Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 11:42, курсовая работа

Описание работы

Туризм – экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады.Туризмді дұрыс жолға қоя білу қыруар пайда табуға жол ашады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлеккеттік бағадарламалары қабылдануда.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………….............…………………….……..…3
1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ГЕОГРАФИЯСЫ..............................4
1.1 Географиялық орны, тарихы………………………………………...…......4
1.2 Табиғаты………………………………………………………………….....5
1.3 Аудандар бойынша туристік рекреациялық мүмкіншілігі……....….…6
2 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ………………………....10
2.1 Халқы……………………………………………………………..…….......10
2.2 Экономикасы…………………………………………………………….....13
2.3 Облыстың туристік инфрақұрлымының қазіргі жағдайы……………….16
3 ОБЛЫС ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПОТЕНЦИАЛЫ...........................................................................................……20
3.1 Облыстағы туризм дамытудың проблемалары мен мәселелері…………20
3.2 Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары……………22
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………

Работа содержит 1 файл

Ақтөбе облысының туризмінің қазіргі жағдайы мен болашағы. КУРСОВАЯ.doc

— 491.00 Кб (Скачать)
 
 

     Сурет 1 2005-2006 жылдың жалпы , табиғи өсімі және  халық көшіп – қонуының өсімі [9] 

    Халықтың  табиғи өсімі 2006ж. қаңтар - желтоқсанында 6879 адам құрады (2005ж. қаңтар – желтоқсанында - 6576 адам). Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері төменде келтірілген 
 

Кесте 3 2009 жылдың халықтың табиғи қозғалысы [9] 

          2008ж.     2009 ж.     2009-2008 жж.
    ауытқулар      %
    Туылғандар     13083     13566     483     103,7
    Қайтыс  болғандар     6507     6687     180     102,8
    Некеге   тұрғандар     5897     6680     783     113,3
    Ажырасулар     1466     1620     154     110,5
 

    2009ж. қаңтар – желтоқсанында 13566 нәресте туды (2005ж. қаңтар – желтоқсанында - 13083). Облыс бойынша жалпы 1000 адамға шаққандағы туған тұрғындардың жалпы коэффициенті 19,63 адам құрады (2008ж. – 19,17).

    АХАЖ  органдарымен тіркелген өлімдердің саны 2009ж. қаңтар – желтоқсанында 6687 адамға қарсы 2008ж. қаңтар – желтоқсанында 6507 адам құрады. Ал өлімінің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққандағы қайтыс болғандардың саны 9,68 адам құрады (2008ж. - 9,53).

    Тұрғындар өлімінің басты себептері қан  айналымы жүйесінің аурулары болып  сақталуда, барлық қайтыс болғандардың санынан 47,7%.

    2009ж. қаңтар – желтоқсанында облыс бойынша 1 жасқа дейін қайтыс болған 197 нәресте тіркелді (2008ж. қаңтар – желтоқсанында - 197). Облыс бойынша нәресте өлуінің коэффициенті 1000 тірілей туылған 1 жасқа дейінгі нәрестелерге 14,61 қайтыс болған бала құрады (2008 ж. – 15,34).

    1 жасқа дейінгі қайтыс болған  балалардың өлу себептерінің  құрылым ауруларынан 56,3%-ы, перинаталды мерзімдегі дерттер болатын, ал туа біткен ауытқулардан 14,7%-ы жағдайлардың үлесінде.

    2009ж. қаңтар – желтоқсанында облыс бойынша тіркелген некелердің саны 668 құрады, ал ажырасулар - 1620 (2008ж. осы кезеңінде - тиісінше 5897 некелер және 1466 ажырасулар). 1000 адамға шаққанда некелесудің жалпы коэффициенті 9,67 промилле құрады (2008ж. - 8,63), ал ажырасулардың жалпы коэффициенті - 2,34 промилле (2008ж. - 2,15).

    Көші-қон  процесінде көші-қонның оң сальдосы 1768 адам құрады, соның ішінде халықаралық көші-қонда - 2394 адам, республикалық көші-қонда - -626  адам.

    2009ж. қаңтар – желтоқсанында шет елдерден Ақтөбе облысына 3601 адам көшіп келді, олардан 3577 адам - жақын шет елдерінен (ТМД) көшіп келгендердің саны.

    Жыл басынан облыстан республиканың тыс жерлеріне қоныс аударғандардың саны  - 1207 адам (2008ж. қаңтар – желтоқсанында - 2432).

    2009ж. қаңтар – желтоқсанында облыс шеңберінде көшіп-қонудың саны 8235 адам құрады (2008ж. осы кезеңінде -  7867 адам). 
 
 

      
 
 
 
 
 
 
 

    Сурет 2 Халықаралық көшіп –қону [9] 

    2.2 Экономикасы 

    1920-1921 ж.ж. елді жайлаған аштық облыс экономикасына да әсер етіп, индустрияландыру процесін тежеп тастады. 1928 ж. байларды тәркілеу басталды, олардан алынған мал, мүлік кедей шаруаларға таратылып берілді, бірақ ол уезд экономикасын көтеруге бәлендей әсер етпеді. Осы жылдарда Ақтөбе қаласындағы және жәрмеңке өтетін орталықтардағы шикізат өңдеу кәсіпшіліктері, қолөнер ici қайта жанданды, ауыл шаруашылығында мал басы көбейді, егін шьнымдылығы да арта түсті. 1980 ж. қазанда Ақтөбенің 19 өнеркәсіп орындары жалпы өнім шығару жөніндегі бес жылдық жоспарын бір ай және одан да көп бұрын орындап шықты. Облыс өнеркәсібінің негізгі өндірістік қорлары 44,4 пайызға өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 18 пайызға артып, жоспардан тыс 24 млн. сомның азық-түлік тауарлары өткізілді. Жалпы 1971-1981 ж. Аралығында облыста eгic көлемі 3 млн. га. жетіп, оның 2267 мың га. дәнді дақылдары егістігі болды. Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 2268 мың тоннаға жетті, бұл - шамамен екі жарым жылдық жоспар еді. Экономикадағы дағдарыс 70-80 ж. тұсына келеді. Оның бірқатары 80 ж.-дың ортасы мен 90 жылдың басында қоғамда демократиялық процестердің басталуымен айқын болды. Бұл кезеңде сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтық ұлғайды. 80 ж. ортасындағы кәсіпорындарды өзін-өзі қаржыландыру, өзін-өзі басқару күткендегідей нәтиже бермеді; жоспарлы тапсырманы орындамаған кәсіпорындар саны көбейе түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 ж. 25 қазанда "Қазақ Кеңестік Социалистік Pecпубликасының мемлекеттік егемендігі" туралы Декларация жариялады. Сейтіп, Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Өркениетті елдердің бәрі өткен жолнарықтық қатынасты таңдады. Ол Қазақстанда шынайы нарықтық қатынастарды орнықтыру, бұрын бірыңғай меншік құрамында болып келген түрлі мекемелер мен ұйымдарды мемлекет меншігінен алып, жекешелендіру ісімен тікелей байланысты. 90 ж. жалпы республикадағы сияқты облыс экономикасында да дағдарыстық құбылыстар тереңдеді, көптеген кәсіпорындар тоқтап қалды. Инфляция өршіп, тұтыну тауарларының, әсіресе азық-түліктің жетіспеушілігі қатты сезілді.   199З ж. қазанында Қазақстан сом аймағынан шықты, көп ұзамай баға ырықтандырылды... 1996 ж. облыста шығынмен жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар барлық кәсіпорындар санының 34 пайызын құрап, олар 558,8 млн. теңгеге шығын жасады. 6 кәсіпорын толық, 50 кәсіпорын жартылай тоқтап, жұмыссыздар қатары көбейді. Өнеркәсіп құрылымы түбірімен өзгерді, олардың дені жекешелендіріліп, ipi базалық өнеркәсіп орындары - "Феррохром", хром қосындылары, Дөң тау-кен байыту комбинаты, "Ақтебе-мұнай", т.б. акционерлік қоғамдары шетел и н в e c т o p л a p ы н a басқарушылыққа берілді. Нарықтық қатынастардың тереңдей түсуі облыс экономикасына ықпалын тигізе бастады. Облыста 1996 ж. 28 млрд.теңгенің, 1999ж.57млрд., 2000 ж. 91 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Соңғы бес жыл энергетикалық саясаттың дұрыс жүргізілгендігін көрсетті, облыс бірте-бірте шетел энергетикасына тәуелділіктен шыға отырып, өзінің дербес энергетикалық қуат шздерін салуға бет бұрды. Қазіргі уақытта облыс электрқуатың газдың 50 пайыздан астамын өзі өндіреді. Облыстың негізгі өнеркәсіп орындарына және тұрғындарына Жаңажол ілеспе газын беру жүзеге асырылып, табиғи газ импорты едәуір азайды. Бұл негізінен жалпы ұзындығы 261,7 км. болатын Жаңажол - Ақтөбе газ құбырын облыс орталығына жеткізу нәтижесінде мүмкін болды [5].

   Өнеркәсіп Ақтөбе – Батыс Қазақстан аймағындағы өнеркәсібі дамыған қуатты облыстардың бірі. Облыста ауыр индустрияның негізі химия комбинатының (1934 ж.), Дең тау-кен байыту комбинатының (1936), соғыс жылдарында Ақтөбе  ферроқорытпа зауытының (1943) салынуымен және бірқатар мәшина құрылыс к ә c i п o p ы н д a p ы н ы ң орналасуымен қаланды. Бұл кәсіпорындарда хром кені, минералды тыңайтқыш, ферроқорытпа және рентген аппараттары мен ауыл шаруашылығы техникалары шығарылды. Қазан төңкерісіне дейін Ақтөбеде шағын шеберханалар мен киім тігу ательелері жұмыс істеді. Олар кейін біріктіріліп облыстың жеңіл өнеркәсібі негізін қалады. Олардың қатарында бұрын "Химия" артелі болған "Актюбхимпласт" кәсіпорны, "Әдемі", "Қиял", "Ақтобежабағы", "Ақтөбе" акционерлік қоғамдары бар. Бастауын 1931 ж. Шұбарқұдық кенішінен алған мұнай-газ өндіру кәсіпорны бүгінде "Ақтөбемұнай" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Оны 1997 ж. Бері Қытай ұлттық мұнай компаниясы басқарушылыққа алған. Тамақ өнеркәсібі саласында "Арай", "Кристалл", "Ақтөбенан", "Ақ бидай", "Сусындар" және "Ақсүт" акционерлік  қоғамдары құрылымдық өзгерістерді жүргізіп, бүгінде тағам өнімдерін шығаруды жүйеге түсірді. 2001 ж. 1-қаңтарда меншік формасы және түрі бойынша облыста 6085 кәсіпорын болды. 2000ж. қаңтар- желтоқсанда облыстың өнеркәсіп орындары /үй шаруашылығы секторын қосқанда/ нақты бағамен 94990 млн. теңгенің өнімдерін өндірді, бұл 1999 ж. осындай кезеңімен салыстырғанда 17,4 пайыз артық. Облыс ѳнеркәсіп өндірісі көлемінде (2000) тау-кен енеркәсібі (58 %), өңдеу өнеркәсібі /30%/ жетекші сала болып саналады.

    Металлургия саласында екі ipi - Дөң тау-кен байыту комбинаты және Ақтөбе темір қорыту зауыты жұмыс істейді. 1936 ж. Новоресей ауд. Донской елді мекеніне жақын жерден хром рудасы табылды, оны игеру 1937 жылы басталып, екі жылдан кейін Дөң стансасының жанынан Хромтау поселкасы тұрғызылды. 1938 ж. Дөң руда басқармасы ашылып, бағалы шикізат жоспарлы түрде шығарыла бастады. Қазіргі кезде комбинаттың өнімдері Қазақстан өңіріне, сондай-ақ, жақын және алыс шетелдерге - Украина, Ресей, Словакия, Чехия, Польша, Швеция, Қытайға жіберілуде. Комбинаттың құрамында 5 негізгі, 10 қосалқы цехтар бар. 1995 ж. мамырдан бастап "Дөң тау-кен байыту комбинаты" акционерлік қоғамы "Қазақхром" трансұлттық компаниясының басқаруына берілді. Қазіргі кездеакционерлік қоғам феррохромның бар-лык маркаларын өндіреді. Кәсіпорынның құрамында 3 қорыту, 16 қосалқы цехтар жұмыс істейді.

    Химия өнеркәсібі облыстың индустриалды дамуының тұңғышы С.М.Киров атындағы Еңбек Қызыл Ty орденді химия комбинатынан бастау алады. KCPO Халық шаруашылы.ғының Жоғарғы Кеңесі 1929 ж. 8 тамызда Ақтөбе қаласының оңтүстігінде 40 шақырым жерде зауыт салу туралы қаулы қабылдады. 1934 ж. күкірт қышқыл цехы іске қосылды. 1936 ж. бастап комбинат толық технологиялық қуатында жұмыс істей бастады. 90 ж. орта тұсында шаруашылық байланысының үзілуіне байланысты кәсіпорынның жұмысы күрт төмендеді. 1997 ж. шілдеде таратылған кәсіпорынды еңбек ұжымы сатып алып, Алға химия зауыты ашықтүрдегі акционерлік қоғамы болып қайта құрытлды. [13]. Акционерлік қоғам бор қышқылы ендірісін сақтап қалды. Ақтөбе хром қосындылар зауыты - облыс химия өнеркәсібі сапасының негізгі буындарының бipi. Зауыттың негізгі өнімдері: кристалдық сусыз натрий бихроматы, металдық хром қышқылы, кристалдық натрий сульфаты, хром ангидриді, құрғатылған хром, күкіртті натрий, т.б.

     Мұнай газ өнеркасібі Облыста 1931 ж. Шұбарқұдық, 1933 ж. Жақсымай өңірлерінде мұнай кеніштері ашылып, 1932-33 ж. осы кеніштер пайдаланыла бастады. 1966 ж. облыс мұнай өнеркәсібінің дамуының екінші кезеңі басталды, ең ipi Кеңқияқ мұнай кеніші пайдалануға берілді. Үшінші кезең - Жаңажол мұнай-газ конденсатын іске қосумен байланысты. 1981 ж. наурызда "Ақтөбемұнай" өндірістік кәсіпорны ұйымдастырылып, ол 1993 ж. "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Қазіргі кезеңде Жаңажол елді мекенінің солтүстігінде және осы кен орнының шығысында болашағы өте жоғары алаңда сейсмологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 1997 ж. өткізілген тендерде Қытай ұлттық мұнай компаниясы "Ақтөбе-мұнайгаз" акционерлік қоғамының 60,3 пайыз акциясына ие болды. Облыс аумағының үстімен Бұхара-Орал Орта Азия -Орталық, Кеңқияқ - Орск мұнай құбырлары етеді. 1998 ж. Жаңажол-Ақтөбе газ құбыры пайдалануға 6epiлді [19].

    Энергетика  кешені облыста 1995 ж. дейін электр энергиясы Ақтөбе жылу-электр орталығында өндіріліп келді, оның - 58 МВт өндіретін электр энергиясының көлемі 350 млн. квт. сағат. Ол облыс қажеттілігінің 14% өтеді, қалғаны - Ресейден жеткізілді. Осыған байланысты игерілген мол кѳмірсутегі кѳздерін пайдалану арқылы облыстың шетел электр көздеріне тәуелділігін азайту мақсатында арнайы бағдарлама жасалып, жүзеге асырыла бастады. 1996 ж. қаңтарында "Актурбо" АҚ-ында қуаты 100 МВт газ турбинасы іске қосылды. 1999 ж. ақпанында "Актурбо" АҚ-ында өндіріс қалдықтарын пайдаланып, сағатына 160 тонна бу өндіретін қазандық, Жаңажол-Ақтөбе газ құбыры, 48 МВт электр қуатын өндіретін Жаңажол газэлектр стансасының 1-кезегі іске қосылды. Бұл шаралар облыста ж. электр қуатын өндіру көлемін 3 ece көбейтуге мүмкіндік берді, оны импорттау 50 пайызға қысқарды. Бағдарлама бойынша облыс   алдағы   үш   жылда энергетикалық тәуелділіктен біржола құтылып, энергиямен өзін-өзі толық қамтамасыз етеді [2].

    Негізгі капиталға инвестиция. Облыста негізгі қорларға инвестиция тарту жылдан-жылға ұлғайып келеді. 1996 ж. облыс экономикасына 10 млрд. теңге инвестиция таратылса, 1996-2000 ж. аралығында ол 75,4 млрд. теңге болды. Бұл инвестицияның 37,9 млрд. теңге немесе 50,2 пайызы шетелдік инвесторлар үлесіне тиеді. 2000 ж. қаңтар-желтоқсанында күрделі салымның жалпы көлемінде шетел инвестициялары азайып 33,4%, барған сайын жергілікті инвесторлардың үлесі 65,9% өсіп келе жатқаны байқалды.

    Сыртқы  сауда. Облыста экспортқа шығарылатын материалдық ресурстар жеткілікті. Бірақ олардың негізн шикізат материалдары құрайды. Соңғы жылдарда облыстың сыртқы саудасында экспорттың үлесі барған сайын артып келе жатқандығы байқалады. Кеден статистикасының мәліметтері бойынша ұйымдаспаған сауданы қоспағанда 2000 ж. қаңтар-желтоқсанында сыртқы сауда айналымы 848,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 1999 ж. деңгейіне қарағанда 193,8 пайыз, оның ішінде экспорт - 501,3 млн. доллар, импорт -347 млн доллар болды. Экспорттың жалпы көлемінде ТМД елдерінің үлесі 47 % (1999 ж. - 49%) болды. Алыс шетелдерден Нидерланды мен Қытайдың, ТМД елдері ішінде Ресей Федерациясының үлесі басым. Облыс астығының негізгі тұтынушылары ТМД елдері 74% болып табылады. Облыстың ауыр өнеркәсібінің өнімдерін негізінен алыс шетелдер сатып алады, өнім түрлері бойынша химия өнімдері /81%/, құнсыз металдар мен олардан дайындалған бұйымдардың 97 пайызы өткізіледі. Дегенмен бұрынғыша экспортқа шикізат кебірек шығарылады, экспорт өнімінің ішінде мұнай жетекші 67% орын алады, оның 61 % Ресейге, 28% - Қытайға, 5 пайызы - Польшаға жіберіледі[4].

      2007ж.  қаңтарында жеке кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын жеке тұлғалар  есесінен алынған бөлшек сауда  тауар айналымының көлемі 4387,8 млн  теңге құрады (бөлшек сауда тауар  айналымының жалпы көлемінен 51,3 %), 2006 ж. қаңтарында – 4348,8 млн теңге (55,5%)  

    2.3 Облыстың туристік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы 

    Қазіргі заманғы туризм индустриясына инфрақұрылымның  дамуына көлік кәсіпорындарын, қонақ  үйлер, тамақтану кәсіпорындарын, демалыс және көңіл көтеру объектілерін, құралдар, сувенирлер жасайтын, туристер үшін ақпараттық, жарнамалық және басқа материалдар шығаратын кәсіпорындарды,  жол, байланыс және басқа қызметтерді қосады.

    Облыстық  санақ басқармасының деректері  бойынша облыс аумағында 15, оның ішінде 4-жұлдызды – «Альбион» және «Дан+», 3-жұлдызды – «Ақтөбе», «Амстердам» қонақ үйлері орналасқан. 4 балаларды сауықтыру объектісі, жылдың басқа уақытында олар туристер мен демалушылар үшін пайдаланылады; 215 орындық 4 профилакторий – «Юкон», «Шипагер», «Қарғалы», «Нұр-М» жұмыс істейді. Аталған объектілер жеке меншікте. Облыста шағын ведомстволық орналастыру объектілері бар.

    Облыстағы 686,9 мың адам үшін жыл бойы жұмыс  істейтін осындай орны бар емдеу-сауықтыру  кешендері анық жетпейді. Тұрғындар тұрмыс жағдайының оң өзгерістері мереке, демалыс күндері және демалыс мерзімінде толық демалыс пен туризмді ұйымдастыруға сұранысты көбейтіп отыр.

    Ақтөбе, Сазды су қоймалары жағасындағы  жағажай, демалыс орындары жабдықталды, ведомстволық қонақ үйлер салынды. Қарғалы су қоймасы жағасынан демалыс аймағын жасау жөніндегі дайындық жұмыстары басталды.

    Облыстың  барлық аудандарында клубтар, 8 аудандық тарих және мәдениет мұражайлары, Ақтөбе қаласында – 3 мұражай мен 4 Мәдениет үйі, филармония, облыстық драма театры, қуыршақ театры, кинотеатр және басқа да мәдени және көңіл көтеру орталықтары бар.

    Тарихи  және табиғи туристік объектілер шоғырланған  ауылдық жерлерде шағын турорталық – бір ғимаратта мұражай, қонақ  үй, кафе, кітапхана, спортзал, кинозал және сувенир дүңгіршектерін орналастыру тәжірибесі бар. Осындай ауылдық орталықта туристерге қысқа мерзімге демалысқа тоқтау және танымдық-экскурсиялық маршруттар жасау қолайлы. Облыс аудандарында демалыс және туризм объектілерін – қонақ үйлер, кемпингтер, маусымдық турбазалар ашу жоспары әзірленді, дегенмен, туризм саласында инвестициялардың, кадрлардың, сауатты маркетингтердің және менеджменттердің жоқтығы бар әлеуетті пайдалануды тоқтатып тұр. Облыс аудандарындағы туризм жай қарқынмен дамуда және ұйымдастырылмаған сипатта, бұл туристік ресурстарға орны толмас шығын әкелуде [33].

Информация о работе Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары