Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:45, курсовая работа

Описание работы

Жасанды талшықтардан тоқылған маталардың тобына вискозалық, ацетаттық және триацетаттық жіптер мен олардың үйлесімді құрамаларынан шығатын крептік, тегісті, жаккардты, түкті маталар жатқызылады. Маталардың ассортиментінің алуан түрлі болуы кешенді және текстуриленген жіптердің түрліше құрылымдардан тұруына, өрімдердің түрлеріне және безендіру түрлеріне байланысты болады.

Работа содержит 1 файл

перево.docx

— 93.78 Кб (Скачать)
      • Сертификатталған өнім жайындағы мәліметтің анализі;
      • Инспекциялық тексеру бағдарламасын жасау;
      • Инспекциялық тексеруді жүргізу;
      • Инспекциялық тексерудің нәтижелерін рәсімдеп дайындау;
      • Тексеріс нәтижелері бойынша шешім қабылдау.

Инспекциялық сынақтарды өткізетін сынақ зертханасын  СО белгілеп анықтайды.

Инспекциялық тексерудің нәтижелері бойынша акт жасалынады, онда үлгілерді сынақтан өткізудің  нәтижелеріне баға беріліп, өнімнің  өндірісне тұрақтылық бағасы беріледі, сертификатты сақтау мүмкіндіктері  мен лицензияны қолданудың мерзімін ұзарту жайында айтылады.

Акттың кемшіліктерін  анықтаған жағдайда оларды жою бойынша  реттеуші шаралардың қажеттілігі айтылады.

 

 

 

 

БӨЛІМ БОЙЫНША  ҚОРЫТЫНДЫЛАР

 

Жасанды және синтетикалық жіптерден, сондай-ақ басқа талшықтармен жасанды және синтетикалық жіптердің  қосындысынан жасалған маталардың үлкен  ассортименті бар.

Химиялық талшықтарға  вискозды, мысты-аммиакты, полинозды, ацеатты, триацетатты, капронды, лавсанды, нитронды, хлоринді, винилды, диэтиленді, полипропиленді талшықтар жатқызылады. Жасанды  талшықтардың маңызды физика-механикалық  қасиеті – бұл олардың көпреттік  қайталанбалы жүктемелердің әсеріне  төзімді болу болып табылады.

Полиамидты талшықтардың ең бағалы қасиеті – үйкелуге төзімді  болуы. Полиамидты талшықтардың жоғары эластикалық қасиеттері бар, бұл өз ретте қайтымды ұзарулардың елеулі көлемін, жіптің жоғары беріктігін және көпреттік деформацияларға тұрақтылығын анықтайды.

Лавсан талшығы өте  иілгіш және қатты созылады, сондықтан  да лавсан талшығы мен одан жасалынатын  бұйымдар мыжылмайды.

Полиакрилнитрильді талшықтар (нитрон) жоғары беріктікке ие. Нитроның минералды қышқылдардың, кәдімгі органикалық еріткіштердің, майлардың, минералды тұздардың ерітінділердің әсеріне жақсы тұрақтылығын көрсетеді.

Полипропиленнен жасалған талшықтың  жоғары физика-механикалық қасиеттерімен  қатар ол азғантай тығыздыққа (0,92 г/м²) ие, сондықтан да одан жасалған бұйымдар суда батпайды.

Винолдан жасалған бұйымдардың  тозуға қарсы тұрақтылығы жоғары, ыстық үтіктеуге қолайлы, ыстық  дымқыл өңдеулерде формасы мен көлемдерін сақтап тез кебеді.

РФ территориясындағы  сәйкестікті растау міндетті және өз бетінше сипатта болады.

Сәйкестікті міндетті түрде  растау келесідей формаларда жүзеге асырылады:

1)  Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау (сәйкестікті декларациялау);

2) Міндетті сертификация. Сәйкестікті өз еркімен растау өз еркімен сертификациялау формасында жүзеге асырылады.

Өз еркімен сәйкестікті  растау өз еркімен сертификаттау  формасы түрінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ  МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАҒЫШТАРЫН ТАҢДАУ

 

Сертификаттық сынақтарды өткізу және зерттеулер жүргішу үшін маталардың 7 үлгісі таңдап алынды.  олардың 1-5 Қытайда  шығарылып, 6 және 7 үлгілер Ресейде  шығарылғандар. Ал бұл маталардың құрамы төмендегідей:

      • 1 мата - 90,5% триацетатты талшық, 9,5% вискоза
      • 2 мата - 95 % лавсан талшығы, 5% рами талшығы
      • 3 мата - 90% триацетатты талшық, 10% рами талшығы
      • 4 мата - 75% лавсан, 25% рами талшығы
      • 5 мата - 75% лавсан, 22% рами талшығы, 3% вискоза
      • 6 мата - 100% лавсан талшығы
      • 7 мата - 100% лавсан талшығы

 

Аталмыш маталарды костюмдік  бағыттағы бұйымдарды жасау үшін шығарылады. Зерттеу объектілерінің сипаттамалары 3,1 кестесінде берілген.

 «Химиялық талшықтардан жасалған тұрмыстық дана бұйымдары мен маталар. Көрсеткіштер номенклатурасы» - ГОСТ 4.51-87 бойынша сапаның анықтағыш көрсеткіштерінің кешені белгіленіп көрсетілген болатын.

Содан соң мамандар (МГТУ-дың  ғылыми-педагогикалық қызметкерлер) мен әуесқойлар арасындакөрсеткіштердің шектелген санында сауалнама өткізілді. Зерттеу объектілері ретінде таңдап алынған маталардың сараптамалық сауалнамасының нәтижелері бойынша ОПК-ның номенклатурасына келесі көрсеткіштер кірді:

    1. Мыжылмайды;
    2. Ауаны өткізгіштігі;
    3. Құрғақ үйкеліске бояудың төзімділігі;
    4. Жуылғаннан кейінгі шөгіп қалу;
    5. Пиллингтену.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КОСТЮМДІК МАТАЛАРДЫҢ САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

 

Түр сәйкестігі мен  шикізаттың пайыздық құрамын анықтау

 

Маталардағы талшықтың түрін  анықтау үшін негізі мен утогы  бойынша бірнеше жіптер алынып зерттеледі. Өнімнің идентификациясы, яғни түр сәйкестігі мен жазба белгісінде көрсетілген шикізаттың пайыздық құрамын бағалау  үшін келесідей әдістер қолданылады:

    1. Сыртқы түрі бойынша талшықтарды анықтау;
    2. Жану сипаты бойынша талшықтарды анықтау;
    3. Түрліше реактивтерде еру дәрежесі бойынша талшықтарды анықтау.

 

Сыртқы түрі бойынша  талшықтарды анықтау кезінде микроскоппен талшықтардың көлденең және тігінен кескен жерлерін көріп анықтайды. Мұндай әдіспен сыртқы түрінде анық сипатты белгілері бар талшықтардың (мақта, жүн, вискозды және т.б.)  түрін қоспалар ішінен дәл табуға мүмкіндік береді. Микроскоппен зерттеулерді 300 есе үлкейтіп жүргізеді. Талшықтың сыртқы түрін зерттеу үшін тарқатылған жіптен талшықтардың бір шоғын алып заттық әйнекке бір тамшы сумен бірге қойып жамылғы әйнекпен жабады.

Жану сипаты бойынша  талшықтарды анықтау әдісі қарапайым және арнайы құрылғыларды қажет етпейді. Алайда бұл әдісті тек бір компонентті қосындының анализі кезінде ғана қолдануға болады. Өртеп сынағанда целлюлозалық және ақуыздық талшыққұраушы заттар мен жанбайтын талшықтарды (асбест, әйнекті талшық) нақты және дәл анықтауға болады. Өрттеліп сыналған талшықтарды зерттеген кезде жану сипаты мен сынаманың жанған сәтте қалыптасатын қалдықтың түрі, шығатын иіске басты назар аударылады.

Түрліше реактивтерде талшықтардың еруіне қарап талшық түрін анықтауға болады. Талшықтардың еруін микроскоптың көмегімен және микроскопсыз қарап анықтауға болады. Бірінші жағдайда ерудің ақырғы нәтижесін ғана емес сонымен қатар бүкіл процесін байқап қарайды. Реактив ерітіндіні массасы 3-5 г ілмекті талшықтардың немесе оның компоненттерінің бірі еритіндей ғып таңдайды. Жану сипаты мен түрліше реактивтерде еру бойынша талшықтарды анықтаудың нәтижелері төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте

 

Өнім идентификациясының нәтижелері толықтай түр сәйкестігі мен жазба белгісінде көрсетілген  шикізаттың пайыздық құрамын растап дәлелдеді.

Маталардың салмақ, өлшем мен құрылымдық сипаттамаларын анықтау

 

Матаның зертханалық анализін нүктелік сынамалар бойынша жасайды. Нүктелік сынама ретінде бүкіл ені  бойынша кесілген матаны қолданады. Оның ұзындығы матаның ені мен  сынақ түріне байланысты болады.

Матаның нүктелік сынамасы арқылы келесідей сипаттамаларды анықтайды:

Өлшем – матаның ұзындығы, ені, қалыңдығы, салмағы – нүктелік сынаманың массасы, матаның сызықтық тығыздығы (матаныі 1пог.м. массасында), матаның беткі тығыздығы (1 м матаның массасы), орташа тығыздық.

Құрылымдық – 100 мм матаға негізі мен утогы  бойынша жіптердің саны, негізі мен утоктағы жіптердің сызықтық тығыздығы, матаның толтырылуы мен кеуектілігі, байланысу коэффициенті мен өрімдер. Нүктелік сынаманы үстелдің бетінде жазып салады да, қаламмен шеттеріне перпендикулярлы сызықша арқылы екі сызық сызады, содан соң екі сызық бойынша нүктелік сынаманы кесіп оған тікбұрышты пішін келтіреді. Содан соң өлшем сипаттамаларын және массасын анықтайды.

    1. Ені - матаның шеттеріне перпендикулярлы бағытта немесе екі арасындағы сантиметрмен өлшенетін аралығы. Нүктелік сынаманың енін сызықшаны матаның шеттеріне перпендикуляр қойып 3 жерде өлшейді. Нүктелік сынаманың орташа енін 3 өлшемнің орташа арифметикалық мәні ретінде анықтайды.
    2. Нүктелік сынаманың ұзындығы – нүктелік сынаманың басы мен аяғы арасындағы аралық. Оны сызықшаны матаның шеттеріне параллель қойып 3 жерде өлшейді. Өлшемдерді 1 мм-ге де қателеспей  өлшеу керек. Нүктелік сынаманың орташа ұзындығын 3 өлшемнің орташа арифметикалық мәні ретінде анықтайды.
    3. Нүктелік сынаманың қалыңдығы – беткі және сыртқы жақтарынан елеулі түрде шығыңқы жерлері арасындағы аралық. Оны текстильдік микрометрдің көмегімен анықтайды. Нүктелік сынаманың орташа қалыңдығын  10 өлшемнің орташа арифметикалық мәні ретінде анықтайды.
    4. Нүктелік сынаманың массасын ГОСТ 10681-75 бойынша кәдімгі климаттық жағдайларда алдын ала ұстап, 0,01 г-ға дейін қателіксіз таразымен өлшеп анықтайды.

Матаның сызықтық тығыздығын (г/м) мына формуламен анықтайды:

        

                            

 

Мұндағы  – матаның  нүктелік сынамсының массасы, г;

                L  - сынаманың ұзындығы, мм.

Матаның беткі тығыздығы (г/м²) мына формуламен анықталады:

 

 

 

 

Мұндағы – b- матаның нүктелік сынымасының ені, см.

Матаның беткі есептік тығыздығы (г/м²) мына формуламен анықталады:

                                           М'ı = 0,01·(Тo·Пo+Ту+Пу)

 

Мұндағы То, Ту – негіз бен уток жіптерінің сызықтық тығыздығы, текс;

По, Пу – 10 см матаға негіз  бен уток жіптерінің қатынасы.

Матаның беткі есептік  тығыздығының нақтыдан (%) ауытқуы былай  анықталады:

 

 

 

Матаның беткі есептік  тығыздығының нақтыдан (%) ауытқуы 5%-дан  аспауы керек. Ауытқу үлкен болса, матаның  тығыздығы мен негіз бен уток жіптерінің сызықтық тығыздығын қайта  анықтайды.

Матаның орташа тығыздығы (мг/мм) мына формула бойынша анықталады:

 

 

Матаның негіз бойынша  По немесе уток бойынша Пу тығыздығы  матаның ені немесе ұзындығы бойынша 10 уток немесе негіз жіптерінің санын  санаумен анықталады.

Негіз То немесе уток Ту (текс) жіптерінің сызықтық тығыздығын мына формула бойынша анықтайды:

 

 

Мұндағы m – негіз немесе уток жіптерінің массасы, г;

L – негіз немесе уток жіптерінің ұзындығы, км.

 

Маталардың талшықты материалмен  толтырылуын бағалауына қолданылады  маталардың  толтырылуы мен кеуектілігі, толтырылып қалуы олардың түрліше  қасиеттеріне әсер етеді. Сызықтық толтырылу  мен толтырылып қалудың көрсеткіштерінің қатынасына байланысты матадағы жіптердің  байланысын бағалайды.

Ео негізі мен Еу (%) уток бойынша матаның сызықтық толтырылуы көршілес жіптердің осьтері арасындағы қашықтықтан негіз do немесе уток жібінің есептік диаметрі dy қанша пайызды құрайтынын көрсетеді.

Негіз бойынша (%) матаның  сызықтық толтырылуы:

Ео=По·do

Уток бойынша (%) матаның  сызықтық толтырылуы:

Еу=Пу·dy

Жіптердің есептік диаметрі:

d=0.00357

 

Жіптердің есептік диаметрінің  мәндерін (d=0.00357)  сызықтық тығыздық арқылы білдірсе, онда негіз бен уток бойынша (%) матаның сызықтық толтырылуын былай анықтауға болады:

Ео= 0.00357

 

Еу= 0.00357

Мұндағы –уток пен негіз жіптерінің орташа тығыздығы, мг/мм³.

Матаның бетік толтырылуы Е (%) матаның минималды элементінде екі жүйенің жіптерінің проекцияларының ауданының осы элементтің бүкіл ауданына қатынасымен анықталады.  Минималды элемент ретінде көршілес жіптерді құрайтын біртектілермен  (сол және төменгілермен) шектелген матаның бөлігін алады. Оның көлемі өрімдердің түрі мен рапортына байланысты болмайды.

Es=Eo+Ey-0.01·Eo·Ey

Матаның көлемді толтырылуы (%) матадағы жіптер көлемінің матаның бүкіл көлеміне қатынасымен анықталады:

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұндағы - мата мен жіптердің орташа тығыздығы, мг/мм³.

Матаның Еm (%) массасы бойынша толтырылуы матадағы жіптердің М массасының оның Мmax максималды массасына қатынасымен анықталады, ол матаның бүкіл көлемінің Vt талшық немесе жіп құраушы затымен толықтай толтырылуының жағдайында есептелінеді:

 

 

Мұндағы - талшықтардың немесе жіптердің тығыздығы, мг/мм³.

Беткі кеуектілік Rs (%)матаның бүкіл ауданына аралық кеуектердің ауданының арақатынасына тең:

Rs=100-Es

Rv (%) көлемді кеуектілік тек жіптердің арасындағы ғана ауа аралықтарының үлесін көрсетеді:

Rv=100-Ev

Rm (%) жалпы кеуектілік жіптер мен талшықтардың сондай ақ олардың ішіндегі матаның барлық аралықтардың пайыздық үлесін көрсетеді:

Rm=100-Em

Маталардың көлем мен  құрылымдық, массасын анықтаудың нәтижелері келесі кестеде көрсетілген.

КЕСТЕ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маталардың мыжылмауының анықтамасы

 

Егерде текстильді бұйымдарды бүктеп, мыжып қайтадан жазып ашса, олардың үстінде бүктемелер мен қыртыстар қалп қоятыны бар. Бұл құбылысты мыжылу деп атайды. Тұтынушы әркез бұйымның өз формасын сақтағанын қалағаннан кейін маталардың сапасын бағалаған кезде «мыжылмаушылық» терминін қолданады.

Мұндай құбылыс әдетте бұйымдардың бүктелістегі пластикалық  және эластикалық деформациялар  түрінде пайда болады. Бүктелістің  деформациясы басты болатындықтан  мыжылу бүктелумен қатар қарастырылады. Бүктеліс пен қысудың эластикалық  компоненттерінің болуына байланысты болатын мыжылудың бөлігі қайтарымды релаксациялық процесте бірнеше  уақыт өткен соң жоқ болады. Паластикалық компонеттермен байланысқан мыжылудың бөліктері қалып қояды. Бұйымды жазып тегістеу үшін оны ылғалды-жылы өңдеуден өткізіп үтіктеп тағы с.с. жасау керек. Мыжылған бұйымдардың сыртқы түрі нашарлап, киілген кезде тез тозады.

Мыжылуды зерттеу сыртқы түріне көп мән берілетін бұйымдар үшін аса маңызды. Мысалы, костюмді, көйлекті, пальтолы және тағы басқа  маталар мен сыртқы трикотаждар  үшін.

Бүктелудің және қысудың  деформациялары мыжылуды анықтап қана қоймай, сонымен қатар  матаның (талшықтардың) механикалық қасиеттеріне, оның құрылымына, геометриялық сипаттамаларына, сыртқы орта жағдайларына байланысты болады. Бұйымдардың механикалық қасиеттері бұйымға түрліше аппараттармен  әсер ететін химиялық өңдеулерге байланысты талшықтарды құрайтын заттардың  модификациясына да күрт өзгеруі  мүмкін екені белгілі.

Информация о работе Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті