Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 23:24, курсовая работа
Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде алғашқы жылдарында орын алған мемлікеттік басқарудың қатты байқалған орталықтандырылғаны ақтаулы болды. Бірақ макроэкономикалық тұрақтылыққа жету деңгейі бойынша қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр.
КІРІСПЕ............................................................................................................3
І ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................5
Мемлекеттік басқарудың мәні мен қажеттілігі....................................5
Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің негізгі функциялары.........11
Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру нәтижесі ретінде.....................................................................17
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ....................................................................................................................27
2.1 Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстарының қалыптасу жүйесі..........................................................................................................................27
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы шығындық міндеттемелерді бөлу мәселелері.............................................................................39
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін қалыптастырудағы мемлекет ролі............................................................................47
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ................................................................54
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық-экономикалық үлгісін жасау..............................................................................................................54
3.2 Мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланысы...............................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................79
Қорғаныс функциясы. Халықаралық ахуалдың жақсаруына қарамастан Қазақстанның сыртқы саяси проблемалары да жоқ емес. Біздің мемлекетіміздің сыртқы саяси қызметінің басты бағыттарының бірі – оның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы функцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы күштері басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қауіп пен олардың агрессиялық әрекеттеріне қарсы тұруға және елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның халықаралық келісімдерге сәйкес міндеттерін орындауға арналған.
Бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті қолдау функциясы. Қазақстан мемлекетінің бейбітшілікті қамтамасыз ету қызметіндегі басым бағыттары – жаңа ғаламдық соғыстың болуына жол бермеу, жаппай қырып-жою қаруының және жаңа әскери технологиялардың таратылмауын қадағалау.
ТМД елдерімен ынтымақтастық және достық қарым-қатынастарды нығайту функциясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына байланысты пайда болды. Осыған орай тәуелсіз мемлекеттермен жаңа қатынастар орнату мәселесі Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Аталған функцияны жүзеге асыра отырып, Қазақстан мемлекеті, ең алдымен, экономикалық одақты, ТМД-ның ортақ нарығын, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру, шекараны бірлесіп қорғау, адам құқығы, азаматтық және қоныс аударушыларды қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды бұрынғы Одақтың барлық аумағында сақтау, мемлекеттен тысқары жүрген қазақстандықтарды қорғау мәселесін кешенді шешу, ортақ ақпараттық кеңістікті құру бағытында ынтымақтастықты бекітуге ұмтылады.
Әлемдік экономикаға интеграциялану және әлемдік проблемаларды шешуде басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту функциясы. Халықаралық байланыстардың жаңа сипаты экономика, сауда, бизнес, ғылыми-техникалық салада мүдделерді тиімді жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер ашты. Осы бағытта әрекет ете отырып, Қазақстан негізгі халықаралық экономикалық ұйымдарға мүше болды. Қазіргі таңда ол Америка Құрама Штаттарымен, Батыс Европа елдерімен қатынастарын бекітіп, іс-қимылдарды үйлестіру бағытында жұмыстар жасауда. Дүние жүзінің жетпістен аса елімен орнатқан қауырт сыртқы экономикалық байланыстары оның дүниежүзілік экономикалық кеңістікке интеграциялануының негізгі факторы болды.
Әлемдік экономикаға ену
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарында оның әлеуметтік-экономикалық өмірінде, экономикалық және саяси жүйелерінде ауқымды әрі оң бағытта өзгерістер болып жатыр. Тәуелсіздің алған жылдарда жүргізілген экономикалық реформалардың аймақтарды мамандандыру бағытында дамытуды таңдап алуына көпшілігі төтеп бере алмады, тек салалардың даму деңгейлері ғана өзгерді. Қазақстан экономикасының негізгі салалары болып табылатын мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші және мұнай химия салалары барлық облыстар өнеркәсіп өнімдерінің 90% пайызын құрайтын Атырау мен Маңғыстау облыстары қарқынды даму жолына түсті. Қазірде Ақтөбе облысында хром рудасы, мұнай мен газ өндіріледі, ал Қызылорда облысының негізгі өнеркәсібіде мұнай өндіруге негізделіп отыр. Қазіргі таңда еліміздің ауыл шаруашылық (Көкшетау, Ақмола облыстарында), металлургия өнеркәсібі (Жезқазған, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында) және мұнай өндіруші салалары (Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында) қарқынды даму жолында.
Шығыс Қазақстан
және Қарағанды облыстары
Еңбектің аумақтық бөлінісі мен аймақтар экономикасының құрылымын сипаттайтын жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) және әр жан басына шаққандағы табыс мөлшері сияқты көрсеткіштер қолданылады. ЖАӨ әр жан басына шаққандағы өндірісі бойынша еліміздің облыстарының арасындағы едәуір алшақтық бар. Мәселен, ЖАӨ әр жан басына шаққандағы табыс мөлшері бойынша 2001 жылы ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында – 581,7 мың теңге және ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысында – 50,2 мың теңгені құраған, яғни екеуінің айырмашылығы 11,6 есеге дейінгі шаманы көрсетеді/12/
Бүкіләлемдік банкі сарапшыларының пікірлері бойынша орталықсыздандырудың келесідей бағыттары белгілі. Біріншіден, саяси, ол азаматтық бостандықты, саяси құқықтылықты, демократиялық плюрализмді білдіреді. Екіншіден, қаржылық бағытта бюджет ресурстары, бюджеттің дербестігі, бюджет шешімдерін қабылдау сияқты мәселелер қарастырылады. Үшіншісі ол – басқарушылық, мұнда басқару құрылымы мен жүйесі, басқаруға қатысушылық, басқарушылық шешім қабылдау секілді мәселелер қозғалады. Әлемдік тәжірибеде орталықсыздандырудың бірнеше түрлері бар. Мәселен, кейбір авторлардың пайымдауынша ол географиялық, әкімшілік шешім қабылдау жүйесі және бюджеттік деп бөлінеді [35]. Ал кейбір талдауларда локалды (жергілікті), идеологиялық және әлеуметтік деп бөліп көрсетеді [36].
Географиялық және локалдық (жергілікті) орталықсыздандыру түрлері бір біріне ұқсас. Мәселен, географиялық орталықсыздандыру қаланың негізгі аумағына еш қатыс жоқ, аудандардың экономикалық дамуының белсенділігін білдіреді. Субсидия және салық жеңілдіктерінің көмегімен шығындарды төмендетіп аудандардағы бизнесті дамыту олардың инвестициялық тартымдылығын арттырады. Локалды орталықсыздандыру жергілікті басқару органдарының дербес іс-әрекетін, өкілеттілігін және көптеген шешімдерді орталыққа тәуелсіз жеке қабылдау мүмкіндігінің барлығын білдіреді. Әкімшілік шешім қабылдауды және оны орындау жүйесін орталықсыздандыру жергілікті басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейтуді білдіреді. Бұнда белгілі бір шешім қабылдануы үшін көптеген сатыдан өтеді, міне, бұл осы процестің қысқаруын және мемлекеттік жергілікті басқару органдарының жұмысын көтермелеуді білдіреді. Идеялогиялық орталықсыздандыру кеңес үкіметінің құрамында болған барлық елдердің тәжірибесінде болды. Идеялогиялық орталықсыздандырудың қауіптілігі сонда, оның нәтижесі саяси жіктелуге әкеп соғуы мүмкін және ондай жағдайды көптеген мемлекеттер бірнеше рет кездестірді. Дегенмен оның өзіндік артықшылығы да бар: ол пікірталасу ортасына, интеллектуалдық жарысқа және еркіндікке жол ашады. Бюджеттік орталықсыздандыру жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық жүйесін нығайтуды талап етуші басқару жүйесі мен халықтың арасындағы тығыз қарым-қатынасты құрайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына салық салу сферасы бойынша және қаржыларды жұмсауға белгілі бір өкілеттіктер, сондай-ақ, бюджеттің шығыс бөлігін дербес анықтауға мүмкіндік беріледі. Бюджеттік орталықсыздандыру жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджет-салық сферасында тәуелсіз шешім қабылдауларына мүмкіндік беретін белгілі бір деңгейде автономиялы екендігін білдіреді. Бюджеттік орталықсыздандыруға орталық билік араласады:
Мемлекеттік
билік құрылымдарының басты мақсаты
халыққа нарық қамтамасыз ете алмайтын
қызмет түрлерін көрсету болып табылады
/15/. Мысалы, Италия мемлекетін өз елімізбен
салыстырсақ, оның пайдалы қазбасының
тым аздығына қарамастан, онда ауыл шаруашылығына
климаты аса қолайлы және туризм жақсы
дамыған. Бұл мемлекеттің бір ерекшелігі
күні бүгінге дейін экономиканың 50%-ы,
ал банк жүйесінің 70%-ы мемлекеттің бақылауында
болды. 1992 жылы үкімет басына еркін нарықтың
жақтаушысы Сильвио Берлускони келгеннен
кейін экономика оң бет бұрыс ала бастады.
Оның саясаты “қатаң экономикалық саясат”
деген атқа ие болды. Елдегі жемқорлықпен
күресе отырып, мемлекеттік кәсіпорындар
жекешелендіріле бастады. Салық салу жүйесінде
де өзгерістер болды. Кәсіпорын пайдасына
салынатын салық 53,2%-дан 37%-ға дейін төмендетілгенімен,
қосымша құн салығы көтерілді. Салықтар
жалпы ішкі өнімнің 41%-ын құрады. Елдің
алдында тұрған басты мәселелердің бірі
ұлттық шаруашылықты дамыту үшін аймақтар
арасындағы айырмашылықты жою болды. Италияда
көптеген мемлекеттермен салыстырғанда
аймақтар арасында үйлесімсіздік бар
екені анық байқалып тұрады. Мәселен, оның
Ломбардия, Пьемонте және Венеция облыстары
елдің жалпы іщкі өнімнің 40%-ын, ал экспорт
бойынша Ломбардияның үлесі 30%-ды құрайды.
Сонымен бірге, Ломбардия мен Валле д’Аоста
облыстарында жан басына шаққандағы табыс
жалпы ішкі өнімде 22 мың доллардан астам.
Ал Сардания, Колабри және Сицилияда 14
мың доллардан төмен. Осыдан облыстардың
бір-бірінен айырмашылығы айқын көрініс
беріп тұр . 1970 жылдардан бастап бұл мемлекетте
облыстар атынан аймақтардың жергілікті
саясат жүргізуге, әлеуметтік қамтамасыз
етуге, медициналық қызмет көрсетуге,
еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлауға,
қаланың дамуын жоспарлауға, сумен қамтамасыз
етуге және су қорларын қорғауға және
тағы басқаларға заңмен бекітілген құқығы
бар. Атап өткен функциялар (әсіресе, жергілікті
саясат жүргізу, әлеуметтік қамтамасыз
ету) жергілікті билік органдарына 1977
жылдан бастап берілген және олар осы
күнге дейін шығындарын орталық үкіметтен
бөлінетін гранттардың үлесінен жауып
отыр. Ал басқа функцияларды (еңбекпен
қамту, кадрларды қайта даярлау, тұрғын
үй – коммуналды шаруашылық) облыстар
коммуналарға заңды түрде табыстаған.
Оларды қаржыландыруға гранттар облыс
бюджетінен аударылады /14.
Кесте 2- Италиядағы аймақтық бюджеттердің табыстар мен
шығындарының экономикалық
Облыстар | Аймақтар | |||||||
1990 | 1991 | 1992 | 1993 | 1990 | 1991 | 1992 | 1993 | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Табыстар барлығы | 6,76 | 6,87 | 6,88 | 6,22 | 2,57 | 2,62 | 2,43 | 2,63 |
Ағымдағы табыстар | 5,49 | 5,96 | 6,12 | 5,54 | 2,23 | 2,26 | 2,24 | 2,41 |
Тікелей салықтар | ||||||||
Жанама салықтар | 0,11 | 0,15 | 0,17 | 0,36 | 0,01 | 0,01 | 0,01 | 0,01 |
Трансферттер:
|
5,36
5,31 |
5,79
5,72 |
5,93
5,87 |
5,15
5,08 |
2,18
2,09 |
2,22
2,16 |
2,21
2,16 |
2,36
2,32 |
Басқалар | 0,02 | 0,03 | 0,02 | 0,03 | 0,03 | 0,02 | 0,02 | 0,03 |
Капиталдан түскен табыстар | 1,26 | 0,91 | 0,76 | 0,69 | 0,34 | 0,35 | 0,19 | 0,22 |
Трансферттер: | 1,25 | 0,91 | 0,75 | 0,68 | 0,29 | 0,32 | 0,18 | 0,20 |
|
1,24 0,01 |
0,89 0,02 |
0,74 0,01 |
0,65 0,03 |
0,29 |
0,23 0,09 |
0,13 0,04 |
0,17 0,02 |
Басқалар | 0,01 | 0,01 | 0,05 | 0,03 | 0,01 | 0,02 | ||
Шығындар барлығы | 6,94 | 7,31 | 6,97 | 7,82 | 2,95 | 3,04 | 2,94 | 2,79 |
Ағымдағы шығындар | 5,69 | 6,25 | 6,01 | 6,87 | 1,78 | 1,81 | 1,84 | 1,76 |
Персоналдық шығындар | 0,20 | 0,20 | 0,19 | 0,19 | 0,21 | 0,23 | 0,22 | 0,22 |
Тауарлар мен қызметтер | 0,17 | 0,18 | 0,19 | 0,60 | 0,17 | 0,17 | 0,60 | 0,17 |
Мадақтау бойынша төлемдер | 0,02 | 0,03 | 0,05 | 0,05 | 0,01 | 0,01 | ||
Трансферттер:
|
5,29
0,14 0,41 4,74 |
5,80
0,11 0,46 5,23 |
5,54
0,09 0,41 5,04 |
5,54
0,09 0,43 5,02 |
1,39
0,18 0,16 1,06 |
1,41
0,18 0,14 1,10 |
1,44
0,23 0,13 1,08 |
1,35
0,16 0,12 0,08 |
Басқалар | 0,01 | 0,04 | 0,04 | 0,03 | 0,02 | 0,02 | ||
Күрделі шығындар | 1,26 | 1,06 | 0,96 | 0,94 | 1,17 | 1,23 | 1,09 | 1,03 |
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық саясаты: басымдылықтары және механизмі