«Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 08:55, курсовая работа

Описание работы

Салықтар өз қызметін жүзеге асыруда мемлекет экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу механизмы жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету болып табылады, яғни өндірістің дұрыс әрі толық дамуын қамтамасыз ету. Салықтық реттеудің механизмдері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Макро деңгейде салықтық реттеу экономиканы реттеу болып табылса, ал микро деңгейде шаруашылық қызметті реттеу құралы болып табылады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
1. Жеке тұлғаларға салық салудың мәні мен экономикалық мазмұны…...6
1.1 Жеке тұлғаларға салық салудың мазмұны………………………………..6
1.2 Жеке тұлғалаға салынатын салық түрлері…………………………….…11
1.3 Жеке тұлғаларға салынатын салықтың объектісі……………………….21

2. «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
2.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің құрылу және даму тарихы
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы
2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің қаржылай жағдайының ұйымдастырылуы

3. «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру
3.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде төленетін жеке тұлғалар салығының салық салу объектісі
3.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғалар салығын есептеп, төлеу тәртібі
3.3 ҚР жеке тұлғаларға салық салуда кездесетін мәселелер
3.4 ҚР- нда жеке тұлғаларға салық салуды жетілдіру бағыттары

Қорытындылар мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………

Работа содержит 1 файл

Жеке табыс салыгы- Кажапиева Айдана.doc

— 540.00 Кб (Скачать)

"Идеал Маркет" ЖШС  жылдық есептемелері негізінде

 

       Компанияда технико-экономикалық талдау жүргізгенде өнімнің өзіндік құнымен байланысты немесе көрсеткіш ол өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кететін шығындар пайдаланылады.                                                                                         

      Жалпы алғанда  "Идеал Маркет" ЖШС негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау оның 2012 жылғы қызметінің оң нәтижесін көрсетеді.                                                                                                                                              

       Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерді талдау көрсетіп отырғандай, 2012  жылы 2011 жылға қарағанда өнімді өткізуден түскен табыс көлемі 302570710 теңгеге көбейді немесе 2271375871 теңгені құрады.

       2012 жылы тауарлы өнімнің 1 теңгесіне – 0,9 тиын шығынмен тауарлы өнімнің өзіндік құны 1623762030 мың.теңге болды. 2011 жылмен салыстырғанда өзіндік құн 240043919 мың.теңгеге немесе 17,3%-ға өсті. Өзіндік құнның көбеюі өнімді шығаруға керекті материалдар бағасының өсуіне, сондай-ақ энерготасушыларға бағаның өсуіне және сабын зауытының төмен техникалық, технологиялық деңгейіне байланысты.

           "Идеал Маркет" ЖШС  қаржылық-экономикалық жағдайын талдау үшін бұл жұмыста 2011 және 2012 жылғы компанияның балансы, қаржылық-шаруашылық  қызмет туралы есеп пайдаланылып, соның негізінде компанияның қаржылық тұрақтылық, өтімділік, іскерлік белсенділік және табыстылық көрсеткіштері есептелген.

       Қаржылық тұрақтылықты сипаттау үшін компанияның меншіктік айналым құралдарының соммасын есептеу керек. Меншіктік капитал есебінен айналымнан тыс құралдар да айналым құралдары да қалыптасатын  болғандықтан, меншіктік капитал соммасы мен ұзақ мерзімді активтердің айырмасы меншіктік айналым құралдарының мөлшерін құрайды.

      2011 жылы: 96343,2+156624,0–175330,1=77637,1 мың теңге;

      2012 жылы: 133409,0+100684,8-234699=-605,2 мың теңге.

      Есептеулер көрсетіп отырғандай, меншіктік айналым құралдары біршама азайған. Ал 2011 жылдың аяғына олар мүлдем болған жоқ, ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің 55840,2 мың теңгеге азаюына және бір мезгілде ұзақ мерзімді активтердің 59368,9 мың теңгеге көбеюіне байланысты.

Меншіктік айналым  құралдары материалды - өндірістік қорларды жабу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл қорлар қысқа мерзімді несиелер мен жабдықтаушылардың, мердігерлер алдындағы несиелік қарыздар есебінен де қалыптасады. Қорлардың қалыптасу көздері келесіні құрады:

       2011 жылы: 77637,1+21404,5=99041,6 мың теңге;

       2012 жылы: 0+62941,2=62941,2 мың теңге;

       2011 жылы компанияның абсолютті қаржылық тұрақтылығы байқалады,         яғни келесі шарт сақталды: ТМҚ < Меншіктік айналым құралдары;                                                                                                                                                             

                                               30827,5 мың теңге < 77637,1 мың теңге.

       Осылайша, барлық қорлар меншіктік айналым құралдарымен жабылады және компания сыртқы несиелерге тәуелді емес.

       2012 жылы компанияның меншіктік айналым құралдарының жоқтығынан абсолютті қаржылық тұрақтылық қалыпты қаржылық тұрақтылыққа ауысады, мұнда келесі шарт сақталады:

Меншіктік айналым  құралдары      < ТМҚ < Қорлардың қалыптасу көздері;

                                                             0 < 51080,2 мың теңге < 62941,2 мың теңге.

      Бұл жағдайда компания қорларды жабуға тартылған құралдарды пайдаланады, ол негізінен жабдықтаушылардың, мердігерлердің алдындағы несиелік қарыздар. Компанияның өтімділігін талдау үшін ағымдағы, жылдам және абсолютті өтімділік коэффициенттері пайдаланылады, олар 8-кестеде көрсетілген.

4 кесте. "Идеал Маркет" ЖШС өтімділік көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер

2011 жылға

2012 жылға

Өзгеруі

 тг.

2012 ж

%-бен

1

Ағымдағы активтер, тг

279926906

376269082

96342176

134,4

2

Өтімді активтер

Мың тг.

80548,5

33915,3

-46633,2

42,1

3

Ақша қаражаттары

Мың тг.

97061,0

42466,1

-54594,9

43,7

4

Қысқа мерзімді міндеттемелер, Мың тг.

33738,9

85600,7

51861,8

253,7

5

Ағымдағы өтімділік  коэф.

3,3

0,99

-2,31

30

6

Жылдам өтімділік  коэф.

2,39

0,4

-1,99

16,7

7

Абсолютті өтімділік  коэф.

0,12

0,11

-0,01

91,6


         "Идеал Маркет" ЖШС жылдық  есептемелері негізінде                                                                                                                               

 

        Ағымдағы өтімділік коэффициенті 2011 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне ағымдағы 3,3 теңгесін құрады, яғни компанияның айналым құралдары қысқа мерзімді қарыздарды өтеуге мүмкіндік береді, бірақ олардың тиімсіз пайдаланылғаны байқалады. 2012 жылы бұл көрсеткіш 0,99-ға дейін төмендеген, бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді ағымдағы активтер есебінен жабу мүмкін еместігін көрсетеді.

      Жылдам өтімділік коэффициенті  ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне өтімді активтердің 2,39 теңгесінен 0,4 теңгеге дейін төмендеген. Егер 2011 жылы қысқа мерзімді қарыздарды жабу үшін өтімді активтер жеткілікті  болған болса, 2012 жылы олардың азаюы байқалады (дебиторлық қарыздардың азаюы мен міндеттемелердің өсуі есебінен ), ал  қысқа мерзімді міндеттемелер қажет болған жағдайда тауарлы-материалды қорлар есебінен жабылады. Абсолютті өтімділік коэффициенті компанияның төлем қабілеттілігінің төмен екендігін көрсетеді. Бір жыл ішінде ол 0,01теңгеге төмендеп, 2012 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1теңгесіне ақша қаражаттарының 0,11 теңгесін құрады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       Өтімділіктің есептелген көрсеткіштері компанияның жағдайы 2011 жылы жеткілікті тұрақты болғанын, 2012 жылы ауыр болғанын көрсетеді. Тауарлы-материалды қорларға салынған құралдар пайдаланылса да, компания қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлармен 100% есептесе алмайды және оған қарыздардың бір бөлігін ұзақ мерзімді активтер есебінен жабуға тура келеді.

      Әрі қарай 5 кестеде компанияның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау көрсетілген. Автономия коэффициенті компанияның қарыз капиталды меншіктік капиталмен орнын толтыруы мүмкін емес екендігін көрсетеді, өйткені меншіктік капитал үлесі жалпы капиталдың 34-42%-ға дейін құрайды.

5 кесте. "Идеал Маркет" ЖШС қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштеріне талдау (2011-2012 жж.)

Көрсеткіштер

2011ж

2012ж

Өзгеруі,  тг

2012ж. 

%-бен

1

Меншіктік капитал, тг.

290153806

341231185

51077379

117,6

2

Міндеттемелер, тг.

281850900

501116306

219265406

177,7

3

НҚ мен МЕА-ң  бастапқы құны, тг.

715040630

868497231

153456601

121,4

4

НҚ мен МЕА-ң тозуы, тг.

267260085

313065768

45805683

117,1

5

Қалдық құны бойынша негізгі құралдар, тг

447780545

555431463

107650918

124,0

6

Баланс, тг

842347491

983246274

140898783

116,7

Меншіктік және қарыз құралдарының арақатынасын сипаттайтын  көрсеткіштері

7

Автономия коэффициенті

0,33

0,42

0,09

127,2

8

Қаржылық тәуелділік коэф.

0,66

0,58

-0,08

87,8

9

Қарыз қаражат/ң  коэф.

1,98

1,40

-0,58

70,7

10

Инвестиция/ды өтеу коэф.

0,88

0,73

-0,15

82,9

11

ТМҚ/ды өтеу коэф.

3,21

0,74

-2,47

23,0

Негізгі құралдардың  жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер

12

Негізгі құрал/ң  нақты құн/ң коэф.

5,67

4,20

-1,47

74,0

13

Амортизация/ң  жинақталу коэф.

0,13

0,20

0,07

153,8

14

Ағымдағы активтер мен қозғал-майтын мүліктің арақатынасы-ның  коэф.

0,71

0,84

0,13

118,3

15

Меншіктік айналым құралдары

77637,1

-

-77637,1

-


         "Идеал Маркет" ЖШС жылдық  есептемелері негізінде                                                                                                                               

          Қарыз құралдарының үлесі 8%-ға төмендеген, бірақ оған қарамастан әлі жоғары болып қалуда (66%), оны қаржылық тәуелділік және қарыз қаражаты                                                                                                                                                               коэффициенттері растайды. Инвестицияны жабу коэффициентінің  0,73-ке дейін кемуі байқалады, 2011 жылы бұл көрсеткіш 0,88 қалыпты мәнге ие болған, ол қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардың өсуімен және меншіктік айналым құралдарының жоқтығымен түсіндіріледі. Осы себептен қорларды жабу коэффициенті де кеміген және егер 2011 жылы ол тауарлы-материалды қорлардың 1 теңгесіне қорлардың қалыптасу көздерінің 3,21 теңгесін құраса, 2012 жылы -1,22 теңге, бұл кезде тауарлы-материалды қорлар толығымен несиелік қарыздар есебінен қалыптасқан.

       Мүліктің нақты құнының коэффициенті компанияның өндірістік потенциалын анықтайды. "Идеал Маркет" ЖШС бұл көрсеткіш өте жақсы болып отыр және бір жыл ішінде 61-67%-ға көбейген. Сондай-ақ құрал-жабдықтардың тозу мәні 20%-ға көбейгені байқалады. Ағымдағы активтер мен жылжымайтын мүлік арақатынасының коэффициенті 2011 жылы – 0,71 болса, 2012 жылы ұзақ мерзімді міндеттемелердің 1 теңгесіне ағымдағы активтердің 0,84 теңгесін құрады. Міндеттемелер ағымдағы активтермен жабылатын және ағымдағы активтер мен жылжымайтын мүлік арақатынасы коэффициенті қарыз қаражаттарының меншіктік капиталға қатынасынан үлкен болған жағдайда компанияның минималды қаржылық тұрақтылығын жетуге болады. Біздің жағдайымызда бұл теңсіздік орындалмайды: 

                           0,71 <1,98;     0,84 <1,4

        Компанияның дағдарысты жағдайдан өзінің несиелік қарызын азайту, артық тауарлы-материалды қорлар мен негізгі құралдарды өткізу арқылы ғана шыға алады. Компания өзінің күшін қаржылық тұрақтылықты көтеруге бағыттауы керек, өйткені ол жалпы алғанда қанағаттанарлықсыз болып табылады.

       "Идеал Маркет" ЖШС қаржылық – экономикалық жағдайы туралы толық көрініс алу үшін компанияның іскерлік белсенділігі мен табыстылығы көрсеткіштеріне талдау жүргізген жөн, олар 6 және 7–кестелерде көрсетілген. 6-кестеден көріп отырғанымыздай активтердің айналымдылық коэффициенті жыл ішінде 2,51-2,63 есеге кішкене ғана өскен, яғни ол бір жыл ішінде өндіріс циклы неше рет болғанын көрсетеді.

        Меншіктік капиталдың айналымдылық коэффициценті 10,76-6,94-ке қысқарғанымен, ол әлі де жоғары болып қалуда, өз кезегінде ол несиелік ресурстардың тартылуына және болашақта компанияның табыстылығының төмендеуіне алып келеді. Негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті 3,79-4,1-ге көбейген, ол негізгі құралдардың 1 теңгесіне өнімді өткізуден түскен табыстың көбейгендігін көрсетеді, яғни негізгі құралдардың құнына қарағанда өткізуден түскен түсімнің өсуі есебінен қор қайтарымдылығы жылдам қарқынмен өсуде.

6 кесте. "Идеал Маркет" ЖШС іскерлік белсенділігін талдау

Көрсеткіштер

2011ж.

2012ж.

Өзгеруі,

мың тг

2012ж

%-бен

1

Активтердің орташа жылдық құны, мың тг

258170,3

303200,3

45030

117,4

2

Меншіктік капиталдың орташа жылдық құны, мың теңге 

60058,4

114876,1

54817,7

191,2

3

Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге 

87436,7

98185,8

10749,1

112,2

4

Несиелік қарыздың орташа жылдық мәні, мың теңге

61360,7

59669,8

-1690,9

97,2

5

Активтердің айналымдылық коэффициенті

2,51

2,63

0,12

104,7

6

Меншіктік капиталдың айналымдылық коэффициенті

10,76

6,94

-3,82

64,4

7

Негізгі құралдардың  айналымдылық коэффициенті

3,79

4,1

0,31

108,1

8

Ағымдағы активтердің  айналымдылық коэффициенті

7,39

8,12

0,73

109,8

9

Несиелік қарыздың айналымдылық коэффициенті

10,53

13,37

2,84

126,9

Информация о работе «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру