«Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 08:55, курсовая работа

Описание работы

Салықтар өз қызметін жүзеге асыруда мемлекет экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу механизмы жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету болып табылады, яғни өндірістің дұрыс әрі толық дамуын қамтамасыз ету. Салықтық реттеудің механизмдері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Макро деңгейде салықтық реттеу экономиканы реттеу болып табылса, ал микро деңгейде шаруашылық қызметті реттеу құралы болып табылады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
1. Жеке тұлғаларға салық салудың мәні мен экономикалық мазмұны…...6
1.1 Жеке тұлғаларға салық салудың мазмұны………………………………..6
1.2 Жеке тұлғалаға салынатын салық түрлері…………………………….…11
1.3 Жеке тұлғаларға салынатын салықтың объектісі……………………….21

2. «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
2.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің құрылу және даму тарихы
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы
2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің қаржылай жағдайының ұйымдастырылуы

3. «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру
3.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде төленетін жеке тұлғалар салығының салық салу объектісі
3.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғалар салығын есептеп, төлеу тәртібі
3.3 ҚР жеке тұлғаларға салық салуда кездесетін мәселелер
3.4 ҚР- нда жеке тұлғаларға салық салуды жетілдіру бағыттары

Қорытындылар мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………

Работа содержит 1 файл

Жеке табыс салыгы- Кажапиева Айдана.doc

— 540.00 Кб (Скачать)

6. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлері: 

1) мүліктік табыс;

2) жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы;

3) адвокаттар  мен жеке нотариустардың табысы;

4) өзге де табыстар жатады.

Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем кезінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші белгіленген салықтық шегерімдер сомасына азайтылған, төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына 1-кестеде белгіленген ставкаларды қолдану жолымен дербес жүргізеді.

Салық төлеушіде  төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың бірнеше түрі болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеуші жеке табыс салығын есептеуді 1-кестеде белгіленген ставкаларды төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді [7].

Мынадай резидент жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстың төлемдерді енгізу арқылы төлейді:

1) арнайы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;

2) резидент болып табылатын және табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын қызметті жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;

3) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары.

Салық төлеуші  Салық кодексінде белгіленген жағдайларда  енгізілген аванстық төлемдерді есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей дербес жүзеге асырады.

Салық төлеушілердің мүліктік табысына:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған мүліктерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын:

а) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жылжымайтын мүлікті;

ә) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесін;

б) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;

в) мемлекеттік  тіркеуге жататын және бір жылдан кем емес уақыт меншік құқығындағы немесе механикалық көлік құралын және тіркемелерді иеліктен айыру құқығымен басқаруға сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді сату кезіндегі олардың құнының өсімі;

2)  төлем  көзінен  салық  салынатын  табысты  қоспағанда, мүлікті жалға беруден алынған табыс жатады.

Мүлікті сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлікті сату кезіндегі  құн өсімінен алынған табыс кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын табыс болып табылады. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы дегеніміз — заң көмегін, нотариаттық іс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметті жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар [23]. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы алынған табыс сомасынан 10 пайыздық ставканы қолдана отырып анықталады және ай сайын есептеліп отырады. Есепті ай үшін жеке табыс салығының сомасы есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей төленеді. Жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы салық салынатын табысты анықтау жолымен есептеледі, яғни жылдық жиынтық табыстан шегерімдерді шегере отырып, сол сомадан салық төленеді. Төлем көзінен салық салынбайтын басқа да табыстарға, жоғарыда көрсетілмеген табыстармен қоса, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі кездерден алынған табыстар да жатады [18].      

Жеке табыс  салығын есептегенде жеке тұлғалардың мынадай табыстарына салық салынбайды, атап айтқанда:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;

2)  балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

3) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);

4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

5) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;

6) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлік инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегі осы қордың пайлары бойынша табыстар;

7) таза табысты бөлу кезінде алынған және әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс;

8) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;

9)  лотерея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;

10) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде мемлекеттік бюджет және гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіби оқуларға байланысты төлемдер;

11) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);

12) тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегінде қызмет бабындағы   сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін төлемдер;

13) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетін төлемдер;

14) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін адамдардың, I және II топтағы мүгедектердің, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның ата-аналарының біреуінің табыстары; III топтағы мүгедектердің бір жыл ішіндегі — айлық есептік көрсеткіштің 240 еселенген шегіндегі табысы;

15) өткізілер күні қор биржасының "А" және  "В" ресми тізімінде тұратын акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен алынатын табысы;

16) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);

17) салық жылы ішінде медициналық қызмет көрсетулердің (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшін, бала туған кезде, жерлеу үшін берілетін, құжатпен расталған, айлық есептік көрсеткіштің  50 еселенген шегіндегі төлемдер;

18) қызметтік іссапарлар кезінде белгіленген мөлшерде төленетін өтемдер;

19) қызметкер ұйымымен бірге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегі жол жүруі, мүлкін көшіруі, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдері;

20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;

21) шет мемлекеттің мемлекеттік қызметінде жүрген шетелдік жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиіс ресми табыстары;

22) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;

23) зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақы төлемдері;

24)  жұмыс берушінің жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және шегерімдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;

25) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасы;

26) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақылары);

27)  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушінің қызметкерлерді өздерінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған шығыстары;

28) жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдарға өндіріс объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін белгіленген мөлшерде тұрғын үй   жалдауына   және   тәулікақы   шегінде   тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлерді жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;

29) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

30) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде, жүкті болғанда және босанғанда берілетін әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін әлеуметтік жәрдемақылар;

31) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетін стипендиялар;

32) Қазақстан Республикасының   заңдарында   белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлік өнімдерінің құны;

33) өздерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлікті қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;

34)  ізгілік, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

35) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;

36) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;

37) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарды қоспағанда, сақтандырудың кез келген түрі кезінде төленетін, шарттың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерінің сомалары;

38) өз қызметкерлерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша  жұмыс   беруші  төлейтін   сақтандыру   сыйлықақыларының сомалары;

39) төлем көзінен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзінен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

40) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешімі бойынша тағайындалған сомалары;

41) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы  сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшін өмірді сақтандыру жөнінде сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;

42) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты  бойынша жүзеге асырылатын  сақтандыру төлемдері;

43) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында  белгіленген мөлшердегі  ерікті  кәсіби зейнетақы жарналары;

44) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген кірістері;

45) міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшін есептелген өсімпұл сомалары.

 

    1. Жеке тұлғаларға салынатын салықтың обьектісі

Жеке табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кірістерінің басты көздерінің бірі және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей әсер ететін салықтың бір түрі болып табылады.

    Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық Кодексі бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғаның: 1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар; 2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады. Салық салу объектілері салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

Информация о работе «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру