Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 08:55, курсовая работа
Салықтар өз қызметін жүзеге асыруда мемлекет экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу механизмы жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету болып табылады, яғни өндірістің дұрыс әрі толық дамуын қамтамасыз ету. Салықтық реттеудің механизмдері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Макро деңгейде салықтық реттеу экономиканы реттеу болып табылса, ал микро деңгейде шаруашылық қызметті реттеу құралы болып табылады.
Кіріспе........................................................................................................................3
1. Жеке тұлғаларға салық салудың мәні мен экономикалық мазмұны…...6
1.1 Жеке тұлғаларға салық салудың мазмұны………………………………..6
1.2 Жеке тұлғалаға салынатын салық түрлері…………………………….…11
1.3 Жеке тұлғаларға салынатын салықтың объектісі……………………….21
2. «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
2.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің құрылу және даму тарихы
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы
2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің қаржылай жағдайының ұйымдастырылуы
3. «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру
3.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде төленетін жеке тұлғалар салығының салық салу объектісі
3.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғалар салығын есептеп, төлеу тәртібі
3.3 ҚР жеке тұлғаларға салық салуда кездесетін мәселелер
3.4 ҚР- нда жеке тұлғаларға салық салуды жетілдіру бағыттары
Қорытындылар мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………
"Идеал Маркет" ЖШС жылдық есептемелері негізінде
Ағымдағы активтердің
Төменде 7-кестеде - "Идеал Маркет"
ЖШС табыстылық көрсеткіштері талданған.
Кестедегі мәліметтер негізінде компанияның
жалпы табыстылығы төмендегені туралы
қорытынды жасауға болады. Өнімді өткізуден
түскен табыс (23%), жалпы табыс (10%), активтер
(11%), меншіктік капитал (38%) көбейгенімен
таза табыс (38%) пен негізгі қызметтен түскен
табыстың (24%) төмендеуі байқалады, ол өткізілген
өнімнің өзіндік құнының жылдам өсуі салдарынан
болған.
7 кесте. "Идеал Маркет" ЖШС табыстылығын талдау
№ |
Көрсеткіштер |
2011 ж. |
2012 ж. |
Өзгеруі, тг. |
2012ж. %-бен |
1 |
Өнімді өткізуден түскен табыс, тг. |
1968805161 |
2271375871 |
302570710 |
115,3 |
2 |
Жалпы табыс, тг. |
585087050 |
647613841 |
62526791 |
110,6 |
3 |
Өткізілген өнімнің толық өзіндік құны, тг. |
1383718111 |
1623762030 |
240043919 |
117,3 |
4 |
Негізгі қызметтен түскен табыс, тг. |
79571988 |
103152398 |
23580410 |
129,6 |
5 |
Таза табыс, тг. |
55079239 |
75886971 |
20807732 |
137,7 |
6 |
Ағымдағы активтер, тг. |
279926906 |
376269082 |
96342176 |
134,4 |
7 |
Ұзақ мерзімді активтер, мың тг. |
175330,1 |
234699,0 |
59368,9 |
133,8 |
8 |
Меншіктік капитал, тг. |
290153806 |
341231185 |
51077379 |
117,6 |
9 |
Ағымдағы активтердің табыстылығы |
0,74 |
0,49 |
-0,25 |
66,2 |
10 |
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы |
0,47 |
0,18 |
-0,29 |
38,2 |
11 |
Өткізілген өнімнің табыстылығы |
2,9 |
3,5 |
0,6 |
120,6 |
12 |
Өткізу көлемінің табыстылығы |
2,8 |
3,3 |
0,5 |
117,8 |
13 |
Негізгі қызметтің табыстылығы |
0,18 |
0,11 |
-0,07 |
61,1 |
14 |
Меншіктік капиталдың табыстылығы |
0,86 |
0,31 |
-0,55 |
36,0 |
"Идеал Маркет" ЖШС жылдық есептемелері негізінде
Өткізілген өнім бойынша
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-де жеке тұлғалар салығын төлеу тәртібі
Салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынуға тиіс. Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сыйақыларды қоспағанда), ұтыстар түріндегі табыстарға 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
1) қызметкердің табысы;
2) бiржолғы төлемдерден алынған табыс;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
Салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргізедi. Салық агенттері төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 20-сына дейін өзінің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады. Салық агенттері тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер бойынша салық төлеуді олардың орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi белгiленген. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген. Депозитарлық қолхат бойынша кірістер төлеу көзі осындай депозитарлық қолхаттың базалық активінің эмитенті болып табылады.
Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада жеке тұлғаның төленген кірістері туралы мәліметтер көрсетіледі. Қызметкердің жұмыс берушi есептеген, көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған табыстары төлем көзiнен салық салынатын табысы болып табылады [3].
Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс берушi төлейтiн ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердiң табыстарына жатады.
Қызметкердiң заттай нысанда алған табысына:
1) заттай нысандағы еңбекақы;
2) қызметкер
алған тауарлар, қызметкердің мүддесiн
көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге
өтеусiз негiзде көрсетiлген
3) қызметкердiң үшiншi тұлғалардан алған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құнын жұмыс берушiнiң төлеуi кiредi.
Қосылған құн салығы мен акциздердiң тиiстi сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны қызметкердің осындай нысандағы табысы болып табылады.
Қызметкердің
материалдық пайда түрiнде
1) қызметкерге
сатылатын тауарлардың (
2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;
3) жұмыс берушiнің
өз қызметкерлерiнің
4) жұмыс берушiнің қызметкердің өз қызметiне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстары.
Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде салық жылы iшiндегi әрбiр ай үшiн шегерiмге мыналар жатқызылады:
1) Қазақстан Республикасының заң актiсiнде табысты есептеудiң тиiстi айға белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерiндегi сома;
Бiрге тұратын және ортақ шаруашылық жүргiзетiн ерлi-зайыптылар, балалары мен ата-анасы (оның iшiнде уақытша болмағандар) отбасы деп танылады.
2) Асырауындағы адам, салық төлеушiнiң табысы есебiнен өмiр сүретiн және айына бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын жеке табыс көзi жоқ, салық төлеушiнің отбасы мүшесi;
3) жинақтаушы
зейнетақы қорларына Қазақстан
Республикасының заңдарында
4) өз пайдасына
енгізген ерікті зейнетақы
5) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақылары.
6) жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған тұрғын үй заемдары және аралық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомалар.
Жарты айдан аз жұмыс істеген қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын айқындау кезінде шегерім жүргізілмейді. Қызметкердiң табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердiң салық жылы iшiнде төлем көзiнен салық салынатын табысына белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледi. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiледi [10].
Біржолғы төлемдерден түскен табысқа, мыналарды:
1) дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустар мен адвокаттарға өздерінің қызметіне байланысты табыстар бойынша төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыруға байланысты табыстар бойынша төлемдерді;
2) жеке тұлғалардан мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді сатып алғаны үшін оларға төленетін төлемдерді қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетін басқа да біржолғы төлемдер жатады. Жеке табыс салығының сомасы төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табысқа белгiленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.
Төлем көзінен
салық салынатын зейнетақы
Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға ҚР Салық кодексінде белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы төлем көзінен осы салықты ұстап қалуын растайтын құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады [21].
Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлерiне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзiнен салық салынатын стипендия болып табылады. Жеке табыс салығының сомасы белгiленген ставканы төленетiн стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледi.
Сақтандыру сыйлықақылары:
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;
жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебiнен;
жұмыс берушiнiң
жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша
жұмыскердiң пайдасына
Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетiн сатып алу сомасы жатады. Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады. Жеке табыс салығының сомасы белгiленген ставканы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн табыс сомасына қолдану жолымен есептеледi [5].
Салық төлеушiнiң
төлем көзiнен салық
1) мүлiктiк табыс;
2) жеке кәсіпкердің ҚР Салық кодексінде айқындалатын табысы;
3) адвокаттар
мен жеке нотариустардың
4) ҚР Салық кодексінде белгiленетiн өзге де табыстар жатады.
Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық төлеушi белгiленген салықтық шегерiмдер сомасына азайтылған, төлем көзiнен салық салынбайтын табыс сомасына белгiленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргiзедi. Салық төлеушiде төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардың бiрнеше түрi болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушi жеке табыс салығын есептеудi белгiленген ставканы төлем көзiнен салық салынбайтын барлық табыс түрлерiнің сомасына қолдану жолымен дербес жүргiзедi.
Мынадай резидент жеке тұлғалар:
1) арнайы салық
режимдерін қолданатындарды
2) резидент болып
табылатын және табысты
3) салық агенттерi
болып табылмайтын тұлғаларға
Қазақстан Республикасында
Информация о работе «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру