Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 11:42, курсовая работа
Туризм – экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады.Туризмді дұрыс жолға қоя білу қыруар пайда табуға жол ашады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлеккеттік бағадарламалары қабылдануда.
КІРІСПЕ………………………………….............…………………….……..…3
1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ГЕОГРАФИЯСЫ..............................4
1.1 Географиялық орны, тарихы………………………………………...…......4
1.2 Табиғаты………………………………………………………………….....5
1.3 Аудандар бойынша туристік рекреациялық мүмкіншілігі……....….…6
2 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ………………………....10
2.1 Халқы……………………………………………………………..…….......10
2.2 Экономикасы…………………………………………………………….....13
2.3 Облыстың туристік инфрақұрлымының қазіргі жағдайы……………….16
3 ОБЛЫС ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПОТЕНЦИАЛЫ...........................................................................................……20
3.1 Облыстағы туризм дамытудың проблемалары мен мәселелері…………20
3.2 Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары……………22
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………
мемлекеттік реттеу жүйесін, атқарушы органдар мен туризм саласында жұмыс істейтін ұйымдар арасында өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету;
туризм инфрақұрылымын дамыту, туризмнің материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу, жаңа объектілер құрылысын жандандыру жөнінде кешенді шаралар әзірлеу;
туризм және қызмет көрсету саласындағы тұрғындар жұмысын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету;
туристік индустрия субъектілеріне несие беру және инвестициялау үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың басқа да түрлері;
саланы кадр, ғылыми-әдістемелік, жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету жөнінде шаралар алу болып табылады.
Туристік саланың қазіргі жағдайын талдау. Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Қазақстанда ІЖӨ жалпы көлеміндегі туризм үлесі 1,5% құрайды [13].
Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.
Өңірдегі туризмнің дамуын талдау көрсеткендей, Қазақстанда соңғы үш жылда Ақтөбе облысының белгілі бір туристік имиджі қалыптасты, ол туралы туроператорлар – Алматыдағы және Астанадағы Халықаралық туристік көрмелерге қатысушылардың облыстың туристік әлеуетіне танытқан қызығушылықтары, сондай-ақ жыл сайын туристік бизнес субъектілерінің санын көптеп тартып отырған дәстүрге айналған облыстық туристік жәрмеңке куә болады.
Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерінің, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлері мен шетел туроператорларының тұрақты қызығушылығы байқалады. Үш жыл ішінде ұйымдастырылған туристер саны 2 еседен астам, ішкі туризм бойынша – 3,5 есе, туристік фирмалар қызметінен түскен салықтық аударылымдар 3 есе көбейді.
Қазіргі уақытта шетелдерге демалысқа, емделуге, іскерлік сапарға, шоп-турға кеткен туристер саны басымдық алып отыр. Қазақстанның ішінде емделу мен демалыс үшін ұйымдастырылған жолдамаларға сұраныс бар болғаны 25%-ға қанағаттандырылады. Сонымен бірге, облысқа ТМД елдерінен келген ұйымдастырылмаған туристерге туристік қызметтің толық кешені көрсетілмейді.
Нашар дамыған инфрақұрылым, облыстағы туробъектілердің материалдық-техникалық базасы, кәсіптік кадрлардың, туристік қызмет рыногына қатысушылар арасында тығыз өзара байланыстың болмауы, халықаралық деңгейде имидждік компанияның жеткіліксіз жүргізілуі – бұның бәрі өңірде туристік саланың қалыптасуына кедергі болады.
Туризмді одан әрі дамытуды қамтамасыз ету үшін маңызды мәселе саланы қаржыландыру болып табылады. 2003-2005 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 6,1 млн. теңге бөлінді, сала алдында тұрған міндеттерді ескерсек бұл анық жеткіліксіз. Біздің облыс «WTM» Бүкіләлемдік туристік биржасы (Лондон), «FITUR» Халықаралық туристік жәрмеңкесі (Мадрид), «ITB» Халықаралық туристік биржасы (Берлин),
«МІТТ – саяхат және туризм» Москва халықаралық биржасы сияқты белгілі халықаралық туристік іс-шараларға қатыспады, тек 2003 жылдан бастап қана Алматыдағы «КІТF» халықаралық туристік жәрмеңкесіне және 2004 жылдан бастап Астанадағы халықаралық туристік жәрмеңкеге ұсынылды.
Туристік жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу – бұл тек ақпаратты тарату ғана емес, сонымен бірге әлеуетті клиенттер сауалын зерттеу, нақты тұтынушыға бағдарланған туристік өнім жасау, туристік бизнеске қатысушылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігі, келешегі бар байланыстарды жолға қою.
Облыстың туристік рыногы. Үш жыл ішінде облыс экономикасында оң өзгерістер болып, туризм саласын дамыту үшін алғышарттар жасалды.
Туризм өмірге қажетті алғашқы тауар болып табылмайды. Ол нақты тұтынушы, сол сияқты тұтастай қоғам кірісінің белгілі бір деңгейінде толыққанды қажеттілік қызметі болып қалыптасады.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындарында туризм мен демалыс қызметтеріне тұрақты сұраныс пайда болды. Тұрғындар, әсіресе, жастар салауатты бос уақыт пен өмір салтын ұйымдастыруға мүдделі. Облыс орталығында туризмнің базалық инфрақұрылымы бар. Туризм индустриясын құруға қатысуға тілек білдірген кәсіпкерлер саны өсіп келеді. Облыстың инвестициялық-тартымды имиджі, бірегей туризм объектілерінің болуы, тиімді географиялық жағдайы, көлік коммуникацияларымен қамтамасыз етілуі және т.с.с. туристік рыноктың құрамдас әлеуеті болып табылады [16].
Сонымен бірге, облыста туризмді дамытуға кедергі келтіретін бірқатар факторлар да бар:
Келу туризмі. Ақтөбе облысы – Батыс Қазақстанның ірі өнеркәсіп және іскерлік орталығы. Облысқа шетелдіктердің едәуір бөлігі әртүрлі мақсаттармен келеді. Ірі халықаралық іскерлік оқиғалық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Туристік фирмалардың есеп беру статистикасын талдау келуші туризм ауқымының кеңдігін, ТМД елдері туристерінің үлесінің көбейгенін көрсетеді. 2005 жылы Ақтөбе облысында әлемнің 40-тан астам елінен туристер болды. Сапар мақсаттары бойынша таныстары мен туысқандарының шақыруы бойынша қонақ болу туризмі және іскерлік және кәсіптік мақсаттармен келген іскерлік туризмі басым.
Ұйымдастырылмаған туристерге, негізінен, оларды қонақ үйлерге орналастыру қызметтері көрсетіледі. 2005 жылы тек туристік визалармен облысқа 2000-нан астам адам кірді. Мұндай туристерге ақпараттық қамсыздандыру және облыс қонақжайлылығымен таныстыру стихиялы сипатта болады.
Іс жүзінде кез-келген турфирма туристердің кіруін ұйымдастыра алады, дегенмен, толық кешенді туристік қызметтер мен қызмет көрсетулер әзірше мүмкін болмай тұр. Туристік қызметтер рыногына қатысушылар арасында өзара байланыстың толық болмауы ұйымдасқан кіру туризмін дамытуды тежеп отыр.
Ақтөбе облысы арқылы Қазақстанға келетін туристердің транзиттік сипатын ескерсек, қызмет көрсетудің барлық желісі бойынша қатысушылардың тез өзара әрекетін қамтамасыз етіп, келу және қызмет көрсетудің қысқа мерзіміне арналған турөнімдерді әзірлеу қажет.
Ішкі туризм 2005 жылы ішкі туризм туристерінің саны 2004 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді. «Демалыс-жаз 2005: туризм, саяхат, спорт» туристік жәрмеңкесіне келушілерге сауалнама жүргізу тұрғындардың Қазақстанда демалғысы және емделгісі, белсенді демалысты облыста өткізгісі келетінін көрсетті. Барлық турфирмалар оқушылар мен студенттер, жеке туристердің ұйымдастырылған топтарын Алматыға, Астанаға, Түркістанға, Бурабай демалыс аймағына және т.с.с. жібереді. Дегенмен, облыстың 686,9 мың адамдық тұрғындары үшін облыста туризмнің инфрақұрылымы қажет. Ол үшін айтарлықтай әлеует: қарағай орманы, таза су, емдік балшықтар, туризмнің танымдық және белсенді түрлерінің объектілері бар. Облыстың кейбір аудандарында демалыс және туризм үшін жыл бойына әлеует бар.
Ішкі туризмнің турөнімдерінің басты міндеті – сұраныс пен ұсыныстың нарықтық санаттарына, туризм рынок талабына сай болу.
Шығу туризм. Шығу туризмі де облыс үшін маңызды. Тек оны қайта мамандандыру үшін жағдайлар жасау, тұрғындар көзқарасын кеңейтуге және мәдени деңгейін арттыруға ықпал ететін танымдық, сауықтыру туризміне және мәдени алмасуларға байланысты баруды дамыту қажет.
Облыстың
көптеген турфирмаларының шетелдік
туроператорлармен тікелей
Туристік ұйымдар қызметінен түсетін жалпы табыс. Әлемдік туризмді дамыту тәжірибесі барлық мемлекеттер келу туризмі мемлекет қазынасына валюталық түсімдерді қамтамасыз ететіндіктен, екіншісі мемлекет ішіндегі қаржыны жинақтайтындықтан және туризм инфрақұрылымының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететіндіктен келу және ішкі туризмді дамытуға мүдделілік білдіреді [14].
2003-2005
жылдар ішіндегі туристік
Туристік қызметті қолдау және мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту.
Бұл
бағытта мынадай шараларды
Экологиялық туризм – тұрақты даму факторы [18].
Экологиялық туризм ғылыми-танымдық мақсаттары анық көрінетін бос уақыттың мамандандырылған түрі ретінде анықталады және оған табиғатты бақылау және онымен араласу, қоршаған ортаға және мәдени мұраға аз әсер ете отырып, оларды қорғауға көмек көрсету болып табылатын туристердің басты дәлелі кезіндегі туризмнің барлық түрлері кіреді. [23]. Ландшафтардың көп түрлілігі, бай мәдени мұра – өз кезегінде аудандар тұрғындарының тұрмысы мен игілігін арттыруға жәрдемдесетін, олар арқылы ерекше қорғалынатын аумағы бар аудандар экономикасына үлкен үлес қосуға болатын облыс экотуризмінің фундаментін қалыптастыратын факторлар. Экотуризмнің пайдасы – жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын ашу, дәстүрлі өмір салтын жүргізу мүмкіндігі, инфрақұрылымды жақсарту үшін қаржы тарту, жергілікті өнімдерді өткізу, табиғи жағдайды сақтау және жақсарту, ұлттық мәдениетті насихаттау.
Экологиялық туризм табиғи ортаға әлсіз әсер ететіндігімен ерекшеленеді және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейді, бірақ рекрециялық-туристік инфрақұрылымның қалыптасу сатысында капитал салу және шығындар талап етіледі.
Экологиялық туризмді жандандыруға бағытталған шаралар:
Осы ұсыныстарды орындау және қорғалынатын табиғи аумақтардағы экологиялық туризмнің ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз ету, тұрғындардың тұрмыстық мәдениетімен және дәстүрлерімен үндестік тапқан жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлерін сақтау, сондай-ақ турлар географиясын үнемі кеңейту туризмнің осы бағытын табысты дамытуды сеніммен болжауға мүмкіндік береді [17].
Информация о работе Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары