Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 12:18, лекция
1 бөлiм. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен (5 - 8 баптар) басқару жүйесi
3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi (9 - 14 баптар)
4 бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк және жауапкершiлiк (15 - 24 баптар)
5 бөлiм. Қорытынды ережелер (25 - 26 баптар)
25-1-бап. Тексеруді жүзеге асырудың кезеңділігі мен түрлерi
1. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін, уәкілетті мемлекеттік орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
қарсы - егер тексеру жүргізген кезде мемлекеттік органдарда үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
рейдтік - көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және лицензия, тіркеу және өзге де рұқсат құжаттарының болуы, сондай-ақ мемлекеттік органның бақылау объектісі болып табылатын бақылау құралдарын қолданудың дұрыстығы нысанасына жүргізілетін тексеру.
2. Тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлік кәсіпорнының қызметін кідіртпеуге тиіс.
Уәкілетті
мемлекеттік орган заңды тұлғаның өзіне
тексеру жүргізілу-жүргізілмеуіне қарамастан,
заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін
тексеруге құқылы.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 25-2-баппен толықтырылды
25-2-бап. Тексеру жүргізудің мерзімдерi
1. Тексерулер жүргізу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, акт табыс етілген кезден бастан күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
2. Құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға тексеру жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган тексеру жүргізу мерзімін күнтізбелік он бес күнге дейін ұзартуы мүмкін.
3. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты мемлекеттік бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғалар үшін күнтізбелік жиырма күнге дейін және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғалар үшін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін.
4. Тексеру жүргізу мерзімін мемлекеттік орган тасымалдаушыға уәкілетті органның құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету мен тасымалдаушының тексеру жүргізу кезінде сұратылған құжаттарды ұсыну кездері уақыт кезеңінде, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның сауалы бойынша мәліметтер мен құжаттар алу кезінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды хабардар ете отырып, тексеру жүргізу мерзімін тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы акт шығару арқылы тоқтата тұрады немесе жаңғыртады.
5.
Көлік саласындағы шағын кәсіпкерлік
субъектілері, егер Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше көзделмесе, жылына
бір реттен жиі тексерілуге жатпайды.
2004.20.12. N 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 26-бап өзгертілдi
26-бап. Көлiк саласындағы халықаралық қатынастар
Уәкiлеттi
мемлекеттiк орган көлiк
Тасымалдаушылар
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н. Назарбаев |
Информация о работе Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі N 156-XIII Заңы