Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 15:43, курсовая работа
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Кіріспе..........................................................................................................................3
І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны ............................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,
олардың түрлері.........................................................................................................15
1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі...........................................................32
ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің мысалында)
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау................................................44
2.2 Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау......................................................................60
ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы....................77
3.2 Салық салуды жетілдіру жолдары.....................................................................82
Қорытынды..............................................................................................................86
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................88
Диаграмма №3
Алматы облысы бойынша 2003 жылғы жылдам есебі бойынша 2002 жылмен салыстырғанда бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер көлемі артты. Алматы облысының бюджетіне түсетін салық және басқа да міндетті төлемдердің түсу көлемін 8-ші кестеден көруге болады.
Бюджетке түсетін салықтар және міндетті төлемдерді жинау жоспары 105,7%-ға орындалды, болжам бойынша бюджетке 3558604,0 мың теңге, ал түскен ақша қаражат көлемі 3761035,6 мың теңге.
Өткен жылмен салыстырғанда бюджетке 10659227,8 мың теңгеге көп түсті және өткен жылға қарағанда өсу темпі 140,5% құрады. (2002 жылы бюджетке 26321209,0 мың теңге).
Республикалық бюджет кірісіне 2407689,0 мың теңге болжам жасалды, ал нақты түскен сома 2493180,7 мың теңге, яғни болжам 103,6%-ға артық орындалды.
Ал жергілікті бюджет бойынша болжам 1150915,0 мың теңгені құрады, ал нақты түскені 1267854,9 мың теңге, яғни өсім көрсеткіші 110,2 % болды.
Республикалық бюджетке түсетін ҚҚС-тағы болжанған түсімнен 104,8%-ға артық болды, ал кеден төлемдерінен 529673,6 мың теңге бюджетке түсті, яғни жоспар артық орындалды және 113,1%-ды құрады. Акциз салығы бойынша болжам 173,2%-ға орындалды, сонымен қатар импорт таурларына салынатын акциз салығының көлемі 173,2%-ға өсті.
Ал бонустар бойынша болжам 5 есеге артық орындалды, яғни болжанған 1676,0 мың теңгенің орнына бюджетке 9785,3 мың теңге түсті.
Алматы облысы бойынша мына салық түрлерінің үлесі артты, олар: кеден төлемдері -15,2%, әлеуметтік салық -14,4%, ішкі өндіріс тауарларының акцизі-10%.
2003 жылы бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша барлығынан өсім байқалады. Соның ішінде:
салық салынатын табысы бар жеке табыс салығы 1931828,4 мың теңге түсті және 108,7% - ға артты;
әлеуметтік салық 5340764,0 мың теңге бюджетке түсті және 108,0%-ға артты;
жеке тұлғалардың мүлік салығы 89926,1 мың теңге болды және 106,2% орындалды.
бір тұтас жер салығы 28621,4 мың теңге түсті және 137,4% орындалды.
[Қайнар көзі: Алматы облысы Салық комитетінің есебінен]
Кесте-9 2004 жылы Алматы облысының бюджетіне төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер.
Төлемнің аты | Болжам | Нақты түскені | %-ға орындалды. | Ауытқуы (+;-) |
Заңды тұлғ-ң корп.таб.салық | 3305366,0 | 3470008,2 | 105,0 | 164642,2 |
ҚҚС барлығы | 10078968,0 | 12747409,5 | 126,5 | 2668411,5 |
Өнд.ішкі тауар ҚҚС | 3215568,0 | 4509583,0 | 140,2 | 1294015,0 |
Импорттық тауар-ң ҚҚС | 6863400,0 | 8237826,5 | 120,0 | 1374426,5 |
Барлық акциздер (РБ) | 147688,0 | 255722,0 | 173,2 | 108034,0 |
Импорт тау. акциздері | 147688,0 | 255722,0 | 173,2 | 108034,0 |
Кеден төлемдері | 4390434,0 | 5653849,5 | 128,8 | 1263415,5 |
РБ-ке түсетін салықтық емес түсімдер | 349644,5 | 406643,6 | 116,3 | 56999,1 |
РБ қорытындысы | 18375164,5 | 22654887,8 | 123,3 | 4279723,3 |
Төлем көзіне салық сал.табыс | 1777651,0 | 1931828,4 | 108,7 | 154177,4 |
Төлем көзіне салық салынбайтын табыстар | 294179,0 | 315365,8 | 107,2 | 21286,8 |
Кәсіптік қызм-н айн-н азамат-н алынатын ЖТС | 106891,0 | 116106,6 | 108,6 | 9215,6 |
Әлеуметтік салық | 4944269,0 | 5340764,0 | 108,0 | 396495,0 |
Заңды тұлғ-ң мүлік салығы | 847432,0 | 9325540,3 | 110,0 | 85108,3 |
Жеке тұлғ.мүлік салығы | 89052,0 | 95006,0 | 106,7 | 5954,0 |
Жер салығы | 244063,0 | 266755,2 | 109,3 | 22692,2 |
Заңд.тұлғ.көлік салығы | 84671,0 | 89926,1 | 106,2 | 5255,1 |
Жеке тұлғ.көлік салығы | 326869,0 | 333572,5 | 102,1 | 6703,5 |
Біртұтас жер салығы | 20837,0 | 28621,4 | 137,4 | 7784,4 |
ЖБ-ке барлық акциздер | 3530218,0 | 3703969,0 | 104,9 | 173751,0 |
Қоршаған ортаны ластау үшін төлем | 410724,0 | 429469,5 | 104,6 | 18745,5 |
Ішімдік өнімдеріне акциздер | 588364,0 | 686843,1 | 116,7 | 98479,1 |
Темекі акциздері | 2891865,0 | 2956411,0 | 102,2 | 64546,0 |
ЖБ түсетін салықтық емес түсімдер | 64743,0 | 89770,7 | 138,7 | 25027,7 |
ЖБ қорытындысы | 13268214,0 | 14325549,0 | 108,0 | 1057335,0 |
Салықтар мен табыстардың қорытындысы | 31643378,5 | 36980436,8 | 116,9 | 5337058,3 |
Қайнар көзі: Алматы облысы Салық комитетінің есебінен |
Диаграмма №4
Алматы облысының бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдерді жинау жоспары 116,9%-ға орындалды, бюджеттің кіріс бөлігіне 36980436,8 мың теңге түсті, ал болжам бойынша 31643378,5 мың теңге болуы керек, яғни өсім көрсеткіші 5337058,3 мың теңгені құрады. Алматы облысының бюджетіне түсетін салық және басқа да міндетті төлемдерінің түсу көлемін
9-шы кестеден көруге болады.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджетке 33219401,2 мың теңге көп түсті және өткен жылға қарағанда өсу темпі 128,7% құрады (өткен жылы 3761035,6 мың теңге түсті).
Республикалық бюджеттің болжамы бойынша 18375164,5мың теңге, ал нақты түскені 22654887,8 мың теңге, яғни болжам 12,3%-ға орындалды.
Жергілікті бюджеттің болжамы бойынша 13268214,0 ал нақты түскені 14325549,0 мың теңге, яғни 108,0%-ға орындалды.
2004жыл аралығында жергілікті бюджет бойынша болжам 5 есеге өсті және 1057335 мың теңгені құрады.
Облыстық территорияда 2004 жылы салық әкімшілігін жақсарту, салықта пайда болған тапшылықты азайту және экономикалық –бақылау қызметін жоғарлату бойынша жұмыс жүргізді.
Өткен жылмен салыстырғанда салықтар мен төлемдердің мына түрлері бойынша ақша қаражаттары көп мөлшерде түсті. Олар: ішкі өндіріс тауары бойынша ҚҚС 4509583,0 мың теңге; заңды тұлғалардың корпоративті табыс салығы 3470008,2 мың теңге; қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем 429469,5 мың теңге; жер салығы 266755,2 мың теңгені құрады.
Алматы облысы бойынша мына салық түрлерінің үлесі артты, олар: кеден төлемдері-14,4%, әлеуметтік салық-13,6%, ішкі өндіріс тауарларының ҚҚС-12,7%.
Республикалық бюджетке түскен заңды тұлғалардың корпоративтік табыс салығының болжамы 105%-ға орындалды, болжам бойынша 3305366,0 мың теңге, ал нақты түскені 3470008,2 мың теңгені құрады, өсім 164642,2 мың теңге болды. ҚҚС-ғы болжам бойынша 10078968,0 мың теңге, ал нақты түскені 12747409,5 мың теңгені құрады, яғни болжам 126,5%-ға орындалды. Жергілікті бюджетке түсетін акциздер жоспар бойынша 3530218,0 мың теңге, ал нақты түскені 3703969,0 мың теңгені құрады, яғни жоспар 104,9 %-ға орындалды.
[Қайнар көзі: Алматы облысы Салық комитетінің мәліметтерінен].
Кесте-10 2005 жылы Алматы облысының бюджетіне түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер.
Төлемнің аты | Болжам | Нақты түскені | %-ға орындалды. | Ауытқуы (+;-) |
Заңды тұлғ-ң корп.таб.салық | 3533547,0 | 4002708,8 | 113,3 | 469161,8 |
ҚҚС барлығы | 17146845,0 | 17751374,5 | 103,5 | 607529,5 |
Өнд.ішкі тауар ҚҚС | 6752568,0 | 7063836,7 | 104,6 | 311268,7 |
Импорттық тауар-ң ҚҚС | 10394277,0 | 10690537,8 | 102,9 | 296260,8 |
Кеден төлемдері | 6830048,0 | 6482431,5 | 94,9 | -347616,5 |
Импорт тау. акциздері | 178814,0 | 299275,8 | 167,4 | 120461,8 |
РБ-ке түсетін салықтық емес түсімдер | 178814,0 | 299275,8 | 167,4 | 120461,8 |
РБ қорытындысы | 27805812,0 | 28706805,3 | 103,2 | 900993,3 |
Төлем көзіне салық сал.табыс | 2507598,0 | 2588437,6 | 103,2 | 80839,6 |
Төлем көзіне салық салынбайтын табыстар | 317915,0 | 336057,9 | 105,7 | 18142,9 |
Кәсіптік қызм-н айн-н азамат-н алынатын ЖТС | 117975,0 | 124146,0 | 105,2 | 6171,0 |
Әлеуметтік салық | 6356531,0 | 6419650,0 | 101,0 | 63119,0 |
Заңды тұлғ-ң мүлік салығы | 1261053,0 | 1343310,5 | 106,5 | 82257,5 |
Жеке тұлғ.мүлік салығы | 97848,0 | 104984,0 | 107,3 | 7136,0 |
Жер салығы | 266110,0 | 289920,2 | 108,9 | 23810,2 |
Заңд.тұлғ.көлік салығы | 94155,0 | 103408,6 | 109,8 | 9253,6 |
Жеке тұлғ.көлік салығы | 405848,0 | 444508,3 | 109,5 | 38660,3 |
Біртұтас жер салығы | 34868,0 | 41150,5 | 118,0 | 6282,5 |
ЖБ-ке барлық акциздер | 5053930,0 | 5170389,6 | 102,3 | 116459,6 |
Ішімдік өнімдеріне акциздер | 803661,0 | 859881,1 | 107,0 | 56220,1 |
Темекі акциздері | 4152500,0 | 4202717,2 | 101,2 | 50217,2 |
ЖБ түсетін салықтық емес түсімдер | 226832,0 | 268404,8 | 118,3 | 41572,8 |
ЖБ қорытындысы | 18855197,0 | 19506525,1 | 103,5 | 651328,1 |
Салықтар мен табыстардың қорытындысы | 46661009,0 | 48213330,4 | 103,3 | 1552321,4 |
Қайнар көзі: Алматы облысы Салық комитетінің есебінен |
Диаграмма №5
Алматы облысы бойынша 2005 жылғы жылдам есебі бойынша 2004 жылмен салыстырғанда бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер көлемі артты. Алматы облысының бюджетіне түсетін салық және басқа да міндетті төлемдерінің түсу көлемін 10-кестеден көруге болады.
Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар және міндетті төлемдерді жинау жоспары 103,3%-ға орындалды, болжам бойынша бюджетке 46661009,0 мың теңге түсуі керек, ал нақты түскені 48213330,4 мың теңге болды. Өткен жылмен салыстырғанда бюджетке 11232893,6 мың теңгеге артық түсті және өткен жылға қарағанда өсу темпі 101,3%-ды құрады (өткен жылы 36980436,8 мың теңге түсті).
Республикалық бюджетке болжам жасалды және ол 27805812,0 мың теңгені құрады, ал нақты түскені 28706805,0 мың теңге, яғни жоспар 103,2%-ға орындалды.
Ал жергілікті бюджет бойынша болжам 18855197,0 мың теңге, ал нақты түскені 19506525,1 мың теңге болды, яғни жоспар 103,5%-ға орындалды.
Алматы облысы бойынша мына салық түрлерінің үлесі артты, олар: ішкі өндіріс тауарларының ҚҚС-14,7%, кеден төлемдері-13,4%, әлеуметтік салық -13,3% құрады.
Өткен жылмен салыстырғанда салықтар мен төлемдердің мына түрлері бойынша ақша қаражаттар көп мөлшерде түсті. Олар: ҚҚС-ғының барлығы 17754374,5 мың теңге, салық салынатын табысы бар жеке табыс салығы 2588437,6 мың теңге, жер салығы 289920,2 мың теңгені құрады.
Заңды тұлғалардан алынатын корпоративті табыс салығы болжам бойынша 3533547,0мың теңге түсуі керек, ал нақты түскені 4002708,0 мың теңге, яғни болжам 113,3%-ға орындалды;
Ішкі өндіріс тауарларына салынатын ҚҚС-ң болжамы 171468845,0 мың теңге, ал нақты түскені 17754374,5 мың теңге, яғни болжам 103,5%-ға орындалды;
біртұтас жер салығы 34868,0 мың теңге құрады, ал бюджетке түскені 41150,5 мың теңге, яғни болжам 118,0%-ға орындалды.
Алматы облысы бойынша 2003-2005 жылдар аралығында бюджетке төленетін салықтар мен міндетті төлемдердің түсу динамикасы
Төлемнің аты | 2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. |
Салықтар мен табыстардың қорытындысы | 3761035,6 | 36980436,8 | 48213330,4 |
Диаграмма №6
2.2 Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау.
Қазақстан Республикасындағы салық төлеу міндеттемесі азаматтардың конституциялық міндеттемесіне енгізілген. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек қана салық төлеу емес, сонымен бірге алымдар және басқа да міндетті төлемдер туралы айтылған.
Салық салу ісін ұйымдастыруда және іске асыруда негізгі жұмысты аудан бойынша салық комитеттері жүргізеді десек артық болмайды.Көксу ауданы бойынша салық комитеті мынадай бөлімдерден құралған:
салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі;
салық аудиті бөлімі;
салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу және қосалқы салықтар бөлімі;
заңгер бөлімі;
есеп жүргізу және ақпараттық технология бөлімі;
Енді, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің жалпы ережелерін және әрбір бөлімнің негізгі қызметтері мен міндеттерін қарастырып өтейік.
Салық Комитетінің атқаратын қызметтері:
өз аумағындағы салық заңдарының сақталуын, бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бақылауды жүзеге асырады;
салық комитетінің салықтық есебінде тіркелген салық төлеушілердің аудитін және мониторингін жүзеге асырады;
салық заңдарын қолдануына байланысты салық төлеушілердің арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;
салық заңдарының бұзылуы бойынша өтініштің қатынастың және басқа да ақпараттың тексерулерін жүргізеді;
барлық деңгейлердегі бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің, алымдардың қортындысы бойынша белгіленген тәртіпте есептемені жүзеге асырады;
кадрлар квалификациясын жоғарлату мақсатында іс-шаралар ұйымдастырады.
Салық Комитетінің негізгі міндеттері:
салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің барлық деңгейлердегі бюджеттерге толық және уақытында түсуін қамтамасыз ету;
табысты кеміту немесе жасыру мақсатында салық төлеуден және басқа да төлемдерден жалтаруға жол бермеу;
бюджетке салықтарды төлемеу және басқа да қаржылық міндеттемелерді мемлекет алдында орындамауына байланысты фактілерді анықтау;
салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, уақытында салық заңдарының өзгеруі жөнінде салық төлеушілерге ақпарат беру;
Салық Комитеті ұйымының қызметі.
Комитетті төраға басқарады. Салық Комитеті тікелей Алматы облысы бойынша Салық Комитетіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға кірмейді. Салық Комитетінің төрағасы салық комитетінің жұмыстарын басқарады, ұйымдастыруды және қойылған міндеттердің орындалуы мен функциялардың іске асуына жауап береді. Комитетті қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан бөлінеді.
Салық Комитетінің құрылымы штат кестемен тығыз байланысты. Салық Комитеті 4 бөлімнен тұрады. Оларға: аудит бөлімі, есеп жүргізу және ақпараттық технология бөлімі, салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу және қосалқы салықтар бөлімі, салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі.
Штат кесте 25 адамнан тұрады. Басшылық-2 адам: төраға және төраға орынбасары; бөлім бастығы-4 адам; бас салық инспекторы-9 адам; жетекші салық инспекторы-5 адам, маман-5 адам.
Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің барлық бөлімдері салық комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Салық Комитеті өзінің қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүзеге асырады.
Салық Комитетінің Заң актілеріне сәйкес мынадай құқықтары бар:
салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты барлық жеке және заңды тұлғалардың ақшалай құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарға, есептемелерге, сметаға, ақшалардың толықтығына, бағалы қағаздарға және басқа да құжаттарға тексерулер жүргізуге құқығы бар;
салық заңын, салық санкцияларын және айыппұлдарды бұзған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына және азаматтарға Заңға сәйкес белгілі бір іс-шараларды қолдану;
салық заңын бұзған жағдайда салық комитеті құжаттарды, ақшалай және материалдық қаражаттарды алуға құқылы.
бюджетке төленетін салық және басқа да төлемдерді төлеу бойынша ұйымдар мен тұлғаларға салықтық жеңілдіктерді ұсыну;
салықтарды, айыппұлдарды, пеняларды уақытында төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының Салық Заңына сәйкес, ұйымдардың және азаматтардың жылжитын және жылжымайтын мүліктерін, ақшаларын есептеп алу.
Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің негізгі бөлімдері:
1.