ҚР сот жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 21:07, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлық қабылдады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі.docx

— 54.37 Кб (Скачать)

Заң біліктілік емтихандарын жүргізу тәртібін көздейді. Біліктілік емтихандарын қабылдау судьялыққа кандидаттар арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады. Ондай тексерудің мақсаты судья болуға лайықты кандидаттарды іріктеу болып табылады. Біліктілік емтихандарын тапсыруға оның алдында бір жылдың ішінде қызмет міндеттерін атқару кезінде кір келтіретін қылықтар мен заңдылықты бұзушылықтар үшін судьяның лауазымынан, құқық қорғаушы органдардан немесе мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар жіберілмейді. Біліктілік емтихандарына сондай-ақ заң қоятын талаптарға сай келмеген судьяға кандидаттар да жіберілмейді. Ол талаптар Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңда белгіленген. ӘБА туралы  заңда конкурстық комиссия өткізу жағдайлары, судьяның лауазымнан босату туралы мәселені қарастыру үшін негіздер көзделген.

«Сот жүйесі мен  судяьяларының мәртебесі» туралы Заңда  аудандық соттың судьясына кандадаттар  үшін төмендегідей талаптар көзделген. Біріншіден, саяси шектелім. Аудандық соттың судьясы болып тек ҚР азаматы тағайындала алады. Екіншіден, жасы бойынша шектелім: азамат жиырма бес жасұа жеткен болуға тиіс. Үшіншіден, бұл білім, практикалық және моральдық шектелімдер: азаматтың жоғары заңгерлік білімі, заңгерлік кәсібі бойынша кем дегенде екі жылдық жұмыс стажы, кіршіксіз беделі болуға тиіс. Төртіншіден, бұл біліктілік шектелімі: кандадат біліктілік емтиханын тапсыруға сотта сынақ мерзімін табысты өткеруге және соттың пленарлық отырысында оң мінездеме алуға тиіс. Соңғысынан басқа, барлық тізілген талаптар Конституцияда көзделген (79-бап).

Облыстық соттың судьясының бос лауазымына кандидатты іріктеуді Жоғарғы Сот Кеңесі бос лауазымды басуға арыз берген адамдардың қатарынан конкурстық негізде  жүзеге асырады. Ол азаматтар аудандық соттың судьясына кандидаттарға  қойылатын талаптарға сай болуға және заңгерлік мамандығы бойынша  кем дегенде бес жылдық жұмыс  стажы болуға тиіс.

Материалдық кепілдіктер  судьяларға мемлекеттің есебінен олардың  мәртебесін нашарлатуға тыйым сала отырып, оған сәйкес материалдық және әлеуметтік қамтамасыздық беруден  көрінеді. Судьяны материалдық қамсыздандыру  оның жағдайына сәйкес болуға және әділ сотты толық, тәуелсіз жүзеге асыру  мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл мәселенің мемлекеттік маңызы бар, сондықтан судьялардың еңбегіне ақы төлеуді ҚР Президенті республиканың  мемлекеттік бюджетінің есебінен үсталатын  барлық органдар үшін қаржыландыру және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге өзінің конституциялық өкілеттігіне орай айқындайды (44-бап, 9-тармақша).

Судьяларды баспанамен қамтамасыз ету де сондай-ақ республикалық  бюджетінің есебінен жүргізіледі. Судьяға және оның отбасы мүшелеріне кезектен тыс тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан жайластырылған тұрғын үй-жай беріледі.

Судьяға қойылатын  талаптар «Сот жүйесі мен судьялардың  мәртебесі туралы» заңда көзделген. Олар әділ сотты жүзеге асыру ерекшеліктерінен туындайтын міндеттер ретінде тұжырымдалады. Судья: 1) ҚР Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай ұстануға; әділ сотты атқару бойынша өзінің конституциялық міндеттерін  атқару кезінде, сондай-ақ қызмет бабынан  тыс қатынастарда судья этикасының талаптарын сақтауға және судьяның беделіне, абыройына кір келтіруі мүмкін немесе оның объективтілігі мен риясыздығына шүбә келтіру мүмкін нәрселерден  аулақ болуға міндетті. 1996 жылғы 19 желтоқсандағы  ҚР судьяларының Бірінші съезді судьялардың  негізгі жүріс-тұрыс принциптері  баяндалған Сот этикасының кодексін қабылдады: судья қазылықтың тәуелсіздігін және оған деген құрметті нығайту үшін жоғарғы жүріс-тұрыс стандарттарын белгілеуге және оны ұстануға ұмтылуға тиіс; әрбір судья демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылатын сот билігінің тәуелсіздігі мен намысын құрметтеуге тиіс. Судья сот билігіне құрметтің және беделінің иесі болып табылады. Сот этикасы кодексінің ережелері аталған принциптерге орай әзірленген. Сот этикасының ережелерін бұзу құқықтық жауапкершілік үшін негіз болып табылады; 3) әділ сотты атқару бойынша қызметке кез келген заңсыз килігу талаптарына қарсы тұруға тиіс; судьялардың мәжілісінің құпиясын сақтауға тиіс. «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» заң судьялардың тәртіптік жауапкершілігін көздейді. Судья тәртіптік жауапкершілікке төмендегілер үшін тартыла алады: 1) егер ондай бұзушылық өзге заңи жауапкершілікті ілестірмесе, сот істерін қарастыру кезінде заңдылықты бұзу үшін; 2) судьяның этикасына қайшы кір келтіретін қылық жасау үшін; еңбек тәртібін өрескел бұзу үшін. «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі» туралы Заңда көзделген өзінің лауазымдық міндеттерін тиіссіз атқару үшін арнайы тәртіптік жауапкершілікті атап айту керек. Заң тәптіртік жазалардың барлық түрлерін; тәртіптік өндіріс қозғауға құқығы бар субъектілерді; тәртіптік істі қозғау және қарастыру мерзімдерін және басқа мәселелерді көздейді.

 

  1. Әділ соттың конституциялық принциптері

Қазақстан Республикасының  Конституциясында судьялар заңды қолданған  кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алуа тиіс (77-бап).

  1. Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлға сот шешімі заңды күшіне енгенше қылмыскер болып есептелмейді деген сөз. Бұл демократиялық мемлекеттердің қылмыстық заңдарында мойындалатын кінәсіздік презумпциясы болып табылады. Конституцияда мұндай принцип, әдетте, бекітілмейді. ҚР-ның 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияларында осы принциптің аталуын, Кеңес үкіметі жылдарында, кінәсіздік презумпциясы қылмыстық заң брһолып табылғанымен шын мәнінде іске асырылмағанымен, бұл адамдардың тағдырларына қайғылы әсер еткенімен түсіндіруге болады.
  2. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Бұл принцип барлық құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты қолданылады. Егер адам қылмыс жасаса, сот тек бір жаза ғана қолдана алады. Дәл солай әкімшілік құқық бұзушылық үшін де бір әкімшілік жаза ғана қолданыла алады. Бұл принциптің де сондай-ақ «тарихи» тамырлары бар. Онша алыс емес өткен шақтарда шын және жалған қылмыстары үшін адамдар бірнеше дүркін жазаланып, тіпті өмір бойы қуғынға ұшырап отырды.
  3. Өзіне заңмен көзделген соттылығы оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуге болмайды. Бұл принцип қолда бар қылмыстық іс жүргізу заңдарына өзгерту енгізді. Қазақ КСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бірінші инстанция сотының үкімі екі мәрте күші жойылған істі екінші инстанция соты өзінің қарастыруына қабылдай алатын ереже болған еді. Конституция осы ережеге сотталушының пайдасына елеулі түзету енгізеді. Соттылықты өзгерту сотқа тартылатынның тілегіне байланысты болады.
  4. Әркімнің де сотта әркім өз сөзінің тыңдалуына құқылы. Конституциялық Кеңес төмен тұрған соттың қарауына жататын істі жоғары тұрған соттың өз өндірісіне қабылдауы, сондай-ақ соттылықты өзгертуге себеп болатын істі ол деңгейдегі басқа сотқа табыстау тек ісін сот қарастыатын тұлғаның келісімі барда ғана мүмкін деп түсіндіреді (Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы ' наурыздағы қаулысы). Бұл демократиялық әділ соттың жаопыға танымал принципі болып табылады. Сот – жазалаушы орган емес, ақиқатты анықтауға, сондай-ақ мәселені әділ шешуге арналған орган. Ал бұл сот процесіне қатысушылардың әрқайсысының толық көлемде өз сөзін сөйлей алатындай болса ғана мүмкін болады. Бұл сот процесіне қатысушының конституциялық құқығы.
  5. Конституция белгілі бір жағдайларда заңдардың кері күші жоқ деп белгілейді. Төмендегідей заңдардың: жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.
  6. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Бұл принцип кінәсіздік презумпциясынан туындайды. Егер адам заңдық жауапкершілікке тартылса, оның кінәлі екендігін тиісті орган дәлелдеуге тиіс. Бірақ бұл адам өзінің тағдырына немқұрайды болады деген сөз емес. Ол барлық заңды тәсілдермен өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, бірақ құқылы.
  7. Адам өз-өзіне қарсы көрсетуге міндетті емес екені туралы принцип өзе ізгілікті болып табылады. Орта ғасырларда, тіпті Кеңес үкіметі кезінде де сотталушының өзінің көрсетулері дәлел патшасы болып есептеледі. Сондықтан осындай көрсетулер кез келген, тіпті жауыздыұ тәсілдермен алынатын. Енді адам өзінің кінәсін ерікті түрде мойындай алады, бірақ өзіне-өзі қарсы көрсетуге міндетті емес. Бұл принциптің кепілі жазалау үшін жалғыз мойындаудың жеткіліксіздігі туралы Конституциялық ереже болып табылады. Адам жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес деген конституциялық қағида да ізгілікті болып табылады. Ата-аналарға, зайыптарына, жақын туыстарына қарсы көрсету көтермеленген уақыт біздің есімізде. Осындай әрекеттер тіпті ерлік деп дәріптелді. Конституция дін қызметкерлері оларға сенімін артқандарға қарсы куә болуға міндетті емес деп көздейді.
  8. Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылуы әділ соттың маңызды принципі болып табылады. Бұл принцип айыпталушының кінәлілігі туралы дәлелдері жеткіліксіз бола тұрып, сонда да күдіктілерді сотқа тапсырып, сотталуына ұмтылатын тергеу акцияларына қарсы бағытталған. Сот тұлғаның кінәлілігіне кез келген күмәндануды оның пайдасына түсіндіру үшін әлі көп уақыт қажет.
  9. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңдық күші болмайтындығы конституциялық принцип болып табылады. Дәлелдерге қол жеткізудің басты заңсыз тәсілдері Конституцияда көрсетілген. ҚР Конституциясының 17-бабында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды деп айтылған. Адамның қадір-қасиетін кемсіту арқылы алынған дәлелдер заңсыз болып табылады. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Дәлелдер егер оларды жинау және бекіту кезінде Конституция кепілдік берген адам құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ іс жүргізушілік заңдар белгілеген оларды жинау, бекіту тәртібі бұзылған болса, егер осындай әрекеттер тиіссіз түрде жасалған болса, заңды бұзумен алынған деп танылуы тиіс.
  10. Конституция қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. Бұл, егер адам жасаған іс заңда қылмыс деп есептелмесе, сырттай ұқсас іс үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін заңды іске қолдануға болмайды деген сөз. Қысқаша айтсақ, егер заң көздемеген болса қылмыс жоқ.

 

  1. Жоғарғы соттың нормативтік актілері

ҚР Конституциясында қолданыстағы құқыққа Республиканың  Жоғарғы Сотының нормативтік  қаулылары кіреді деп жазылған. Республика Президентінің «Соттар және судьялар мәртебесі туралы» Жарлығында Республиканың  Жоғарғы Соты сот практикасында  заңдарды қолдану мәселелері бойынша  түсіндірмелер беретін нормативтік  қаулылар қабылдайды (28-бап). Жоғарғы  Соттың органдары Пленум, Президиум  және алқалар болып табылады. Жоғарғы  Сот Пленумы өкілеттіктерінің бірі сот практикасы бойынша соттарға түсініктемелер беретін, соттардың  заңдар мен өзге де нормативтік қаулыларды қолдану практикасын зерделейді және жалпылау материалдарын қарастыру  болып табылады.

Сот істерінің  материалдары мен заңдарды және өзге де нормативтік актілерді қолдану  практикасы Жоғарғы Сот алұаларында  зерделенеді және жалпыланады. Содан  кейін бұл материалдарды Жоғарғы  Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот Пленумы  нормативтік қаулылар шығару үшін енгізеді.

Жоғарғы Сот Пленумы  нормативтік және нормативтік емес қаулылар қабылдайды. Жоғарғы Сот  Пленумының нормативтік қаулылары  өзіндік ерекшелікті актілер  болып табылады. Бұл актілердің өзіндіе  ерекшелігі олардың құрамындағы  құқықтық нормалардың бастапқы болып  табылмайтынында. бірақ онымен шектелуге  болмайды, себебі қосалқы заңдық актілердің көптеген құқықтық нормалары қайталмалы болып табылады. Жоғарғы Соттың нормативтік  қаулыларының басты ерекшелігі оларда сотта қолданатын заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілерге  түсініктеме берілетіні болып табылады.

Біріншіден, Жоғарғы  Соттың нормативтік актілерін қабылдау көзі болып табылатын заңдар мен  басқа да нормативтік құқықтық актілердің тізбесі шектелген: олар – соттардың  сот істерін шешу үшін қолданатын актілер.

Екіншіден, Жоғарғы  Сот соттар қолданатын құқықтық нормаларға түсініктемелер береді. Басқаша айтқанда, Жоғарғы Сот сот ісін жүргізу  барысында соттар қолданатын заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын ресми түрде түсіндіретін субъект ретінде көрінеді. Осындай түсіндіру үшін конституциялық негіз бар. ҚР-ның Конституциясы заңдарды түсіндіруді тек Парламент қана жүзеге асырады деп көрсетпейді. Конституцияда нормативтік қаулылар сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер береді деп тура жазылған (81-бап). Конституцияда Жоғарғы Сот заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді түсіндіреді деп жазылмаса да, дәл сот қолданатын тиісті актілер мен олардың нормаларын, оларды қолдану практикасын жалпылау негізінде түсіндіруге болатыны өздігінен түсінікті.

Үшіншіден, нормативтік  қаулылардың ерекшелігі олардың  тек соттарға арналғандығы болып  табылады. Тек соттар ғана Жоғарғы  Соттың нормативтік қаулыларын басшылыққа алуға тиіс.

Бұл жерде мынадай  сұрақтың тууы әбдер орынды: Құқық  нормасын түсіндіру жаңа құқықтық норма  туғызбайды, тек заң шығарушының  ойын тереңірек түсіндіреді, сондықтан  Жоғарғы Соттың қаулыларын нормативтік  деп атауға бола ма?

Бұл сұраққа құқықтық норма мазмұнының неғұрлым анық белгілемесі  берілетін қаулылар нормативтік  болып табылады деген жауап беру керек. Мысалы, ҚР-ның Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімінің 9, 141, 142, 143 және 352-баптарында моральдық зиянды өтеу туралы айтылады. Бірақ аталған баптардың ешқайсысында да моральдық зиян ұғымы берілмеген. Моральдық зиян ұғымы ҚР-ның Жоғарғы  Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы  «Моральдық зиянды өтеу туралы заңдарды қолдану туралы» нормативтік  сипаттағы қаулысында беріледі. Моральдық  зиян жәбірленуші оған қарсы жасалған құқық бұзушылықтың нәтижесінде  шеккен (көрген, ұшыраған) ождандық және табиғи азап (төменшектеу, ашулану, ызалану, ұялу, қайғыру, кемсіну, жайсыздық сезіну және т.б.) ретінде белгіленеді. Құқыққа қарсы әрекеттердің (әрекетсіздіктің) объктілері азаматқа тцғаннан немесе заң күшінде тиесілі бейматериалдық игіліктер, мүліктік және беймүліктік құқықтар (жеке тұлғаның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, жеке өмірінің құпиясы, баспанаға қол сұғылмаушылық құқығы, меншік құқығы және т.б.) болуы мүмкін. Заңда моральдық зиянды өтеу мөлшері туралы қағида жоқ және осы мөлшерді белгілейтін факторлар көрсетілмеген. Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы соттар назарына жәбірленушінің оған келтірілген ождандық нұқсанның субъективтік бағалауын да, сондай-ақ талапкердік ождандық және табиғи азабының дәрежесін көрсететін объективтік деректерді алуға тиіс деп көрсетеді: «қол сұғушылық объектісі болған игіліктің өмірлік маңызы; құқық бұзушылық салдарларының ауырлығы, жалған қорлаушы мәліметтердің сипаты мен таратылу саласы; жәбірленушінің өмір жағдайлары; зиян келтірушінің және жәбірленушінің кінәлілік дәрежесі; зиян келтірген тұлғаның материалдық ахуалы мен өзге де назар аударуға лайық мән-жайлары».

Жоғарғы Сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы «Бопсалау  туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік сипаттағы  қаулысында бопсалау ұғымы беріледі. Бопсалау өзінің барлық түрінде ұрлықтың зорлық нысаны болып табылады. Жәбірленушінің тек меншігі ғана емес, оның жеке басы да аталмыш қылмыстың объектісі  болып табылады. Ол айбат көрсетумен қуатталған талап қойылған сәттен бастап аяқталған қылмыс деп есептеледі.

Баяндалғаннан төмендегідей қорытындылар шығаруға болады.

    1. Жоғарғы Сот Пленумының нормативтік қаулысы жаңа құқықтық қағида қалыптастырмайды. Ол заңның (өзге де нормативтік құқықтық актілердің) құрамындағы құқықтық қағиданы қарастырады.
    2. Ол осы құқықтық қағиданы соттарға түсінікті болуы және дұрыс қолданылуы үшін түсіндіреді.
    3. Осындай түсіндіру соттар үшін жаллпыға ортақ және міндетті сипатқа ие, яғни, ресми болып табылады.

Жоғарғы Сот Пленумының нормативтік қаулылар қабылдауының нәтижесінде қолданыстағы құқық  жаңа құқықтық ұғымдармен, санаттармен  толықтырылады.


Информация о работе ҚР сот жүйесі