Салықтық бақылау механизмдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Салықтық бақылау мемлекеттік қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде әртүрлі деңгейдегі бюджетке кірістік түсімдердің өсуін қамтамасыз етуге бағытталған қаржылық және бюджеттік саясаттың жүзеге асуына мүмкіндік береді. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы экономикалық және әлеуметтік процесстерді басқаруда мемлекеттік реттеушіліктің рөлін арттыруда көрініс береді.

Содержание

КІРІСПЕ

1. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ САЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

1. Салықтық бақылау түсінігі
2. Салықтық бақылаудың қаржылық бақылау жүйесіндегі орны
3. Салықтық қатынастарды құқықтық реттеу

2. БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

2.1 Салық төлеушілердің есебі
2.2 Салықтық тексерулер

3. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

1. ҚР-дағы ЕДБ-дің банк секторы мен меншікті капиталының ағымдағы жағдайы
2. Меншік капитал жеткіліктілігі мен оны жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

салықтық бақылау механизмдері, курстік жұмыс.docx

— 65.76 Кб (Скачать)

 

  

                                                                       МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ 

 

  1. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ САЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

 

  

    1. Салықтық бақылау түсінігі 
    2. Салықтық бақылаудың қаржылық бақылау жүйесіндегі орны 
    3. Салықтық қатынастарды құқықтық реттеу

 

 

  1. БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

 

 

2.1  Салық төлеушілердің есебі 

2.2 Салықтық тексерулер  

 

  1. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

 

  

    1. ҚР-дағы ЕДБ-дің банк секторы мен меншікті капиталының ағымдағы жағдайы 
    2. Меншік капитал жеткіліктілігі мен оны жетілдіру жолдары 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 Кіріспе 

 

Кез-келген мемлекет өзінің нақты тәуелсіздігіне, бір жағынан  мемлекеттік қазынаға жиналу арқылы қоғамның жан-жақты дамуына керекті  ақша қаражатымен қамтамасыз ететін, екінші жағынан шаруашылық субъектілерінің  кәсіпкерлік қызметке деген ынталылығын  арттыратын  мықты салықтық механизм құру арқылы ғана жете алады 

Салық саясатының негізгі  мәселелері  уақыт өткен сайын  әлеуметтік және саяси сипат алып келеді. Оның тиімді және дұрыс қызмет етуіне  тек экономикалық сипаттағы  ғана емес, азаматтық қоғамды, саяси  тұрақтылықты сақтау және мемлекет  егемендігі мен тәуелсіздігін тұғырландыру сияқты мәселелер де тәуелді. Салық  салу механизмі – кез-келген экономикалық жүйедегі ең маңыздысы. Салық салу мемлекеттік  реттеудегі ең басты әдістердің бірі, әлеуметтік-экономикалық саясаттың  табысты болуы оның тиімділігімен  тікелей байланысты. Бақылау кері байланыс формасы ретінде, біруақытта басқарушылық шешімдердің орындалуының катализаторы ретінде қызмет етеді. Басқарылып отырған объектінің нағыз  жағдайы туралы қажетті ақпаратты  ала отырып және оны сараптап, орын алған жағдайды түзетуге бағытталған  нормативті актілерді, басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы қажетті шараларды  қолдану турасында қорытынды  шығаруға болады.

Бақылаудың басты қызметі  қоғамның экономикалық өміріндегі жүзеге асырылып жатқан операциялардың  заңдылығын қадағалауға бағытталған. Нарықтық экономика жағдайында басқару құрылымдарының күрделілігі бақылаумен де байланысты, көптүрлі, тармақталған және әсерлі болғандықтан, қаржылық, несиелік, мақсатты және басқа  да салаларда бақылау ерекше болады. Және осылардың барлығы экономикалық бақылау ұғымын құрайды.

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі – салықтық бақылау мемлекеттік қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде әртүрлі деңгейдегі бюджетке кірістік түсімдердің өсуін қамтамасыз етуге бағытталған қаржылық және бюджеттік саясаттың жүзеге асуына мүмкіндік береді. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы экономикалық және әлеуметтік процесстерді басқаруда мемлекеттік реттеушіліктің рөлін арттыруда көрініс береді. Бұл салықтардың маңыздылығын билік құрылымдарын қажетті құралдармен қамтамасыз ету әдісімен ғана емес, қоғамдық ұдайы өндіріс пропорциясына мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі элемент ретінде де арттырады. Салық салу жүйесін реформалаудың қажеттілігі республикада нарықтық қатынастарды қалыптастыруға, ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге енуіне бастама болды.

Курстық жұмысытың мақсаты  – салық бақылауының мемлекет пен қоғамның мүддесін, қаржылық құралдардың  қорларын құруда заңды және жеке тұлғалардың  мемлекет алдындағы міндеттерін  орындауын қамтамасыз етуші бірден – бір тетік екенін  дәлелдеу, оған баға беру.

Жоғарыдағы мақсаттардың қойылуы келесідей міндеттерді  атқаруды туындатты:

  • Мемлекеттің қаржылық бақылау жүйесіндегі салықтық бақылау маңызы мен орнын анықтау;
  • Салықтық бақылаудың, оның негізін құраушы нысаны – салықтық тексеру түрлерін, нысандарын және әдістерін зерделеу;
  • Салықтық бақылау жүйесіндегі салықтық заңнама маңызы және мәнін қарастыру;
  • Салықтық бақылауды ұйымдастыру күйі мен механизміне салықтық заңнаманың әсерін талдау;
  • Салықтық тексеру жүргізудің шетелдік тәжірибесі.

Зерттеу объектісі және пәні болып Қазақстан Республикасындағы  салық бақылауының ұйымдастырылуы және оны жүзеге асырудың заңмен қамтылу  жағдайы болып табылады.

Жұмыстың теориялық және методологиялық негізі болып  отандық  және шет елдік ғалым экономистердің еңбектері, мерзімдік арнайы басылымдар және салық салу саласындағы отандық  заңнама (Салық Кодексі), салық бақылауын  заң тұрғысында   қамтамасыз ететін басқа да заңдық – нормативтік  актілер табылады.   

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

I. Cалық бақылауы  cалық  механизмінің негізгі элементі  ретінде  

1.1 Салық бақылауының  түсінігі 

 

Қазақстанда салықтық –  бюджеттік саясатты жүзеге асыруда  салық заңдылықтарында салық  ставкаларын жоғарлату немесе салық  түрлерін көбейтуді мақсат тұтып  отырған жоқ. Сондықтан салық  органдарының салықтардың толықтай және уақытылы бақылауын уақыт талабына сай мейілінше жетілдіріп отыру  болып табылады.

Салықтық механизмді ұйымдастыру  оның негізгі элементтерінің бірі салық  бақылауынсыз  мүмкін емес. Мемлекет салықтық бақылауға тек қана фискалдық мәселелерді шешуде ғана үлкен мағына бермейді, сонымен бірге онда шаруашылық субъектілердің әрекетін әлеуметтік-экономикалық реттеуге, экономикалық қылмыс деңгейін төмендетуде және экономикалық құрылымдарды тұрақтандыруда ерекше көңіл бөлінеді.

Салықтық бақылау салықтардың  бақылау функциясын жүргізу нысаны болып табылады. Одан басқа, фискалды және реттеуші функциясының жүзеге асырылуының атқарылуы нақты салықтардың бақылау механизмі арқылы өтеді. Сонымен, салықтық бақылау қаржылық сияқты, салықтың және қаржылық тексеру әрекеттері мен операцияларымен байланысты шаруашылық субъектілері әрекеттерінің жалпы және арнайы түрлерін қолдануды басқару, оны ұйымдастыру әдістері және елдің бюджет жүйесіне түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерін толықтай шоғырландыру болып табылады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізгі көзі болғандықтан, ол өзінің салық заңдарының мазмұнында келтірілген  ережелердің толықтай және сапалы орындалып  отыруына мейілінше мүдделі болып  келеді.

Жалпы салықтық бақылауды  келесі белгілеріне байланысты сипаттауға болады. Біріншіден, салықтық бақылау  мемлекеттік бақылаудың бірі болып  табылады. Яғни, ол мемлекеттің бақылаушылық қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік  уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Бұл жерде аталған органға  мемлекет бір жақты – билік  өкілеттігін бере отырып, белгіленген  қызметтерді атқаруға мүмкіндік  жасап отыр.

Екіншіден, салық бақылауы қаржылық бақылаудың негізгі түрі ретінде  сипатталады.

Салықтық бақылауды жүзеге асырған кезде мемлекеттің қаржылық жүйесінің құрамына кіретін, ақшалай  қаражаттардың қалыптасуына мүмкіндік  беретін табыстарды жинау қамтамасыз етіледі.

Үшіншіден, салықтық бақылау  мемлекеттік бақылаудың мамандандырылған түрі болып табылады. Бұл ең біріншіден салық бақылауының белгілі мамандандырылған арнайы уәкілетті органымен жүзеге асырылатындығын білдіреді.  Сонымен  бірге мемлекет ереже бойынша  салық бақылауын бір ғана органдардың  орындағанын қалайды немесе мұндай бақылаудың түрін басқа қадағалаушы  органдардың жүзеге асыруына шектеу қояды.   «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңында бұл туралы нақты түрде көрсетілген, яғни салықтар мен бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуіне  деген тексеруді салық қызметі  органдары ғана жүзеге асыра алады. Бұл дегеніміз басқа ешқандай мемлекеттік орган салық бақылауына арласа алмайды. 

Салық бақылауының мамандандырылғандығы, төртіншіден оның фунционалдығын анықтайды. Бұл салық бақылауы органдарының өзі белгілі бір шектен аспау  керек екендігін байқатады. Мұндай жағдай аталған заңда (1 -бабы. 1. бөлімі) «салық салумен байланысты емес ақпарттарды  көрсетудің қажетсіздігі» арқылы көрініс  тапқан. Салық бақылауының функционалдығының  тағы бір жағын ондағы салық бақылауы объектісінің салық міндеттілігі жүктелген  оның меншік нысанына қарамастан, қандай қызметпен айналысуына және ұйымдастырушылық – құқықтық нысанына қарамастан кез  – келген  заңды және жеке тұлға  болып табылатындығында. Қазақстан  Республикасының салықтық заңдылықтары салықтық бақылауды жүргізетін мемлекеттік  екі уәкілетті органды атап көрсетті: 1) салық қызметі органдары; 2) Қазақстан  Республикасы кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өтумен байланысты салық  міндеттілігін орындауға деген  бақылауды жүзеге асыратын кедендік орган.

Салық бақылауын жүзеге асыру  процессі кезінде туындайтын құқықтық қатынастар ұйымдастырылған салықтық қатынастар қатарына жатады. Оның субъектісі болып, тексеруші субъект (салық бақылауын жүргізуге уәкілетті тұлға) және тексерілуші тұлға (кімнің атқаратын қызметі салық салу саласында бақылау объектісі болып табылса).

Салық бақылауы күрделі ұйымдастырылған  жүйеге жатқызылады және келесі құрамдас элементтерден тұрады. а) бақылау  субъектісі; ә) тексерілетін субъектісі;   б) бақылау объекісі; г) бақылау құралы; д) бақылау мақсаты; е) бақылауды  жүзеге асыру әдісі.

Аталған элементтердің әрқайсысының мәнін төмендегідей ашып қарастыруға  болады:

      1. «кім тексереді» деген сұрақ – салық бақылауының  субъектісін

 

         білдіреді;

  1. «кімді тексереді» деген сұрақ – тексерілетін субъектіні білдіреді;
  2. «не тексеріледі» деген сұрақ – салық бақылауының объектісін білдіреді;
  3. «тексерілетін субъектінің қандай бағыттағы қызметі зерттеледі» - салық бақылауының құралын;
  4. «не үшін тексеріледі» - салық бақылауының мақсатын білдіреді;
  5. «қалай тексеріледі» деген сұрақ салық бақылауының әдістерін көрсетеді.

Салық бақылауының субъктісі  болып бақылауды жүзеге асыруға  уәкілетті мемлекеттік органдар, оның ішінде: мемлекеттік салық қызметі  органдары, сонымен бірге өзінің өкілеттігі шеңберінде кедендік органдар табылады.

Тексерілетін субъектілерге  заң бойынша салық міндеттілігі жүктелген тұлғалар табылады. Оның ішінде келесі топтарды бөліп қарастыруға  болады: 1) салық төлеуші; 2) салық  агенттері; 3) салықты жинаушылар; 4) банктік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар; 5) салық төлеушілерге қарыз тұлғалар (дебиторлар); 6) қолында салық төлеуші  туралы ақпараттары бар тұлғалар. Аталған тұлғалардың әрқайсысы  салықтық қатынастар субъектілері ретінде  қатыса отырып, өздеріне қатысты салық  міндеттемесі шегінде тексеріліп отырады.

Салық бақылауының объектісі  болып тексерілетін субъектілердің қызметтері табылады, оның ішінде: салық  заңдылықтарымен жүктелген, тексерілетін тұлғалардың міндеттерінің орындалуы.

Салық бақылауының құралы болып, тексерілетін субъектілердің салықтық міндеттемелері, яғни салықтық есепке тұру бойынша міндеттемелердің орындалуы, салықтық есептілікті жүргізу (салық  салу объектлерін қоса алғанда), салық  есебін құрастыру мен тапсыру, салықтық төлемдер сомаларының дұрыстығын тексеру, салықтардың уақытында және толықтай төленуі, алдын – ала салық  тексеруі кезінде анықталғандай  салықтық заңдылықтардың бұзылуын болдырмау  үшін салық қызметі органдарының салық нұсқамасының сапасын арттыру.

Салық бақылауының мақсаты  болып:

  • Салық заңдылықтарының бұзылғандығы туралы деректерді анықтау немесе өзінің міндеттерін сапасыз түрде орындаған салық төлеушілердің салықтық құқық бұзушылығын анықтау;
  • Салық заңдылықтарын бұзған субъектілерді анықтау және оларды заңдық жауапкершілікке тарту;
  • Салық заңдылықтарын бұзушылықты болдырмау;
  • Жетіспеушіліктерді өндіріп алу шараларын қолдану мен өсімпұл есептеу арқылы  мемлекеттің материалдық мүддесін қорғау;
  • Салық заңдылықтарының бұзылғандығын анықтау және солар бойынша түрлі шаралар қолдану

Соңғы айтылғандар бойынша  салықтық тексеру салық заңдылықтары бұзылған кезде ғана емес, сонымен  бірге салықтық құқық бұзушылық  болмаған кезде де өзіндік мәнге  ие бола алады. Өйткені, салықтық тексеруді  жүргізу салық төлеушілердің  өздерін салық төлеуге ұқыпты да дұрыс қарауға мүмкіндік береді.

Салық бақылауы ол көбінесе тексеру немесе тексеру мақсатындағы қадағалау болып табылады.

Салық бақылауын жүргізу  үш түрлі кезеңнен тұрады: 1) тексерілетін субъектілер бойынша ақпараттар жинау; 2) жиналған ақпараттарды бағалау; 3) бағаланған ақпараттарға қарай іс – қимылдар жасау.

Информация о работе Салықтық бақылау механизмдері