Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 11:08, лекция
Қазіргі қоғам дамуындағы көліктің рөлі мен орнын белгілей отырып экономикалық теория оны жалпы арналған еңбек құралы, өңдірістің жалпы шарттарының бірі ретінде қарастырады. Кәсіпорын ішіндегі жұмысшылар мен еңбек құралдарын тасымалдай отырып, көлік технологиялық еңбек бөлінісінің нәтижесінде туындайтын байласынстарды жүзеге асырады. Бұл функцияларды ішкі өндірістік көлік атқарады.
Станса арқылы: 1) өндірістер, ауыл шаруашылығы, жүк иелері, жолаушылар теміржол көлігі мен әрекеттеседі; 2) автомобиль, өзен, теңіз, құбыр т.б. көліктер өз-ара теміржолмен әрекеттеседі; 3) жолаушылар стансада теміржол және басқа көліктермен қолдана алады;
Осы жоғарыда айтқан жұмыстарды атқару үшін станцияда:
- поездарды қабылдау-жөнелту жолдары, парктері;
- сұрыптар құрылысы;
- локомотив депосы;
- Вагондар орындары;
- жол шаруашылығы;
- су мен электро шаруашылығы;
- жолаушылар ғимараты;
- жүк құрылысы;
- т.б. құрылыстар мен шаруашылықтар бар.
Жаңа теміржол салуға ұсынатын барлық қаражаттардың 40 пайызынан астамы станция салуға жұмсалынады. Сондықтанда теміржолда станцияны жобалау жұмысы өте керекті және маңызды болып саналады.
4) Теміржол тораптары деп көп бағыттан келген бас (күре) жолдардың тоғысқан жерінде орналасқан бірнеше стансалардан тұратын құрылыстың сызбасын айтады.
Теміржол тораптары жалғыз стансадан немесе көп (сұрыптау, жолаушы, жүк т.б. стансалардан) тұрады.
Бақылау сұрақтары:
Информация о работе Теміржол тораптары мен стансалары күрделі техника-технологиялық жүйелер іспетті