Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 11:42, курсовая работа
Туризм – экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады.Туризмді дұрыс жолға қоя білу қыруар пайда табуға жол ашады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлеккеттік бағадарламалары қабылдануда.
КІРІСПЕ………………………………….............…………………….……..…3
1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ГЕОГРАФИЯСЫ..............................4
1.1 Географиялық орны, тарихы………………………………………...…......4
1.2 Табиғаты………………………………………………………………….....5
1.3 Аудандар бойынша туристік рекреациялық мүмкіншілігі……....….…6
2 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ………………………....10
2.1 Халқы……………………………………………………………..…….......10
2.2 Экономикасы…………………………………………………………….....13
2.3 Облыстың туристік инфрақұрлымының қазіргі жағдайы……………….16
3 ОБЛЫС ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПОТЕНЦИАЛЫ...........................................................................................……20
3.1 Облыстағы туризм дамытудың проблемалары мен мәселелері…………20
3.2 Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары……………22
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………
Балалар туризмі – ішкі туризм мен туристік мәдениетке тәрбиелеудің негізін қалаушы фактор.Балалық шақтан бастап туризмнің әр түрлерімен айналысу азаматтық, патриотизм сезіміне тәрбиелейді, ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтауға ықпал етеді. Туған өлкені іс жүзінде тану, қоршаған ортамен, тарих және мәдениет ескерткіштерімен танысу арқылы туристік мәдениетке тәрбиелейді. Балалар-жасөспірімдер туризмі туризмнің белсенді түрі бола отырып, өскіншек ұрпақты салауатты өмір салтына араласуға ықпал етеді, нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алудың баламасы болып табылады. Балалар-жасөспірімдер туризмі ересек спорттық, экстремальдық туризмнің нұсқаушыларын дайындау үшін база болып табылады. Туризм нұсқаушыларының мұндай кадрлары облыста ішкі және келу туризмін дамыту үшін керек.
Балалар-жасөспірімдер туризмінің дәстүрлері облыста «оңтайландырудан» кейін қалалық оқушылар Сарайы жанындағы «Гермес» туристік клубында, қалалық жас туристер станциясында, кейбір аудандық орталықтарда энтузиастер күшімен туристік үйірмелер деңгейінде сақталынды.
Бағдарлама іс-шаралары Жоспары бойынша облыс аудандарынан 7-ден 10 командаға дейін қатысқан «Алтын күз» облыстық туристік слетінде өткізу қайта жаңғырды. Жарыс жеңімпаздары «Қазақстан турисі» белгісімен марапатталды. Жазғы каникулдарда қалалық оқушылар Сарайы мен жас туристер станциясы, шатырлық туристік демалыс лагерлерін және туған өлке бойынша саяхат пен экспедициялар ұйымдастырады. Облыстың жастар командасы 2004 жылы алғаш рет Павлодардағы спорттық туризм бойынша ХVІ республикалық жарыстарға қатысты. Бұрындары облыс командалары осындай жарыстарда жүлделі орындар алып жүрді. Оқушылар мен жастардың туристік жарыстарға қызығушылығы орасан зор. Дегенмен, команданы дайындаудың төменгі деңгейі, туризмнің білікті нұсқаушылары кадрларының жетіспеушілігі, команданың туристік құралдармен нашар жабдықталуы және бірқатар шешілмеген нормативтік және әдістемелік мәселелер балалар-жасөспірімдер туризмінің дамуын тежеп отыр, облыстың спорттық туризмі жағдайына әсер етеді [21].
Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту үшін:
туризм нұсқаушылары кадрларын дайындауды қамтамасыз ету қажет.
Туризмді кластерлік дамыту Осы заманғы туризм индустриясы өз жұмысына экономиканың 32-ден астам салаларын енгізеді. Бірін-бірі толықтыратын және бірігетін, облыстың туристік саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар мен олардың ілеспелі ұйымдары арасындағы өзара байланысты және жақын орналасқан кластерлік өзара әрекеттестік облыстың туристік саласын тұрақты дамыту үшін жағдайлар туғызады.
Ол үшін:
Туризм саласында инвестициялық саясат қалыптастыру Облыстағы туризм инфрақұрылымының нашар дамығанын, сондай-ақ қаржының шектеулігін ескере отырып, инвестициялар және жеке капитал тарту есебінен саланы қаржыландыру мәселесін шешу керек [25].
Кадрлар дайындау және кадрлар біліктілігін арттыру жүйесі
Ішкі және келу туризмін дамытудың тежеуіш факторларының бірі сала кадрлары проблемасы болып табылады. Облыстың жоғары оқу орындарында туризм бойынша мамандар даярламайды. Туристік қызметке лицензия алғысы келетіндер мамандардың: туризм менеджерлерінің, туризм нұсқаушыларының, экскурсия жүргізушілердің, гид-аудармашылардың жоқтығынан біліктілік талаптарын орындай алмайды. Қонақ үй кадрларымен жағдай біршама тәуір. Кадр-практиктер біліктілігін көтеру жүйесі жолға қойылмаған.
Саланы кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету үшін туристік кадрлар даярлау жөнінде шаралар әзірлеу және туризм қызметкерлері біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастыру қажет [10].
Туризм қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Туризм қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі турист маршрут пен елді таңдау кезіндегі негізгі факторлардың бірі болып табылады. Бұл мәселе осы заманғы жағдайларды ерекше өткір қойылады. Туризм қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын негізге ала отырып, Бағдарлама облыс аумағындағы туризм қауіпсіздігі деңгейін арттырудың мынадай бағыттарын белгілейді:
Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету.
Бағдарламаны
жүзеге асыру үшін негізгі техникалық-
Бағдарламаны
жүзеге асырудың негізгі техникалық-
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы курстык жұмысты қысқаша жинақтап қортындыласақ, Ақтөбе облысы республикамыздағы туристік - рекреациялық ресурстарына бай, туризм инфрақұрлымын дамытуға қолайлы әрі тиімді. Осыған байланысты белгілі түзетулер енгізуді талап етеді. Қазіргі уақытта бұл саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы жасалып, бекітілген.
Облыстың әкімшілік жағынан туризмді дамыту үшін зерттеулері мен талдау жасап, облыстың қазіргі туристік мүмкіндіктерін пайдалана отырып туризмнің даму бағытын ұсынды.
Тікелей экологиялық, спорттық және емдік, танымдық туризм түрлерін дамыту (сафари, велотреккинг, рафтинг, орнитологиялық, альпинизм, аңшылық пен балық аулау).
Іс жүзінде кез-келген турфирма туристердің кіруін ұйымдастыра алады, дегенмен, толық кешенді туристік қызметтер мен қызмет көрсетулер әзірше мүмкін болмай тұр. Туристік қызметтер рыногына қатысушылар арасында өзара байланыстың толық болмауы ұйымдасқан кіру туризмін дамытуды тежеп отыр.
Ақтөбе облысы арқылы Қазақстанға келетін туристердің транзиттік сипатын ескерсек, қызмет көрсетудің барлық желісі бойынша қатысушылардың тез өзара әрекетін қамтамасыз етіп, келу және қызмет көрсетудің қысқа мерзіміне арналған турөнімдерді әзірлеу қажет.
Ішкі туризм 2005 жылы ішкі туризм туристерінің саны 2004 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді. «Демалыс-жаз 2005: туризм, саяхат, спорт» туристік жәрмеңкесіне келушілерге сауалнама жүргізу тұрғындардың Қазақстанда демалғысы және емделгісі, белсенді демалысты облыста өткізгісі келетінін көрсетті. Барлық турфирмалар оқушылар мен студенттер, жеке туристердің ұйымдастырылған топтарын Алматыға, Астанаға, Түркістанға, Бурабай демалыс аймағына және т.с.с. жібереді. Дегенмен, облыстың 686,9 мың адамдық тұрғындары үшін облыста туризмнің инфрақұрылымы қажет. Ол үшін айтарлықтай әлеует: қарағай орманы, таза су, емдік балшықтар, туризмнің танымдық және белсенді түрлерінің объектілері бар. Облыстың кейбір аудандарында демалыс және туризм үшін жыл бойына әлеует бар.
Ішкі
туризмнің турөнімдерінің басты
міндеті – сұраныс пен
Шығу туризм. Шығу туризмі де облыс үшін маңызды. Тек оны қайта мамандандыру үшін жағдайлар жасау, тұрғындар көзқарасын кеңейтуге және мәдени деңгейін арттыруға ықпал ететін танымдық, сауықтыру туризміне және мәдени алмасуларға байланысты баруды дамыту қажет.
Облыстың
көптеген турфирмаларының шетелдік
туроператорлармен тікелей
Туристік ұйымдар қызметінен түсетін жалпы табыс. Әлемдік туризмді дамыту тәжірибесі барлық мемлекеттер келу туризмі мемлекет қазынасына валюталық түсімдерді қамтамасыз ететіндіктен, екіншісі мемлекет ішіндегі қаржыны жинақтайтындықтан және туризм инфрақұрылымының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететіндіктен келу және ішкі туризмді дамытуға мүдделілік білдіреді.
Ақтөбе облысы болашақта ел іші - сыртындағы туристерді баурайтын туристік орталыққа айналу үшін инфрақұрылымды, қызмет көрсету деңгейін жоғарлату қажет. Мысалы, туризм саласында инвеситициялық саясат қалыптастырып, облыстағы туризм инфрақұрылымының нашар дамығанын және қаржының шектеулілігін ескере отырып инвеситициялар және жеке капитал тарту есебінен саланы қарыжыландыру мәселесін шешу керек және де облыс ішінде кәсіптік маман даярлау қажет.
Ақтөбе облысының туризм жағдайын бақылап қарастырғаннан кейін біз облыста ішкі туризмге қарағанда сыртқы туризм жақсы дамығанын байқадық. Осы мәселені шешу үшін бізге облыс шеңберіндегі туризмді дамыту қажет.
Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, сервис деңгейі нашар дамыған, екінші буындағы білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағаттанғысыз жағдайы, батыстық туристің біздің өлке туралы хабарының аздығы, туризмнің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің жетілмегендігі, облыстың кейбір аудандарындағы экологиялық жағдайдың қолайсыздығы.
Туристік саланың одан әрі
перспективалы дамуы, туризм
Информация о работе Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары