Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 12:18, лекция
1 бөлiм. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен (5 - 8 баптар) басқару жүйесi
3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi (9 - 14 баптар)
4 бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк және жауапкершiлiк (15 - 24 баптар)
5 бөлiм. Қорытынды ережелер (25 - 26 баптар)
ҚР 28.12.98 ж. N 338-1; 2004.20.12. N 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілдi
21-бап. Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзету
Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ темiр жол, әуе көлiгiнде өртке қарсы алдын алу жұмыстарын жүргiзудi және өрт зардаптарын жоюды Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмдерi атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.
Қару
мен арнайы құралдарды қолдану тәртiбi
Қазақстан Республикасының заңд
Көлiктiң
неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы
жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлер бөлiмдерi,
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi
мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң арнайы бөлiмдерi, сондай-ақ
әскерилендiрiлген күзеттiң арнайы қызметтерi
жүзеге асырады.
ҚР 28.12.98 ж. N 338-1 Заңымен 22-бап өзгертілдi
22-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк жұмысын ұйымдастыру
Төтенше жағдайлар (жер сiлкiнiстерi, су басу, өрт, қар көшкiнi, мiндеттер және басқа дүлей апаттар) туындаған кезде апаттарды және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар қолдану үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен осы кезеңге тоқтатылуы мүмкiн.
Төтенше
жағдайлар кезiнде көлiк
Көлiк
кәсiпорындары дүлей апаттар
28.12.98 ж. N 338-1 ҚР Заңымен ; 2004.20.12. N 13-III ҚР Заңымен (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара) Заңдарымен 23-бап өзгертілдi
23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету
Тасымалдаушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, көлiк құралдары қозғалысының, кеме қатынасы мен ұшу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары қозғалысы және жүк тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын стансалардың, кемежайлардың, айлақтардың, әуежайлардың, автокөлiк кәсiпорындары мен темiржол тораптарының аумақтары, сондай-ақ су жолдары аса қауiптi аймақтар болып табылады. Аса қауiптi аймақта болу және онда жұмыстар жүргiзу ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Аталған ережелердiң бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жол бойында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.
Жарылғыш, тез тұтанғыш, радиоактивтi, улы және басқа қауiптi жүктердi жөнелтушi және алушы клиенттер оларды тасымалдау қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруге, жүктердi тасымалдау кезiнде апат жағдайларынан алдын-ала сақтандыруға, сондай-ақ авариялар зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жедел қимылдайтын бөлiмдердi ұстауға мiндеттi.
Көлiк, оның iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан немесе оны кесiп өтетiн шетел көлiктерi мен көлiк құралдары қызметi процесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар сақталуға тиiс.
Пайдалы қазбалар қабаттары алаңдарында көлiк кәсiпорындарын жобалау мен салуға, олар жатқан жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға тыйым салынады. Айрықша жағдайларда бұларға геология мен жер қойнауын қорғаудың уәкiлеттi мемлекеттiк органының рұқсаты бойынша жол берiледi.
Көлiк
кәсiпорындары мен
Тасымалдаушылар
айналадағы ортаны, әуе бассейнiн, су
қоймаларын, жердi қорғау және табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалану жөнінде белгіленген
нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге
міндетті. Айналадағы ортаға келтiрiлген
зиян үшiн тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiпте жауапты
болады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. N 2832 Жарлығымен 24-бап жаңа редакцияда; ҚР 08.05.03 ж. N 414-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
24-бап.
2004.20.12. N
13-III ҚР
Заңымен алып тасталды (2005.01.01.
бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5
бөлiм. Қорытынды ережелер
24.12.01 ж. N 276-II; 2004.20.12. N 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілдi; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Көліктік бақылау
Көлік құралдарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасының, қозғалыс қауіпсіздігі мен экология жөніндегі талаптардың сақталуына көліктік бақылауды уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын көліктік бақылау:
1) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылауды;
2) темір жол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, стансалық және кіре беріс темір жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;
3) темір жол қозғалыс құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды;
4) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;
5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының сақталуын бақылауды;
6) көліктік қызмет көрсету саласында лицензиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды;
7) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелердің мемлекеттік тіркелуін бақылауды;
8) теңіз кемелері мен олардың сыныптамасына техникалық бақылауды;
9) лоцмандық қызметтің және ішкі су көлігіндегі өзге де қызметтердің ішкі су жолдарында жүзу ережелерін сақтауын бақылауды;
10) техникалық пайдалану ережелері мен кемелердегі қызмет жарғысының сақталуын бақылауды;
11) теңіз жолдарының, лоцмандық қызметтің және өзге де теңіз қызметтерінің жай-күйін бақылауды;
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын бақылауды;
13) Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалану мерзімін бақылауды;
14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының өтуін бақылауды;
15) автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды;
16) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етілген параметрлерінің сақталуын бақылауды;
17) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласында автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындыдағы ластаушы заттар құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды қамтиды.
Уәкілетті органның лауазымды адамдары көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде нысандық киім киіп, талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуге тиіс.
Уәкілетті мемлекеттік орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне көліктік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдем көрсетуге міндетті;
18) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережелеріне сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерімен ұшуларды орындауын бақылауды;
19) азаматтық авиация ұйымдарының авиация қызметкерлерінің кәсіби дайындығы және денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды;
20) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдығы нормаларын қадағалап отыруын бақылауды;
21) авиациялық техниканың және оған жерде қызмет көрсететін құралдардың ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болуын бақылауды;
22) аэродромдар (вертодромдар) объектілерінің және ұшу-қону алаңдарының күтіп ұсталуын бақылауды;
23) азаматтық авиация аэродромы ауданында объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды;
24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды;
25) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды;
26) тасымалдаушылардың магистральды теміржол желісінің қызмет көрсетулеріне кемсітілмеген қол жетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды;
27) тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің, контрагенттердің және басқа да тұлғалардың бәсеке кірме жолдары жоқ кірме жолдардың қызмет көрсетулеріне кемсітілмеген қол жетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды;
28)
жеке және заңды тұлғалардың теміржол
көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын
нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарын
сақтауын, оларды бұзушылықтарды анықтау
және жолын кесу жөнінде шаралар қолданылуын
бақылауды қамтиды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды
Информация о работе Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі N 156-XIII Заңы