ҚР сот жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 21:07, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлық қабылдады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі.docx

— 54.37 Кб (Скачать)

Конституция қорғайтын, демек сот органдары қызметінің саласына жататын мемлекеттің қандай мүдделері туралы айтуға болады?

Біріншіден, соттар мемлекет қызметінің қоғамдық татулық  пен саяси тұрақтылық, бүкіл халық  игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің осыдемократиялық әдістері сияқты негіз  қалаушы принциптерін қорғауға тиіс. Қылмыстық, әкімшілік және азаматтық  заңдар аталған принциптерге қастандық  етуші тұлғаларға қатысты қолданылатын шараларды көздейді. Бұл Конституцияның ұлтаралық татулықты бұзатын  кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады деген 39-бабына негізделген. Екіншіден, соттар Республиканың егемендігін қорғауға тиіс. Ішкі жәнне сыртқы егемендіктер болады. Демек, Республиканың егемендігіне қысым көрсетуге бағытталған ішкі, сондай-ақ сырттай акциялар орын алуы мүмкін. Кейбір жағдайларда осындай акциялар соттың қарастыруына жатуы мүмкін.

Үшіншіден, мемлекеттік  органдарда саяси партиялар ұйымдарын  құруға жол берілмейді. Бірде-бір  заңда саяси партиялар ұйымдары мемлекеттік органдарда құрылған болса  оларды тарату туралы мәселені қалай  шешу керектігі көрсетілмейді. Осы  мәселені шешудің екі тәсілі бар  деп пайымдаймын: 1) әкімшілік, 2) соттық. Осы мәселе айрықша маңызды боландықтан, оны егжей-тегжейлі реттеу керек.

Төртіншіден, Қазақстан  Республикасының Конституциясында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады деп жазылған. Азаматтық, қылмыстық заңдардың елеулі кемшіліктерінің бірі мемлекеттік меншіктің толық көлемде қорғалмайтыны болып табылады. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру барысында атқарушы органдардың басшыларының мемлекеттік меншікті жеке меншікке заңды бұзуын табыстаған көптеген жағдайлар орын алды. Жеке тұлғалар адал сатып алушылар болып танылғандықтан объектілер олардың иелігінде қалды. Мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз әрекеттері сатып алу-сату шарттарын бұзуға негіз болып табылмайды. Соттар мемлекеттік меншікті тең қорғау туралы конституциялық ережеге назар аудармайды, өйткені оларға тек азаматтардың құқықтарын қорғау туралы сөз болғанда ғана Конституциялық Кеңеске жолдану құқығы берілген. 

Бесіншіден, Конституцияда  мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп жазылған. Коғамдық бірлестіктердің, жергілікті органдардың тарапынан  Қазақстан аумағының тұтастығын, иеліктен айырылмаушылығын бұзуға бағытталған  акциялар, шешімдер, әрекеттер мен  т.б. орын алуы мүмкін. Ондай акциялар да сондай-ақ сот талқылауына жатуы  мүмкін.

Алтыншыдан, Конституция  белгілеген Республиканың біртұтастығы, президенттік басқару нысаны өзгертіле  алмайды. Мемлекеттік құрылыстың біртұтастық  нысанын өзгертуге біраз талпыныстар  болды. Ондай талпыныстар нормативтік  құқықтық актілер нысанында (жергілікті логандардың, жергілікті референдумдардың шешімдері) болуы мүмкін.

Сонымен, Қазақстан  Республикасының Конституциясы  жекелеген мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан  бұзылуы мүмкін мемлекеттің құқықтары  мен мүдделерін қорғау қажеттігін көздейді.

Сот билігінің  маңызды, тіпті басты функциясы  әділ сотты жүзеге асыру болып  табылады. Соттардың Конституция  мен заңдар белгілеген өкілеттіктері  оларға құқықтық, демократиялық мемлекет қалыптастыру мен дамыту бойынша  міндеттерді шешуге қабілетті дербес мемлекеттік билік қасиетін береді. Сот қоғамдық өмірдің құқықпен реттелетін кез келген саласында қоғамның жекелеген  мүшелерінің арасында, олар мен мемлекеттің, оның органдарының арасында қақтығыстар  туындаған жағдайда төрелік функциясын жүзеге асыруға арналған. Осындай  төреліктің негізі Конституция, заң  болып табылады, оларға сәйкес сот  әрекеттердің, азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын бұзушылықтың орын алғаны жайлы кінарат-талаптардың заңдылығы немесе заңсыздығы туралы шешім шығарады. Сот мемлекеттің атынан нақты қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, шаруашылық істер мен дауларды қарастырады. Сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға таралады. Осы жерде Қазақстанда әділ сот бірінші кезекте Конституцияның негізінде жүзеге асырылатынын көрсететіні назар аударуға тұрады. Әрине, даулар мен істердің Конституцияға қатысы болмауы және оның ережелерін тура және тікелей қозғамауы да мүмкін. Бірақ кез келген істі қарастыру кезінде, сот қолданылатын құқықтық актінің Конституцияға сәйкес келетінін, келмейтінін тексеріп отыруға тиіс. Екіншібір елеулі сәт – Конституцияның сот билігі азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін таайындалатыны туралы ережесі болып табылады. Бірінші орынға азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау қойылады. Сөз мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жайлы болып отыр. Мемлекеттік орган туралы неге айтылмайды, олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылмай ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Иә, мемлекеттің де, оның органдарының да бұзылуы мүмкін түрлі құқықтары мен заңды мүдделері бар. Оларды Конституция, заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер қорғайды, олардың орындалуын сот қамтамасыз етуге тиіс.

Кейбір зерттеушілер сот билігінің азаматтардың Конституциялық және өзге салалық құқық субъектілігін  шектеу сияқты функциясы да бар деп  есептейді. Бұл функция алдыңғы  функцияның заңды жалғасы болып  табылады. Азаматтардың құқық субъектілігін  шектеу заңдарға қатаң сәйкестікте  жүргізіледі. Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтары  конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен  бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына  қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін деп белгілеген. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдары  туралы заң теледидар бойынша  эротикалық фильмдер көрсетуге шектеулер  белгілеген. Конституция саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол бермейді (39-бап). Демек, сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заңды қолдану кезінде бүкіл елдің аумағында әрекет ететін тиісті конституциялық ережелерге сүйенуге тиіс. Егер сот қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексермейтін болса, онда сот конституцияға қарсы шешім шығаруы мүмкін. Конституциялық Кеңес Қазақ КСР Кодексінің жауапкершілікке тартылатын тұлғаның істі қарастыру міндетті түрде қатысуын, және шақыру бойынша келуден бұлтарған жағдайда мәжбүрлеп келтіруді көздейтін 261-бабының үшінші бөлімі адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететіні туралы қаулы қабылдады.

 

  1. Сот жүйесі

ҚР Президенті 1995 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен  судьялардың мәртебесі туралы»  Конституциялық заң күшіне ие Жарлық қабылдады. Ол бес жыл қолданыста болып, елдегі сот жүйесінің аяғынан  тұруында оң рөл атқарды. Қоғамдық реалиялар  сот жүйесінің Конституцияда  негізі қаланған идеялардың негізінде  және оларға сәйкес одан әрі жетілдіру қажеттігін алға тартты. Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Жоғарғы Соты соттар туралы заңның жобасын әзірледі. 2000 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Аталмыш заңның негізгі мақсаты елдегі сот-құқықтық реформаны одан әрі дамыту болып табылады. Заңның қағидалары мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принциптерін анағұрлым толық жәнен дәйекті іске асыруға, тежегіштер мен қарсы салмақ жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара әрекетін күшейтуге бағытталан. ҚР әділ сотын тек Конституцияда аталған сот органдары – сот алқалары, деке дара судьялар жүзеге асыратын болады. Соттардың пленарлық мәжілістеріне әділ сот атқару құқығы берілмейді.

ҚР сот жүйесі Конституцияға және аталмыш конституциялық заңға сәйкес құрылатын ҚР Жоғарғы  Сотынан және жергілікті соттардан  тұрады. ҚР Жоғарғы Соты және жергілікті соттар біртұтас сот жүйесін құрайды. Сот жүйесінің біртұтастығын  төмендегі факторлар қамтамасыз етеді:

Конституцияда, «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі  туралы» Конституциялық заңда, процессуалдық  және өзге заңдарда барлық соттар мен  судьялар үшін ортақ әділ сот принциптері  белгіленген.

Сот билігі заңдарда белгіленген, барлық соттар үшін біртұтас сот өндірісі нысандарында жүзеге асырылады.

Барлық соттар Конституцияның 4-бабында айтылатын  Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығын қолданады.

Конституция және «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі  туралы» конституциялық заң барлық судьялар үшін біртұтас судья мәртебесін бекітті.

Заңды күшіне енген  сот кесімдер (шешімдер, үкімдер  және т.б.) республиканың бүкіл аумағында  мемлекеттік органдар, лауазымды  тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік  емес ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер  және басқалары үшін орындауға міндетті.

Барлық соттар тек республикалық бюджеттен  қаржыландырылады. Бұл бір жағынан  сот жүйесінің біртұтастығын  нығайтады, ал екінші жағынан – сот  билігіне атқарушы билік органдарының тарапынан ықпал ету мүмкіндігін  жоққа шығарады.

Аудандық және оларға теңестірілген соттар жергілікті соттарға жатады. Аудандық соттарға қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот  – әскери гарнизон соты, экономикалық, әкімгерлік, кәмелетке толмағандардың істері бойынша және басқа соттар теңестіріледі. Аудандық және оларға теңестірілген  соттарды (әрі қарай – аудандық соттар) уәкілетті органның ұсынуы бойынша Президент түзеді, қайта  ұйымдастырады және таратады. Ұсыну  Жоғарғы Соттың Төрағасымен келісіледі. Президент бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктерде бірнеше аудандық сот түзе алады. Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын да сондай-ақ Президент уәкілетті органның ұсынуы бойынша бекітеді. Әрбір аудандық сот үшін судьялар санын аталмыш сот төрағасының ұсынысының негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Аудандық сот  төрағадан және судьялардан тұрады. Егер штат бойынша аудандық сотта бір судья көзделген болса, онда ол осы сот төрағасының өкілеттіктерін жүзеге асырады.

Аудандық сот  бірінші инстанция соты болып  табылады және оған соттық бағыныштылыққа жатқызылған сот істері мен материалдарын  қарастырады, сот статистикасын  жүргізеді, заң көздеген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады. Аудандық соттың төрағасына белгілі бір міндеттер: сот судьяларының сот істерін қарастыруын ұйымдастыру, сот кеңселігіне жалпы басшылық етуді жүзеге асыру, азаматтарды  қабылдау жүргізу, судья лауазымына кандидаттардың сынақ мерзімінен өтуін  қамтамасыз ету секілді және басқа  міндеттері бар.

Облыстық соттар да сондай-ақ жергілікті соттарға жатады. Облыстық соттарға республика астанасының  қалалық соты, қалалық, республикалық  мәндегі қаланың соттары, мамандандырылған соттар (Республика әскерлерінің әскери соты және басқалары) теңестіріледі. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды (әрі қарай – облыстық соттар) уәкілетті органның ұсынуы бойынша  Республика Президенті түзеді, қайта  ұйымдастырады және таратады. Осындай ұсыну Жоғарғы Соттың Төрағасымен келісіледі. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын да сондай-ақ Президент уәкілетті органның ұсынуы бойынша бекітеді. Әрбір облыстық сот үшін судьлар санын аталмыш сот төрағасының ұсынысының негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Облыстық сот  төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Облыстық соттың органдары: қадағалау алқасы; азаматтық  істер алқасы; қылмыстық істер  алқасы; соттың пленарлық отырысы  болып табылады.

Заңда облыстық сот  екінші инстанция соты болып табылады деп атап айтылмайды, ол өзіне соттық бағыныштылыққа жатқызылған сот  істері мен материалдарын қарастырады  деп көрсетіледі. Қазақстан Республикасыныі  Қылмыстық іс жүргізу кодексінде (ҚР ҚІЖК) облыстық соттардың соттық бағыныштылығы көзделеді. ҚР ҚІЖК 397-бабында  аудандық және оларға теңестірілген  соттардың үкімдеріне апелляция  немесе кассация тәртібінде облыстық және оған теңестірілген соттарға шағым немесе қарсылық беріле алады деп жазылған. Демек, облыстық сот апелляциялық, сондай-ақ кассациялық инстанция болып табылады. Заң көздеген жағдайларда облыстық сот бірінші инстанция соты ретінде істерді қарастыра алады. Бұл облыстық соттың ерекшеліктерінің бірі. Оның келесі бір ерекшелігі сот практикасын зерделейтін және оны жалпыландыру нәтижелері бойынша облыстың соттары әділ сот атқарған кезде заңдылықты сақтау мәселелерін қарастырады. Облыстық соттың өкілеттіктерінің үшінші ерекшелігі облыс соттарының әкімгерлерін құруға байланысты. Облыстық сот облыс соттары әкімгерлерлінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Жоғарыда аталғандай, облыстық соттың жанында органдары  – облыстық соттың азаматтық істер  алқасы мен қылмыстық істер алқасы бар, оларға алқа төрағалары басшылық етеді. Облыстық соттың қадағалау алқасына сот төрағасы басшылық етеді. ҚР Конституциясына  сәйкес, облыстық және оларға теңестірілген  соттардың төрағаларын, алқа төрағаларын  республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің  ұсыныстамасы бойынша республика Президенті сайлайды (2-тармақ, 82-бет). Әрбір алқадағы судьялардың саны сот төрағасының  ұсынуы бойынша пленарлық отырыста белгіленеді. Алқалардың мүшелерін  қалыптастыру рәсімдерінде өзгешеліктер бар. Қадағалау алқасы жыл сайын  пленарлық отырыста судьялардың  жалпы санының дауыстарының көпшілігімен құпия дауыс беру арқылы сайланатын аталмыш облыстық соттың судьяларынан тұрады. Ал азаматтық істер алқасы мен қылмыстық істер алқасының дербес құрамын облыстық соттың төрағасы соттың пленарлық отырысында талқылаудан кейін белгілейді. Облыстық соттың төрағасы екі алқаның мамандандырылған құрамдарын құра алады.

Облыстық соттың төрағасы мен алқалардың төрағаларына ерекше өкілеттіктер берілген. Облыстық соттың төрағасы әділ сотты жүзеге асырады және облыстық соттың жұмысын  ұйымдастырады. Судья ретінде төраға алқалары сот істерін қарастыруға  төрағалық етуге құқылы. Облыстық соттың төрағасы ретінде төраға сот  судьяларының сот істерін қарасытруын  ұйымдастырады, қадағалау алқасына басшылық етеді, облыстық соттың пленарлық  отырыстарын шақырады, оларға төрағалық  етеді, сот статистикасын жүргізуді, сот практикасын зерделеуді қамтамасыз етеді, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, алқалардың төрағалары мен  облыстық соттың судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына  қатысты тәртіптік өндірістер қозғайды, заң көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Алқа төрағалары да сондай-ақ судьяның және алқаның  жұмысын ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады. Судьялар ретінде олар алқалардың отырысында төрағалық етеді. Басшылар ретінде олар алқа судьяларының сот істерін қарастыруын қамтамасыз етеді, сот төрағасына мамандандырылған құрамды алқалардың құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді, заң көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Облыстық соттың жанында негізінен ұйымдастырушылық сипаттағы ерекше өкілеттіктер берілген облыстық соттың пленарлық отырысы  функцияларын атқарады. Облыстық сотттың  пленарлық отырыстары қажеттілікке орай, бірақ кем дегенде бір  жылда екі рет өткізіледі. Пленарлық  отырыстың жұмыс тәртібі оның өзі бекіткен регламентпен айқындалады. Пленарлық отырыстар алқаның  сандық  құрамын белгілейді және қадағалау алқасының құрамын  судьялар сайлайды, алқалардың төрағаларының  ақпаратын тыңдайды, сот практикасын  талқылайды және оны жалпыландыру нәтижелері бойынша облыстың соттары әділ атқарған кезде заңдылықты сақтау мәселелерін  және басқа да мәселелерді қарастырады.

Информация о работе ҚР сот жүйесі