Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:45, курсовая работа

Описание работы

Жасанды талшықтардан тоқылған маталардың тобына вискозалық, ацетаттық және триацетаттық жіптер мен олардың үйлесімді құрамаларынан шығатын крептік, тегісті, жаккардты, түкті маталар жатқызылады. Маталардың ассортиментінің алуан түрлі болуы кешенді және текстуриленген жіптердің түрліше құрылымдардан тұруына, өрімдердің түрлеріне және безендіру түрлеріне байланысты болады.

Работа содержит 1 файл

перево.docx

— 93.78 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

Маталардың ылғалды өңдеуден кейінгі сызықтық өлшемдердің өзгерісін анықтау

 

Маталардың сапасын бағалағанда  маталардың ылғалды өңдеуден кейінгі сызықтық өлшемдердің өзгерісінің көрсеткіштері аса маңызды көрсеткіштер болып табылады.

Мата өндірістегі түрліше процесстер кезінде (ақырғы әрлеуде), қайта өңдеу кезінде (мысалы, тігін бұйымдарын жасағанда), сақтағанда және эксплуатация кезінде ылғалды өңдеулерге шалдығады. Маталардың өлшемдерінің эксплуатация кезінде өзгеруі қажетсіз, себебі киімнің жекелеген элементтері өз өлшемдерін өзгертсе, оларды сыртқы түрі нашарлауына немесе қолданудың мүмкін еместігінен бұйымдарды пайдалану тиімсіз келеді. Нақты айтқанда көйлектер мен шалбарлардың күрт қысқаруы, жейделердің жағаларының тар болып қалуы және тағы с.с. тұтынушылардың бұйымдарға деген сапасыздығынан наразылығын туындатады.

Көп жағдайларда ылғалды өңдеулерден ккейін сызықтық өлшемдердің азаюы байқалады. Бұл құбылысты шөгу деп атайды. Ал өлшемдердің үлкеюін созылу деп атайды.

Шөгу сызықтық У1, беткі  Уs және көлемді Уv болады. Ол бұйымдардың алғашқы өлшемдерінен пайыздар түрінде шығарылып, келесі формулалар бойынша анықталады:

 

 

 

 

 

 

Мұндағы L0, S0, V0 – мата сынамасының алғашқы сызықтық өлшемдері (мм), ауданы (мм²), көлемі (мм³);

L1, S1, V1 – белгілі бір әсерлерден кейінгі мата сынамасының алғашқы сызықтық өлшемдері (мм), ауданы (мм²), көлемі (мм³).

Шөгуді анықтаудың әдістерін 2 топқа бөледі. Бірінші топтың әдістері арқылы ылғалды-жылу өңдеудің бір реттік әсерлесуінен пайда болған матаның бөлшектік шөгуін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістер жылдамдатқыш болып есептелінеді және стандарттарда бекітлген. Екінші топтың әдістері матаның  көпреттік кір жуудың немесе сулап қоюлардың нәтижесінде көрініс табатын толықтай (максималды) шөгуін анықтайды.

Матаның жалпы шөгуін бұл  жағдайда келесі формуламен анықтайды:

У1=100-100·(1-0,01·У1) ·(1-0,01·У2)........ ·(1-0,01·Уn)

Мұндағы У1, У2, .......Уn – 1-ші, 2-ші, ..., -ші шөгу процесінен кейінгі шөгу, %.

Маталардың шөгуі киімнің  конструкциясы мен формасына  әсер етеді. Сондықтан матадан киімнің  детальдарын пішкенде шөгуге арналған әдіпті қарастырады, бұл өз кезегінде  матаны шығынға ұшыратады. Алайда бұл  көп кезде қажетті нәтижеге әкелмейді  себебі көп тігісті детальдар  тігісі жоқ детальға қарағанда басқаша  шөгеді. Әсіресе киімнің сапасына жоғарғы, ішкі және аралық маталардың түрліше шөгуі әсер етеді.

Ылғалды өңдеуден кейін сызықтық өлшемдердің өзгерісі бойынша маталардың топтамасы 3,14 кестеде берілген.

Маталардың шөгуне сбепші жағдайлар:

      1. Маталардың әрлеуі мен даярлау процесінде жіптерде пайда болатын эластикалық (қайтымды) деформацияның кетуі. Осылайша маталарды даярлау мен өңдеу кезіндегі уақытта оларды құраушы талшықтар мен жіптер созылғыш күштердің көпреттік әсерінен деформацияланады. Созылмалы құрамалы деформация жүктемені алып тастағаннан кейін бірден жоқ болады, ал эластикалық құрамалы бірте-бірте жоғалады. Эластикалық деформацияның бір бөлігі матада оның кебуі мен керілмелі күйі  кезінде тіркелуі мүмкін, бұл жағдайда мата бірқалыпты күйде болмайды. Содан соң болатын бос күйдегі матаның ылғалды-жылу өңдеуі эластикалық деформацияның жоғалуына әкеледі, сөйтіп мата шөгеді. Станоктарда негізі қатты керілетін жағдайда жасаланылатын немесе соңғы әрлеуде едәуір созылатын маталарда шөгу қатты болады. Сол себепті негіз бойынша шөгу утокққа қарағанда күшті болады.
      2. Жіптердің бөртіп кетуі, ол жіптердің кесе-көлденең енінің үлкейіп, ұзындығының азаюына әкеледі. Жіптердің қысқаруы матаның шөгуіне себеп болады, ал бір жүйенің жіптердегі көлденең енінің ұлғаюының нәтижесінде матаның ұзындығы азаяды, себебі перпендикулярлық жүйенің жіптерінің бүктелген жері көбейеді. Құрылымның бірінші немесе оныншы фазасы бар, яғни бір жүйенің жіптері тік, ал басқа жүйенің жіптері максималды иілген, маталар үшін максималды шөгу тән. Ылғалды-жылу өңдеудің әсерінен кейін матаның құрылымы өзгереді, негіз бен утоктың иілу дәрежесі бірдей болып қалады. Оның нәтижесінде матаның көлденең және бойлық өлшемдері өзгереді. Маталардың шөгу шамасы  көптеген факторларға байланысты болады. Бірінші кезекте талшықтардың түріне, жіптердің құрылымына және матаға. Гидрофильді талшықтардан (вискозды, мақта, зығыр және т.б.) тұратын маталарда шөгу ең көп болады. Маталардың шөгуіне үлкен әсер етуші – бояу-әрлеу өндіріснің процесстері, мұнда мата ылғалды күйде ұзыннан созылып, мұндай жағдайда каландрлеу мен пресстеу кезде тұрады. Қайта өңдеу процесінде мата немесе оны құраушы талшықтар мен жіптер неғұрлым қатты созылса, соғұрлым оның салмақсыздығының тепе-теңдігі жоғары, әрі қайтымды релаксациялық процесте көрініс табатын шөгу мүмкіндігі де пайда болады. Бұл процесс макромолекулалардың жылу тербелістерімен және молекулалар аралық байланыстардың ылғалданануы кезіндегі әлсізденумен сипатталады. Ылғал мен жылудың әсерінен релаксациялық процесс тезірек өтеді.

Бастапқы талшықтардың шөгуі  үлкен емес, тоқылып өрілгенде  ол аз деформацияланады, тоқымадан  алынған талшықтардың шөгуі де қатты  ұлғаймайды. Тоқыма кездегі негіздің жіптері қатты дефомацияланып матадан алынған талшықтар мен жіптердің шөгуінің  өсіміне әкеледі, сондықтан сұр кенепті мата қатты шөгеді. Бояу мен әрлеу процесіндегі ылғалды-жылу өңдеулер кезінде тоқу кезінде пайда болған жүктемелерді шешуге жақсы жағдайлар пайда болады. Алайда матаның керілуі әсіресе соңғы әрлеу сәттерде сұр кенепті матаның толықтай релаксациясына кедергі келтіріп, жіптердің деформациясы мен тегістелуінің нәтижесінде дайын матаның одан кейінгі шөгудің қосымша мүмкіндігі қалыптасады, сондықтан да аз шөгетін маталарды алу үшін олар ылғалды күйінде аз керу, созбау қажет. Озғыш механизмінің көмегімен бірқатар әдіппен матаның шөгуін азайтуға болады. Матаны меламиноформальдегидті шайырлармен және талшықтардың ішіне еніп жоғары молекулярлық байланысты қалыптастыратын басқа да препараттармен сіңдіреді. Бұл талшықтардың бөртіп кетуі мен маталардың шөгуін төмендетеді.

Кесте 3,14

 

Маталардың ылғалды өңдеулерден  кейінгі сызықтық өлшемдердің өзгерулерін  ГОСТ 30157.0-95 «Ылғалды өңдеулерден немесе химиялық тазалаудан кейінгі өлшемдерді анықтау әдістері» бойынша анықтайды. Бұл әдістер матаның элемантарлы сынамасына жазылған белгілердің арасындағы қашықтықтарының өзгеруін (сулы ерітіндіде (кір жуу, сулау) немесе органикалық еріткіштегі өңдеуден кейін) анықтайды. Өлшемдердің өзгеруі ылғалды өңдеу немесе химиялық тазалаудан кейінгі элементарлы сынаманың белгілері арасындағы қашықтықтарының  алғашқы қашықтыққа қатынасымен сипатталып пайыздарда шығарылады.

Әрбір іріктелген нүктелік сынамадан шаблон бойынша 3,7 суреті бойынша элементарлы сынамалар пішілген. Маталардың элементарлы сынамаларының саны екіге тең.

Сурет

 

Шаблон нүктелік сынамаға  матаның шетінен 75 мм аралықта негіз  жіптеріне параллель қойылады. Оның контурлары сызылып, 2 элементарлы сынама кесіліп негіз бен утоктың  бағыты анықталады. Элементарлы сынамаларға шаблонның тесіктері арқылы нүктелер қойылады. Аталмыш нүктелер арқылы қарама-қарсы түстес жұқа жіптермен тігіс  жүргізіледі. Элементарлы сынамалардың шеттері құйылып түсуден қорғалды.

Белгіленген элементарлы  сынамаларда сызықшамен негіз бен  уток бойынша бағытта белгілер арасындағы аралық 1 мм қателікке дейін өлшенді. Сынақ режимдері матаға қойылған талаптарға сай таңдалды. Химиялық талшықтардан жасалған маталар үшін келесідей сынақтар жасалыну керек: кір жуу, шаю, сығу, үтіктеу.

Кір жуу. 40±3°С температурадағы суда кір жуу машинасында кір жуылды. Кір жуу ұнтағының массасы 3±0,5 г/дм құраса, өңдеудің ұзақтығы 30 мин құрайды.

Шаю. 40±3°С температурадағы суда кір жуу машинасында 3 циклдың ішінде шайылды.

Сығу. Бағдарлама бойынша кір жуу машинасында сығу жүргізілді.  Сығылған элементарлы сынамалар бүктемелер мен мыжымалардан тегістелініп жай негіз жіптері бойымен сілкіндірілді.

Үтіктеу.   Сығылған элементарлы сынамалар бірден басылмай үтікпен аппретирленген мата арқылы үтіктелді. Үтік табанының температурасы - 200°С-тан артық емес. Үтіктеудің ұзақтығы 20 секунд. Үтіктелген элементарлы сынаманы ГОСТ 10681-75 бойынша климаттық жағдайларда 10 минутқа жуық 1 қабатта тегістелген күйде ұстайды. Элементарлы сынамаларды осылайша ұстағаннан кейін негіз бен уток бойынша жасалған белгілер арасындағы аралықтарды 1 мм қателікте есептеп өлшейді. Олардың нәтижелері төмендегі кетседе берілген.

Кесте

 

Кестеден 3 матада негіз бойынша  ең көп шөгу, ал 4 пен 6 матада уток бойынша  шөгу екені көрініп тұр. 4 матада  негіз бойынша ең аз шөгу, ал уток бойынша ең аз шөгу 1 және 5 матада.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маталардың пиллингтенуін  анықтау

 

 

Пиллингтену – бұл уатылып тозудың бастапқы кезеңіндегі тозудың ерекше түрі, онда бұйымның үстінде пилли – кішкентай түйіршік түріндегі немесе өрме тәрізді немесе талшықтардың жекелеген аймақшалары секілді түйіршіктену пайда болады. Олардың пайда болу процесін пилинг деп атайды. Уатылудың басында матаның бетіне нашар бекітілген талшықтардың аймақтары мен шеттері шығып, содан соң түрліше фомадағы қатты түйірлерге жинақталады. Олар бұйымның бетінде пильдермен бірге жұлынып алынатын аяқ тәріздес талшықтамен бекітіледі. Бұйымдарды қолданған кезде бұйымның бетінен жекелеген пилльдерді алып тастап, олардың орнынан жаңа пилльдердің пайда болу жүреді.

Пиллингтенуге маталармен бұйымДардың құрылымы әсер етеді. Құрымдағы талшықтар неғұрлым жақсы бекітілсе, соғұрлым олардың пилингтенуі аз болады. Сондай ақ ол электрлену дәрежесіне де байланысты болады. Сондықтан да синтетикалық маталарда, трикотажда және тоқылмаған маталарда пилли интенсивті түрде пайда болады. Полиэфирлі және полиамидты талшықтары бар жартылай жүнді бұйымдардың пиллингтену үрдісі өте қатты.

Маталардың пиллингтенуін  анықтау әдісін ГОСТ 14326-73 «Текстильді  маталар. Пиллингтенуді анықтау  әдісі» бойынша анықтайды.

Пиллингтенуді анықтағанда  матаның бетінде пилльдердің  пайда болуын қадағалап содан  соң белгілі бір аумақтағы  пилльдердің максималды санын анықтаудан тұрады. Стандарттар бойынша пиллингтенуді  анықтау ВНИИПХВ пилингометрінде  немесе ТИ-1М құрылғысында жүргізіледі.

ВНИИПХВ пилингометрінде матаның пилингтенуін анықтау.

ГОСТ 10681-75 сәйкес атмосфералық жағдайларда 24 сағат ішінде ұсталған матаның нүктелік сынамасынан 10 см диаметріндегі домалақтардың түрінде 5 элементарлы сынама мен 24 см диаметрдегі  бір абразивті шеңбер сызып кесіп  алады. Матаның абразивті шеңберін прибордың жоғарғы қысқышына  салып  қояды да кезек кезек прибордың төменгі қысқышына салынатын сынаманың 5 де пиллингтеу үшін қолданады. Сынаманың және абразивтің сәйкес қысқыштарына салынуына пиллингометрге арнайы құрылғыны пайдаланады.

Сыналатын сынаманы төменгі  қысқышқа 2 салмас бұрын оның орталық тесігіне тығынды 10 салып қояды, үстіне резиңке жастықты 1 салады да оның металл негізінің шығыңқы жерлері 6 қысқыштың паздарына 7 кіретіндей қылады. Жастықтың бетін тығынның көмегімен қысқыштың жоғарғы бетінің деңгейінде орнатады. Қысқышты құрылғыға 8 оның бекне саусақтары 9 қысқыштың сәйкес тесіктеріне кіретіндей ғып қояды.

Элементарлы сынаманы 4 беткі жағымен резиңке жастыққа жоғары қарай қояды, уток жіптері қысқыштың орталығымен бірге пиллингометрдегі қысқышты бекітуге арналған тесіктерді біріктіретін түзуге параллель болуы керек. Сынамаға бекіту сақинасын 3 қойып қысқышта гайканың 5  көмегімен бекітеді. Қысқышты мата төменде қалатындай бұрайды да құрылғыға салады (3,8.б суреті). Шток 15 қосымша жүксіз бекітпе винтынан 14 босатып төменгі қысқыштың жастығына түсіреді. Төменгі қысқыш жастығының және штоктың жалпы массасы 350 г құрау керек. Шток шкаласы 13 бойынша матаның бүгілген шамасын өлшейді. Матаның бүгілген шамасын біле отырып, 10,2 кестесі бойынша қосымша жүктің 11 массасын төменгі қысқыш үшін табады. Жүкті түсірілген штоктың алаңшасына орнатады. Содан соң тығынды кілпен 16 шкаланың басына дейін бұрайды.

Дәл солай жоғарғы қысқышқа абразивті салады. Жоғарғы қысқыш үшін матаның бүктелуін анықтамайды, ал қосымша жүктің массасын төменгі  қысқыштағы матаның бүктелуіне сәйкес есте бойынша табады. Содан соң  төменгі қысқышты 8 элементарлы сынамамен бірге пиллингометрдің үстеліне 9  орнатады, ал жоғарғы қысқышты мата-абразивпен бірге шарнирлы рамаға 3 бекітеді. Сынақты 2 кезең бойынша өткізеді: бірінші – түктің пайда болуы, екінші – пилльдердің қалыптасуы.

Бірінші кезең үшін тұтқаны 6 төменгі қысқышты серіппелі қозғалысына қояды. Бекне саусағына 4 жүкті 5 5Н күшті жасайтындай кигізеді. Шкала 2 бойынша төменгі қысқыштың радиусын 50 мм қояды. Жоғарғы қысқышты төменгісіне ауыстырып, пиллингометрдің электрлі қозғалтқышын қосады. Төменгі қысқыштың 300 тербелісіт циклынан кейін есептегіш 7 бойынша санын анықтап, электрлі қозғалтқышты тоқтатып, жоғарғы қысқышты көтереді де цикларды есептегішті 0-ге қояды.

Әрбір келесі элементарлы  сынаманы түктердің пайда болуына  дейін абразивтің жаңа жерінде тоздырады. Ол үшін келесі сынама алдында төменгі қысқыштың тербеліс орнын сермерді 7  бір бағытта 1/5 айналымға тұтқаның орташа жағдайында бұрып қояды. Содан соң тұтқөаны қысқыштың тербелмелі қозғалысына қайта ауыстырады.

Екінші кезеңді орындау  үшін тұтқаны 6 төменгі қысқыштың айналмалы қозғалысына ауыстырады.  Бекне саусаққа 4 1 Н жасайтын жүкті орнатады. Жоғарғы қысқышты төменгісіне түсіріп, электрлі қозғалтқышты қосады. 100; 300; 600; 1000; 1500; 2000 және одан әрі әрбір 500 циклдан кейін пиллингометрді тоқтатып, жоғарғы қысқышты көтеріп 10 см² ауданындағы сыналатын сынамада  үлкейткіш әйнектің көмегімен  және препараттайтын иненің көмегімен пилльдердің саның санайды.

Сурет

Зерттеу объектілері ретінде  таңдалған маталардың пиллингтенуін  анықтауға арналған сынақтардың  нәтижелері 3,16 кестеде көрсетілген.

 Кесте

 

Пиллингтенуді анықтаудың нәтижелері бойынша барлық маталар шамалы пиллингтенуге икемді екендігі туралы қорытнды жасауға болады. 1 мата мен 6 матада тозудың 3000 циклынан кейін ең көп пилльдер жиналды. Ең аз пилльдер 2 және 4 маталарда 3000 циклдан кейін қалыптасты.

Пилингтену – тозудың бастапқы кезеңінде өтетін процесс болғандықтан маталар тозудың 3000 циклға шалдығады.  Мата қасиеттерінің бірте-бірте нашарлауының критерийі ретінде тозудан ауа өткізудің өзгерісі алынды.

Кесте

 

Мына кестеде тозудың  циклдарының саны жоғарылауымен  қатар ауа өткізу де сәйкесінше ұлғайғаны  көрінеді. 3,11 мен 3,17 кестелерінің нәтижелері 3,9-3,15 суреттерде көрсетілген.

Суреттер

 

 

 

САПАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ӘДІСІ

 

Сапаның бағалаудың дифференциалды әдісі зерттелінетін көрсеткіштердің  нақты мәндерін анықтаудың нәтижелері стандарттардың нормаларымен салыстырылып 3,18 кестесіне жинақталғанын білдіреді.

Стандарттардың (ГОСТ 29223-91) нормаларымен маталардың сапалық нақты  көрсеткіштерінің салыстырмалы анализі  мынаны көрсетеді:

      • Мыжылмау бойынша маталардың барлық үлгілері стандарттардың нормаларына сәйкес келеді;
      • Ауа өткізу бойынша маталардың үлгілері барлығы да стандарт нормаларына сай,
      • Құрғақ үйкеліске бояудың төзімділігі жағынан маталардың үлгілерінің барлығы нақты топқа сәйкес келеді;
      • Ылғалды өңдеуден кейінгі өлшемдердің өзгеруі жағынан 3 матадан басқа барлық маталар стандарт нормаларына сай;
      • Барлық маталардың үлгілері пиллингтену бойынша бейім, бірақ стандаттағы нормадан ауытқымайды.

1, 2, 4, 5, 6, 7 маталарының үлгілері  мата сапасының барлық көрсеткіштері  жағынан стандарт нормаларына  сәйкес келеді, ал 3 мата нормаға  тек кір жуудан кейінгі шөгуге  ғана нормаға сай емес.

3 матадан басқа маталардың  барлық үлгілеріне сәйкестік  сертификаты беріледі.

Костюмдерді тігуге арналған маталар міндетті сертификациялау  мен декларациялауға жатпайды, сондықтан  да бұл маталарға қатысты сараптамалық сауалнаманың нәтижесінде іріктелген көрсеткіштердің сапасын бағалауының  нәтижелері бойынша ерікті сертификациядлауды өткізуге болады.

 

 

 

БӨЛІМ БОЙЫНША  ҚОРЫТЫНДЫЛАР

 

    1. Жұмыстың мақсаты костюмдік бағыттағы маталардың физика-механикалық қасиеттерінің сертификациялық сынақтардың өткізілуі болып табылады. Зерттеу объектілері ретінде маталардың үлгілері және олардың химиялық талшықтары қолданылды.
    2. Зерттеу объектілері ретінде таңдап алынған маталардың сараптамалық сауалнамасының нәтижелері бойынша ОПК-ның номенклатурасына келесі көрсеткіштер кірді: мыжылмаушылық, ауаны өткізгіштік, құрғақ үйкеліске бояудың төзімділігі, жуылғаннан кейінгі шөгіп қалу, пиллингтену. Өнім идентификациясының нәтижелері толықтай түр сәйкестігі мен жазба белгісінде көрсетілген шикізаттың пайыздық құрамын растап дәлелдеді.
    3. Жоғарыда аталған сапа көрсеткіштерін анықтау бойынша зерттеулер стандартты әдістемелер бойынша өткізілді. Өнімнің идентификациясы, яғни түр сәйкестігі мен жазба белгісінде көрсетілген шикізаттың пайыздық құрамын бағалау  үшін келесідей әдістер қолданылды:
    • Сыртқы түрі бойынша талшықтарды анықтау (микроскоппен);
    • Жану сипаты бойынша талшықтарды анықтау;
    • Түрліше реактивтерде еру дәрежесі бойынша талшықтарды анықтау.
    1. Маталардың негізгі өлшем мен құрылымдық сипаттамалары анықталды, берілген маталардың массалық сипаттамалары зерттелген маталар сертификациялық сынақтарға шалдыққан кейінгі сипаттамалар да мәлім болды.
    1. Өнім идентификациясының нәтижелері толықтай түр сәйкестігі мен шикізаттың пайыздық құрамы жазба белгісінде көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін көрсетті.
    2. Мыжылмаушылықты анықтаудың нәтижелері бойынша 4 матаның негізі ал утогы бойынша 1 матада ең үлкен мыжылмаудың кешенді көрсеткіші екені көрінеді. Ал мыжылмаудың ең аз кешенді көрсеткіші 5 матаның негінде, 3 матаның утогы бойынша екені белгілі. Бұл маталардың созылмалы эластикалық қасиеттеріне және бүктеуге және арнайы химиялық өңдеулерге мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Информация о работе Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті