Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 21:07, реферат
Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлық қабылдады.
ҚР Жоғарғы Соты жалпы құзырлы соттардың қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (81-бап).
Заңнамаға с»йкес ҚР Жоғарғы Соты келесі функцияларды жүзеге асырады: 1) бірінші инстанция сотының; 2) кассациялық инстанцияның; 3) апелляциялық инстанцияның функциялары. ҚР ҚІЖК 292-бабында Жоғарғы Сотбірінші инстанция соты ретінде қандай қылмыстық істерді қарастыруға құқылы екендігі көзделген. ҚР ҚІЖК 397-бабында Жоғарғы Соттың апелляциялық және кассациялық инстанция соты ретіндегі өкілеттіктері көзделген.
Жоғарғы Сот сот практикасын зерделейді және оны жалпыландыру нәтижелері бойынша республика соттары әділ сот атқарған кезде заңдылықты сақтау мәселелерін қарастырады. Жоғарғы Сот қолданыстағы құқықты қалыптастыруға белсенді ат салысатын субъектілердің бірі болып табылады. Конституцияның 4-бабында ҚР-ның қолданыстағы құқығына республиканың Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары да кірді деп жазылған. Конституцияның 81-бабында Жоғарғы Соттың сот практикасының мәселелері жөнінде түсініктемелер беретіні көзделген. Ал «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» заңның 17-бабының 2-тармағының 3-тармақшасында Жоғарғы Сот «сот практикасында заңнаманы қолдану мәселелері жөнінде түсініктемелер береді» делінеді, бұл біздің пікірімізше, Жоғарғы Соттың Конституция көздеген өкілеттіктерін тарылтады. «Қолдану» заңды іске асыру нысандарының бірі болып табылады. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының талдамасынан көріп отырғанымыздай, оларда заңнаманы сот практикасында іске асыру мәселелері бойынша кеоларда заңнаманы сот практикасында іске асыру мәселелері бойынша кең мағынада түсініктемелер беріледі.
Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Соттың Төрағасының ұсынуы бойынша Президент белгілейді. Жоғарғы Соттың органдары: қадағалау алқасы; азаматтық істер алқасы; қылмыстық істер алқасы; соттың пленарлық отырысы болып табылады. Азаматтық істер алқасы мен қылмыстық істер алқасына алқа төрағалары, ал қадағалау алқасына – Жоғарғы Соттың Төрағасы басшылық етеді. Әрбір алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуы бойынша пленарлық отырыста белгіленеді.
Қадағалау алқасы
жыл сайын пленарлық отырыста
судьялардың жалпы санының
Заң Жоғарғы Соттың Төрағасына және алқа төрағаларына белгілі бір өкілеттіктер береді. Жоғарғы Соттың Төрағасы судьялардың және Жоғарғы Соттың басшысының функцияларын атқарады. Жоғарғы Соттың Төрағасы қадағалау алқасына басшылық етеді, азаматтық істер бойынша алқа және қылмыстық істер бойынша алқада сот істері қарастырылатын кезде төрағалық еткге құқылы. Басшы ретінде, Жоғарғы Соттың Төрағасы Жоғарғы Соттың пленарлық отырысын шақырады, алқалардың жұмысын үйлетіреді, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, басқа жұмыстар атқарады. «Ішкі» функциялардан басқа, Жоғарғы Соттың Төрағасы «сыртқы» функциялар атқарады. ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы мемлекеттік биліктің басқа тармақтарының органдарымен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда республиканың сот жүйесінің мүдделерін білдіреді. Заң Жоғарғы Соттың Төрағасының ҚР-ның Президентімен қарым-қатынастары туралы қағидаларды көздейді. Жоғарғы Соттың Төрағасы республика Президентіне: 1) уәкілетті органның басшысының кандидатурасын ұсынады; 2) заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 3) судьяларды мемлекеттік белгілермен марапаттау және оларға құрметті атақтар беру туралы ұсыныстамалар енгізеді.
Алқа төрағалары судьялардың функцияларын атқарады. Сонымен қатар олар ұйымдастырушылық жұмыс атқарады, алқалардың сот отырыстарында төрағалық етеді, Жоғарғы Соттың Пленарлық отырысында қарастыру үшін судьялардың тиісті құжаттар дайындауын қамтамасыз етеді. Пленарлық отырысқа алқалардың қызметі жайлы ақпарат береді, басқа өкілеттіктерді және т.б. атқарады.
Пленарлық отырыстың мүшелері Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа төрағалары, Жоғарғы Соттың барлық мүшелері болып табылады, сондықтан Пленарлық отырыс Жоғарғы Соттың атынан маңызды мәселелерді шешеді. Олардың қатарына төмендегі мәселелер жатады: сот практикасын зерделеу және оны жалпыландыру нәтижелері бойынша республика соттары әділ сот атқарған кезде заңдылықты сақтау мәселелері бойынша түсініктемелер беретін нормативтік қаулы қабылдау және басқа мәселелер.
«Қазақстан Республикасының
сот жүйесі мен судьяларыны мәртебесі
туралы» Конституциялық заңда мамандандырылған
соттар құру мүмкіндігі көзделген. Осы
қағиданы негізге ала отырып, Президент
2001 жылғы 16 қаңтарда «Алматы және Қарағанды
қалаларында экономикалық соттар түзу
туралы» Жарлық шығарды. Алматы және
Қарағанды қалаларында
Мамандандырылған
ауданаралық экономикалық соттарға
оларға қолданыстағы заңнаманың тиісті
қағидаларын тарата отырып, аудандық
(қалалық) соттың мәртебесі берілген.
Бұл соттар тараптары заңды тұлғалар,
заң белгілеген жағдайларда заңды
тұлға құрусыз кәсіпкерлік
ҚР Конституциясында судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын бір қатар құқықтық нормалар бар. Оларға төмендегілер жатады: 1) судьялардың Конституция мен заңдар қорғайтын тәуелсіздігі; 2) судьялардың қол сұғылмаушылығы (иммунитет); 3) судьялар үшін саяси, жас және білім шектелімдері; 4) судья лауазымының негізігі қызметтің және жұмыстың кейбір түрлерімен сыйыспаушылығы; 5) судьяларды материалдық-тұрғын үймен қамтамасыздығы; 6) судьялардың тағайындалмалығы (сайланбалығы); 7) судьялар заң қолданан кезде басшылыққа алуға тиіс принциптер (77, 79, 80, 82-баптар).
Конституциялыұ қағидаларға орай, ҚР-ның 200 жылғы 25 желтоқсандағы «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңында «Судьялардың мәртебесі» деген арнайы бөлім бар. Судьялардың мәртебесі үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлік – төмендегі сәттер кіретін судьялардың құқықтық жағдайы болып табылады.
Барлық соттардың
судьялары біртұтас мәртебеге ие
және өзара тек өкілеттіктермен
ғана өзгешеленеді. судьялардың өкілеттіктерінің
өзгешеліктері олардың
Судьялардың құқықтық жағдайының маңызды элементі олардың орын ауыстырылмаушылығы болып табылады. Судьяның орын ауыстырмаушылығы судья лауазымы ғұмырлық деген сөз емес. Судьялар заң белгілеген мерзімге – 5 жылға тағайындалады. Орын ауыстырылмаушылық осы мерзімнің ішінде судья лауазымынан босатылмайды дегенді білдіреді. Олар лауазымнан тек заңда көзделген негіздер бойынша босатылады.
Судьялар тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Судьяның тәуелсіздігі ешкім де әділ сотты жүзеге асыруға килігуге және судья мен сенімді заседательдерге қандай да бір әсер етуге құқысыз екенін білдіреді. Ондай әрекеттер заң бойынша құғындалады. ҚР Қылмыстық кодексінің құрамында әділ сотқа қарсы қылмыстар мен жазаны орындау тәртібі туралы тарау бар. 339-бапта әділ сотты жүзеге асыру мақсатында соттың қызметіне қандай да болмасын нысанда килігу қылмыс болып табылады делінген. Ондай қылмыстың қоғамдық қауіптілігі сондай әрекеттердің сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігіне, халықтың оған деген сеніміне ауыз салатыны, сот шешімдер қабылдаған кезде әділдік бұзылатыны, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері аяққа басылатыны болып табылады.
Судьяның тәуелсіздігі оның қарастырылған немесе өнідірістегі сот істерінің мәні бойынша қандай да бір түсініктер беруге міндетті емес екенінен де көрінеді. Мәжіліс бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуге тиіс.
Заң судьяның тәуелсіздігінің
кепілдіктерін белгілейді. Ол заңи,
ұйымдық және материалдық кепілдіктер.
Заңи кеплідіктер: 1) әділ сотты жүзеге
асыру рәсімінен көрінеді. Ол Азаматтық
іс жүргізу және Қылмыстық іс жүргізу
кодекстерінде де көзделген; 2) әділ
сотты атқару бойынша судьяның қызметіне
килігуді жүзеге асыру үшін, сондай-ақ
сотты және суьяларды құрметтемейтінін
көрсету үшін заң белгілеген жауапкершіліктен;
3) судьяның қол сұғылмаушылығынан
көрінеді; Конституцияның 79-бабына сәйкес
судьяны Республика Жоғарғы Сот
Кеңесінің қорытындысына
Ұйымдық кепілдіктер судьяның лауазымына кандидаттар іріктеудің ерекше тәртібін белгілеуден көрінеді. Аудандық соттың судьясының бас лауазымына кандидатты Әділет біліктілік алқасы біріншіден, конкурстық негізде, екіншіден, судьяның бос лауазымын басуға арыз жазған әрекет етуші судьялардан тандайды.
Жоғарғы Соттың Төрағасынан,
Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен
судьяларынан, облыстық соттың төрағаларынан,
облыстық және оларға теңестірліген
соттардың алқа төрағалары мен судьяларынан
басқа, соттардың төрағалары мен
судьяларын қызметке Әділет біліктілік
алқасының кепілдемесіне
Заң жоғарыда аталған
Конституция қағидаларына байланысты
қабылданған және оларды қайталайды.
Заңға сәйкес алқаның негізгі
міндеттері төмендегілер болып табылады:
1) аудандық және оларға теңестірілген
соттардың төрағалары мен судьяларының
бос лауазымдарына
ӘБА төмендегідей түрде қалыптастырылады: төрағаны Президент тағайындайды; Мәжіліс екі депутат жолдайды; жеті судьяны (аудандық, облыстық және Жоғарғы Соттан) Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы сайлайды; прокурорды Бас Прокурор таңһғайындайды; Әділет министрлігі құқық оқытушысы мен заңгер-ғалымды жолдайды. Алқа мүшелерінің өкілеттік мерзімі – екі жыл.
Заң алқа мүшелігіне
кандидаттарға қайылатын
ӘБА өкілеттіктеріне төмендегілер жатады:
Заңда ӘБА төрағасының, хатышысының өкілеттіктері және мүшелерінің құқықтары бөлек беріледі. Төраға ӘБА жұмысын ұйымдастырады, ал хатшы оның мүшелерінің ұсынысы бойынша оның қарастыруына енгізілетін мәселелерді қалыптастырады, басқа ұйымдық жұмыстар атқарады. ӘБА мүшелері оның қарастыруына табысталған материалдармен танысуға, оларды зерттеуге және тексеруге қатысуға, қарастырылатын мәселелер бойынша өтінімдер мәлімдеуге, уәждер мен дәлелдер келтіруге, дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға, ӘБА шешімдеріне қол қоюға құқылы.
ӘБА өзінің отырыстарын кем дегенде бір жылда төрт мәрте өткізеді. Оның отырысытары ашық және жариялы түрде өткізіледі, жабық отырыстар өткізіле алады. ӘБА шешімдері жазбаша түрде баяндалады және оның мүшелерінің дауыстарының көпшілігімен қабылданады. Қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда, ӘБА мүшесі ерекше пікірін баяндауға құқылы.