Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:45, курсовая работа

Описание работы

Жасанды талшықтардан тоқылған маталардың тобына вискозалық, ацетаттық және триацетаттық жіптер мен олардың үйлесімді құрамаларынан шығатын крептік, тегісті, жаккардты, түкті маталар жатқызылады. Маталардың ассортиментінің алуан түрлі болуы кешенді және текстуриленген жіптердің түрліше құрылымдардан тұруына, өрімдердің түрлеріне және безендіру түрлеріне байланысты болады.

Работа содержит 1 файл

перево.docx

— 93.78 Кб (Скачать)

Мыжылуды азайту үшін киімдердің әркелкі түрлері үшін қолданылатын бұйымдардың түрлі химиялық әдістерін  пайдаланады.

Бір реттік мыжылу кезіндегі  мыжылмаудан бөлек көпреттік  мыжылулардағы матаның мыжылмауын қатты ескерген жөн, өйткені бүктелген  жерлерде тұрақты бүктемелер мен  қыртыстар пайда болады. Мыжылмаудың көрсеткіштеріне байланысты текстильді маталар 3 топқа бөлінеді.

 

Маталардың мыжылмау бойынша  топтамасы:

 

Топ

Сипаттамасы

Мыжылмаудың коэффициенті, (%)

1

Орташа мыжылатын

30-45

2

Аз мыжылатын

46-55

3

Мыжылмайтын

55 – артық


 

 

 

Бір реттік және көпреттік  мыжу кезінде текстильді маталардың мыжылмауын анықтау үшін СТП-6 құрылғысын пайдаланады, бұл құрылғыны МТИ-да проф. А. Н. Соловьев пен В. В. Шахбазян жасап ойлап тапты.

Аталмыш құрылғының 2 қысу құрылғысы, жүктеу механизмі, редуктор, электрлік қозғалтқыш, пен сынамалардың көпреттік және бір реттік мыжуын қамтамасыз ететін уақыт релесі бар. Қысу құрылғысында негіз 2 және 80мм биіктігі бар бағыттағыш өзегінен тұрады. Өзекке цилиндрдің формасында бекітілген  сынама сызығын 1 кигізіп, астында 10 мм биіктіктегі қыспамен бекітеді. (Цилиндрлік бірліктік сынамалардың диаметрі 30, 40, 50 және  60 мм болады.) Сынамаға 4 жүктемемен 0,5-10 даН күш салынады. Қыспа құрылғысы шеткі үстінгі жағдайда болса, рычагтардың 5 жүйесі арқылы жүктеме сынамаға беріледі де нәтижесінде ол мыжылады. Электрлік қозғалтқыштан 6 келген қозғалыс муфта 7 мен тісті винт 8 арқылы  винтке 3 жетеді де қыспа құрылғысымен бірге қайтарымды-келісті қозғалыс жасалынады. Көпциклды сынақтарда матаның кесілген бөлігін 50 мм диаметрлік цилиндрге орайды, оның шеттері цилиндрдің жақтық бетіндегі астаушаға  келісу керк. Матаның шеттерін 1 см аралықта қисық инемен көктеп тігіеді. Көпциклды бір сериялы сынақтардың режимі: бір цикл 1 мин жүктеме+1 мин демалысқа тең, «мыжу-демалу» циклдарының саны -40; демалыс уақыты – 30 мин. Цилиндрлік сынаманың биіктігінің өлшемдерін 1-ші және 40-шы мыжу цикларынан кейін сондай ақ 30 мин демалыстан кейін жасайды.

Текстильді маталардың мыжылмаушылығын  жеке көлденең және тігінен бағыттарда анықтайды. Есептелу 3,21-3,24 формулалары бойынша жүргізіледі.

Сынақтарды келесі параметрлерде  жүргізеді:

Сынаманың дайындамасының өлшемі, мм.        170х50

Сынаманың жұмыс биіктігі, мм.                          40

Жүктеме, даН.         7

Сынақтар саны                 40

 

Суреттер

 

3,2 суретінен 4 матаның негізі ал утогы бойынша 1 матада ең үлкен мыжылмаудың кешенді көрсеткіші екені көрінеді. Ал мыжылмаудың ең аз кешенді көрсеткіші 5 матаның негінде, 3 матаның утогы бойынша екені белгілі.

Бұл маталардың созылмалы эластикалық қасиеттеріне және бүктеуге және арнайы химиялық өңдеулерге мүмкіндігімен түсіндіріледі.

 

 

 

Маталардың ауа  өткізгіштігін анықтау

 

Ауа өткізгіштік қасиет текстильді маталардың ең маңызды деген сипаттамаларының бірі.  Матаның ауа өткізгіштігі дегеніміз оның ауаны өткізу қасиеті. Ол маталардың гигиеналық және жылуқорғағыш қасиеттерінің ең негізгі көрсеткіші әрі оларды киімге таңдауда үлкен рольге ие болады. Ауа өткізгіштік түрліше текстильді маталардың қолдану аясын елеулі түрде кеңейтеді. Аз гигроскопиялық қасиетке ие химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған жазғы киімдердің маталары қысқы маусымның киімдеріне қарағанда ауаны өте жақсы өткізу қажет.

Текстильді маталардың ауа  өткізгіштік қасиеті Δ=Рı-Р2 Паскальдарға (Па) тең сынылатын сынаманың екі жағында ауа қысымдарының тұрақты түріндегіі 1 с ішінде 1 м матадан өтетін куб метрде (м) өлшенетін ауаның мөлшерін көрсетеді.

Ауа өткізгіштік коэффициенті [м³/м²·с)] мына формула бойынша анықталады:

 

Мұндағы V – ауаның көлемі, м³;

S – сынаманың ауданы, м²;

T – уақыт, с.

 

Ауа өткізгіштік коэффициенті матаның екі жағындағы қысымдардың  әркелкілігіне байланысты болады. Сондықтан  да ауа өткізгіштіктің салыстыруы ауа  өткізгіштік коэффициентін анықтайтын сандық индексімен көрсетілетін қысымның нақты айырмашлығына байланысты болады. Киімдердің эксплуатациясы кезінде  қысымдардың айырмашылығы екі себептен шығуы мүмкін: 1- киім астындағы және сыртқы ауа температураларының айырмашлығының әсерінен; 2 – желдің әсерінен. Көбінесе ауа өткізгіштік Δр=Н/м (5 мм су жағд.) қысымдарының айырмашылығымен анықталады, бұл 8-10 м/с тең келетін желдің жылдамдығына сәйкес келіп, В50 шамалас. Төмендегі кестеде ауа өткізгіштік бойынша ажыратыладын маталар топтамасы көрсетілген.

КЕСТЕ

 

Ауа өткізгіштік матаның  құрылымына, жіптердің арасындағы ашық кеуектердің кеуектілігіне, санына, көлеміне, матаның беткі қалыңдығы  мен күйіне, өрімдердің түріне, раппортқа  және раппорттағы жіптердің жабындысының санына, жіптердің өрілуіне, әрлеу  процесстері мен кір жууға  және т.б. байланысты болады. Маталардың кеуектілігі неғұрлым көп болған сайын соғұрлым олардың ауа өткізгіштік  қасиеті жоғары. Кеуектілігі бірдей болса, қалың маталардың ірі кеуектері  бар болуына байланысты ауа өткізгіштік  қасиеті ұсақ кеуектері бар жұқа маталарға қарағанда үлкен. Едәуір ұзын жабындылары бар маталардың бірдей кеуектілік жағдайында ауа өткізу қасиеті жоғары. Жабындылар саны көбейген сайын ауа өткізу азаяды. Матаның кенептік өрілуі бар болса, ауаны жақсы өткізеді, тура солай сарж матада, ал атлас ауаны одан да көп өткізеді.

Маталардың ауа өткізуіне  оның ылғалдылығы мен температурасы  және ауа температурасы әсер етеді. Ылғалдылық көп болған сайын ауаны  өткізу төмендейді. Ылғалдылықтың көбеюі талшықтардың көпіруіне әкеледі, микро- және макрокапиллярлы ылғалдылық көбейіп, нәтижесінде ашық кеуектердің саны азаяды.

Δр=5 мм су. жағд. Кезінде ауаны өткізудің ең көп азаюы 80% ылғалдылық жағдайында байқалды. Ауа өткізгіштіктің төмендеуі кеуектердің суға толып талшықтардың көпірумен түсіндіріледі.

Ауа өткізгіштікті ГОСТ 12088-77 «Текстильді маталар және олардан  жасалған бұйымдар. Ауа өткізгіштікті  анықтаудың әдісімен» анықтайды. ГОСТ 20566-75 бойынша матаның сынамаларын  алдын ала іріктейді. Әрбір бөлігі бойынша бақыланатын маталар  үшін кез келген жерден тек аяғынан  емес, 13 см ұзындықтағы матаның бүкіл  ені бойымен нүктелік сынаманы алады. Әрбір нүктелік сынаманың сынақтарын шахмат тәртібінде 5 жерде өткізеді.

Маталардың ауа өткізгіштігін  анықтау үшін ВПТМ-2 құралын қолданады. Құралдың жұмыс істеу принципі сынаманың  екі жағынан өтетін қысымның тұрақты  айырмасындағы уақыт бірлігіндегі элементарлы сынаманың белгілі  бір ауданы арқылы өтетін ауаның мөлшерін тарылатын құрылғысы (Вентури құбыры) бар расходомердің көмегімен есептеу болып табылады. Сыналатын бұйымды 1 жәнее 2  камералары арасынада қойып қысымды р1 мен р2 (р1>р2)  ұстап қояды. (сызықша ауаның 1 камерадан 2 камераға өтуін көрсетеді).

СУРЕТ

 

Тарылтатын құрылғы арқылы сұйық немесе газтәрізді заттың өтуі кезінде потенциалды энергия  бөлігінің кинетикалыққа өткеннің нәтижесінде тарылтатын құрылғының ішіндегі ағынның орташа жылдамдығы жоғарылайды. Нәтижесінде тарылғыш құрылғыдан кейін ағынның статикалық қысымы оған дейінгіге күйге қарағанда  азаяды. Бұл қысымдардың айырмашылығы өтіп бара жатқан ауаның мөлшеріне  байланысты және оның жұмсалуының шамасы ретінде қолданылады.

Сынақтарды келесі тәртіпте жүргізеді. Бірінші тұтқасымен сынаманың екі жағындағы қысымдардың тербелісін тіркеу үшін арналған сиреткіш индикаторындағы 4 спирт деңгейін нольдік күйге орнатады. Содан соң тұтқамен 3 расходомердің тарылтқыш құрылғысындағы статикалық тегеурінді анықтап қоюға арналған дифманометрдегі 2 спирттің деңгейін тексереді. Расходомердің принципі ауаны жұмсаудан (Вентури құбыры түрінде) қысым айырмасының тәуелділігіне негізделген.  Дифманомертдің көрсеткіштері ауысым кестесі бойынша сынама арқылы өтетін ауаның шығындалуын анықтауға мүмкіндік береді. Приборда тұтқамен қосылатын 2 расходомер бар.

Көтерілген штокта 9 қақпасын 11 ашып, ауыспалы жұмыс үстелін орнатып сынақталатын сынаманы орнатады. Текстильді маталардың негізгі массасы үшін 10 немесе 20 см² ауданындағы тесігі бар үстелді қолданады. Сынаманы үстелге қысқыш сақинамен 10 қысады. Жұмыс үстелі мен расходомерді сыналатын матаға байланысты таңдайды себебі дифманометрдің шкаласындағы көрсеткіштер ауысым кестесіндегі мәндердің шегінде болуы керек.

Ауаны аз өткізетін маталарды  сынақғанда расхометрдің ауысу тұтқасын 12 бірінші күйге қою арқылы, ал ауаны жақсы өткізетін маталар үшін - 2 күйге қою керек. Сыналатын матаның сынамасын жұмыс үстеліне беткі бетімен үстіне қарай қойып, қысқыш сақинамен 10 қысып тұтқаны 8 «жүктеме»» деген сигналды шамы  7 жанғанша айналдыру қажет. Сейілткіш индикаторы 4 бойынша тұтқаны 13 асықпай айналдыра отырып қажетті сейілтуді – 49 Па (5 мм су жағд.) қояды, ала құлалығы шкаланың 1 бөлігіне дейін дифманометрдің шкаласынан 2 көрсеткіштерді жазып алады.

Жұмыс істеп болған соң  приборда «сеть» деген тумблерді 5 өшіреді, сигналды шам 6 өшіп, сейілткіш камераларын қақпашықтарымен 11 жауып приборды тордан ажыратады.

Дифманометрдің көрсеткіштері  бойынша әрбір алынған мән үшін ауысым кестелерінің көмегімен сыналатын сынамадан өтетін ауаның шығынын (дм³/с) есептейді. Ауа өткізгіштіктің коэффициентін де есептейді.

Сынақтың өткізілу нәтижелері 3,11 кестеде көрсетілген.

Сурет

Кесте

3,11 кестесінен көріп тұрғанымыздай  2 мата ауаны аз өткізеді, ал  7 мата ең көп өткізеді. Бұл 2 матаның жалпы кеуектілігінің аздығымен және ұсақ кеуектерімен түсіндіріледі, 3 матаның қалыңдығы аз да кеуектілігі жоғары сондықтан ауаны жақсы өткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маталар бояуының  үйкеліске төзімділігін анықтау

 

 

Бояулардың төзімділігі  турасында текстильді маталардың жарық, ауа райына, сабынды ерітінділерге, дистильденген, әкті және теңіз суына, кір жууға, терлеуге, үтіктеуге, үйкеліске, химиялық тазалауға және т.б. әсеріне қарсы тұруға қасиетін айтады. Аталған факторлардың әсерінен бояғыштардың құрылымында физика-химиялық өзгерістер орын алып, талшықтармен байланысы нашарлап, матаның түсінің өзгеруіне және беттесуші беттерінің боялуына әкеледі. Нақты маталар үшін әрекет ететін факторлардың кешеніне мемлекеттік стандарттарға сай олардың арналуы мен пайдалану жағдайлары тағайындалады.

Бояудың әрбір физика-химиялық әсеріне төзімділігі алғашқы  бояудың өзгерісінің деңгейімен және бұл әрекеттің әсерінен бояуы шыққан ақ матаның боялу деңгейімен анықталады. Бояудың ағару деңгейі мен ақ матаны бояу деңгейін бояудың беріктік эталондарының көмегімен анықтайды. Бояулардың сұр эталондарының шкалаларының бірі алғашқы бояудың өзгеріс деңгейінің бағалануына арналған. Ол эталондардың 5 жұбынан тұрып, барлық жұптар үшін тұрақты қоңыр эталоны мен одан ақшыл эталон арасындағы қарама-қарсылық деңгейінің әркелкілігімен ерекшеленеді. Бояулардың сұр эталондардың екінші шкаласы да барлық жұптар үшін тұрақты ақ эталон мен бояудың түрліше интенсивтілігі бар сұр эталондар арасындағы түрліше қарама-қарсылықтағы 5 жұптардан тұрады.

Бояудың әрбір эталон жұбына баллдардың нақты саны сәйкес келеді – 1-ден 5-ке дейін, 1 балл төменгі, ал 5 балл бояудың ең жоғарғы дәрежесін көрсетеді. Бояудың төзімділік бағасын баллдарда бөлшек түрінде жазады: алымда – алғашқы бояудың өзгерісінің бағасы, бөлгіште – ақ матаның боялуының бағасы (мысалы, 5/4). Бояудағы айырмашылықтар екі көршілес эталонда болса, бояудың төзімділігін 2 баллмен есептейді (мысалы, 3-4).

 Бояудың төзімділігінің  баллдық сипаттамасы төмендегі  кестеде көрсетілген.

Кесте

 

Үйкеліске маталар бояулудың  төзімділігін ГОСТ 9733.27-83 «Текстильді  маталар. Үйкеліске бояудың төзімділігін сынаудың әдісімен» анықтайды. Әдіс бойынша боялмаған құрғақ немесе дымқыл матаның боялып, құрғақ сыналатын  үлгісіне үйкеліп қояды.

Сыналатын матаның нүктелік сынамасынан  180х80 мм көлеміндегі  элементарлы сынаманы кесіп алады  да үстелге 2 приборды қояды (3,6 сурет), оны сақинамен 5 бекітеді. Мақта - маталы боялмаған матадан 80х50 мм сынаманы (аралық сынама) кесіп, оны резиңке тығынға 3 тартып қысқыш сақинамен 4 бекітеді. Жүк бүркеншігін оған бекітілген аралық сынамасымен бірге үстелге 2 қояды. Үстел мен сынаманың арасындағы жалпы қысым 1 даН тең. Тұтқаның 1 көмегімен үстелді бағыттауыштарға бір және басқа бағыттарда 100 мм аралықта 10 рет қозғалтады.

Бояудың үйкеліске төзімділігінің бағасын сұр эталонды бояулардың шкаласы бойынша аралық матаның  бояу деңгейі бойынша жүргізеді.  Ол үшін сынаққа дейін және кейін  аралық матаны бір бірінің қасынан  бір жағдайда бір бағытта орналастырады. Салыстыруды сұр фонда жасайды. Қоршалатын шеттерінің белсенділігі сұр эталондардың шкаласының  баллдарының арасында бояудың өзгеруін бағалау үшін болу қажет. Салыстырылатын беттер күндізгі жарықпен солтүстік жақтан немесе 600 лк жарық көзімен жарықталу керек. Жарық 45° бұрышта түсу керек, ал көз жетер жерінің бағыты үлгілердің бетіне перпендикуляр болу қажет.

Бояудың төзімділігі сынаққа  дейінгі және кейінгі боялған  немесе сыналмаған және аралық маталардың сынақтан кейінгі үлгілерінің арасындағы қарама-қайшылығымен бірдей болып табылатын  сұр эталондарының жұптарының баллдарымен  бағаланады.

Егер де қарама-қайшылық шкаланың екі жақын эталондары арасынада  болса, онда бояудың мұндай төзімділігі 2 баллмен бағаланады, мысалы, 3-4- 4 баллдағы эталоннан аз, бірақ 3 баллды эталоннан  жоғары деген сөз.

Сурет

Кесте

 

Сынақтардың нәтижелері бойынша 1,3,4,5,7 маталарының құрғақ үйкеліске  бояулардың төзімділігі 100%, ал 2,6 маталардың сұр эталондардың шкаласы бойынша 4/5 баллға тең екендігі анықталды. Барлық маталардың бояу төзімділігінің деңгейі  ерекше берік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті