- ресурстарды өнімге айналдыру (қайта құру);

- өнімді сыртқы ортаға беру (шығу).

Басқару ену және шығу теңдігін қамтамасыз етуге маманданған. Ұйымда аталмыш теңдік бұзылған жағдайда, ол тоқырау жағдайына ұшырайды. Қазіргі таңдағы нарық аталмыш теңдікті сақтауда шығу процесінің мәнін шұғыл арттыра түсті. Бұл стратегиялық басқару құрылымында көрініс табады. Бірінші блок – ортаны талдау блогы.

Ортаны талдау оның үш құраушысын қарастыруды болжайды:

- макроорта;

- тікелей орта;

- ұйымның ішкі ортасы.

Сыртқы ортаны талдау (макро- және тікелей орта) кәсіпорын жұмысты табысты жүзеге асырса және ол жағымсыз әсерлерді уақытылы анықтамаса оны қандай жағдайлар күтетінін анықтауға мүмкіндік береді.

Макроортаны талдау мыналарды қамтиды: экономиканың, құқықтық реттеу мен басқарудың, саяси процестердің, табиғи орта мен ресурстардың, қоғамның әлеуметтік және мәдени құраушыларының, қоғамның ғылыми – техникалық және технологиялық дамуының, инфрақұрылымының әсерін талдау.

Информация о работе Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері