Салықтық бақылау механизмдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Салықтық бақылау мемлекеттік қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде әртүрлі деңгейдегі бюджетке кірістік түсімдердің өсуін қамтамасыз етуге бағытталған қаржылық және бюджеттік саясаттың жүзеге асуына мүмкіндік береді. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы экономикалық және әлеуметтік процесстерді басқаруда мемлекеттік реттеушіліктің рөлін арттыруда көрініс береді.

Содержание

КІРІСПЕ

1. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ САЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

1. Салықтық бақылау түсінігі
2. Салықтық бақылаудың қаржылық бақылау жүйесіндегі орны
3. Салықтық қатынастарды құқықтық реттеу

2. БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

2.1 Салық төлеушілердің есебі
2.2 Салықтық тексерулер

3. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

1. ҚР-дағы ЕДБ-дің банк секторы мен меншікті капиталының ағымдағы жағдайы
2. Меншік капитал жеткіліктілігі мен оны жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

салықтық бақылау механизмдері, курстік жұмыс.docx

— 65.76 Кб (Скачать)

Салық бақылауының субъектілері ақпараттар жинау процессі кезінде  бақылаудағы субъектілердің жағдайы  туралы мәліметтер алып отыруы тиіс. Осы  мәліметтерді ала отырып, тексеруші  тексерілуші туралы жинақтаған ақпараттар базасы негізінде  салықтық бұзушылықтың заңды немес заңсыз екенін анықтайды. Ал, егер салық заңдылығы бұзылатын  болса, олардың қандай заңдық жауапкершілікке  тартылатыны анықталады: әкімшілік  және қылмыстық.

Салықтарды салу сипатына келетiн болсақ ол кез келген елде әрқашан мәжбүрлеу ұғымымен қатар  жүредi: мемлекет салық салудың  өзiндiк жүиесiн ойлап табады да барлық жеке және заңды тұлғалар  және мiндеттi түрде салықтарды төлеуi керек және мiндеттi түрде салық заңдылығын орындап отыруы керек болады. Аталған мiндеттi орындаудан бас тартатын болса белгiлi бiр жауапкершiлiкке тартады.

Мемлекеттік қаржылық саясатты жүзеге асыру мен ойға алған нәтиженi шығаруда салықтарды алу немесе салық  салу сипатының атқаратын рөлi ерекше. Неге десеңiз, нағыз осы алу сипатына салықтардың өз уақытында, заң бойынша  толықтай бюджетке түсуi тiкелей байланысты болып келедi. Қазiргi салық заңдылықтарына оны салық әкiмшiлiгi немесе оны  жүзеге асырудың негiзгi формасы ретiндегi салық бақылауы деп атайды.

Салық салудың бiрнеше  ғасырлық тәжiрибесiнде салықтарды жинау мен салық заңдылықтарының орындалуына деген бақылаудың түрлi нысандары деген ойлап табылған болатын. Мысалға,  Рим империясында  салықтарды алумен қауымдастықтар айналысқан, қауымдастық кеңесiнiң мүшелерi қазынаға салықтық төлемдердiң тұтастай түсуiне жауап беретiн болған. Алтын орда өзiнiң қол астындағы жерлерден алым - салықтарды /дань/ өкiлеттi хандар-басқақтардың көмегiмен жинаған, кейiнiрек жергiлiктi басқару органдары арқылы жүзеге асырған. Сондықтан салық әкiмшiлiгiнiң және оны жүзеге асырудың негiзгi нысаны салық бақылауының көп жылдық даму тарихы бар күрделi механизм. 

Салық бақылауы – салық қызметi органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының толық  және уақытылы аударылуын бақылауы.

Бәрiмiзге белгiлi құқықтық мемлекетте салық төлеушiлердiң еркiндiлiгi және мемлекетке деген адалдығы, саналылығы қалыптасқан десек, бұл олардың  қызметiне деген бақылаудың керегi шамалы екенiн көрсетедi. Бiрақ, салық төлеушiлер  өздерiне бiлдiретiн сенiмдiлiкпен қатар, өздерiн салық органының қадағалап  отырғанын бiлуi қажет. Кез келген мемлекеттiң салық жүйесi қызметiнiң  тиiмдiлiгi салық бақылауының тиiмдi қызмет  етуiне негiзделетiнi бекер  емес . Егер салық төлеушi салық органдар тарапынан бақылаудың жоқ екенiн  немесе салық бақылауының жеткiлiктi түрде iске асырылмай жатқандығын  бiлетiн болса онда салық төлеушiлерден салықтық мiндеттемелердi саналы түрде  орындауына шүбә келтiруге болады.

Сондықтан да салық бақылауының  жүргізілу әдiс, тәсiлдерiне Қазақстанның  бүгiнгi күнгi салық заңдарында үлкен көңiл бөлiнiп отыр. Салық төлеушiлер пайда болған кезден бастап, немесе тұлғада қалай салық салу объектiсi пайда болса, ондай тұлғалар солай салық бақылауының объектiсi болып табылады.

Салық бақылауының мақсаты  болып салық төлеушiлермен мiндеттi төлемдердiң бюджетке толықтай және уақытылы түсiп отыруы үшiн салық  мiндеттемелерiнiң нақты түрде  орындалуы табылады. Егер бақылау  нәтижесiнде салық мiндеттемесi өз дәрежесiнде орындалмаса, онда салық  төлеушiге автоматты түрде жауапкершiлiк  шаралары қолданады. Сондықтан да, салық  мiндеттемесiн жалтарғаны үшiн даусыз жазаның қолданылатынын ұғына отырып салық төлеушiлер салық мiндеттемелерiн  саналы түрде орындайды.

Салық бақылауының тиiмдiлiгi мен ұтымдылығы оның жоғары сапалы деңгейде болуымен негiзделедi. Әрине, егер әрбiр салық төлеушiнiң басына бiрден салық инспекторын тағайындайтын болсақ онда аталған жүие мүлдем тиiмсiз болар едi және мұндай бақылаудың нәтижесiнде жинақталған қаражат бюджеттiң кiрiс бөлiгiн айтпағанда салық инспекторларының өздерiн қамтамасыз етуге жетуi екi талай. Сондықтан салық бақылауының тиiмдi нәтижесiне оны сандық жағынан емес үнемi сапалық деңгейiн көтерiп отыру арқылы және оны автоматтандыру мен салық  органдарының  бiлiктiлiгiн көтеру арқылы және салық төлеушiлердiң заңдық мүдделерi мен құқықтары сақталған жағдайда ақпараттарды үнемi оқып-үйренiп отыру арқылы жетуге болады.

Жалпы алғанда салық бақылауының  жүзеге асырылу нысандары деп  салық органдары үнемi iске асырып отыратын белгiлi бiр шаралар кешенiн  айтуға болады және салық бақылауының  бiрыңғай жүйесiнде әрбiр нысанның атқаратын өзiндiк қызметi бар. Сонымен  бiрге, аталған барлық нысандар тек  қана бiрiгiп жұмыс атқарған кезде  ғана мемлекеттiң барлық салық жүйесiнiң  нақты қызмет етуiне мүмкіндiк жасайтын салық бақылауының тиiмдiлiгiне қол  жеткiзуге болады.

Салық бақылауы тек белгiлi процесс ретiнде ғана маңызды  емес, алдыға қойған мақсатымен маңызды.

Болашақта салық әкiмшiлiгiн  және салық реформаларын жетiлдiру мақсатында басқа да экономикалық саясаттың  бағыттарымен және негiзгi қағидаларымен  сәйкес келетiн, сондай-ақ ел экономикасының өсу стратегиясы басымдылығы мен мақсатына тiкелей байланысты салық саясатын жүргiзуi қажет. Салық саясаты мен әкiмшiлiгiнiң  басым бағыттары болып :

  • фискалды саясатты ары қарай жетiлдiрудi қызмет етушi салық заңдылықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу арқылы жүзеге асыру;
  • республикалық және аймақтық маңыздылығы бар iрi салық төлеушiлер мониторингiне электронды жүйе енгiзу қажет;
  • акциздердiң толықтай түсуiн қамтамасыз ету және акциздiк тауарлардың заңсыз өндiрiсi мен айналымына деген бақылауды күшейту;
  • салықтық және кедендiк органдардың қызметтерiне автоматтандырылған мен телекоммуникациялық жүйе енгiзу.

Қазiргi кезде салық әкiмшiлiгi реформаларының басым бағыттары болып ақпараттық технологияларын белсендi түрде дамыту болып отыр. Бұл ең бiрiншiден салық төлеушiлердiң бухгалтерлiк және салықтық есептердi тапсыру процестерiн автоматтандыру жағдайына қатысты болып отыр . Алдыңғы қатарлы информациалық технологияларды салықтық есеп тапсыруға енгiзу салық төлеушiлердiң өзiне және олардың салық органдарымен қарым қатынасына оң әсерiн тигiзетiнi сөзсiз. Бәрiмiзге  белгiлi, салық төлеушiлердiң салықтар бойынша әрбiр есеп беру мерзiмдерiнде салық комитеттерiнде кезектерде  уақыт кетіретінін ескерсек, салық есептiлiгiн электронды түрде тапсыру есептердi қабылдау процессiн тездететiнiн және үлкен кезектердi болдырмайтын жағдайға жеткiзетiнiн айтып жатудың қажетi шамалы.

Ендігі жерде, біз келесі тарауларда салық бақылауының құқықтық жағынан қаншалықты қамтамасыз етілгендігін және ол арқылы салық әкімшілігін  қаншалықты тиімді жүзеге асыруға болатындығына  толығырақ тоқталғымыз келеді.  

 

 

 

1.2 Салықтық бақылаудың  қаржылық бақылау жүйесіндегі  орны 

 

Салық салу саласындағы қоғамдық қатынастың дамуының қазіргі деңгейі, сонымен қатар салықтық реттеудің  тұрақты түрде жетілуі салықтық алуды жүргізгендегі өз мүдделерін іске асыру үшін мемлекет қолданатын ұйымдастыру-құқықтық механизмін түсіну(негіздеу) және болып жатқан құқықтық қайта  құруды ғылыми анализ қажеттілігінің болуын қалайды. Бұл аспектіден жоғары қызығушылықты өзінің шегінде күннен күнге салық аясындағы мемлекеттік мүддені іске асыру ең жоғарыда жүретін салықтық бақылауды ұйымдастыруы және қызмет етуі жүреді. Әрине, салықтық бақылау механизмінің қызмет етуін зерделеуге жоғары қызығушылық туғызады.

Салықтық бақылау түсінігін  ашу үшін ең алдымен жалпы бақылау  категориясының сипаттамасына назар  аудару керек.

Аталған категория ұзақ мерзім ішінде ғылымның түрлі саласында  қолданылады, сондықтан ол ғылымның түрлі саласының мамандарымен жеткілікті түрде зерделенген. Ғылыми зерттеулердің  көпшілігінде бақылау – келесі қарастырылатын аспектілер қатарында ерекшелеуге  болады:

  1. Басқару органдарының атқару-басқарушылық қызметінің, оның басшыларының функциясы, әдісі не нысаны ретінде,
  2. Басқару органдары қолданатын әдістер мен тәсілдердің(немесе нысаны мен тәсілдері) жиынтығы ретінде;
  3. Басқарушы процестің аяқтаушы сатысы ретінде,
  4. Басқарылатын объектінің нақты күйі мен басқарушылық шешімдердің орындалуы туралы қажетті ақпарат алатын бақылаушы жүйе арқылы кері байланыс нысаны ретінде;
  5. Берілген параметрден ауытқуын анықтау мақсатымен басқарылатын объектінің қызмет ету процесін тексеру және бақылау жүйесі ретінде.[4]

Осылайша, бақылау кез  келген басқару процесінің бөлінбес бөлігі ретінде басқарылатын объектінің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуге  шақырылған. Басқару және құқықтық реттеу қоғамдық қатынастардың түрлеріне  қатысты жүргізілетіндіктен әдетте бақылаудың сәйкес түрлерін ерекшелейді.

Салықтық бақылауға сипаттама  беру үшін қаржылық бақылау мәнін  анықтау қажет, өйткені салықтық бақылау соңғысының түрі болып табылады.

Өмір сүруінің барлық сатыларында  мемлекет қандай да біржолғы талон  негізінде арнайы салық режимі әдістермен ең алдымен өзінің қызмет етуінің  қаржылық негізін қамтамасыз етті, сондықтан қаржылық бақылаудың адекватты  жүйесін құруға мәжбүр екенін айтып  өту керек. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі мемлекеттің заңды  жолдарымен қаржылық аяда қоғамдық және жеке мүдде балансын құра және қолдау арқылы өзінің және азаматтарының қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету құқығын  жүзеге асыру мақсатымен қалыптасады. Сонымен қатар бақылауды ұйымдастыру  қоғамдық қаржылық қаражаттарды басқарудың міндетті элементі болып табылады, өйткені осындай басқару қоғам  алдындағы жауапкершілікті туындатады. Бұл жағдай бақылаудың басшылыққа алатын принциптерінің Лим декларациясының 1-бабында бекітілген.

Қаржы теориясы тұрғысынан, қаржылық бақылау – жағдайдың  жақсаруына ықпал ете алатын органдарға мәлімдеу дұрыс болатын ауытқуларды  анықтау, басқарушылық шешімдерді қабылдау және оны жүзеге асыру дәрежесінің  тиімділігі мен негізділігін анықтау  мақсатымен нақты басқарылатын объект деңгейінде осы қатынастардың дұрыс қызмет етуін қадағалау негізгі міндеті болып табылатын қаржылық қатынастарды бақылау жүйесінің функциясының бірі.

Қаржының қазіргі теориясы қаржылық бақылауды қаржының бақылау  функциясын жүзеге асыру нысаны ретінде  қарастырылады да, оны қаржылық және онымен байланысты шаруашылық субъектісі қызметіне және оны ұйымдастырудың арнайы нысаны мен тәсілдерін пайдалану  арқылы басқару сұрақтарды тексеру  бойынша операция мен әрекеттің  жиынтығы ретінде анықтайды.[6]

Қаржы ғылымында қаржылық бақылаудың әрекет аясы мен мәні жөнінде  пікірлер бар, бірақ мұнда келесі жағдайлар басым:

  1. Қаржылық бақылау мемлекет пен жергілікті өзін өзі басқару органдарының ақша қаражатын пайдаланады, бөлу және құруда қалыптасатын қатынастар аясында жүргізіледі.
  2. Қаржылық бақылау заңдылықты меншікті қорғау, бюджет, заемды және меншікті қаражаттарды тиімді және үнемді пайдалану, қаржылық дисциплина бұзушылығын анықтау, осы жоғары резервін анықтағанда бюджеттің табыстық түсімінің өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
  3. Қаржылық бақылау сәйкес бақылау құзыры заңи тұрғыда берілген мемлекеттік не өзге органдардың қызметі арқылы жүргізіледі.

Қаржылық бақылау шегінде  салықтық бақылау сияқты түрін ерекшелейді. Оның болуы қаржылық қатынастардың  бөлігі болып табылатын салықтық қатынастардың және салықтың объективті категориясының болуымен шарттастырылған.

Мемлекет салықтардың  бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге мүдделі, ал бұл  төлемдер мәжбүрлі сипатта болғандықтан, салық төлеушінің мүмкіндігінше  мемлекетке есептелгеннен ақша қаражатын  аз беруге қалауы табиғи құбылыс. Яғни салықтық қатынас шегіндегі мемлекет пен салық төлеуші мүдделері  қарама қайшы. Салық төлеушілердің  өзінің салықтық міндеттемесін дұрыс  орындауды қамтамасыз етуі үшін мемлекет салықтық бақылау жүйесін құрады.

Салықтық бақылау ұғымының қазіргі ғылыми әдебиеттерде анықтамасы көп. Е. В. Поролло салықтық бақылау  сипаттамасына екі тұрғыдан келеді: «Салықтық бақылау мәнін екі  тұрғыда қарастыруға болады. Біріншіден экономиканы мемлекеттік басқару  элементі немесе қызметі, екіншіден  салықтық заңнаманың орындалуы бойынша  ерекше қызметті салықтық бақылаудың бұл тараптары бөлінбес бірлікте, статистикалық элементтері мен  олардың динамикалық өзара әсері, үздіксіз дамуы мен жетілуін сәйкестендіретін классикалық кибернетикалық жүйе ретінде  салықтық бақылауды көрсетуге мүмкіндік  береді».[4]

А. В. Брызгалин «Салықтық  бақылау – арнайы мамандандырылған(тек  салық пен алымға қатысты) ведомство  шегінен тыс мемлекеттік бақылау» деп есептейді.

Е. Ю. Грачева мен Э. Д. Соколова өкілетті орган қызметіне назар  бөлді: «Салықтық бақылау жалпы  мемлекеттік қаржылық бақылауға  жатады және бюджет пен бюджеттен тыс қорларға салық және алымдарды енгізу толықтығы мен уақытылығын, дұрыс есептелуін және салықтық заңнаманың орындалуын қамтамасыз ететін өкілетті органдардың қызметінің салық құқығының регламенттелген нормасы ретінде анықталуы мүмкін», ұқсас пікірді О. А. Макарова ұстанады, «Салықтық бақылауды салықтар мен алымдар туралы заңнаманы сақтау, салықтық құқық бұзушылық пен оларды туындататын себепті анықтау және жою, салықтар мен алымдарды есептеу мен төлеу мақсатымен Салық Кодексінде қарастырылған нысанда өз құзіреті шегінде салық органдарының лауазымды тұлғаларының қызметі» ретінде болуын түсінеді.        

Жоғарыда келтірілген  анықтамалардан салықтық бақылау ұғымын ашуда, салықтық заңнаманы сақтау, осы  бұзушылықтарға жауапкершілік шараларын  қолдану, бюджетке салықтар мен алымдардың төлену толықтығы, уақытылығын қамтамасыз ету мақсаты бар екені туралы тұжырым жасауға болады. Барлық авторлар аталған бақылау қызметінің заңи аспектісін ерекшелейді және ол сәйкес құқықтық нормалармен регламенттелетінін көрсететініне назар аударуға болады.

Информация о работе Салықтық бақылау механизмдері