Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 15:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны ............................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,
олардың түрлері.........................................................................................................15
1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі...........................................................32

ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің мысалында)
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау................................................44
2.2 Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау......................................................................60

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы....................77
3.2 Салық салуды жетілдіру жолдары.....................................................................82

Қорытынды..............................................................................................................86

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................88

Работа содержит 1 файл

курсовая салык1.doc

— 2.79 Мб (Скачать)

 

Диаграмма №9

 

2004 жылы Көксу ауданының бюджетіне түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсу көлемін 13-ші кестеден көруге болады.

Бюджетке түсетін салықтар және төлемдерді жинау жоспары 104,8%-ға орындалды, болжам бойынша бюджетке 216382мың теңге, ал нақты түскен ақша қаражаттар көлемі 225086,7мың теңгені құрады. 2003 жылмен салыстырғанда, 2004 жылы бюджетке түсетін салықтар мен міндетті төлемдердің  төмендегенін көріп отырмыз (2003жылы-289161,4мың теңге, 2004 жылы-225086,7мың теңге). Яғни, 2004жылы бюджетке төленетін салықтар мен міндетті төлемдер көлемі 2003 жылға қарағанда 64074,7мың теңгеге қысқарған. Түсімдердің төмендеу себебі, ағымдағы жылы «Көксу-Шекер»ААҚ-ы және «Құрылысшы»ЖШС-гінің өткен жылдардағы ауытқулары байқалды, сонымен қатар «Көксу Арна»ЖШС, «Самрук»ЖШС, «Маулимбай»ЖШС-рі бойынша банкроттық процесс жүрді.

Республикалық бюджет кірісіне 37764 мың түседі деп теңге болжам жасалды, түскен қаражаттары 38820,5мың теңге болды, яғни өсім көрсеткіші 105,7%-ды құрады. Республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерге 83 мың теңге болжам жасалды, ал нақты түскені 129,2мың теңге болды, яғни жоспар 155,7%-ға орындалды, ауытқуы 46,2мың теңге болды.

              Жергілікті бюджет бойынша болжам 178618мың теңгені құрады, ал нақты түскен ақша 186266,2мың теңге болды, жоспар 104,7%-ға орындалды.

Кесте-14 2005 жылы Көксу ауданының бюджетіне түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер.

Төлемнің аты

Болжам

Нақты

түскені

%-ға

орындалды

Ауытқуы

(+;-)

Резид.заңды тұлғ. корп таб.салығы

18677

19872,3

106,4%

1195,3

ҚҚС

25569

26266,3

102,7%

695,0

Р.Б-не түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

27

27,9

103,3%

0,9

Р.Б. қорытындысы

44273

46166,5

108,0%

1893,5

Төлем көзінен ұсталатын ЖТС

46848

47696,2

101,8%

848,2

Кәсіпкерлік қызметпен айн.жеке тұлғ.алынатын ЖТС

4477

5081,4

113,5%

604,4

Әлеуметтік салық

127226

130361,4

102,5%

3135,4

Заңды тұлғаның  мүлік салығы

9068

9436,3

104,1%

368,3

Жеке тұлғаның мүлік салығы

1095

1111,1

101,5%

16,1

Жер салығы

1836

1925,5

103,4%

62,5

Заңды тұлғ.көлік салығы

475

563,0

118,5%

88,0

Жеке тұлғ.көлік салығы

6524

6923,7

106,1%

399,7

Біртұтас жер салығы

1954

2031,4

104,0%

77,4

Бензинге акциз

160

201,4

125,9%

41,4

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем

3725

4845,7

130,1%

1120,7

Ж.Б-ке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

111

395,8

356,6%

284,8

Ж.Б. қорытындысы

203499

210572,9

103,5%

7073,9

Салықтар мен түсімдердің

қорытындысы

247772

256739,4

104,4%

8967,4

 

Диаграмма №10

Көксу ауданы бойынша 2005 жылдың  есебі бойынша 2004 жылмен салыстырғанда бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер көлемінің жоғарлағанын байқаймыз. Бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсу көлемін 14-кестеден көруге болады.

Бюджетке түсетін салықтар мен міндетті төлемдерді жинау жоспары 104,4%-ға орындалды.

2005 жылғы болжам бойынша бюджетке 247772мың теңге түсуі керек, ал нақты  түскен ақша 256739,4 мың теңгені құрады, яғни жоспар 8967,4мың теңгеге артық орындалды.

Республикалық бюджет бойынша болжам 44273 мың теңгені құрады, ал нақты түскені 46166,5мың теңге болды, яғни жоспар 108%-ға артық орындалды.

Республикалық бюджеттің негізгі кіріс көзі-резидент заңды тұлғалардың корпорациялық табыс салығына 2005жылы-18677 мың теңгеге болжам жасалды, ал нақты түскені 19872,3 мың теңге болды, яғни жоспар 106,4%-ға артық орындалды.

ҚҚС-ға бойынша түскен түсім 26266,3мың теңгені құрап, жоспар 102,7%-ға орындалды.

Жергілікті бюджет бойынша болжам 203499мың теңгені құрады, ал нақты түскені 256739,4 мың теңге болды,жоспар 103,5%-ға артық орындалды. 2004 жылмен салыстырғанда 2005жылы мынадай салық түсімдерінің өскенін көруге болады:

      төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы 47696,2 мың теңге (2004ж-36754,1 теңге болды).

      Әлеуметтік салық 130361,4мың теңге (2004ж-117918,7мың теңге);

      біртұтас жер салығы-2031,4мың теңге (2004ж-1958,1мың теңге болған).

 

 

 

 

 

 

 



Кесте-15 Экономика салалары бойынша салықтар мен төлемдердің түсуі, млн.теңге (2002-2005 жылдар).

 

 

Экономика салалары

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

Сома

үлес салмағы

сома

үлес салмағы

сома

үлес салмағы

сома

үлес салмағы

Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы

20507,1

13,3%

39540

13,8%

24541

10,1%

33191

11,9%

Балық аулау

0

0,0%

0

0,0%

0

0,0%

0

0,0%

Тау кен өнеркәсібі

1221,5

0,8%

612

0,2%

25079

10,3%

34221

12,2%

Өңдеу өнеркәсібі

31126,7

20,2%

109417

38,2%

40278

16,5%

29532

10,5%

Газ, электр қуатын өндіру және бөлу

5374,4

3,5%

6249

2,2%

2321

1,0%

1991

0,7%

Бөлшек және көтерме сауда

9257,2

6,0%

6029

2,1%

11115

4,6%

20610

7,4%

Қонақ үй  және мейманханалар

248,9

0,2%

111

0,0%

426

0,2%

483

0,2%

Транспорт және байланыс

7461,7

4,8%

9326

3,3%

2331

1,0%

1846

0,7%

Қаржы саласы

530,4

0,3%

13647

4,8%

570

0,2%

389

0,1%

Мемлекеттік басқару

5917,5

3,8%

8336

2,9%

11858

4,9%

13836

4,9%

Білім

29226,3

18,9%

33363

11,7%

44238

18,1%

55702

19,9%

Денсаулық сақтау

5215,7

3,4%

7001

2,4%

9681

4,0%

12622

4,5%

Баспа ісі типография

211,7

0,1%

313

0,1%

337

0,1%

284

0,1%

Құрылыс

23586,1

15,3%

36901

12,9%

50403

20,7%

51254

18,3%

Жеке тұлғалар

13384,7

8,7%

13941

4,9%

15790

6,5%

16672

6,0%

Басқа да салалар

1043,4

0,7%

1391

0,5%

6030

2,5%

7445

2,7%

Түскен барлық салықтар мен түсімдер                      

154313,3

100,0%

286177

100,0%

243858

100,.%

280078

100,0%

 



Диаграмма №11

Экономика салалары  бойынша салықтар мен төлемдердің түсу құрылымын

15- кестеден көруге болады.

Экономика салалары бойынша 2005жылы түскен салықтар мен төлемдердің көлемі 280078 мың теңге болды. Бұл көрсеткішті 2004 жылмен салыстырсақ, түскен барлық салықтар мен түсімдер көлемі 36220 мың теңгеге өскен. (2004жылы 243858 мың теңге түсті).

Сала құрылымы бойынша  2003жылы жоғарғы өсім мына салаларда байқалды. ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында

      39540 мың теңге немесе 13,8%;

өңдеу өнеркәсібінде

      109417 мың теңге немесе 38,2% болды.

Салықтардың өсуі жаңа кәсіпорындардың құрылуы мен бұрын істемей қалған кәсіпорындардың іске қосылуынан болды.

2005жылы денсаулық сақтау саласы бойынша түскен салықтар мен түсімдер көлемі 12622мың теңгені құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 9681 мың теңге болған, яғни өсім көрсеткіші 2941 мың теңге болып отыр.

Бөлшек және көтерме сауда қонақ үй және мейманханалар, мемлекеттік басқару, білім беру, құрылыс салалары бойыгша өсім байқалады. Бұндай экономикалық көрсеткіштер өсімі өз кезегінде мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және оны одан әрі дамып өркендеуіне   экономикамыздың дамуына өз үлесін қосуда.

 

Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдар аралығында бюджетке төленетін салықтар мен міндетті төлемдердің түсу динамикасы

 

Төлемнің аты

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

Салықтар мен табыстардың қорытындысы

157896

289161,4

225086,7

256739,4

 

Диаграмма №12

 

 

 

 

 

 

ІІІ  ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1  Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы

Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар  мемлекет меншігі мен заңдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді. Салықтарды жинау әрқашанда ақша шығару немесе Заң әділеттілігі сияқты мемлекеттің егемен құқы болып табылады.

Экономистердің анықтауы бойынша салық саясаты қаржы саясатының  бір бөлігі болып табылады. Салық саясатының мазмұны мен мәні қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысы билік басында тұрған тұлғамен шарттастырылады.

Салық саясаты мемлекеттің мемлекеттік шығындарды, салық салу және мемлекет бюджетінің ахуалын өзгертуі бойынша толық жұмысбастылықты,төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсуге бағытталған іс-шарасы деп түсіндіріледі.

Жалпы экономикалық негізделген салық саясаты қаражаттарды орталықтандыруды, оптимизациялауды салық жүйесі арқылы жүзеге асыруды мақсат тұтады, яғни салық саясатының негізгі мақсаты осы іс-шаралар арқылы мемлекет бюджетін толықтыру және бұл қаржыларды ең басты - әлеуметтік салаға бөлу, бұл үздіксіз жүретін процестер.[18]

Батыс экономисері салық саясатын өз алдына бөлмейді және мемлекет шығындарының барысын қарастырып алмай салықтардың қызметін қарастырмайды. Олар оны: салықтар – ең алдымен мемлекеттің өзінің қызметі мен міндетін орындауын қамтамасыз етеді деп түсіндіреді.

Бұл саясатты олар мемлекеттік бюджетке қатысты, шығындар, салықтар мен сальдо көлемінің үкіметтің жұмысбастылықтың, өндіріс көлемінің және инфляция деңгейін өзгерту мақсатындағы арнайы шешімдерінің нәтижесінде анықталатын дискрициондық фискалды, яғни салық саясаты деп атап көрсетеді.

Сондай – ақ дискрициондық емес салық саясаты ұғымы бар, ал аталған өлшемдердің, жиынтық табыстың циклдық ауытқулары кезінде өзгеруі, бұл саясат таза салықтық түсімдердің бюджетке түсуін, ЖҰӨ-ң өсуі немесе төмендеуі кезендерінде не өсіреді не азайтады, бұл өз кезегінде экономикаға тұрақтандыру әсерін тигізеді. Бұл жерде аталған таза салықтық түсімдер – бюджетке түсетін салықтық түсімдер мен Үкімет  төлеген трансферттер сомасының айырмасы. Осыған орай салық саясатын ұдайы өндіріс қажеттіліктерін  және қоғамдық байлықтың өсуін қамтамасыз етуге қабілетті мемлекет және басқару органдарының ғылыми негізделген және экономикалық мақсатты тактикалық және стратегиялық құқықтық әрекеті деп те қабылдауға болады. 

Салық саясатын жүргізудің негізгі бастамасы – салық төлеушілерден салық төлемдерін алу немесе құқықтық Ережені қамтамасыз ету ғана емес, сондай – ақ салық салу әсерінен қалыптасатын шаруашылық  - экономикалық қатынастарды жан жақты бағалау. Мысалы, құлдыру кезеңінде жиынтық сұранысты көтеру  мақсатында, әдейілеп бюджет тапшылығы қолдан жасалады, яғни бұл мемлекеттік шығындарды өсіру немесе салықтарды төмендету арқылы жүзеге асырылады. Ол жаңа жұмыс орындарын ашуды, қаржыландыруды көздеуі мүмкін, ал өндірістің дамуы кезеңінде бюджеттік артықшылық тудырылуы мүмкін.

Салық саясаты ағымдық қана емес, болашақ кезеңге де бағытталады, яғни бұл ағымдық кезеңге  арналған тактика емес, салықтық стратегия. Егер де мемлекет қоғамдық корпоративті және жеке экономикалық мүдделерді ұштастыруды мақсат ететін болса, онда тактика мен стратегия бірігіп, бір болады. Ағымдық кезеңде салық салуды үйлестірулердің сәтсіз болуы – салық саясатын жүргізуді тежеп қана қоймайды, мемлекет экономикасын залалдандырады.[19]

Ресей экономисі, салық төңірегіндегі еңбектердің авторы Черник Д.Г. – салық саясаты мемлекеттік реттеудің негізгі құралы және жеке кәсіпкерлікке қаржылық әсер етеді деп санайды.

Салық саясаты қаржы құралдарын жинаудың формалары мен әдістерінің жиынтығы ретінде күрделі құбылыс, ол өз кезегінде салық механизмдері, яғни тетіктері арқылы жүзеге асады,олар: салық салу элементтері: субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Мұнда осы тетіктер арқылы бір жағынан экономика субъектілерінен біршама көлемді қаржы ресурстарын алу көрсетіледі, ал келесі жағынан олардың іскерлік қабілеттілігінің деңгейін түсірмеу де жолға қойылады.

Бұл порадокстың шешімі сапалы компромис негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Жоғары дамыған салықтық қатынастар жағдайында салық саясаты ұлттық табысты өндіріс құрылымын территориялық аумақтық экономикалық дамыту, тұрғындардың табыс деңгейін өзгерту мақсатында қайта бөлу үшін қолданылады.

Жалпы салық саясатының жүргізілу  барысындағы негізгі мақсаты:

-                  Мемлекеттің жалпы шаруашылығын реттеу үшін жағдай туғызу

-                  Нарықтық қатынастар  процесінде халық табысы деңгейіне қатысты теңсіздіктерді жою.[20]

Осы мақсаттарды көздеген салық саясатында мемлекеттің салыстырмалы дербестігі пайда болады. 

Салық саясатын өзгерте отырып, салық механизмімен манипуляция жасай отырып, мемлекет экономикалық дамуды ынталандыруға немесе оны  тежеуге мүмкіндігі болады.

Салық саясаты арқылы іске асатын салықтық реттеу мемлекеттің шаруашылық  өмірін қамтиды, өйткені салықтық шаралар базистік қатынастарға әсер етудің әмбебап құралдары болып табылады. Мұндай реттеудің мақсаты – компанияның ішкі және сыртқы қызметтеріне,  инвестициялық қызметтеріне жалпы салықтық климат тудыру және  капиталдың салалық және регионалдық қозғалыс бағытын ынталандыру.

Мемлекеттік салық саясатының жүзеге асырылуына қажет  салық механизмдеріне салық заңдылықтары арқылы заңды форма береді және  оны реттейді, дәл осы салықтарды өндіріс қатынастарынан оқшау етіп көрсетеді.

Информация о работе Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі